Ішкі нарықта сұйытылған мұнай газын көтерме саудада сатудың шекті бағасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 маусымдағы № 712 қаулысы

Қолданыстағы

      «Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының iшкi нарығында сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткiзудiң 2014 жылғы 30 қыркүйекке дейiнгi кезеңге арналған шектi бағасы қосылған құн салығын есепке алмағанда, тоннасына 38 701,67 теңге (отыз сегіз мың жеті жүз бір теңге алпыс жеті тиын) мөлшерiнде бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов