"Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 184-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берiлiп отырған "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясы бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 674 қаулысымен бекітілген |
"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының
2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясы
Мазмұны
1. Ағымдағы жағдайды талдау
2. Миссиясы, пайымы
3. Холдингтің интеграцияланған даму институты ретінде қалыптасуы үшін қойылатын міндеттер
4. Холдинг дамуының стратегиялық бағыттары
5. Күтілетін нәтижелер
Кіріспе
"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Холдинг) "Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығына және "Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 мамырдағы № 516 қаулысына сәйкес құрылды.
Холдингтің жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады.
Холдингтің даму стратегиясы Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын ескере отырып әзірленді және оның миссиясын, пайымын, стратегиялық бағыттарын, 2014 – 2023 жылдарға арналған мақсаттары мен міндеттерін айқындайды.
1. Ағымдағы жағдайды талдау
1. Сыртқы ортаны талдау
Дамудың стратегиялық бағыттарын қалыптастыру кезінде Холдинг ағымдағы экономикалық жағдайды және перспективалық кезеңге арналған даму болжамдарын негізге алды.
2013 жылы Дүниежүзілік экономикалық форумның (бұдан әрі – ДЭФ) жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингінде Қазақстан әлемнің 148 елі ішінде 50-орынға1 ие болып, 2011 жылмен салыстырғанда өзінің позициясын 22 позицияға жақсартты. 2012 жылдан бастап Қазақстан ДЭФ рейтингінде дамуындағы үлкен рөлді тиімділік және инновациялық даму факторлары атқаратын даму деңгейі неғұрлым жоғары елдер тобына көшті.
ДЭФ сарапшыларының бағалауы бойынша Қазақстанның бәсекелестік артықшылықтары еңбек нарығының тиімділігі (2011 жылғы 21-орынға тиісінше 15-орын) және макроэкономикалық орта (23, 2011 – 18) болып қалуда. Қаржы нарығының жетілгендігі (103, 2011 – 121), денсаулық сақтау және орта білім беру (97, 2011 – 85), компаниялардың бәсекеге қабілеттілігі (94, 2011 – 109) және инновациялар (84, 2011 – 116) сияқты факторлар бойынша Қазақстан неғұрлым осал позицияларды иеленуде.
__________________________________
1The Global Competitivness Report 2013 – 2014, World Economic Forum
Экономика
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша 2005 – 2013 жылдары аралығындағы кезеңде Қазақстан экономикасы оң серпінге қарамастан, дағдарысқа дейінгі кезеңмен салыстырғанда, екі есе төмен қарқынмен дамуда. Соңғы 8 жыл ішінде республиканың ЖІӨ нақты көріністе 61 %-ға артты, бұл ретте өсу қарқыны 2006 жылғы 11 %-дан 2012 және 2013 жылдары 6%-дан кем көрсеткішке дейін бәсеңдеді.
Дағдарыстан кейінгі кезеңде экономиканың өсуіндегі негізