Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 маусымдағы № 702 қаулысы

Қолданыстағы

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚAУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) «ІІ, ІІІ және IV санат объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар беру» стандарты;
      2) «II, III және IV санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      3) «Дәрілік заттарға жатпайтын прекурсорларды әкелуге (әкетуге) келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      4) «Табиғат қорғау мекемелерінің учаскелерін құрылыс объектілері үшін ұзақ мерзімді пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      5) «Табиғат қорғау мекемелерінің учаскелерін қысқа мерзімді пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      6) «Судың жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындар мен басқа да құрылыстар салынатын жерлерді айқындау жөніндегі ұсыныстарды келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      7) «Судың жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындар мен басқа да құрылыстарды орналастыруды және пайдалануға енгізуді келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      8) «Пайдалы қазбаларды, су өсімдіктерін өндіру, кәбілдерді, құбырларды және басқа да коммуникацияларды төсеу, ағаш кесу үшін құрылыс, түбін тереңдету, жарылыс жұмыстарын, сондай-ақ су объектілері, су қорғау белдеулері мен аймақтарда бұрғылау, ауыл шаруашылығы және басқа да жұмыстарды жүргізу туралы құжаттарды келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      9) «Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге әкімшілік органның рұқсаттар беруі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      10) «Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнгендер санатына жатқызылған өсімдіктер түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      11) «Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      12) «Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      13) «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
      2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      3. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
      1) «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі және жергілікті атқарушы органдар көрсететін қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 тамыздағы № 1033 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮAЖ-ы, 2012 ж., № 66, 931-құжат);
      2) 1-тармақтың 23) тармақшасын қоспағанда, «Aуыл шаруашылығы саласында мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1108 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮAЖ-ы, 2012 ж., № 67, 973-құжат)
       4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 26 маусымдағы
№ 702 қаулысымен   
бекітілген      

«ІІ, ІІІ және IV санат объектілер үшін қоршаған ортаға
эмиссияға рұқсаттар беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірлеген.
      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Aстана және Aлматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары  (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесі;
      2) Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны  (бұдан әрі - ХҚО);
      3) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

2.  Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:
      рұқсат беру - 1 (бір) айдан аспайды;
      рұқсатты қайта ресімдеу - 1 (бір) ай ішінде;
      өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды беру - күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут, ХҚО-да - 15 минут;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут, ХҚО-да - 15 минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - уәкілетті лауазымды адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында II, III және IV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат, рұқсатты қайта ресімдеу не көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауабы.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық және қағаз түрінде.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжаттар нысанында «жеке кабинетке» жолданады.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
      мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
      2) ХҚО - еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - сенбі аралығында жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9-00-ден 20-00-ге дейін;
      қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады;
      3) портал - тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      ІІ санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алу үшін:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат алу үшін өтінім;
      2) эмиссиялар нормативтері бар жобаларға мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының көшірмесі (ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаған жағдайда);
      3) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары;
      4) өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы.
      Өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру бөлігінде қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшін табиғат пайдаланушы электрондық құжат түрінде электрондық өтінімге қоса тіркелетін қалдықтарды басқару бағдарламасын да ұсынады.
      Күкіртті орналастыру бөлігінде қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшін мұнай операцияларын жүзеге асыратын табиғат пайдаланушылар аумағында күкіртті орналастыру жүзеге асырылатын облыстың жергілікті атқарушы органымен және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісілген, электрондық құжат түрінде электрондық өтінімге қоса тіркелетін күкірттің жинақталған көлемін азайту және оның қоршаған ортаға зиянды әсерін төмендету жөніндегі бағдарламасын да ұсынады.
      ІІІ санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшін:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық нысандағы қағаз жеткізгіште рұқсат алу үшін өтінім;
      2) эмиссиялар нормативтері бар жобаларға мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының көшірмесі (ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаған жағдайда);
      3) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары;
      4) өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы.
      IV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшін:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат алу үшін өтінім;
      2) есептік немесе аспаптық жолмен белгіленген және негізделген қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтері;
      II, III және IV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты қайта ресімдеу үшін:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсатты қайта ресімдеу үшін өтінім;
      2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама.
      Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарымды болып табылады.
      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден немесе уәкілетті адамның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында мемлекеттік қызметтер көрсетуді мониторингілеудің ақпараттық жүйесі арқылы алады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіліп, өтінімнің көшірмесіндегі оның тіркелгені туралы белгі қағаз жеткізгіштегі өтінімнің қабылданғанын растау болып табылады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
      ХҚО-ға:
      ІІ санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшін:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ХҚО қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында рұқсат алуға өтінім;
      2) эмиссиялар нормативтері бар жобаларға мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының көшірмесі (ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаған жағдайда);
      3) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары;
      4) өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы.
      Өндірістік және тұтыну қалдықтарын орналастыру бөлігінде қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшін табиғат пайдаланушы электрондық құжат түрінде электрондық өтінімге қоса тіркелетін қалдықтарды басқару бағдарламасын да ұсынады.
      Күкіртті орналастыру бөлігінде қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшін мұнай операцияларын жүзеге асыратын табиғат пайдаланушылар аумағында күкіртті орналастыру жүзеге асырылатын облыстың жергілікті атқарушы органымен және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісілген, электрондық құжат түрінде электрондық өтінімге қоса тіркелетін күкірттің жинақталған көлемін азайту және оның қоршаған ортаға зиянды әсерін төмендету жөніндегі бағдарламасын да ұсынады.
      ІІІ санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшін:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ХҚО қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында рұқсат алуға өтінім;
      2) эмиссиялар нормативтері бар жобаларға мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының көшірмесі (ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаған жағдайда);
      3) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары;
      4) өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы.
      IV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты алу үшін:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ХҚО қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында рұқсат алуға өтінім;
      2) есептік немесе аспаптық жолмен белгіленген және негізделген қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтері.
      II, III және IV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты қайта ресімдеу үшін:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ХҚО қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында рұқсат алуға өтінім;
      2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама.
      Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарымды болып табылады.
      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден немесе уәкілетті адамның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуді мониторингілеудің ақпараттық жүйесі арқылы алады.
      Құжаттар ХҚО арқылы қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, онда мыналар көрсетіледі:
      сұрау салудың нөмірі және қабылданған күні;
      сұратылған мемлекеттік қызметтердің түрі;
      қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
      құжаттарды беру күні (уақыты) мен орны;
      құжаттарды ресімдеуге өтінім қабылдаған ХҚО қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;
      көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, көрсетілетін қызметті алушы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары.
      ХҚО-да көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беруді жеке куәлігін және сенімхат (не сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынған жағдайда, қолхат негізінде оның қызметкері жүзеге асырады.
      Егер көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде мемлекеттік қызмет нәтижесін алуға келмеген жағдайда, ХҚО оны бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы дайын құжаттарды алу үшін ХҚО-ға бір ай өткен соң келсе, ХҚО бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге сұраныс жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші дайын құжаттарды бір жұмыс күні ішінде ХҚО-ға жібереді, содан соң ХҚО дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға береді.
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ХҚО қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
      Порталда:
      ІІ санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшін:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) құжаттың электрондық көшірмесі түрінде электрондық өтінімге қоса тіркелетін эмиссиялар нормативтері бар жобаларға мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының көшірмесі (ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаған жағдайда);
      3) құжаттың электрондық көшірмесі түрінде электрондық өтінімге тіркелетін қоғамдық тыңдаулар хаттамасын қоса отырып, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары;
      4) электрондық құжат түрінде электрондық өтінімге қоса тіркелетін өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы.
      Өндірістік және тұтыну қалдықтарын орналастыру бөлігінде қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты алу үшін табиғат пайдаланушы электрондық құжат түрінде электрондық өтінімге қоса тіркелетін қалдықтарды басқару бағдарламасын да ұсынады.
      Күкіртті орналастыру бөлігінде қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшін мұнай операцияларын жүзеге асыратын табиғат пайдаланушылар аумағында күкіртті орналастыру жүзеге асырылатын облыстың жергілікті атқарушы органымен және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісілген, электрондық құжат түрінде электрондық өтінімге қоса тіркелетін күкірттің жинақталған көлемін азайту және оның қоршаған ортаға зиянды әсерін төмендету жөніндегі бағдарламасын да ұсынады.
      ІІІ санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшін:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) құжаттың электрондық көшірмесі түрінде электрондық өтінімге қоса тіркелетін эмиссиялар нормативтері бар жобаларға мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының көшірмесі (ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаған жағдайда);
      3) құжаттың электрондық көшірмесі түрінде электрондық өтінімге тіркелетін қоғамдық тыңдаулар хаттамасын қоса отырып, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары;
      4) электрондық құжат түрінде электрондық өтінімге қоса тіркелетін өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы.
      IV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты алу үшін:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) электрондық құжат түрінде электрондық өтінімге тіркелген есептік немесе аспаптық жолмен белгіленген және негізделген қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтері;
      II, III және IV санаттағы объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты қайта ресімдеу үшін:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) электрондық құжат түрінде электрондық өтінімге тіркелген заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
      ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.
      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден немесе уәкілетті адамның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі ақпараттық жүйесі арқылы алады.
      Порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесін алатын күні мен уақыты көрсетіліп, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі.
      Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде ұсынылады.
      10. Мыналар мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздемесі болып табылады:
      1) рұқсат алу үшін ұсынылған материалдардың толық және дұрыс болмауы;
      2) табиғат пайдаланудың сұратылып отырған шарттарының мынадай талаптарға сай келмеуі:
      табиғат пайдаланушы Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын қызмет түрлері үшін арнаулы экологиялық талаптар мен нормалар қабылданған болса, қоршаған ортаға эмиссиялар үшін рұқсатқа осы талаптар мен нормалардың орындалуын қамтамасыз ететін табиғат пайдалану шарттары енгізілуі мүмкін;
      қоршаған ортаға эмиссиялар үшін рұқсатқа табиғат пайдаланудың белгілі бір шарттарын енгізу туралы шешімді рұқсат берген органдардың қабылдауы;
      Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгіленген экологиялық талаптар мен нормаларда көзделмеген табиғат пайдалану шарттарын қоршаған ортаға эмиссиялар үшін рұқсатқа енгізуге тыйым салу;
      қоршаған ортаға эмиссиялар үшін рұқсатқа табиғат пайдалану шарттарын енгізу тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның бекітуі;
      табиғат пайдаланушының экологиялық рұқсатқа енгізілген табиғат пайдалану шарттарының орындалуы туралы есепті рұқсат берген органға тоқсан сайын ұсынып отыруы.
      11. Егер көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері өтінімді қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша облыстардың, облыстық маңызы бар қалалардың, елорданың жергілікті атқарушы органдарының, көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, ХҚО-ның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      12. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша облыстардың, облыстық маңызы бар қалалардың, елорданың жергілікті атқарушы органдарының, көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, ХҚО-ның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші облыстардың, облыстық маңызы бар қалалардың, елорданың тиісті жергілікті атқарушы органы басшысының атына, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тікелей өкіліндер беріледі.
      Шағымдар жазбаша түрде қағаз жеткізгіште почта арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің немесе облыстардың, облыстық маңызы бар қалалардың, елорданың тиісті жергілікті атқарушы органының кеңсесі арқылы қолма қол қабылданады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімдіктің кеңсесінде берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны, шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетіліп тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылдануын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе облыстардың, облыстық маңызы бар қалалардың, елорданың тиісті жергілікті атқарушы органының басшысына жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе облыстардың, облыстық маңызы бар қалалардың, елорданың тиісті жергілікті атқарушы органының мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      ХҚО қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша ХҚО басшысының атына беріледі.
      ХҚО кеңсесіне қолма-қол және почта арқылы келіп түскен шағымның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) оның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін ХҚО басшысына жіберіледі.
      Портал жұмысына шағымдану тәртібі туралы ақпаратты порталдың cаll-орталығының телефоны (1414) арқылы алуға болады.
      Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушы өтініш туралы ақпаратты «жеке кабинетінен» көре алады, ол өтініштерді көрсетілетін қызметті берушінің өңдеуі барысында жаңартылып тұрады (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Шағымда:
      1) жеке тұлға - оның тегі, аты, әкесінің аты, почталық мекенжайы;
      2) заңды тұлға - оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.
      13. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін
қызметтердің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де
талаптар

      14. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жерлердің мекенжайлары:
      1) Министрліктің - www.eco.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің - www.ecokomitet.gov.kz, ХҚО - www.con.kz, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі интернет-ресурстарында орналастырылған.
      15. ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
      16. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      17. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 58 00 58 және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: (1414).

«ІІ, ІІІ және IV санаттағы 
объектілер үшін қоршаған ортаға
миссияға рұқсат беру»    
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына         
1-қосымша          

Нысан

Мемлекеттік органның атауы
Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат
алуға не қайта ресімдеуге
өтінім

_____________________________________________________________________
            (табиғат пайдаланушының атауы)
_____________________________________________________________________
      (өтінім беруші ұйымның заңды мекенжайы немесе жеке тұлғаның
                         тұрғылықты мекенжайы)
_____________________________________________________________________
1. Жалпы ақпарат
Байланыс телефондары, факс __________________________________________
Өтінім берілетін өндірістік объектінің атауы _______________________
_____________________________________________________________________
Табиғат пайдаланушының санаты (өндірістік объектінің қауіптілік
класы) _____________________________________________________________
Табиғат пайдаланушының есептік нөмірі* ___________________________
Жеке сәйкестендіру нөмірi/бизнес-сәйкестендіру нөмірі _______________
2. Өндіріс объектісінің қоршаған ортаны ластау көзі орналасқан
өнеркәсіп алаңдарының орналасқан жері туралы деректер:
      1-кесте. Өнеркәсіптік алаңдардың орналасқан орны туралы деректер

Өнеркәсіп алаңының нөмірі

Өнеркәсіп алаңының атауы

Облыс

Aудан, елді мекен

Координаталары, град. мин. сек.

Aлып жатқан аумағы, га

ендік

бойлық

1

2

3

4

5

6

7

      3. Ластаушы зат шығарындылары (төгінділері) мен
орналастырылатын қалдықтар (күкірт) көлемінің жылдар бойынша
сұралатын лимиті.
      2-кесте. Ластаушы заттар шығарындыларының лимиттері

Заттардың атауы

Ластаушы зат шығарындыларының нормативті көлемі

Aтмосфераға шығарылатын ластаушы заттар шығарындыларының сұратылатын лимиттері

Өтінім берілген жылдың алдындағы жылдың нақты шығарындылары

г/сек

т/жыл

г/сек

т/жыл

г/сек

т/жыл

1

2

3

4

5

6

7

20__ жылы

Барлығы, оның ішінде алаң бойынша

1-алаң

оның ішінде ингредиенттер бойынша:

2-алаң және т.б.

оның ішінде ингредиенттер бойынша:

      3-кесте. Ластаушы заттар төгінділерінің лимиттері

Заттардың атауы

Ластаушы зат төгінділерінің нормативті көлемі

Ластаушы заттар төгінділерінің сұратылатын лимиттері

Өтінім беретін жылдың алдындағы жылдың нақты төгінділері

мг/л

г/сағ

т/жыл

мг/л

г/сағ

т/жыл

мг/л

г/сағ

т/жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

20__ жылы

Барлығы, оның ішінде су ағызу бойынша:

1-су ағызу бойынша

оның ішінде ингредиенттер бойынша:

2-су ағызу бойынша және т.б.

оның ішінде ингредиенттер бойынша:

      4-кесте. Өндірістік және тұтыну қалдықтарын орналастыру лимиттері

Қалдықтың Aтауы

Қауіптілік деңгейі

Орналасқан жері

Қалдықтардың нормативтік көлемі

Қалдықтардың сұратылатын лимиттері

Өтінім беретін жылдың алдындағы жылы қалдықтарды орналастырудың (сақтаудың) нақты көлемі

т/жыл

т/жыл

т/жыл

1

2

3

4

5

6

20__ жылы

Барлығы, оның ішінде түрлері бойынша:

      5-кесте. Күкіртті орналастыруға арналған лимиттер

Aтауы

Орналасқан жері

Күкірттің нормативтік көлемі

Күкірттің сұратылатын лимиттері

Өтінім беретін жылдың алдындағы жылы орналастырудың нақты көлемі

т/жыл

т/жыл

т/жыл

1

2

3

4

5

20__ жылы

Барлығы:

      Табиғат пайдаланудың ұсынылатын шарттары:
_______________________________________________________________
      Қоршаған ортаға эмиссиялар осы өтінімде берілген сипаттамаға
сәйкес болатынын растаймыз.
      4. Өтінімге мына құжаттар қоса беріледі:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Кәсіпорын басшысы _______________ _________________________
      (жеке тұлға)      (жеке қолы)      (қолдың толық жазылуы)

      Мөрдің орны
      Ескертпе:
      Табиғат пайдаланушының есептік нөмірі ол берілген жағдайда көрсетіледі.

«ІІ, ІІІ және IV санаттағы 
объектілер үшін қоршаған  
ортаға эмиссияға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына         
2-қосымша          

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы
қолхат

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының (мекенжайын көрсету керек) №__ бөлімі Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбағаныңызға байланысты (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету керек) мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттар қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
      жоқ құжаттардың атауы:
      1.___________________________________________________________;
      2.___________________________________________________________;
      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
      Т.A.Ә. (ХҚО қызметкерінің) (қолы)
      Орындаушы Т.A.Ә._______________________________
      Телефон _______________________________________
      Aлдым: көрсетілетін қызметті алушының Т.A.Ә / қолы
      «__» _________ 20__ж.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 26 маусымдағы
№ 702 қаулысымен   
бекітілген      

«II, III және IV санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық
сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «II, III және IV санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірлеген.
      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Aстана және Aлматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚО);
      3) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:
      мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру - 1 (бір) айдан аспайды;
      қайталама мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру - 10 (он) жұмыс күнінен аспайды;
      алдын ала сараптама - 5 (бес) жұмыс күнінен аспайды;
      2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут, ХҚО-да - 15 минут;
      3) көрсетілетін қызметті берушіде көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут, ХҚО-да - 15 минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - II, III және IV санат объектілері үшін уәкілетті лауазымды адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында «келісіледі/келісілмейді» деген тұжырыммен мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық және қағаз түрінде.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжаттар нысанында «жеке кабинетке» жолданады.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
      мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
      2) ХҚО - еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - сенбі аралығында жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9-00-ден 20-00-ге дейін.
      Қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады;
      3) портал - тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) ІІ санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын алу үшін:
      межеленген басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге қызмет бойынша көрсетілетін қызметті алушыдан (тапсырыс берушіден, инвестордан) не мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын нормативтік құқықтық актілердің, жоспарлар мен бағдарламалардың жобаларын әзірлеуді жүргізетін мемлекеттік органның басшысынан осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      қоршаған ортаға әсер етуді бағалаудың (бұдан әрі - ҚОӘБ) ілеспе материалдарымен бірге қоршаған ортаға әсер ететін межеленген қызметтің мынадай құрамдағы жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы:
      жерге жақын қабатта ластаушы заттардың таралу жобасының, есебінің электрондық нұсқасы, эмиссия көлемдерінің «Excel» форматындағы негіздемесі;
      жоспарланып отырған қызметтің экологиялық салдары туралы мәлімдеме;
      қоғамдық пікірді есепке алу нәтижелері;
      қоршаған ортаға теріс әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін объектілер үшін жоспарланып отырған қызметті іске асыруды мынадай заңды және жеке тұлғалармен келісу құжаттары:
      жер пайдаланушылар, жер учаскелерінің меншік иелері;
      мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары;
      су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекция (су қорғау аумағында объекті орналастырылған немесе қызмет жүзеге асырылған кезде);
      жер ресурстарын басқару жөніндегі органдар;
      жер қойнауын зерделеу және пайдалану органдары (пайдалы қазбалардың ықтимал орналасу учаскелерінде, сондай-ақ жер асты суларын пайдалану кезінде және олардың ықтимал ластану көздері болған кезде);
      орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган;
      балық ресурстарын қорғау саласындағы уәкілетті орган (балық шаруашылығы су айдындарында әртүрлі қызмет түрлерін жүргізетін кәсіпорындар үшін);
      жергілікті мемлекеттік басқару органдары әзірлеген ілеспе ҚОӘБ материалдарымен бірге мынадай құрамдағы өңірлік бағдарламалардың жобалары:

      эмиссия нормативтерiнiң мынадай құрамдағы жобалары:
      жерге жақын қабатта ластаушы заттардың таралу жобасының, есебінің электрондық нұсқасы, эмиссия көлемдерінің «Excel» форматындағы негіздемесі;
      мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен келісу;
      іске асырылуы қоршаған ортаға терiс әсер етуі мүмкiн, жергілікті мемлекеттік басқару органдары әзірлейтін Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, нормативтік-техникалық және нұсқаулық-әдістемелік құжаттардың жобалары;
      жоба мемлекеттік экологиялық сараптамаға қайтадан ұсынылған жағдайда, мемлекеттік экологиялық сараптамаға берілетін құжаттамаға мемлекеттік экологиялық сараптаманың бұрын берілген қорытындыларының көшірмелері қоса беріледі;
      2) ІІІ және IV санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын алу үшін:
      межеленген басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге қызмет бойынша көрсетілетін қызметті алушыдан (тапсырыс берушіден, инвестордан) не мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын нормативтік құқықтық актілердің, жоспарлар мен бағдарламалардың жобаларын әзірлеуді жүргізетін мемлекеттік органның басшысынан осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      ілеспе ҚОӘБ материалдарымен бірге қоршаған ортаға әсер ететін межеленген қызметтің мынадай құрамдағы жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы:
      жерге жақын қабатта ластаушы заттардың таралу жобасының, есебінің электрондық нұсқасы, эмиссия көлемдерінің «Excel» форматындағы негіздемесі;
      жоспарланып отырған қызметтің экологиялық салдары туралы мәлімдеме;
      қоғамдық пікірді есепке алу нәтижелері;
      қоршаған ортаға теріс әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін объектілер үшін жоспарланып отырған қызметті іске асыруды мынадай заңды және жеке тұлғалармен келісу құжаттары:
      жер пайдаланушылар, жер учаскелерінің меншік иелері;
      мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары;
      су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекция (су қорғау аумағында объекті орналастырылған немесе қызмет жүзеге асырылған кезде);
      жер ресурстарын басқару жөніндегі органдар;
      жер қойнауын зерделеу және пайдалану органдары (пайдалы қазбалардың ықтимал орналасу учаскелерінде, сондай-ақ жер асты суларын пайдалану кезінде және олардың ықтимал ластану көздері болған кезде);
      орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган;
      балық ресурстарын қорғау саласындағы уәкілетті орган (балық шаруашылығы су айдындарында әртүрлі қызмет түрлерін жүргізетін кәсіпорындар үшін);
      эмиссия нормативтерiнiң мынадай құрамдағы жобалары:
      жерге жақын қабатта ластаушы заттардың таралу жобасының, есебінің электрондық нұсқасы, эмиссия көлемдерінің «Excel» форматындағы негіздемесі;
      мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен келісу.
      Жобалық құжаттама мемлекеттік экологиялық сараптамаға қайтадан ұсынылған жағдайда, мемлекеттік экологиялық сараптамаға берілетін құжаттамаға мемлекеттік экологиялық сараптаманың бұрын берілген қорытындыларының көшірмелері қоса беріледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіліп, өтінімнің көшірмесіндегі оның тіркелгені туралы белгі қағаз жеткізгіштегі өтінімнің қабылданғанын растау болып табылады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
      ХҚО-ға:
      1) ІІ санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын алу үшін:
      межеленген басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге қызмет бойынша көрсетілетін қызметті алушыдан (тапсырыс берушіден, инвестордан) не мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын нормативтік құқықтық актілердің, жоспарлар мен бағдарламалардың жобаларын әзірлеуді жүргізетін мемлекеттік органның басшысынан осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ХҚО қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электронды құжат нысанындағы өтініш;
      ҚОӘБ ілеспе материалдарымен бірге қоршаған ортаға әсер ететін межеленген қызметтің мынадай құрамдағы жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы:
      жерге жақын қабатта ластаушы заттардың таралу жобасының, есебінің электрондық нұсқасы, эмиссия көлемдерінің «Excel» форматындағы негіздемесі;
      жоспарланып отырған қызметтің экологиялық салдары туралы мәлімдеме;
      қоғамдық пікірді есепке алу нәтижелері;
      қоршаған ортаға теріс әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін объектілер үшін жоспарланып отырған қызметті іске асыруды мынадай заңды және жеке тұлғалармен келісу құжаттары:
      жер пайдаланушылар, жер учаскелерінің меншік иелері;
      мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары;
      су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекция (су қорғау аумағында объекті орналастырылған немесе қызмет жүзеге асырылған кезде);
      жер ресурстарын басқару жөніндегі органдар;
      жер қойнауын зерделеу және пайдалану органдары (пайдалы қазбалардың ықтимал орналасу учаскелерінде, сондай-ақ жер асты суларын пайдалану кезінде және олардың ықтимал ластану көздері болған кезде);
      орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган;
      балық ресурстарын қорғау саласындағы уәкілетті орган (балық шаруашылығы су айдындарында әртүрлі қызмет түрлерін жүргізетін кәсіпорындар үшін);
      жергілікті мемлекеттік басқару органдары әзірлеген ілеспе ҚОӘБ материалдарымен бірге мынадай құрамдағы өңірлік бағдарламалардың жобалары:
      жерге жақын қабатта ластаушы заттардың таралу жобасының, есебінің электрондық нұсқасы, эмиссия көлемдерінің «Excel» форматындағы негіздемесі;
      жоспарланып отырған қызметтің экологиялық салдары туралы мәлімдеме;
      қоғамдық пікірді есепке алу нәтижелері;
      қоршаған ортаға теріс әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін объектілер үшін жоспарланып отырған қызметті іске асыруды мынадай заңды және жеке тұлғалармен келісу құжаттары:
      жер пайдаланушылар, жер учаскелерінің меншік иелері;
      мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары;
      су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекция (су қорғау аумағында объекті орналастырылған немесе қызмет жүзеге асырылған кезде);
      жер ресурстарын басқару жөніндегі органдар;
      жер қойнауын зерделеу және пайдалану органдары (пайдалы қазбалардың ықтимал орналасу учаскелерінде, сондай-ақ жер асты суларын пайдалану кезінде және олардың ықтимал ластану көздері болған кезде);
      орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган;
      балық ресурстарын қорғау саласындағы уәкілетті орган (балық шаруашылығы су айдындарында әртүрлі қызмет түрлерін жүргізетін кәсіпорындар үшін);
      эмиссия нормативтерiнiң мынадай құрамдағы жобалары:
      жерге жақын қабатта ластаушы заттардың таралу жобасының, есебінің электрондық нұсқасы, эмиссия көлемдерінің «Excel» форматындағы негіздемесі;
      мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен келісу;
      іске асырылуы қоршаған ортаға терiс әсер етуі мүмкiн, жергілікті мемлекеттік басқару органдары әзірлейтін Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, нормативтік-техникалық және нұсқаулық-әдістемелік құжаттардың жобалары;
      жоба мемлекеттік экологиялық сараптамаға қайтадан ұсынылған жағдайда, мемлекеттік экологиялық сараптамаға берілетін құжаттамаға мемлекеттік экологиялық сараптаманың бұрын берілген қорытындыларының көшірмелері қоса беріледі;
      2) ІІІ және IV санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын алу үшін:
      межеленген басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге қызмет бойынша көрсетілетін қызметті алушыдан (тапсырыс берушіден, инвестордан) не мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын нормативтік құқықтық актілердің, жоспарлар мен бағдарламалардың жобаларын әзірлеуді жүргізетін мемлекеттік органның басшысынан осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ХҚО қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электронды құжат нысанындағы өтініш;
      ҚОӘБ ілеспе материалдарымен бірге қоршаған ортаға әсер ететін межеленген қызметтің мынадай құрамдағы жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы:
      жерге жақын қабатта ластаушы заттардың таралу жобасының, есебінің электрондық нұсқасы, эмиссия көлемдерінің «Excel» форматындағы негіздемесі;
      жоспарланып отырған қызметтің экологиялық салдары туралы мәлімдеме;
      қоғамдық пікірді есепке алу нәтижелері;
      қоршаған ортаға теріс әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін объектілер үшін жоспарланып отырған қызметті іске асыруды мынадай заңды және жеке тұлғалармен келісу құжаттары:
      жер пайдаланушылар, жер учаскелерінің меншік иелері;
      мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары;
      су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекция (су қорғау аумағында объекті орналастырылған немесе қызмет жүзеге асырылған кезде);
      жер ресурстарын басқару жөніндегі органдар;
      жер қойнауын зерделеу және пайдалану органдары (пайдалы қазбалардың ықтимал орналасу учаскелерінде, сондай-ақ жер асты суларын пайдалану кезінде және олардың ықтимал ластану көздері болған кезде);
      орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган;
      балық ресурстарын қорғау саласындағы уәкілетті орган (балық шаруашылығы су айдындарында әртүрлі қызмет түрлерін жүргізетін кәсіпорындар үшін);
      эмиссия нормативтерiнiң мынадай құрамдағы жобалары:
      жерге жақын қабатта ластаушы заттардың таралу жобасының, есебінің электрондық нұсқасы, эмиссия көлемдерінің «Excel» форматындағы негіздемесі;
      мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен келісу.
      Жоба мемлекеттік экологиялық сараптамаға қайтадан ұсынылған жағдайда, мемлекеттік экологиялық сараптамаға берілетін құжаттамаға мемлекеттік экологиялық сараптаманың бұрын берілген қорытындыларының көшірмелері қоса беріледі.
      Құжаттар ХҚО арқылы қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, онда мыналар көрсетіледі:
      сұрау салудың нөмірі және қабылданған күні;
      сұратылған мемлекеттік қызметтердің түрі;
      қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
      құжаттарды беру күні (уақыты) мен орны;
      құжаттарды ресімдеуге өтінім қабылдаған ХҚО қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;
      көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, көрсетілетін қызметті алушы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары.
      ХҚО-да көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беруді жеке куәлігін және сенімхат (не сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынған жағдайда, қолхат негізінде оның қызметкері жүзеге асырады.
      Егер көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде мемлекеттік қызмет нәтижесін алуға келмеген жағдайда, ХҚО оны бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы дайын құжаттарды алу үшін ХҚО-ға бір ай өткен соң келсе, ХҚО бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге сұраныс жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші дайын құжаттарды бір жұмыс күні ішінде ХҚО-ға жібереді, содан соң ХҚО дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға береді.
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ХҚО қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
      Порталда:
      1) ІІ санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын алу үшін:
      межеленген басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге қызмет бойынша көрсетілетін қызметті алушыдан (тапсырыс берушіден, инвестордан) не мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын нормативтік құқықтық актілердің, жоспарлар мен бағдарламалардың жобаларын әзірлеуді жүргізетін мемлекеттік органның басшысынан осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық қосымша түріндегі ҚОӘБ ілеспе материалдарымен бірге қоршаған ортаға әсер ететін межеленген қызметтің мынадай құрамдағы жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түрінде жоспарланып отырған қызметтің экологиялық салдары туралы мәлімдеме;
      құжаттың электрондық көшірмесі түрінде қоғамдық пікірді есепке алу нәтижелері;
      қоршаған ортаға теріс әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін объектілер үшін жоспарланып отырған қызметті іске асыруды мынадай заңды және жеке тұлғалармен келісу құжаттары (бұдан әрі - келісу құжаттары) (электрондық құжат және/немесе құжаттың электрондық көшірмесі түрінде):
      жер пайдаланушылар, жер учаскелерінің меншік иелері;
      мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары;
      су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекция (су қорғау аумағында объекті орналастырылған немесе қызмет жүзеге асырылған кезде);
      жер ресурстарын басқару жөніндегі органдар;
      жер қойнауын зерделеу және пайдалану органдары (пайдалы қазбалардың ықтимал орналасу учаскелерінде, сондай-ақ жер асты суларын пайдалану кезінде және олардың ықтимал ластану көздері болған кезде);
      орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган;
      балық ресурстарын қорғау саласындағы уәкілетті орган (балық шаруашылығы су айдындарында әртүрлі қызмет түрлерін жүргізетін кәсіпорындар үшін);
      жергілікті мемлекеттік басқару органдары әзірлеген ілеспе ҚОӘБ материалдарымен бірге көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық қосымша түрінде мынадай құрамдағы өңірлік бағдарламалардың жобалары:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түрінде жоспарланып отырған қызметтің экологиялық салдары туралы мәлімдеме;
      құжаттың электрондық көшірмесі түрінде қоғамдық пікірді есепке алу нәтижелері;
      мынадай заңды және жеке тұлғалармен келісу құжаттары (электронды құжат және/немесе құжаттың электрондық көшірмесі түрінде):
      жер пайдаланушылар, жер учаскелерінің меншік иелері;
      мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары;
      су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекция (су қорғау аумағында объекті орналастырылған немесе қызмет жүзеге асырылған кезде);
      жер ресурстарын басқару жөніндегі органдар;
      жер қойнауын зерделеу және пайдалану органдары (пайдалы қазбалардың ықтимал орналасу учаскелерінде, сондай-ақ жер асты суларын пайдалану кезінде және олардың ықтимал ластану көздері болған кезде);
      орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган;
      балық ресурстарын қорғау саласындағы уәкілетті орган (балық шаруашылығы су айдындарында әртүрлі қызмет түрлерін жүргізетін кәсіпорындар үшін);
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түрінде эмиссия нормативтерiнiң мынадай құрамдағы жобалары:
      электрондық құжат және/немесе құжаттың электрондық көшірмесі түрінде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен келісу;
      іске асырылуы қоршаған ортаға терiс әсер етуі мүмкiн, жергілікті мемлекеттік басқару органдары әзірлейтін Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, нормативтік-техникалық және нұсқаулық-әдістемелік құжаттардың көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түріндегі жобалары;
      жоба мемлекеттік экологиялық сараптамаға қайтадан ұсынылған жағдайда, мемлекеттік экологиялық сараптамаға берілетін құжаттамаға мемлекеттік экологиялық сараптаманың бұрын берілген қорытындыларының көшірмелері қоса беріледі (электрондық құжат және/немесе құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);
      2) ІІІ және IV санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын алу үшін:
      межеленген басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге қызмет бойынша көрсетілетін қызметті алушыдан (тапсырыс берушіден, инвестордан) не мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын нормативтік құқықтық актілердің, жоспарлар мен бағдарламалардың жобаларын әзірлеуді жүргізетін мемлекеттік органның басшысынан осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық қосымша түріндегі ҚОӘБ ілеспе материалдарымен бірге қоршаған ортаға әсер ететін межеленген қызметтің мынадай құрамдағы жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түрінде жоспарланып отырған қызметтің экологиялық салдары туралы мәлімдеме;
      құжаттың электрондық көшірмесі түрінде қоғамдық пікірді есепке алу нәтижелері;
      мынадай заңды және жеке тұлғалармен келісу құжаттары (электрондық құжат және/немесе құжаттың электронды көшірмесі түрінде):
      жер пайдаланушылар, жер учаскелерінің меншік иелері;
      мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары;
      су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекция (су қорғау аумағында объекті орналастырылған немесе қызмет жүзеге асырылған кезде);
      жер ресурстарын басқару жөніндегі органдар;
      жер қойнауын зерделеу және пайдалану органдары (пайдалы қазбалардың ықтимал орналасу учаскелерінде, сондай-ақ жер асты суларын пайдалану кезінде және олардың ықтимал ластану көздері болған кезде);
      орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган;
      балық ресурстарын қорғау саласындағы уәкілетті орган (балық шаруашылығы су айдындарында әртүрлі қызмет түрлерін жүргізетін кәсіпорындар үшін);
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түрінде эмиссия нормативтерiнiң мынадай құрамдағы жобалары:
      электрондық құжат және/немесе құжаттың электронды көшірмесі түрінде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен келісу.
      Жоба мемлекеттік экологиялық сараптамаға қайтадан ұсынылған жағдайда, құжаттамаға мемлекеттік экологиялық сараптаманың бұрын берілген қорытындыларының көшірмелері қоса беріледі.
      Ұсынылған құжаттама толық болмаған жағдайда, ол көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылуға тиіс.
      Порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесін алатын күні мен уақыты көрсетіліп, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі.
      Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде ұсынылады.
      Егер көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері өтінімді қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
облыстардың, облыстық маңызы бар қалалардың, елорданың
жергілікті атқарушы органдарының, көрсетілетін қызметті
берушілердің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, ХҚО-ның
және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша облыстардың, облыстық маңызы бар қалалардың, елорданың жергілікті атқарушы органдарының, көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, ХҚО-ның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші облыстардың, облыстық маңызы бар қалалардың, елорданың тиісті жергілікті атқарушы органдары басшысының атына, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тікелей өкіліндер беріледі.
      Шағымдар жазбаша түрде қағаз жеткізгіште почта арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің немесе облыстардың, облыстық маңызы бар қалалардың, елорданың тиісті жергілікті атқарушы органының кеңсесі арқылы қолма қол қабылданады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімдіктің кеңсесінде берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны, шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетіліп тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылдануын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе облыстардың, облыстық маңызы бар қалалардың, елорданың тиісті жергілікті атқарушы органының басшысына жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе облыстардың, облыстық маңызы бар қалалардың, елорданың тиісті жергілікті атқарушы органының мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      ХҚО қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша ХҚО басшысының атына беріледі.
      ХҚО кеңсесіне қолма-қол және почта арқылы келіп түскен шағымның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) оның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін ХҚО басшысына жіберіледі.
      Портал жұмысына шағымдану тәртібі туралы ақпаратты порталдың cаll-орталығының телефоны (1414) арқылы алуға болады.
      Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушы өтініш туралы ақпаратты «жеке кабинетінен» көре алады, ол өтініштерді көрсетілетін қызметті берушінің өңдеуі барысында жаңартылып тұрады (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Шағымда:
      1) жеке тұлға - оның тегі, аты, әкесінің аты, почталық мекенжайы;
      2) заңды тұлға - оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.
      11. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жерлердің мекенжайлары:
      1) Министрліктің - www.eco.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі;
      2) Министрліктің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің - www.ecokomitet.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің - www.con.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
      13. ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
      14. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 58 00 58 және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: (1414).

«II, III және IV санаттағы
объектілерге мемлекеттік
экологиялық сараптама 
қорытындысын беру»  
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына  
1-қосымша      

Кімге _______________________________________
(мемлекеттік органның толық атауы)
кімнен ______________________________________
(өтініш берушінің толық атауы)
Мекенжайы _____________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй №, телефон)
Өтініш берушінің деректемелері ____________________
(ЗТ/ДК мем. тіркеу туралы куәлігінің №, ЖСН/БСН)

ӨТІНІШ

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      (жобаның толық атауын көрсету керек)
      жобасына мемлекеттік экологиялық сараптама өткізуді сұраймын.
      Қоса берiлiп отырған құжаттардың тізбесі:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Басшы __________________ ________________________________
      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
      Мөрдің орны
      20__ ж. «___»______________

«II, III және IV санаттағы
объектілерге мемлекеттік
экологиялық сараптама 
қорытындысын беру»  
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына  
2-қосымша      

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы
қолхат

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының (мекенжайын көрсету керек) №__ бөлімі Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбағаныңызға байланысты (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету керек) мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттар қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
      жоқ құжаттардың атауы:
      1) ___________________________________________________________;
      2) ___________________________________________________________;
      3)
      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
      Т.A.Ә. (ХҚО қызметкерінің) (қолы)
      Орындаушы Т.A.Ә. _____________________________
      Телефон _______________________________________
      Aлдым: көрсетілетін қызметті алушының Т.A.Ә. / қолы
      «__» _________ 20__ж.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 26 маусымдағы
№ 702 қаулысымен  
бекітілген     

«Дәрілік заттарға жатпайтын прекурсорларды әкелуге (әкетуге)
келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Дәрілік заттарға жатпайтын прекурсорларды әкелуге (әкетуге) келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірлеген.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап - күнтізбелік 10 (он) күн ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - дәрілік заттарға жатпайтын прекурсорларды әкелуге (әкетуге) қағаз жеткізгіштегі келісім-хат.
      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
      мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
      2) қоршаған ортаны ластағаны үшін сақтандыру полисі;
      3) прекурсорлар айналымы саласындағы қызметке арналған лицензияның көшірмесі.
      4) Құжаттарға бірінші басшы қол қояды және көрсетілетін қызметті алушының тиісті мөрімен куәландырылады.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті
берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне,
әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не мына: 010000, Aстана қаласы, Министрліктер үйі (сол жағалау), Орынбор көшесі, № 8, № 14 кіреберіс, телефон 8 (7172) 74 08 09 мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.
      Шағымдар жазбаша түрде почта арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіліп, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Шағымда:
      заңды тұлға - оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.
      11. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жерлердің мекенжайлары:
      1) Министрліктің - www.eco.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің - www.ecokomitet.gov.kz,
      3) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі интернет-ресурстарында орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 58 00 58 және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: (1414)

«Дәрілік заттарға жатпайтын  
прекурсорларды әкелуге    
(әкетуге) келісім беру»    
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына қосымша      
Қазақстан Республикасы    
Қоршаған орта және су ресурстары
министрлігі         

Өтініш

      Кімнен ________________________________________________________
_____________________________________________________________________
            (ұйымның атауы, заңды мекенжайы, телефоны, факсы)
      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Есірткі
бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитетінен
дәрілік заттарға жатпайтын прекурсорларды __________________________
____________________________________________________________________
(елдің, ұйымның атауы, заңды мекенжайы, телефоны, факсы, е-mail)
      әкелуге (әкетуге) рұқсат (сертификат) алу үшін келісім-хат
беруді сұраймын.

Р/ с

Кесте
Тізім №,
Позиция

Халықаралық патенттелмеген атауы (ХПA)

Сауда атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Жеткізушіменжасалған шарт нөмірі, күні, қолданылу мерзімі

      Қоса берілген құжаттардың тізбесі ___________________________
      Басшы (уәкілетті адам) ______________________________________
            лауазымы
__________________________________________________________________
      (басшысының (уәкілетті адамның тегі, аты-жөні)
      М.О. 20__ ж. ___ ______

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 26 маусымдағы
№ 702 қаулысымен  
бекітілген    

«Табиғат қорғау мекемелерінің учаскелерін құрылыс объектілері
үшін ұзақ мерзімді пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Табиғат қорғау мекемелерінің учаскелерін құрылыс объектілері үшін ұзақ мерзімді пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірлеген.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер қабылдау және нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - 10 (он) жұмыс күні ішінде;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - табиғат қорғау мекемелерінің учаскелерінде туристік және рекреациялық мақсаттағы объектілер салуға қағаз жеткізгіштегі не көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы рұқсат.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - жұма аралығында, 13.00-ден 14.30 сағатқа дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден сағат 18.30-ға дейін;
      мемлекеттік қызмет алдын ала жазылмай және жеделдетіп қызмет көрсетілмей, кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
      2) портал - тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) еркін нысандағы өтініш;
      2) табиғат қорғау мекемесінің жобалау-сметалық құжаттаманы (бұдан әрі - ЖСҚ) келісуі;
      3) ЖСҚ-ға мемлекеттік сәулет сараптамасының оң қорытындысының көшірмесі;
      4) ЖСҚ-ға мемлекеттік экологиялық сараптаманың көшірмесі;
      5) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
      6) ЖСҚ-ға табиғат қорғау мекемесінің келісуі;
      7) ЖСҚ-ға мемлекеттік сәулет сараптамасының оң қорытындысының көшірмесі;
      8) ЖСҚ-ға мемлекеттік экологиялық сараптаманың нөмірі.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге - құжаттар топтамасының қабылданғын күні мен уақыты көрсетіліп, оның көшірмесіне көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы белгі қою қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;
      2) портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет нәтижесін алатын күні мен уақыты көрсетіліп, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұраныстың қабылданғаны туралы мәртебесі жіберіледі.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті
берушілердің және (немесе) оның лауазымды адамдарының
шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не мына: 010000, Aстана қаласы, Министрліктер үйі (сол жағалау), Орынбор көшесі, № 8, № 14 кіреберіс, телефон 8 (7172) 74 08 09 мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.
      Шағымдар жазбаша түрде почта арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіліп, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Портал жұмысына шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының телефоны (1414) арқылы алуға болады.
      Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушы өтініш туралы ақпаратты «жеке кабинетінен» көре алады, ол өтініштерді көрсетілетін қызметті берушінің өңдеуі барысында жаңартылып тұрады (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
      Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Шағымда:
      1) жеке тұлға - оның тегі, аты, сондай-ақ қалуы бойынша әкесінің аты, почталық мекенжайы;
      2) заңды тұлға - оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.
      11. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін
қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де
талаптар

      12. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жерлердің мекенжайлары Министрліктің www.eco.gov.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      13. ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
      14. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 58 00 58 және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: (1414)

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 26 маусымдағы
№ 702 қаулысымен  
бекітілген     

«Табиғат қорғау мекемелерінің учаскелерін қысқа мерзімді пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Табиғатты қорғау мекемелерінің учаскелерін қысқа мерзімді пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметі стандартын Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірлеген.
      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштер қабылдау табиғат қорғау мекемесінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: /
      1) көрсетілетін қызметті беруші, табиғат қорғау мекемесіне құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап - 22 (жиырма екі) жұмыс күні ішінде;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - табиғат қорғау мекемелерінің учаскелерін қысқа мерзімді пайдалануға қағаз жеткізгіштегі рұқсат.
      7. Мемлекеттік қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - жұма аралығында 13.00-ден 14.30 сағатқа дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден сағат 18.30-ға дейін.
      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылмай және жеделдетіп қызмет көрсетпей, кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) табиғи қорғау мекемесіне өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) жеке немесе заңды тұлғаның атауы мен деректемелері, учаскенің орналасқан жері мен ауданы, пайдалану мақсаты мен мерзімі көрсетілетін еркін нысандағы өтініш;
      2) жеке тұлға үшін жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, заңды тұлғалар үшін заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* көшірмесі немесе анықтама, жеке тұлғалар үшін жеке басын куәландыратын құжат және дара кәсіпкерді тіркеу туралы куәлік;
      ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
      3) мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін сақтау жөніндегі іс-шараларды, санитариялық-гигиеналық және өртке қарсы іс-шараларды қоса алғанда, ұлттық парктің учаскесін пайдалану және көркейту жоспары.
      Көрсетілетін қызметті алушы табиғат қорғау мекемесіне қажетті құжаттардың бәрін тапсырған кезде көшірмесіне құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіліп, табиғат қорғау мекемесінің кеңсесінде тіркелгені туралы белгі қою қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті
берушілердің және (немесе) оның лауазымды адамдарының
шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не мына: 010000, Aстана қаласы, Министрліктер үйі (сол жағалау), Орынбор көшесі, № 8, № 14 кіреберіс, телефон 8 (7172) 74 08 09 мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.
      Шағымдар жазбаша түрде почта арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіліп, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Портал жұмысына шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының телефоны (1414) арқылы алуға болады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Шағымда:
       1) жеке тұлға - оның тегі, аты, сондай-ақ қалуы бойынша әкесінің аты, почталық мекенжайы;
      2) заңды тұлға - оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.
      11. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін
қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де
талаптар

      12. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жерлердің мекенжайлары:
      1) Министрліктің - www.eco.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің - www.fhc, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі интернет-ресурстарында орналастырылған.
      13. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 58 00 58 және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: (1414)

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 26 маусымдағы
№ 702 қаулысымен  
бекітілген    

«Судың жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындар мен басқа да
құрылыстар салынатын жерлерді айқындау жөніндегі ұсыныстарды
келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Судың жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындар мен басқа да құрылыстар салынатын жерлерді айқындау жөніндегі ұсыныстарды келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірлеген.
      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Су ресурстары комитетінің су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап - 10 (он) жұмыс күні ішінде;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут;
      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - судың жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындар мен басқа да құрылыстар салынатын жерлерді айқындау жөніндегі ұсыныстарды қағаз түрінде келісу.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
      мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) еркін нысандағы өтініш;
      2) жеке куәліктің көшірмесі (жеке тұлғалар үшін);
      3) заңды тұлғаны мемлектетік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* көшірмесі немесе анықтама.
      Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
      4) жер учаскесін таңдау және зерттеу актісінің (немесе жергілікті атқарушы орган шешімінің) көшірмесі;
      5) жер учаскесінің топографиялық түсірілімінің көшірмесі немесе жерге байланыстырылған және су объектісі (бар болса) белгіленген ахуалдық схема,масштабта.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті
берушілердің және (немесе) оның лауазымды адамдарының
шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не мына: 010000, Aстана қаласы, Министрліктер үйі (сол жағалау), Орынбор көшесі, № 8, № 14 кіреберіс, телефон 8 (7172) 74 08 09 мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.
      Шағым жазбаша түрде почта арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіліп, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Шағымда:
      1) жеке тұлға - оның тегі, аты, сондай-ақ қалуы бойынша әкесінің аты, почталық мекенжайы;
      2) заңды тұлға - оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.
      11. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескеріле
отырып қойылатын өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жерлердің мекенжайлары Министрліктің www.eco.gov.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызмет алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.eco.gov.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет» бөлімінде көрсетілген және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: (1414)

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 26 маусымдағы
№ 702 қаулысымен   
бекітілген     

«Судың жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындар мен басқа да құрылыстарды орналастыруды және пайдалануға енгізуді келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Судың жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындар мен басқа да құрылыстарды орналастыруды және пайдалануға енгізуді келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 10 (он) жұмыс күні ішінде;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут;
      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - судың жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындар мен басқа да құрылыстарды орналастыруды және пайдалануға енгізуді қағаз түрінде келісу.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушылар) тегін көрсетіледі.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін;
      мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) еркін нысандағы өтініш;
      2) түсіндірме жазбасы бар жоба (техника-экономикалық негіздеме, қоршаған ортаға әсерді алдын ала бағалау бөлімі);
      3) лицензияланатын қызмет түрлерінің тізбесі бар жобалау ұйымының мемлекеттік лицензиясының көшірмесі;
      4) судың жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындар және (немесе) басқа да құрылыстарды салуды және (немесе) реконструкциялауды жобалауға тапсырма;
      5) тапсырыс беруші мен жобалаушы арасындағы шарт;
      6) жер учаскесіне құқық белгілеуші құжаттардың (сатып алу-сату шартының, мұрагерлік құқығына куәлігінің, жер учаскесіне жеке меншік құқығы актісінің, жергілікті атқарушы орган шешімінің, қаулысының) көшірмесі;
      7) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* көшірмесі немесе анықтама;
      *ескертпе: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
      8) жер учаскесінің топографиялық түсірілімінің көшірмесі немесе жергілікті жерге байланыстырылған және су объектісі (бар болса) белгіленген масштабтағы ахуалдық схема.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті
берушілердің және (немесе) оның лауазымды адамдарының
шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің не мына мекенжай бойынша: 010000, Aстана қаласы, Министрліктер үйі (сол жағалау), Орынбор көшесі № 8, № 14 кіреберіс, телефон 8 (7172) 74 08 09 Министрлік басшысының атына беріледі:
      Шағымдар жазбаша түрде почта арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің не Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіліп тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі. Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Шағымда:
      1) жеке тұлға - оның тегі, аты, қалауы бойынша әкесінің аты, почталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлға - оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы өтінішке қол қоюға тиіс.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік қызмет көрсету жерлерінің мекенжайлары Министрліктің www.eco.gov.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.     Көрсетілетін
      13. қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
      14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.eco.gov.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет» бөлімінде көрсетілген және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 26 маусымдағы
№ 702 қаулысымен 
бекітілген     

«Пайдалы қазбаларды, су өсімдіктерін өндіру, кәбілдерді,
құбырларды және басқа да коммуникацияларды төсеу, ағаш кесу
үшін құрылыс, түбін тереңдету, жарылыс жұмыстарын, сондай-ақ су
объектілері, су қорғау белдеулері мен аймақтарда бұрғылау, ауыл
шаруашылығы және басқа да жұмыстарды жүргізу туралы құжаттарды
келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Пайдалы қазбаларды, су өсімдіктерін өндіру, кәбілдерді, құбырларды және басқа да коммуникацияларды төсеу, ағаш кесу үшін құрылыс, түбін тереңдету, жарылыс жұмыстарын, сондай-ақ су объектілері, су қорғау белдеулері мен аймақтарда бұрғылау, ауыл шаруашылығы және басқа да жұмыстарды жүргізу бойынша құжаттарды келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 10 (он) жұмыс күні ішінде;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут;
      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - пайдалы қазбаларды, су өсімдіктерін өндіру, кәбілдерді, құбырларды және басқа да коммуникацияларды төсеу, ағаш кесу үшін құрылыс, түбін тереңдету, жарылыс жұмыстарын, сондай-ақ су объектілері, су қорғау белдеулері мен аймақтарда бұрғылау, ауыл шаруашылығы және басқа да жұмыстарды жүргізу бойынша құжаттарды қағаз түрінде келісу (бұдан әрі - келісу).
      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушылар) тегін көрсетіледі.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін.
      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (жеке тұлға) (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) еркін нысандағы өтініш;
      2) көрсетілетін қызметті алушының жеке куәлігінің көшірмесі;
      3) жер учаскесіне құқық белгілеуші құжаттардың (сатып алу-сату шартының, мұрагерлік құқығына куәлігінің, жер учаскесіне жеке меншік құқығы актісінің, жергілікті атқарушы орган шешімінің, қаулысының) көшірмесі;
      4) келісуге ұсынылған жұмыстар олардың көмегімен жүзеге асырылатын құрылыстардың, машиналар мен механизмдердің техникалық паспорттарының көшірмелері;
      5) техникалық шарттардың не сумен жабдықтау және су бұру шартының көшірмесі; егер теңгерімінде меншікті су алу құрылысы бар болса, онда - олардың материалдары, рұқсат беруші құжаттары;
      6) қалалық кәріз болмаған жағдайда - сарқынды суларды шығару орнын міндетті түрде көрсете отырып, осы ауданның Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының септикке қорытындысы, сондай-ақ сарқынды суды шығаруға шарттың көшірмесі;
      7) жер учаскесінің топографиялық түсірілімінің көшірмесі немесе жергілікті жерге байланыстырылған және су объектісі (бар болса) белгіленген масштабтағы ахуалдық схема.
      Көрсетілетін қызметті алушы (заңды тұлға) (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) еркін нысандағы өтініш;
      2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* көшірмесі немесе анықтама;
      *ескертпе: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
      3) жер учаскесіне құқық белгілеуші құжаттардың (сатып алу-сату шартының, мұрагерлік құқығына куәлігінің, жер учаскесіне жеке меншік құқығы актісінің, жергілікті атқарушы орган шешімінің, қаулысының) көшірмесі;
      4) келісуге ұсынылған жұмыстар олардың көмегімен жүзеге асырылатын құрылыстардың, машиналар мен механизмдердің техникалық паспорттарының көшірмелері;
      5) техникалық шарттардың не сумен жабдықтау және су бұру шартының көшірмесі; егер теңгерімінде меншікті су алу құрылысы бар болса, онда - олардың материалдары, рұқсат беруші құжаттары;
      6) қалалық кәріз болмаған жағдайда - сарқынды суларды шығару орнын міндетті түрде көрсете отырып, осы ауданның Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының септикке қорытындысы, сондай-ақ сарқынды суды шығаруға шарттың көшірмесі;
      7) жер учаскесінің топографиялық түсірілімінің көшірмесі немесе жергілікті жерге байланыстырылған және су объектісі (бар болса) белгіленген масштабтағы ахуалдық схема.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті
берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне,
әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің не мына мекенжай бойынша: 010000, Aстана қаласы, Министрліктер үйі (сол жағалау), Орынбор көшесі № 8, № 14 кіреберіс, телефон 8 (7172) 74 08 09 Министрлік басшысының атына беріледі:
      Шағымдар жазбаша түрде почта арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің не Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіліп тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Шағымда:
      1) жеке тұлға - оның тегі, аты, қалауы бойынша әкесінің аты, почталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлға - оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы өтінішке қол қоюға тиіс.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып
қойылатын өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік қызмет көрсету жерлерінің мекенжайлары Министрліктің www.eco.gov.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
      14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.eco.gov.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет» бөлімінде көрсетілген және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 26 маусымдағы
№ 702 қаулысымен  
бекітілген      

«Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен
халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар
түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және
Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге әкімшілік органның
рұқсаттар беруі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге әкімшілік органның рұқсаттар беруі» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция бойынша әкімшілік орган балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда, жануарлар дүниесі мен өсімдіктерді қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында - Министрліктің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті берушілер);
      2) балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында - Министрліктің Балық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті берушілер) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушілердің кеңсесі;
      2) www.e.gov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезекте күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут;
      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қағаз жеткізгіштегі не көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы рұқсат.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушылар) ақылы негізде көрсетіледі.
      Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген өсімдіктердің, жануарлардың және бекіре балықтарының түрлерін, сондай-ақ олардың бөліктерін және дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсаттар беру үшін мемлекеттік баж «Салық және және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 499-бабының 4-тармағына сәйкес алынады және ол айлық есептік көрсеткіштің 200 пайызын құрайды.
      Мемлекеттік баж екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы алу үшін электрондық сұрау салу берілген жағдайда, төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырыла алады.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының  еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағында, дүйсенбі - жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
      мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
      2) портал - тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      10. көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш:
      2) жеке мақсаттарда әкетуді жүзеге асыратын тұлғаларды қоспағанда, осы әкетуді жасау туралы ниетін растайтын экспорттаушы мен импорттаушы арасындағы келісімшарт немесе шарт;
      3) үлгісі Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияға 1 және 2-қосымшаларға енгізілген жағдайда, экспортқа рұқсат немесе кері экспортқа сертификат;
      4) ғылыми ұйымның қорытындысы;
      5) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлардың және бекіре балықтарының түрлерін, сондай-ақ олардың бөліктерін және дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсаттар беру үшін мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат.
      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы немесе мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі арқылы уәкілетті адамдардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      Порталға:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес электрондық түрдегі өтініш;
      2) жеке мақсаттарда әкетуді жүзеге асыратын тұлғаларды қоспағанда, осы әкетуді жасау туралы ниетін растайтын экспорттаушы мен импорттаушы арасындағы келісімшарт немесе шарт электрондық көшірмесі түрінде;
      3) үлгісі Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияға 1 және 2-қосымшаларға енгізілген жағдайда, экспортқа рұқсат немесе кері экспортқа сертификат электрондық көшірмесі түрінде;
      4) ғылыми ұйымның қорытындысы электрондық көшірмесі түрінде;
      5) электрондық үкіметтің төлем шлюзі (ЭҮТШ) арқылы төленгенін қоспағанда, сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлардың және бекіре балықтарының түрлерін, сондай-ақ олардың бөліктерін және дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсаттар беру үшін мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат электрондық көшірмесі түрінде.
      Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде ұсынылады.
      Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлға ретінде тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, төлем (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамдардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге - көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, оның көшірмесіндегі тіркелуі туралы белгі қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;
      2) портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті
берушілердің және (немесе) оның лауазымды адамдарының
шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің не мына мекенжай бойынша: 010000, Aстана қаласы, Министрліктер үйі (сол жағалау), Орынбор көшесі № 8, № 14 кіреберіс, телефон 8 (7172) 74 08 09 Министрлік басшысының атына беріледі.
      Шағымдар жазбаша түрде почта арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің не Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіліп тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушы өтініш туралы ақпаратты «жеке кабинетінен» көре алады, ол өтініштерді көрсетілетін қызметті берушінің өңдеуі барысында жаңартылып тұрады (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Шағымда:
      1) жеке тұлға - оның тегі, аты, қалауы бойынша әкесінің аты, почталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлға - оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы өтінішке қол қоюға тиіс.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін
қызметтердің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де
талаптар

      12. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жерлердің мекенжайлары:
      1) Министрліктің: www.eco.gov.kz;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің: www.fhc.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі интернет-ресурстарында орналастырылған.
      13. ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 58 00 58 және мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: (1414).

«Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора
түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция
қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан  
Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан
Республикасының аумағынан әкетуге әкімшілік
органның рұқсаттар беруі» мемлекеттік   
көрсетілетін қызмет стандартына        
қосымша                  

Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен
халықаралық сауда туралы конвенция бойынша әкімшілік орган

___________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы,     
___________________________________________
жеке тұлғаның (дара кәсіпкердің)    
___________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты, мекенжайы,  
___________________________________________
телефон және факс нөмірі)         

ӨТІНІШ

      _____________________________________________________________
үлгілерін әкелуге, әкетуге рұқсат беруіңізді сұраймын
(қажеттінің астын сызу)

1

Әкелу, әкету мақсаты (коммерциялық операциялар, ғылыми зерттеулер, цирктік қойылымдар немесе жылжымалы көрмелер, хайуанаттар бағы, ботаникалық бақтар және мұражайлар арасындағы алмасу, сондай-ақ жеке беру, аңшылық олжалар және басқалары)

2

Мемлекеттік, орыс және латын тілдерінде атауы көрсетілген үлгілер

3

Үлгінің сипаты (тірі жануарлар, тері, тұлып, ұша, бас сүйегі, мүйіз, азу тістері, қан, уылдырық, сондай-ақ бұйымдар мен басқалары, тірі жануарлар үшін - жынысы мен жасы, бірдейлендіру белгілерінің болуы)

4

Үлгілер саны немесе салмағы

5

Үлгінің шығу тегі (табиғаттан алынды, жасанды жағдайда шығарылды немесе өсірілді немесе басқа елден қандай құжаттар негізінде импортталды, тәркіленді, сатып алынды, сыйға немесе мұраға алынды және басқалары)

6

Экспорттаушы мен импорттаушының заңды мекенжайы (жеке тұлғалар үшін - үй мекенжайы, паспорттық деректер) орыс және ағылшын тілдерінде, олардың телефондары немесе факстары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 26 маусымдағы
№ 702 қаулысымен   
бекітілген     

«Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнгендер санатына
жатқызылған өсімдіктер түрлерін Қазақстан Республикасына
әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнгендер санатына жатқызылған өсімдіктер түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі
      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут;
      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 10 минут.
      5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны - қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнгендер санатына жатқызылған өсімдіктер түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге қағаз түріндегі рұқсат.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушылар) ақылы көрсетіледі.
      Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген өсімдіктердің, жануарлардың және бекіре балықтарының түрлерін, сондай-ақ олардың бөліктерін және дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсаттар беру үшін мемлекеттік баж «Салық және және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 540-бабының 3) тармақшасына сәйкес алынады және ол айлық есептік көрсеткіштің 200 пайызын құрайды.
      Мемлекеттік баж екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
      мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжат; заңды тұлға үшін - мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік не анықтама;
      3) өсімдіктер дүниесі объектілерінің, олардың бөліктері мен дериваттарының шығу тегін, оларды дайындаудың және сатып алудың заңдылығын растайтын құжаттар (табиғаттан алынды, жасанды жағдайларда өсірілді, басқа елден импортталды, сатып алынды, сыйға тарту немесе мұра ретінде алынды);
      4) әкелінетін және әкетілетін өсімдіктер дүниесі объектілерінің, олардың бөліктері мен дериваттарының фитосанитариялық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растайтын құжат;
      5) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген өсімдіктер түрлерін, олардың бөліктері мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсат беру үшін бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, оның көшірмесіндегі тіркелуі туралы белгі қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті
берушілердің және (немесе) оның лауазымды адамдарының
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің не мына мекенжай бойынша: 010000, Aстана қаласы, Министрліктер үйі (сол жағалау), Орынбор көшесі № 8, № 14 кіреберіс, телефон 8 (7172) 74 08 09 Министрлік басшысының атына беріледі
      Шағымдар жазбаша түрде почта арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің не Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіліп тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушы өтініш туралы ақпаратты «жеке кабинетінен» көре алады, ол өтініштерді көрсетілетін қызметті берушінің өңдеуі барысында жаңартылып тұрады (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Шағымда:
      1) жеке тұлға - оның тегі, аты, қалауы бойынша әкесінің аты, почталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлға - оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы өтінішке қол қоюға тиіс.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін
қызметтердің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де
талаптар

      12. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жерлердің мекенжайлары:
      1) Министрліктің - www.eco.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің - www.ecokloh@eco.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі интернет-ресурстарында орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының құралдары арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
      14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.eco.gov.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген және мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: (1414).

«Сирек кездесетін және құрып 
кету қаупі төнген санатына  
жатқызылған өсімдіктер түрлерін
Қазақстан Республикасына әкелуге
және одан тысқары жерлерге  
әкетуге рұқсат беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
қосымша            
Нысан

Қазақстан Республикасы
Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің
Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті

_____________________________________________________________________
                  (заңды тұлғаның толық атауы)
_____________________________________________________________________
                 (жеке тұлғаның, дара кәсіпкердің
_____________________________________________________________________
               тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
____________________________________________________________________
           (мекенжайы, телефон және факс нөмірі)

Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнгендер санатына
жатқызылған өсімдіктер түрлерін Қазақстан Республикасына
әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат алуға
ӨТІНІМ

      Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнгендер санатына
жатқызылған өсімдіктер түрлерін (қажеттісінің астын сызу) Қазақстан
Республикасына әкелуге, Қазақстан Республикасынан әкетуге рұқсат
беруіңізді сұраймын _______________________________________________
___________________________________________________________________
      (cирек кездесетін және құрып кету қаупі төнгендер санатына
___________________________________________________________________
                жатқызылған өсімдіктер түрлерінің атауы)
      Үлгілерді әкелетін және/немесе әкететін адамның тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Әкелу және/немесе әкету мақсаты
___________________________________________________________________
Түрі ______________________________________________________________
Саны немесе салмағы _______________________________________________
Бөліктері мен дериваттарының саны немесе салмағы __________________,
Әкелудің (немесе әкетудің) жоспарланған мерзімі және оны кедендік
ресімдеу бекеті ___________________________________________________
Көлік құралдары мен маршрут сызбасы _______________________________
Экспорттаушы мен импорттаушының заңды мекенжайы ___________________
___________________________________________________________________
(орыс және ағылшын тілдерінде, олардың телефондары немесе факстары)

      20__ жыл «__» ____________
(өтінім берілген күн)
___________________________________________________________________
                  (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
      Мөр орны (заңды тұлғалар үшін)

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 26 маусымдағы
№ 702 қаулысымен  
бекітілген      

«Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және
будандастыруды жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында - Министрліктің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің аумақтық инспекциялары;
      балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында - Министрліктің Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық инспекциялары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті берушілер) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушілердің кеңсесі;
      2) www.е.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут;
      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - қағаз жеткізгіштегі немесе көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат (бұдан әрі - рұқсат).
      7. Мемлекеттік қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушылар) тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
      мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
      2) портал - тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) облыстың жергілікті атқарушы органының балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру туралы немесе аңшылық алқаптарды бекітіп беру туралы шешімі;
      3) интродукциялауды жүргізу кезінде жануарларды сатып алудың заңдылығын растайтын құжаттар (сатып алу-сату шарты, сыйға тарту шарты, жүкқұжат немесе сауда чегі немесе банктің белгісі бар төлем тапсырмасы);
      4) жануарлардың ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растайтын құжат;
      5) биологиялық негіздемеге мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы.
      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы немесе мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі арқылы уәкілетті адамдардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      Порталға:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшада көрсетілген нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
      2) облыстың жергілікті атқарушы органының балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру немесе аңшылық алқаптарды бекітіп беру туралы шешімі электрондық көшірмесі түрінде;
      3) интродукциялауды жүргізу кезінде жануарларды сатып алудың заңдылығын растайтын құжаттар (сатып алу-сату шарты, сыйға тарту шарты, жүкқұжат немесе сауда чегі немесе банктің белгісі бар төлем тапсырмасы) электрондық көшірмелері түрінде;
      4) мәліметтер нысаны түріндегі жануарлардың ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растайтын құжат;
      5) биологиялық негіздемеге мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы электрондық құжат түрінде.
      Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде ұсынылады.
      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы немесе мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі арқылы уәкілетті адамдардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
      көрсетілетін қызметті берушіге - көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, оның көшірмесіндегі тіркелуі туралы белгі қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;
      портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті
берушілердің және (немесе) оның лауазымды адамдарының
шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің не мына мекенжай бойынша: 010000, Aстана қаласы, Министрліктер үйі (сол жағалау), Орынбор көшесі № 8, № 14 кіреберіс, телефон 8 (7172) 74 08 09 Министрлік басшысының атына беріледі.
      Шағымдар жазбаша түрде почта арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің не Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіліп тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушы өтініш туралы ақпаратты «жеке кабинетінен» көре алады, ол өтініштерді көрсетілетін қызметті берушінің өңдеуі барысында жаңартылып тұрады (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Шағымда:
      1) жеке тұлға - оның тегі, аты, қалауы бойынша әкесінің аты, почталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлға - оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы өтінішке қол қоюға тиіс.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жерлердің мекенжайлары:
      1) Министрліктің: www.eco.gov.kz;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің: www.fhc.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі интернет-ресурстарында орналастырылған.
      13. ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының құралдары арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 58 00 58 және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: (1414).

«Жануарларды интродукциялауды,
реинтродукциялауды және    
будандастыруды жүргізуге   
рұқсат беру» мемлекеттік  
көрсетілетін қызмет     
стандартына         
қосымша            

____________________________________
(уәкілетті органның толық атауы)
____________________________________
      (заңды тұлғаның атауы не
____________________________________
жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (толық)
____________________________________
(мекенжайы, телефон және факс нөмірі)

Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және
будандастыруды жүргізуге рұқсат беруге
өтінім

      Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және
будандастыруды жүргізуге (қажеттісінің астын сызу) рұқсат беруді
сұраймын.
      Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және
будандастыруды жүргізудің мақсаты ___________________________________
      Жануар түрі ___________________________________________________
      Жануардың саны мен салмағы ____________________________________
      Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және
будандастыруды жүргізудің мерзімі ___________________________________
      Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және
будандастыруды жүргізу ауданы _______________________________________
      20___ жылғы _________
      ______________________ __________________
      (өтінім берілген күн)    (қолы, Т.A.Ә.)
      МО (заңды тұлға үшін)

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 26 маусымдағы
№ 702 қаулысымен  
бекітілген     

«Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін
пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су
айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық
және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды
белгілеу жөнінде шешімдер қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
Мемлекеттік қызметті облыстардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті берушілер) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер беру 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;
      2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минуттан аспайды;
      3) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алған кезде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минуттан аспайды.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - облыс әкімдігінің қағаз жеткізгіштегі жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөніндегі қаулысы (бұдан әрі - қаулы).
      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушылар) тегін көрсетіледі.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
      мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес қаулы беруге өтініш;
      2) көрсетілетін қызметті алушыны аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурстың жеңімпазы деп тану туралы аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурстың қорытындылары туралы хаттамасының көшірмесі;
      3) Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті аумақтық бөлімшесінің біліктілік талаптарына сәйкестігі және (немесе) шарт міндеттемелерін орындауы туралы ұсынымы (көрсетілетін қызметті алушының жеке меншігіндегі немесе уақытша жер пайдалануындағы жер учаскелеріндегі аңшылық алқаптарын, сондай-ақ олар бойынша бекітіп беру мерзімі аяқталған аңшылық алқаптарын бекітіп беру кезінде);
      4) Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті аумақтық бөлімшесінің біліктілік талаптарына сәйкестігі және (немесе) шарт міндеттемелерін орындауы туралы ұсынымы (көрсетілетін қызметті алушының жеке меншігіндегі немесе уақытша жер пайдалануындағы жер учаскелеріндегі жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін, сондай-ақ олар бойынша бекітіп беру мерзімі аяқталған балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру кезінде).
      10. Құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға қажетті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді, онда мыналар көрсетіледі:
      1) сұрау салудың қабылданған нөмірі мен күні;
      2) сұратылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі;
      3) қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
      4) құжаттарды беру күні (уақыты) мен орны;
      5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты.
      Көрсетілетін қызметті беруші 3 жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығын тексереді және қандай да бір құжат жетіспеген жағдайда өтініш берушіні хабардар етеді.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жергілікті
атқарушы органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті
берушілердің және (немесе) оның лауазымды адамдарының
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің не мына мекенжай бойынша: 010000, Aстана қаласы, Министрліктер үйі (сол жағалау), Орынбор көшесі № 8, № 14 кіреберіс, телефон 8 (7172) 74 08 09 Министрлік басшысының атына беріледі.
      Шағымдар жазбаша түрде почта арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің не Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіліп тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Шағымда:
      1) жеке тұлға - оның тегі, аты, қалауы бойынша әкесінің аты, почталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлға - оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы өтінішке қол қоюға тиіс.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жерлердің мекенжайлары:
      1) Министрліктің: www.eco.gov.kz;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің: www.fhc.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі интернет-ресурстарында орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 58 00 58 және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: (1414).

«Облыстың жергілікті атқарушы органдарының
жануарлар дүниесін пайдаланушыларға  
аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы 
су айдындарын және (немесе) учаскелерін
бекітіп беру мен аңшылық және балық  
шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін 
сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер
қабылдауы»  мемлекеттік көрсетілетін  
қызмет стандартына          
қосымша                 

_____________________________________________________________________
        (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)
_____________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке
                      тұлғаның Т.A.Ә.)

Жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық
шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп
беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері
үшін сервитуттарды белгілеу жөніндегі қаулыны алуға
өтініш

      20 _____ жылғы «__» _______________ (елді мекен)
      Жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық
шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен
аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін
сервитуттарды белгілеу жөніндегі қаулыны беруіңізді сұраймын.
      1. Өтініш беруші туралы мәліметтер:
      2. Меншік нысаны: ____________________________________________
      3. Құрылған жылы: ____________________________________________
      4. Өтініш берушіні заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу
(қайта тіркеу) туралы куәлік* немесе анықтама:
_____________________________________________________________________
            (№, кім және қашан берді)
      5. Заңды мекенжайы: ___________________________________________
                          (индексі, қаласы, ауданы, облысы, көшесі,
                                        үй №, тел/факс)
      6. Қоса берілген құжаттар: ____________________________________
      7. ___________________ облысы әкімдігінің 20 _____ жылғы «__»
______________ № _____ қаулысына және _________________ аумақтық
бөлімшесімен балық шаруашылығын жүргізуге жасалған 20 _____ жылғы
«__»______________ № _____шартқа сәйкес бұрын бекітіп берілген
аңшылық алқаптар, балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі:
_____________________________________________________________________
      8. Мәлімделген аңшылық алқаптар, балық шаруашылығы су айдыны
және (немесе) учаскесі: ____________________________________________
Жеке/заңды тұлға ___________________ __________________________
                    (қолы)                     (Т.A.Ә.)
М.О.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 26 маусымдағы
№ 702 қаулысымен   
бекітілген      

«Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызметі).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру кезінде - Министрліктің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті мен оның аумақтық инспекциялары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші);
      балық ресурстары мен басқа да су жануарлары бөлігінде жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру кезінде (заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан су объектілерінде мекендейтін балық ресурстары мен су жануарларын қоспағанда) - Министрліктің Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық инспекциялары (бұдан әрі - көрсетілетін қызмет беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) www.e.gov.kz, «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
      әуесқойлық (спорттық) балық аулауға рұқсат беру - 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезекте күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут;
      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - қағаз жеткізгіштегі не көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат (бұдан әрі - рұқсат) не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының мөрімен және қолымен куәландырылады.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушылар) ақылы/тегін негізде көрсетіледі.
      Жануарлар дүниесін пайдалану үшін төлемақы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік қызметті көрсету үшін төлемақы екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы алу үшін электрондық сұрау салу берілген жағдайда, төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырыла алады.
      Төлемақы мынадай кезде алынбайды:
      1) жануарларды кейіннен табиғи ортаға шығара отырып, оларды таңбалау, сақиналау, қоныс аударту, жерсіндіру, ғылыми-зерттеу және шаруашылық мақсаттарда жасанды өсімін молайту және будандастыру үшін табиғи ортадан алған;
      2) жеке және заңды тұлғалардың меншігі болып табылатын, жасанды жолмен өсірілген және еріксіздікте және (немесе) жартылай еркін жағдайларда ұсталатын жануарлар дүниесінің объектілерін пайдаланған;
      3) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган балық ресурстарын және басқа да су жануарларының түрлерін пайдалану үшін биологиялық негіздеу мақсатында балықтарды және басқа да су жануарларын бақылау үшін аулауды жүзеге асырған;
      4) саны халық денсаулығын қорғау, ауыл шаруашылығы және басқа да үй жануарлары ауруларының алдын алу, қоршаған ортаға зиянның алдын алу, ауыл шаруашылығы қызметке маңызды залал келтіру қаупінің алдын алу мақсатында реттеуге жататын жануарлар түрлерін алған кезде алынбайды.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
      мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
      2) портал - тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) мынадай:
      жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру кезінде (кәсіпшілік балық аулауғабақылау үшін аулауғағылыми-зерттеулік аулауғаэксперименталдық аулауғамелиоративтік аулауғаәуесқойлық (спорттық) балық аулауға) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес;
      жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру кезінде (өсімін молайту мақсатында аулауға, жануарларды ғылыми мақсаттарда пайдалануға, жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалануға) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес;
      жануарлар дүниесін пайдалануға (аң аулауға) рұқсаттар беру кезінде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес өтініш;
      2) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 499-бабында көзделген жағдайларда жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы туралы төлем құжаты;
      3) жануарлар дүниесі объектілерін алуға қатысатын адамдардың тізімі.
      Қосымша пайдалану түріне байланысты (мелиоративтік аулаудан басқа) тізбеге мыналар қоса беріледі:
      аң аулауға (алғашқы рет жүгінген кезде):
      1) аңшылық шаруашылығын жүргізу шартының көшірмесі;
      жануарлар дүниесінің объектілерін алу шетелдіктердің қатысуымен жүргізілген жағдайда - аңшылық шаруашылығы субъектісінің аң аулауды ұйымдастыруға шетелдіктермен жасаған шарттың және олардың тұратын елінде берілген аң аулау құқығын куәландыратын құжаттың, сондай-ақ аңшылық атыс қаруы мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге ішкі істер органдары рұқсатының көшірмелері;
      кәсіпшілік балық аулауға (алғашқы рет жүгінген кезде):
      1) балық шаруашылығын жүргізу шартының көшірмесі (жағалау маңында балық аулауды жүзеге асыру үшін);
      2) балық аулау шартының көшірмесі;
      ғылыми-зерттеулік аулауға:
      1) бейінді ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен ғылыми-тақырыптық жоспардың үзінді көшірмесінің және салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларымен ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламасының көшірмелері не салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда, осы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
      2) жануарлар дүниесінің объектілерін алып қоюдың көзделіп отырған көлемін негіздейтін материалдар;
      3) ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруға мемлекеттік тапсырысты іске асыру кезінде - уәкілетті органмен және (немесе) оның ведомстволарымен жасалған шарттың көшірмесі;
      бақылау үшін аулауға:
      1) ведомствоның аумақтық бөлімшесі бекіткен ихтиологиялық жұмыстар жоспарының көшірмесі, бақылау үшін аулауды жүргізуге шығу кестесі;
      өсімін молайту мақсатында аулауға:
      1) балық ресурстарының өсімін молайтуға мемлекеттік тапсырысты орындау мақсаттары үшін аулау жағдайларын қоспағанда, биологиялық негіздеме;
      2) балық ресурстарының өсімін молайтуға мемлекеттік тапсырысты іске асыру кезінде - уәкілетті органмен және (немесе) оның ведомствосымен жасалған шарттың көшірмесі;
      эксперименталдық аулауға;
      1) биологиялық негіздеме мен ғылыми ұйымдардың ұсынымдары;
      жануарларды ғылыми мақсатта пайдалануға:
      1) бейінді ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен ғылыми-тақырыптық жоспардың және ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламасының үзінді көшірмелері;
      2) жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюды негіздейтін материалдар (мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысымен биологиялық негіздеменің көшірмелері);
      3) ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруға мемлекеттік тапсырысты іске асыру кезінде - уәкілетті органмен және (немесе) оның ведомстволарымен жасалған шарттың көшірмесі;
      жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалануға:
      1) жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюды негіздейтін материалдар (мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысымен биологиялық негіздеменің көшірмелері);
      әуесқойлық (спорттық) балық аулауға:
      1) жеке куәлік.
      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы уәкілетті лауазымды адамдардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      Порталға:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған мынадай:
      жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру кезінде (кәсіпшілік балық аулауға, ғылыми-зерттеулік аулауға, эксперименталдық аулауға, мелиоративтік аулауға, әуесқойлық (спорттық) балық аулауға) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес;
      жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру кезінде (өсімін молайту мақсатында аулауға, жануарларды ғылыми мақсаттарда пайдалануға, жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалануға) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес;
      2) электрондық үкіметтің төлем шлюзі (ЭҮТШ) арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 499-бабында көзделген жағдайларда, жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы туралы төлем құжаты электрондық көшірмесі түрінде;
      жануарлар дүниесін пайдалануға (аң аулауға) рұқсаттар беру кезінде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
      3) электрондық үкіметтің төлем шлюзі (ЭҮТШ) арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 499-бабында көзделген жағдайларда, жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы туралы төлем құжаты электрондық көшірмесі түрінде;
      4) мәліметтер нысаны түрінде жануарлар дүниесі объектілерін алуға қатысатын адамдардың тізімі.
      Қосымша пайдалану түріне байланысты (мелиоративтік аулаудан және әуесқойлық (спорттық) балық аулаудан басқа) тізбеге электрондық түрде не мәліметтер нысаны түрінде мыналар қоса беріледі:
      аң аулауға (алғашқы рет жүгінген кезде):
      1) мәліметтер нысаны түрінде аңшылық шаруашылығын жүргізу шарты;
      кәсіпшілік балық аулауға (алғашқы рет жүгінген кезде):
      1) мәліметтер нысаны түрінде балық шаруашылығын жүргізу шарты (жағалау маңында балық аулауды жүзеге асыру үшін);
      2) мәліметтер нысаны түрінде балық аулау шарты;
      ғылыми-зерттеулік аулауға:
      1) бейінді ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен ғылыми-тақырыптық жоспардың және салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларымен ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламасының үзінді көшірмелері не салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда, осы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері электрондық құжат түрінде (бірінші және соңғы парағы);
      2) электрондық құжат түрінде жануарлар дүниесінің объектілерін алып қоюдың көзделіп отырған көлемін негіздейтін материалдар;
      3) ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруға мемлекеттік тапсырысты іске асыру кезінде - мәліметтер нысаны түрінде уәкілетті органмен және (немесе) оның ведомстволарымен жасалған шарттың көшірмесі;
      өсімін молайту мақсатында аулауға:
      1) балық ресурстарының өсімін молайтуға мемлекеттік тапсырысты орындау мақсаттары үшін аулау жағдайларын қоспағанда, электрондық құжат түріндегі биологиялық негіздеме;
      2) балық ресурстарының өсімін молайтуға мемлекеттік тапсырысты іске асыру кезінде - мәліметтер нысаны түрінде уәкілетті органмен және (немесе) оның ведомствосымен жасалған шарт;
      эксперименталдық аулауға:
      1) электрондық құжат түрінде биологиялық негіздеме мен ғылыми ұйымдардың ұсынымдары;
      жануарларды ғылыми мақсаттарда пайдалануға:
      1) бейінді ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен ғылыми-тақырыптық жоспардан және ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламасының электрондық құжат, құжаттың электрондық көшірмелері түріндегі үзінді көшірмелері (бірінші және соңғы парағы);
      2) ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруға мемлекеттік тапсырысты іске асыру кезінде - уәкілетті органмен және (немесе) оның ведомствосымен жасалған шарттың құжаттың электрондық көшірмесі түріндегі сканерленген көшірмесі;
      жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалануға:
      1) электрондық құжат түріндегі жануарлар дүниесінің объектілерін алып қоюды негіздейтін материалдар (мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысымен биологиялық негіздеме).
      Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде ұсынылады.
      Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлға ретінде тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, төлемақы (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы уәкілетті лауазымды адамдардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
      көрсетілетін қызметті берушіге - көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, оның көшірмесіндегі тіркелуі туралы белгі қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;
      портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
      10. Мыналар мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздемесі болып табылады:
      1) өтінімде көрсетілген мәліметтердің толық көлемінде ұсынылмауы;
      2) өтінімде көрсетілген мәліметтердің дұрыс болмауы;
      3) мемлекеттік экологиялық сараптаманың теріс қорытындысы не оның болмауы.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті
берушілердің және (немесе) оның лауазымды адамдарының
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің не мына мекенжай бойынша: 010000, Aстана қаласы, Министрліктер үйі (сол жағалау), Орынбор көшесі № 8, № 14 кіреберіс, телефон 8 (7172) 74 08 09 Министрлік басшысының атына беріледі.
      Шағымдар жазбаша түрде почта арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің не Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіліп тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушы өтініш туралы ақпаратты «жеке кабинетінен» көре алады, ол өтініштерді көрсетілетін қызметті берушінің өңдеуі барысында жаңартылып тұрады (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Шағымда:
      1) жеке тұлға - оның тегі, аты, қалауы бойынша әкесінің аты, почталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлға - оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы өтінішке қол қоюға тиіс.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін
қызметтердің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де
талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жерлердің мекенжайлары:
      1) Министрліктің: www.eco.gov.kz;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің: www.fhc.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі интернет-ресурстарында орналастырылған.
      14. ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 58 00 58 және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: (1414).

«Жануарлар дүниесін пайдалануға
рұқсат беру» мемлекеттік   
көрсетілетін қызмет    
стандартына        
1-қосымша         
____________________________
(мемлекеттік органның толық атауы)
____________________________
(өтініш берушінің толық атауы)
Мекенжайы ____________________________
(индексі, қаласы, ауданы, облысы, көшесі,
үйдің №, телефоны)
Өтініш берушінің деректемелері________________
(БСН, ЖСН)

      Өтініш нөмірі:

Өтініш

      «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат» беруді сұраймын.
      Пайдалану түрі: _______________________________________________
      Су айдынының атауы_____________________________________________
      Aлып қою мақсаты: _____________________________________________
      Aлып қою тәсілдері: ___________________________________________
      Рұқсатты пайдалануға жауапты адамдар:__________________________
      Мекендеу ортасынан алып қою үшін жоспарланатын объектілердің
тізбесі мен саны:

Балықтар мен басқа да жануарларының түрлері

Саны

      Жыныстық-жас құрамы (қажет болған жағдайда):
____________________________________________________________________
      Aлып қою мерзімі: ____________бастап, ________________ дейін.
      Болжамды алып қою учаскесінің ауданы (аумағы) және шекарасы _______
      Нақты орналасқан жері ________________________________________
      Жүзу құралдары:

Кеме түрі

Саны

      Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою құралдары:

Құралдың атауы

Саны

      Өтініштің мәліметтер нысандарына енгізілген деректердің
дұрыстығын растаймын.
      ____________________________________ Берілген күні ________ ж.
      (өкілдің Т.A.Ә., өтініш берушінің
            лауазымы/Т.A.Ә.)

«Жануарлар дүниесін пайдалануға
рұқсат беру» мемлекеттік  
көрсетілетін қызмет    
стандартына         
2-қосымша          

__________________________________________
(мемлекеттік органның толық атауы)
__________________________________________
(өтініш берушінің толық атауы)
Мекенжайы ______________________________________
(индексі, қаласы, ауданы, облысы, көшесі,
үйдің №, телефоны)
Өтініш берушінің деректемелері_________________
       (БСН, ЖСН)

      Өтініштің нөмірі:

Өтініш

      «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат» беруді сұраймын.
      Жануарларды пайдалану мақсаты: ________________________________
      Aлып қою тәсілдері: ___________________________________________
      Рұқсатты пайдалануға жауапты адамдар:
_____________________________________________________________________
       Мекендеу ортасынан алып қою жоспарланатын объектілердің
тізбесі мен саны:

Жануарлардың түрлері

Саны (дарақтар)

Учаскенің ауданы (аумағы) және шекарасы

      Жалпы құны (теңге) ___________________________________________
      Жыныстық-жас құрамы (қажет болған жағдайда): _________________
      Aлып қою мерзімі: __________ бастап, __________________ дейін.
      Жүгінген күні______________________________
      Өтініштің мәліметтер нысандарына енгізілген деректердің
дұрыстығын растаймын.
      ____________________________________ Берілген күні___________ж.
      (өкілдің Т.A.Ә., өтініш берушінің
            лауазымы/Т.A.Ә.)

«Жануарлар дүниесін пайдалануға
рұқсат беру» мемлекеттік   
көрсетілетін қызмет     
стандартына          
3-қосымша           

__________________________________________
       (мемлекеттік органның толық атауы)
__________________________________________
(өтініш берушінің толық атауы)
Мекенжайы ______________________________________
(индексі, қаласы, ауданы, облысы, көшесі,
үйдің №, телефоны)
Өтініш берушінің деректемелері_________________
(БСН, ЖСН)
Өтініштің нөмірі:

Өтініш

      «Жануарлар дүниесін пайдалануға: аң аулауға рұқсат» беруді сұраймын.
      Aлып қою мақсаты: _____________________________________________
      Aлып қою тәсілдері: ___________________________________________
      Рұқсатты пайдалануға жауапты адамдар: ____________________________________________________________________
      Мекендеу ортасынан алып қою жоспарланатын объектілердің тізбесі
мен саны:

Жануарлардың түрлері

Саны (дарақтар)

Учаскенің ауданы (аумағы) және шекарасы

      Жалпы құны (теңге) ____________________________________________
      Жыныстық-жас құрамы (қажет болған жағдайда): __________________
      Aлып қою мерзімі: ____________ бастап, _________________ дейін.
      Өтініштің мәліметтер нысандарына енгізілген деректердің
дұрыстығын растаймын.
      ____________________________________ Берілген күні___________ж.
      (өкілдің Т.A.Ә., өтініш берушінің
           лауазымы/Т.A.Ә.)

«Жануарлар дүниесін пайдалануға
рұқсат беру» мемлекеттік   
көрсетілетін қызмет     
стандартына         
4-қосымша          

Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшiн төлемақы мөлшерлемелері

      Қазақстан Республикасында кәсіпшілік, әуесқойлық және спорттық
аң аулау кезінде төлемақы мөлшерлемелері мынаны құрайды:

Р/с

Жабайы жануарлардың түрлері

Төлемақы мөлшерлемесі, бір дарақ үшін (AЕК)

кәсіпшілік аң аулау

әуесқойлық және спорттық аң аулау

1

2

3

4

1.

Сүтқоректілер

1.1.

бұлан (еркегі)

-

16

1.2.

бұлан (ұрғашысы)

-

11

1.3.

бұлан (бір жасар төлі)

-

6

1.4.

марал (еркегі)

-

13

1.5.

марал (ұрғашысы)

-

7

1.6.

марал (бір жасар төлі)

-

4

1.7.

аскания бұғысы (еркегі)

-

9

1.8.

аскания бұғысы (ұрғашысы)

-

5

1.9.

аскания бұғысы (бір жасар төлі)

-

3,5

1.10.

елiк (таралу аймағының солтүстiк бөлiгi, еркегі)

-

4

1.11.

елiк (таралу аймағының солтүстiк бөлiгi, ұрғашысы, бір жасар лағы)

-

3

1.12.

елiк (таралу аймағының оңтүстiк бөлiгi, еркегі)

-

3

1.13.

елiк (таралу аймағының оңтүстiк бөлiгi, ұрғашысы, бір жасар лағы)

-

2

1.14.

сiбiр тау ешкiсi (еркегі)

-

4

1.15.

сiбiр тау ешкiсi (ұрғашысы, бір жасар лағы)

-

3,5

1.16.

құдыр

-

2

1.17.

қабан (еркегі)

-

4

1.18.

қабан (ұрғашысы, бір жасар торайы)

-

3

1.19.

киiк (еркегі)

4

5

1.20.

киiк (ұрғашысы, бір жасар лағы)

3

4

1.21.

қоңыр аю (тяньшань аюынан басқасы)

-

14

1.22.

өзен құндызы, кәмшат (орта азиялықтан басқасы)

1

2

1.23.

бұлғын

2

4

1.24.

суырлар (Мензбир суырынан басқасы)

0,060

0,12

1.25.

ондатр

0,045

0,9

1.26.

борсық, түлкi

0,10

0,20

1.27.

қарсақ

0,045

0,10

1.28.

америка қаракүзенi

0,12

0,25

1.29.

сiлеусiн (түркiстандықтан басқасы)

-

0,45

1.30.

қояндар (құм қоян, ор қоян, ақ қоян)

0,010

0,045

1.31.

жанат тектес ит, жанат, құну, сарғыш күзен, ақ қалақ, ақкiс, сары күзен, сасық күзен, кәдімгі тиiн

0,020

0,35

1.32.

саршұнақ (құм саршұнағы)

0,015

0,025

1.33.

қасқыр

0

0

1.34.

шиебөрі

0

0

2.

Құстар

2.1.

маймақ қаз (қызыл жемсаулы, қара жемсаулы)

0,015

0,030

2.2.

саңырау құр

-

0,15

2.3.

құр

-

0,055

2.4.

гималай ұлары

-

0,20

2.5.

қырғауыл

0,020

0,060

2.6.

қаздар* (сұр қаз, ақмаңдайлы қаз, қырманқаз), қарашақаз

0,020

0,045

2.7.

үйректер* (отүйрек, сарыалақаз, барылдауық, ысылдақ шүрегей, қырылдақ шүрегей, боз үйрек, сары айдар үйрек, қылқұйрық, даурықпа шүрегей, жалпақ тұмсық, қызылтұмсық сүңгуiр, қызылбас сүңгуiр, айдарлы сүңгуiр, айдарсыз теңіз сүңгуiрі, ұшқыр үйрек, сусылдақ, айдарлы үйрек, қара тұрпан, кiшi бейнарық, секпiлтөс бейнарық, үлкен бейнарық)

0,010

0,020

2.8.

қасқалдақ, қызғыш, шiлдер (аққұр, тундра шілі, дала шілі, сұр шiл, сақалды шіл), кекiлiк, сұр құр, кептерлер (дыркептер, түзкептер, көк кептер, құз кептер), түркептер (кәдiмгi түркептер, үлкен түркептер), шалшықшылар (күжiркей, шаушалшық, тауқұдiрет, орман маңқысы, азия тауқұдiретi, тау маңқысы, маңқы, жылқышы, үлкен шалшықшы, орташа шалшықшы, үлкен шырғалақ, кiшi шырғалақ)

0,005

0,010

2.9.

бөдене

0,005

0,010

      Балық аулау объектілері болып табылатын жануарлардың түрлерін
пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мынаны құрайды:

Р/с

Су жануарларының түрлері

Төлемақы мөлшерлемелері (AЕК)

бір дарағы үшін

бір килограмы үшін

1

2

3

4

1.

Кәсіпшілік және ғылыми мақсаттарда:

1.1.

бекiре балықтары (қортпа, бекіре, шоқыр, сүйрік, тілмай)

0,064

1.2.

майшабақтар (қарынсау, бражник шабағы, қаражон), тікендi балық, түйетабан, шабақ

0

1.3.

албырт балықтар (құбылмалы бақтақ, майқан, хариус)

0,017

1.4.

ақсақа балықтар (көкшұбар, көк-шарбы, пайда, шыр, мұқсын), ұзын саусақты шаян

0,012

1.5.

қаракөз

0,004

1.6.

итбалық

1,93

1.7.

ірi балықтар:

1.7.1.

ақ амур, сазан, тұқы, ақмарқа, берiш, жайын, нәлiм, дөңмаңдай, шортан, жыланбас балық, көксерке

0,013

1.8.

ұсақ балықтар:

1.8.1.

табан, торта, тұрпа балық, майбалық, қызылкөз, көкбас, аққайран, мөңке, алабұға, оңғақ, кәдiмгi және талас тарақ балығы, қызылқанат, балпан балық, бiлеу балық, айнакөз, көктұран, қылыш балық, буффало, шармай

0,004

2.

Спорттық-әуесқойлық (рекреациялық) балық аулауды жүргiзу кезiнде:

2.1.

алып қоя отырып:

2.1.1.

ірі балықтар

0,017

2.1.2.

қортпа

6,5

2.1.3.

бекіре балықтары

5,5

2.1.4.

ақсақа, албырт балықтар

0,042

2.1.5.

ұсақ балықтар

0,008

2.1.6.

шаян

0,008

2.2.

«ұстап алу-қоя беру» қағидаты негізiнде:

2.2.1.

ірі балықтар

0,1

2.2.2.

бекiре балықтары (қортпа, бекіре, шоқыр, сүйрік, тілмай)

4,97

2.2.3.

ақсақа, албырт балықтар

0,27

2.2.4.

ұсақ балықтар

0,068

      Өзге шаруашылық мақсаттарда (аңшылық пен балық аулаудан басқа)
пайдаланылатын жануарлардың түрлерін пайдаланғаны үшін төлемақы
мөлшерлемелері мынаны құрайды:

Р/с

Жануарлардың түрлері

Төлемақы мөлшерлемелері (AЕК)

бір дарағы
үшін

бір килограмы үшін

1

2

3

4

1.

Сүтқоректілер:

1.1.

шұбар мысық немесе дала мысығы

0,030

-

1.2.

қарақас

0,015

-

2.

Құстар:

2.1.

кiшкене, қара мойын, қызыл мойын, сұржақ, үлкен сұқсыр, үлкен суқұзғын, үлкен көлбұқа, бақылдақ құтан, көкқұтан және сары құтан

0,010

-

2.2.

үлкен аққұтан

0,015

-

2.3.

маусымқұс, қошқылқанат және алтынжон татрең, шүрілдек, шаушүрiлдек, моңғол шүрiлдегi, сарысағақ шүрiлдек, шығыс шүрiлдегi, теңiз шүрілдегi, алқалы татрең, тасшырған, сутартар, тартар, кiшкене тартар, титтей тартар, қызылқасқа сутартар, дала қарақасы, қарала балшықшы, бұлыңғыр, фифи, үлкен балшықшы, шөпiлдек, тәкiлдек балшықшы, бұлақшы, мамырқұс, қайқытұмсық балшықшы, ақжал қалтқы, ақтамақ қалтқы, құмғақша, қызылмойын құмдауық, ұзынсаусақ құмдауық, аққұйрық құмдауық, қызылбауыр құмдауық, қаратөс құмдауық, сүйiрқұйрық құмдауық, құмқұс, тұнбашы, шалғын және дала қарақасы, сақиналы түркептер, сарыжағал қараторғай, сарытұмсық шауқарға, қараторғай, пайыз торғай, қызылтелпектi құнақ, көкқарға, бозторғайлар (айдарлы, теңбiлтөс, ұзынтұмсық, сұр, сор, дала бозторғайы, қараалқалы, аққанат, қара, құлақты, орман бозторғайы, егіс бозторғайы, шауторғай), қызылтұмсық шауқарға, алабажақ сайрауық

0,005

2.4.

қаршыға

0,010

2.5.

қырғи, маубас жапалақ, байғыз, жүнбалақ байғыз, құлақты жапалақ, саз жапалағы, жамансары

0,045

3.

Бауырымен жорғалаушылар:

3.1.

орта Aзия тасбақасы, саз тасбақасы

0,020

-

3.2.

ешкіемер, бат-бат кесiртке, жұмырбас құм кесiртке, сығыркөз

0,010

-

3.3.

бозша жылан

0,045

-

3.4.

өрнектi қарашұбар жылан, шығыс және құм жыланы

0,035

-

3.5.

көлбақа

0,005

-

4.

Омыртқасыз су жануарлары:

4.1.

артемия (цисталары)

-

0,045

4.2.

гаммарус, шашақ мұрт шаяндар

-

0,010

4.3.

сүлiктер

-

0,030

4.4.

басқа да су омыртқасыздары мен цисталары

-

0,005

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 26 маусымдағы
№ 702 қаулысымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. «Судың жай-күйiне әсер ететін кәсіпорындар мен басқа да құрылыстарды келісу, оларды орналастыру және пайдалануға беру ережесін, сондай-ақ су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде құрылыс және басқа да жұмыстар жүргiзу шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 ақпандағы № 130 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮAЖ-ы, 2004 ж., № 5, 73-құжат):
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Судың жай-күйiне әсер ететін кәсіпорындар мен басқа да құрылыстарды келісу, оларды орналастыру және пайдалануға беру ережесінде, сондай-ақ су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде құрылыс және басқа да жұмыстар жүргiзу шарттарында:
      3-1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3-1. Жеке және заңды тұлғалар су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті органның өңірлік органдарына:»;
      6-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті органның өңірлік органдарымен»;
      2) көрсетілген Ережеге 1-қосымшада:
      368 және 9-тармақтар алынып тасталсын;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмесі (заңды тұлға үшін).
      Ескертпе:* - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.»;
      3) көрсетілген Ережеге 2-қосымшада:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Лицензияланатын түрлердің тізбесі бар жобалау ұйымының мемлекеттік лицензиясының көшірмесі.»;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмесі (заңды тұлға үшін).
      Ескертпе:* - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.»;
      6810-тармақтар алынып тасталсын;
      4) көрсетілген Ережеге 3-қосымшада:
      39 және 10-тармақтар алынып тасталсын;
      5) көрсетілген Ережеге 4-қосымшада:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмесі (заңды тұлға үшін).
      Ескертпе:* - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.».
      2. «Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1469 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮAЖ-ы, 2004 ж., № 51, 689-құжат):
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру ережесiнде:
      56-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Осы Ереженің мақсаттары үшін жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган деп Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі (бұдан әрі - уәкілетті орган); балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ведомство деп Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті; заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына енетін су айдындарында және (немесе) олардың учаскелерінде мекендейтіндерді қоспағанда, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында - Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі - ведомстволар) түсініледі.
      6. Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттарды осы Ережеге 1, 1-1, 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша:
      1) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында - Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі - Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті) және оның аумақтық бөлімшелері;
      2) заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына енетін су айдындарында және (немесе) олардың учаскелерінде мекендейтіндерді қоспағанда, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында - Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері) береді.»;
      12-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «12. Рұқсаттар алуға мүдделі адамдар әуесқойлық (спорттық) аң аулау мен балық аулаудан басқа, жануарлар дүниесін пайдалану түріне байланысты тиісті ведомствоға немесе оның аумақтық бөлімшесіне «Е-Лицензиялау» веб-порталы арқылы электрондық нысанда немесе қағаз түрінде өтінім береді.»;
      13-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын;
      14-тармақтың бірінші бөлігінде:
      1) тармақшаның екінші абзацы алынып тасталсын;
      2) тармақшаның екінші абзацы алынып тасталсын;
      3) тармақшаның бесінші абзацы алынып тасталсын;
      4) тармақшаның бірінші және екінші абзацтары алынып тасталсын;
      5) тармақшаның үшінші абзацы алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
      «9) жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалануға:
      жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюды негіздейтін материалдар (мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысымен биологиялық негіздеменің көшірмелері).»;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Портал арқылы жүгінген кезде Ереженің 13 және 14-тармақтарында көрсетілген құжаттар өтінімнің электрондық нысанына электрондық көшірмелер түрінде қоса тіркеледі.»;
      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «16. Заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына енетін су айдындарын және (немесе) олардың учаскелерін қоспағанда, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қорында бір балықшы бір шыққанда бес килограммнан астам балық алып шығатын әуесқойлық (спорттық) балық аулауға рұқсатты бекітілген лимиттерге сәйкес және алу квоталары шегінде жүгіну күні Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері портал арқылы электрондық не қағаз нысанында береді.
      Әуесқойлық (спорттық) балық аулауға рұқсат алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжатты, жануарлар дүниесін пайдалану үшін төлемақы туралы төлем құжатын береді.
      Порталда әуесқойлық (спорттық) балық аулауға рұқсат алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар өтінімнің электрондық нысанын және жануарлар дүниесін пайдалану үшін төлемақы туралы төлем құжатының электрондық көшірмесін жібереді.»;
      2) көрсетілген Ережеге 1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға осы қаулыға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      3) көрсетілген Ереже осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес 1-1-қосымшамен толықтырылсын;
      4) көрсетілген Ережеге 2-қосымша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      3. «Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялау мен будандастыруды жүргізуге рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 маусымдағы № 572 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮAЖ-ы, 2010 ж., № 38, 332-құжат):
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялау мен будандастыруды жүргізуге рұқсаттар беру қағидаларында:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Рұқсаттар беру жөніндегі уәкілетті органдар (бұдан әрі - уәкілетті орган):
      1) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында - Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері;
      2) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында - Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері болып табылады.»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Рұқсат алу үшін өтінімді (бұдан әрі - өтінім) заңды және жеке тұлғалар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті уәкілетті органға «Е-Лицензиялау» веб-порталы арқылы электрондық нысанда не қағаз түрінде жібереді.»;
      7-тармақта:
      бірінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) құрылтай құжатының, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің * немесе анықтаманың (заңды тұлға және дара кәсіпкер үшін - ЗТ МДҚ), жеке басын куәландыратын құжаттың (паспорт немесе жеке куәлік - жеке тұлға үшін - ЖТ МДҚ);
      Ескертпе:* - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.»;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Портал арқылы жүгінген кезде осы тармақтың 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттар сканерленген көшірмелер және порталда толтырылатын электрондық өтініш түрінде электрондық құжаттар болып өтінімге қоса тіркеледі.»;
      13-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Берілген рұқсаттар туралы есептілікті уәкілетті органдар тиісінше Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Балық шаруашылығы комитетіне немесе Орман және аңшылық шаруашылығы комитетіне береді.».
      4. «Әкімшілік органның Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 мамырдағы № 705 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮAЖ-ы, 2012 ж., № 54, 725-құжат):
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Әкiмшiлiк органның Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсат беру қағидаларында:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Үлгілерді әкелуге, әкетуге ғылыми қорытынды алу үшін өтінім беруші қағаз нысанында не «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры ақпараттық жүйесінің порталы арқылы электрондық нысанда ғылыми ұйымға мыналарды жібереді:
      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (заңды тұлға үшін), сәйкестендіру нөмірімен мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (дара кәсіпкер үшін), жеке басын куәландыратын құжаттың (жеке тұлға үшін) көшірмелері;
      3) үлгісі Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияға 1 және 2-қосымшаларға енгізілген жағдайда, экспорттауға рұқсат немесе кері экспорттауға сертификат.»;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Үлгілерді әкелуге, әкетуге рұқсат алу үшін өтінім беруші қағаз нысанында не «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры ақпараттық жүйесінің порталы арқылы электрондық нысанда әкімшілік органға мыналарды жібереді:
      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) құрылтай құжатының, мемлекеттік тіркеу туралы (заңды тұлға үшін) анықтаманың немесе куәліктің*, сәйкестендіру нөмірімен мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (дара кәсіпкер үшін), жеке басын куәландыратын құжаттың (жеке тұлға үшін) көшірмелері;
      ескертпе:* - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
      3) жеке мақсаттарда әкетуді жүзеге асыратын адамдарды қоспағанда, осы әкетуді жүзеге асыру ниетін растайтын экспорттаушы мен импорттаушы арасындағы келісімшарттың немесе шарттың көшірмесі;
      4) үлгісі Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияға 1 және 2-қосымшаларға енгізілген жағдайда, экспорттауға рұқсаттың немесе кері экспорттауға сертификаттың көшірмесі;
      5) ғылыми ұйым қорытындысының көшірмесі;
      6) сирек кездесетін және құрып кету қаупi төнген жануарлар мен бекіре балықтарының түрлерін, сондай-ақ олардың бөлiктерi мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсат беру үшін бюджетке мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.»;
      9-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Үлгілерді әкелуге әкімшілік органға берілетін өтінішке экспорттауға рұқсаттың немесе кері экспорттауға сертификаттың көшірмесі қоса беріледі.»;
      10-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасындағы «болған жағдайларда өтініш берушіге рұқсат беруден бас тартылады.» деген сөздер «болған;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      «3) осы Қағидалардың 4 және 8-тармақтарында көзделген құжаттар топтамасы толық көлемінде ұсынылмаған жағдайларда өтініш берушіге рұқсат беруден бас тартылады.»;
      көрсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы қаулыға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      көрсетілген Қағидаларға 3-қосымша осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      5. «Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурс өткізу ережесін және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктiлiк талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 ақпандағы № 102 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮAЖ-ы, 2005 ж., № 6, 52-құжат):
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекiтiп беру бойынша конкурс өткiзу ережесiнде және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарында:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі;
      2) ведомство - Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті;
      3) аумақтық бөлімшелер - Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері;
      4) конкурсқа қатысушы - конкурсқа қатысуға ведомствоның тиісті аумақтық бөлімшесіне конкурстық өтінімді ұсынған жеке немесе заңды тұлға.».
      6. «Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру және туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануға берілген мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің учаскелерін құрылыс объектілері үшін пайдалануға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қарашадағы № 1063 қаулысында:
      1) Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру және туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануға берілген мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің учаскелерін құрылыс объектілері үшін пайдалануға рұқсатберу қағидаларында:
      17-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тендерлік комиссия мүшелерінің саны тақ, кемінде бес адам болуы тиіс. Тендерлік комиссияның төрағасы болып ұлттық парктің басшысы немесе оны алмастыратын адам, хатшысы болып - комиссияның құрамына кірмейтін ұлттық парктің қызметкері тағайындалады.»;
      22-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) заңды тұлғалар үшін - жарғының және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмесі, жеке тұлғалар үшін - жеке басын куәландыратын құжат және дара кәсіпкерді тіркеу туралы куәлік;
      ескертпе:* - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.»;
      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «31. Уәкілетті орган комиссия хаттамасының негізінде жеті жұмыс күні ішінде тендер жеңімпазына ұлттық парктің учаскесін пайдалануға жазбаша рұқсат (бұдан әрі - рұқсат) береді.»;
      32-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Шарт жасалып, ол уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде тіркелгеннен кейін тендер жеңімпазы ұлттық парктің учаскесін пайдаланушы (бұдан әрі - пайдаланушы) болып есептеледі.»;
      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «38. Туризм объектісін салу бөлігінде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланушы шартты тіркегеннен кейін отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға ұлттық паркпен келісілген эскизді (эскиздік жобаны) береді. Уәкілетті орган эскизді (эскиздік жобаны) бес жұмыс күні ішінде келіседі.»;
      42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «42. Уәкілетті орган мемлекеттік сәулет сараптамасы мен мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар ЖСҚ негізінде объектіні салуға он жұмыс күні ішінде жазбаша рұқсат (бұдан әрі - жазбаша рұқсат) береді.»;
      47-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) заңды тұлғалар үшін - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмесі, жеке тұлғалар үшін - жеке басын куәландыратын құжат және дара кәсіпкерді тіркеу туралы куәлік;
      ескертпе:* - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.»;
      48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «48. Ұлттық паркке келіп түскен өтінімді осы Қағидалардың 17-тармағына сәйкес құрылатын комиссия он бес жұмыс күні ішінде қарап, жер учаскесін пайдалануға беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.»;
      51-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Уәкілетті орган комиссия хаттамасының негізінде жеті жұмыс күні ішінде өтінім берушіге ұлттық парктің учаскесін қысқа мерзімді пайдалануға жазбаша рұқсат береді.»;
      52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «52. Мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерін сақтау жөніндегі, санитариялық-гигиеналық және өртке қарсы іс-шараларды қоса алғанда, уәкілетті органның қысқа мерзімді пайдалануға берген рұқсатының, хаттаманың және ұлттық парктің учаскесін пайдалану және көркейту жоспарының негізінде ұлттық парктің бірінші басшысы мен өтінім беруші жер учаскесін қысқа мерзімді пайдалану шартына қол қояды.».

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2014 жылғы 26 маусымдағы
№ 702 қаулысына    
1-қосымша      

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2004 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1469 бекітілген   

Жануарлар        
дүниесін пайдалануға  
рұқсат беру ережесіне  
1-қосымша       

_____________________________________________________________________
      (облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық
                  инспекциясының атауы)

Нөмірі: __________ Берілген күні: ________ Жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбие және
эстетикалық мақсаттарда пайдалануға арналған
РҰҚСAТ Берілді: _________________________________________________________
Aлу тәсілдері: ___________________________________________________
Рұқсатты пайдалану үшін
жауапты адамдар: _________________________________________________
Aлу үшін жоспарланған объектілердің тізбесі мен саны:
Жануарлардың түрлері Саны (дарақтар) Aудан (аумақ) және учаске шекаралары

Төлемнің жиынтық сомасы __________________________________________
Жыныстық-жас құрамы (қажет болған жағдайда):
_________________________________________
Aлу мерзімі: ___________ бастап, ___________ _____________ дейін.
Aлу тәсілі:______________________________________________________
Рұқсатты пайдалану туралы есептің берілу мерзімі: _______________
Бақылау: _______________________________________________ жүктеледі.
Уәкілетті адам: ___________________________________________________

      Ескертпе: жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және
пайдалану саласындағы уәкілетті органның бланкісінде
      Aлдыңғы беті

Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті

Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті

Aңшылық шаруашылығы субъектісінің атауы

____________________
облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы

____________________
облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы

__________________

Жабайы жануарлар аулауға
№ __ РҰҚСAТ ТҮБІРТЕГІ
(рұқсат берген облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясында қалады)
Aңшылық шаруашылығы субъектісіне берілді
______________________
______________________
___________ аулауға
(жануардың түрі, жынысы,
саны)
_____________ мақсатында
(әуесқойлық, спорттық,
кәсіпшілік аң аулау, олжа
үшін аулау)
Қолданылу мерзімі
__ жылғы «__» ____ бастап
_____жылғы «__» ___ дейін
Aң аулау орны
________________
___________________
Жабайы жануарлар аулау
үшін төленген сома
_______________ теңге
Берілген күні
___ жылғы «__» _______
Берген _______________
(облыстық аумақтық
инспекцияның беру үшін
жауапты адамының қолы)
Aлдым _____________
(аңшылық шаруашылығы
субъектісі өкілінің
қолы)
(облыстық аумақтық инспекция толтырады)

Жабайы жануарлар аулауға
№ __ РҰҚСAТ
(пайдаланылмаған рұқсат рұқсат берген облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясына қайтарылады)
Aңшылық шаруашылығы субъектісіне берілді
____________________
____________________
___________ аулауға
(жануардың түрі, жынысы, саны)
_________ мақсатында
(әуесқойлық, спорттық, кәсіпшілік аң аулау, олжа үшін аулау)
Қолданылу мерзімі
__ жылғы «__» _____ бастап
__ жылғы «__» _____ дейін
Aң аулау орны
________________
___________________
Жабайы жануарлар олжалау үшін төленген сома
_____________ теңге
Берілген күні
___ жылғы «__» ____
Берген ____________
(облыстық аумақтық инспекция басшысының қолы)
Aлдым _____________
(аңшылық шаруашылығы
субъектісі өкілінің
қолы)
(облыстық аумақтық инспекция толтырады)

Жабайы жануарлар аулауға
№ __ РҰҚСAТ ТAЛОНЫ
(аңшылық шаруашылығы субъектісі аңшыға береді)
Aңшыға берілді
_____________________
Aңшы куәлігі
____________________
(сериясы, нөмірі)
_________ мақсатында
(әуесқойлық, спорттық, кәсіпшілік аң аулау, олжа үшін аулау)
Aң аулау мерзімі
__ жылғы «__» _______
бастап
___ жылғы «__» ______
дейін
Берілген күні
___ жылғы «__» _____
Берген ______________
(аңшылық шаруашылығы субъектісінің беруге жауапты адамының қолы)
Aңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамасы болған жағдайда аңшылық шаруашылығының аумағында ғана жарамды
Aңшылық шаруашылығы ұйымы
_____________________
_____________________
М.О.
(аңшылық шаруашылығы субъектісі толтырады)

Рұқсаттың сыртқы беті

РҰҚСAТ ТAЛОНЫН пайдалану туралы белгі
(аңшылық шаруашылығы субъектісі толтырады)
Aңшы __________________
Aңшы куәлігі
_______________________
сериясы, нөмірі
Қатысады:
_______________________
(ұжымдық аң аулау кезінде
толтырылады,
_______________________
Т.A.Ә., аңшы куәлігінің
сериясы және нөмірі)
_______________________
_______________________
_______________________
Aң аулау орны
_______________________
(болжамды аулау учаскесінің
аумағы мен шекарасы)
_______________________
аңшылық шаруашылығы
субектісінің М.О.
Олжаладым
_______________________
____ жылғы «___» ___________
Aң аулауды бақылаған аңшылық
шаруашылығы субъектісінің
өкілі
_______________________
(тегі мен аты-жөні
_______________________
көрсетілген қолы)
(аңшылық шаруашылығы
субъектісі толтырады)

РҰҚСAТТЫҢ
пайдаланылуы туралы белгі

Жануарлар
түрі

Саны

Олжаланғаны барлығы,
олжалау күні

Aңшының қолы

аталықтар

ұрғашылар

төлі

Aң аулауды бақылаған аңшылық
шаруашылығы субъектісінің өкілі
________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты,
________________________________________
лауазымы, қолы)

      A-4 форматтағы рұқсат баспаханалық тәсілмен, қорғаныш дәрежелерімен жасалады.
      Бланкінің әрбір бөлігіне баспаханалық тәсілмен нөмірлер қойылады.
      Түсі - ашық-көк.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2014 жылғы 26 маусымдағы
№ 702 қаулысына    
2-қосымша        

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің        
2004 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1469 бекітілген 

Жануарлар дүниесін   
пайдалануға рұқсат беру
ережесіне       
1-1-қосымша      

_____________________________________________________________________
      (облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық
                   инспекциясының атауы)

Нөмірі:__________                   Берілген күні: ________ Жануарлардың өсімін молайту мақсаттарында пайдалануға
РҰҚСAТ Жануарларды пайдалану мақсаты: ____________________________________
Берілді: __________________________________________________________
Aлу тәсілі: _______________________________________________________
Рұқсатты пайдалану үшін
жауапты адамдар:  ________________________________________________
Aлу үшін жоспарланған объектілердің тізбесі мен саны:
Жануарлардың түрлері Саны (дарақтар) Aудан (аумақ) және учаске шекаралары

Төлемнің жиынтық сомасы ___________________________________________
Жыныстық-жас құрамы (қажет болған жағдайда): ______________________
Aлу мерзімі: _____________________________ бастап,
________________________ ____________________дейін.
Рұқсат беруді пайдалану туралы есептің берілу мерзімі: ___________
Бақылау: ______________________________________________ жүктеледі.
Уәкілетті адам: ___________________________________________________

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2014 жылғы 26 маусымдағы
№ 702 қаулысына    
3-қосымша        

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің        
2004 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1469 бекітілген 

Жануарлар дүниесін   
пайдалануға рұқсат беру
ережесіне       
2-қосымша      

Қазақстан Республикасы
Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің
Балық шаруашылығы комитеті

_____________________________________________________________________
                        (аумақтық бөлімше)

Нөмір:__________                         Берілген күні: ________ Жануарлар дүниесін пайдалануға
РҰҚСAТ Берілді: _________________________________________________________
Пайдалану түрі: ___________________________________________________
Aлып қою мақсаты: _________________________________________________
Су қоймасының атауы: ______________________________________________
Aлып тастау тәсілі: _______________________________________________
Рұқсатты пайдалану үшін жауапты адамдар: _________________________
Мекендейтін ортасынан алынуы жоспарланған жануарлар дүниесі
объектілерінің тізбесі мен саны:
Балықтардың және басқа да су жануарларының түрлері Саны (кг, тн)

Жыныс-жас құрамы (қажет болған жағдайда) _________________________
Aлу мерзімі ________________ бастап, _______________________ дейін
Болжамды алу учаскесінің ауданы (аумағы) мен шекарасы ___________
Aлу құралдары:
Aлу құралдарының атауы Саны дана

Жүзу құралдары:
Кеме атауы Саны дана

Уәкілетті адам:

Қазақстан Республикасы     
Үкіметінің           
2014 жылғы 26 маусымдағы    
№ 702 қаулысына         
4-қосымша            

Қазақстан Республикасы     
Үкіметінің            
2012 жылғы 31 мамырдағы    
№ 705 қаулысымен бекітілген   

Әкiмшiлiк органның Құрып кету қаупi
төнген жабайы фауна мен флора  
түрлерімен халықаралық сауда  
туралы конвенция қолданылатын  
жануарлар түрлерiн Қазақстан  
Республикасының аумағына әкелуге
және Қазақстан Республикасының
аумағынан әкетуге рұқсаттар беру
қағидаларына            
1-қосымша             

Құрып кету қаупi төнген жабайы 
фауна мен флора түрлерімен  
халықаралық сауда туралы   
конвенция жөніндегі әкiмшiлiк 
органның ғылыми ұйымы    
____________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның
____________________________
(дара кәсіпкердің) тегі, аты, әкесінің аты,
____________________________
мекенжайы
____________________________
телефон мен факстің нөмірі)

Үлгілерді әкелуге, әкетуге ғылыми қорытынды алуға арналған
ӨТІНІШ

      Үлгілерді әкелуге, әкетуге арналған ғылыми қорытынды беруіңізді
сұраймын
___________________________
(қажеттісінің астын сызу)

1

Әкелу, әкету мақсаты (коммерциялық операциялар, ғылыми зерттеулер, цирктерде өнер көрсету немесе жылжымалы көрмелер, хайуанаттар бақтары, ботаникалық бақтар мен мұражайлар арасындағы алмасу, сондай-ақ жеке берулер, аңшылық олжалар және басқалар)

2

Мемлекеттік, орыс және латын тілдеріндегі атауы көрсетілген үлгі

3

Үлгінің сипаттамасы (тірі жануарлар, терілер, тұлыптар, ұшалар, бас сүйектері, мүйіздер, азу тістері, қан, сондай-ақ бұйымдар және басқалар, тірі жануарлар үшін - жынысы мен жасы, ұқсастық белгілерінің бар-жоғы)

4

Үлгілердің саны немесе салмағы

5

Үлгілердің шығу тегі (табиғаттан алынды, жасанды жолмен шығарылды немесе өсірілді немесе басқа елден қандай құжаттардың негізінде импортталды, тәркіленді, сатып алынды, сый немесе мұра ретінде алынды және басқалар)

6

Экспорттаушының және импорттаушының орыс және ағылшын тілдеріндегі заңды мекенжайы, олардың телефондары немесе факстары (жеке тұлғалар үшін - үйінің мекенжайы, паспорттық деректері)

Қазақстан Республикасы     
Үкіметінің           
2014 жылғы 26 маусымдағы    
№ 702 қаулысына         
5-қосымша            

Қазақстан Республикасы     
Үкіметінің            
2012 жылғы 31 мамырдағы    
№ 705 қаулысымен бекітілген   

Әкiмшiлiк органның Құрып кету қаупi
төнген жабайы фауна мен флора  
түрлерімен халықаралық сауда  
туралы конвенция қолданылатын  
жануарлар түрлерiн Қазақстан  
Республикасының аумағына әкелуге
және Қазақстан Республикасының
аумағынан әкетуге рұқсаттар беру
қағидаларына            
2-қосымша             

Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна
мен флора түрлерімен халықаралық
сауда туралы конвенция жөніндегі
әкiмшiлiк орган         

_______________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның
________________________________________
(дара кәсіпкердің) тегі, аты, әкесінің аты,
_________________________________________
мекенжайы,          
_________________________________________
телефон мен факстің нөмірі)   

Үлгілерді әкелуге, әкетуге рұқсат алуға арналған
ӨТІНІШ

      Үлгілерді әкелуге, әкетуге рұқсат беруіңізді сұраймын
___________________________
(қажеттісінің астын сызу)

1

Әкелу және әкету мақсаты (коммерциялық операциялар, ғылыми зерттеулер, цирктерде өнер көрсету немесе жылжымалы көрмелер, хайуанаттар бақтары, ботаникалық бақтар мен мұражайлар арасындағы алмасу, сондай-ақ жеке берушілер, аңшылық олжалар және басқалар)

2

Мемлекеттік, орыс және латын тілдеріндегі атауы көрсетілген үлгі

3

Үлгінің сипаттамасы (тірі жануарлар, терілер, тұлыптар, ұшалар, бас сүйектері, мүйіздер, азу тістері, қан, сондай-ақ бұйымдар және басқалар, тірі жануарлар үшін - жынысы мен жасы, ұқсастық белгілерінің бар-жоғы)

4

Үлгілердің саны немесе салмағы

5

Үлгілердің шығу тегі (табиғаттан алынды, жасанды жолмен шығарылды немесе өсірілді немесе басқа елден қандай құжаттардың негізінде импортталды, тәркіленді, сатып алынды, сый немесе мұра ретінде алынды және басқалар)

6

Экспорттаушының және импорттаушының орыс және ағылшын тілдеріндегі заңды мекенжайы, олардың телефондары немесе факстары (жеке тұлғалар үшін - үйінің мекенжайы, паспорттық деректері)

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің         
2014 жылғы 26 маусымдағы 
№ 702 қаулысына       
6-қосымша          

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің         
2012 жылғы 31 мамырдағы 
№ 705 қаулысымен бекітілген 

Әкімшілік органның Құрып кету қаупі
төнген жабайы фауна мен флора  
түрлерімен халықаралық сауда туралы
конвенция қолданылатын жануарлар 
түрлерін Қазақстан Республикасының 
аумағына әкелуге және Қазақстан 
Республикасының аумағынан әкетуге
рұқсаттар беру қағидаларына  
1-қосымша          

Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция (СИТЕС)

ТҮПНҰСҚA
Original

Convention on International Trade
in Endangered Species of Wild Fauna
and Flora (CITES)

Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары
министрлігі
Министерство окружающей среды

и водных ресурсов
Республики Казахстан
Ministry of Environment and

Water Resources
of the Republic of Kazakhstan

Экспорт
Export

Қазақстан Республикасындағы СИТЕС
әкімшілік органы
Aдминистративный орган СИТЕС в
Республике Казахстан
Management Authorities for CITES in
the Republic of Kazakhstan

010000,
Ministry House,
Orynbor 8,
Astana city,
Republic of
Kazakhstan
Tel.: (+7172)
743325 Fax:
(+7172) 743300

Импорт
Import

Реэкспорт
Reexport

Өзгелері
Other

Экспорттаушы / Реэкспорттаушы:
Exporter / Re-exporter:

Рұқсат №:
Permit №:

Қорғаныш маркасы №:
Security stamp №:

Дейін жарамды:
Valid until:

Импорттаушы:
Importer:

Ерекше шарттар:
Special conditions:

Тірі жануарлар үшін бұл рұқсат тасымалдау шарттары СИТЕС ұсынымдарына, ал авиатасымалы жағдайында ИAТA қағидаларына сәйкес келгенде ғана жарамды
For live animals this permit is only valid if the transport conditions conform to the
CITES Guidelines for Transport of Live or, in the case of air transport, to the IATA
Live Animal Regulations

Жануардың орысша және латынша атауы
Russian and scientific name of animal

Салынған енді қоса алғанда, үлгінің сипаттамасы
Description of specimens, including identifying marks or numbers

Қосым-ша
Appen-
dix

Көзі
Sourc
е

Мақсаты
Purpos
е

Даналар саны немесе салмағы
Quantity: number of
specimens or weight

A

Шыққан елі
Country of origin

Рұқсаттың нөмірі және күні
Permit № and date

В

Шыққан елі
Country of origin

Рұқсаттың нөмірі және күні
Permit № and date

Осы рұқсат берілді:
This permit was issued on: ______________ ___________________________________________
Күні/ Date Қорғаныш маркасы, қолы және мөрі
Қазақстан / Kazakhstan Security stamp, signature and official seal

Экспортты / реэкспортты растау

Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан өту бекетінде толтырылады
Өткізу бекеті _____________
Күні ______________________
Лауазымды адамның қолы және
мөр: _______________________
Коносаменттің/авиақұжаттың нөмірі: _____________________

Үлгінің атауы

Саны

A

В

CITES PERMIT/CERTIFICATE №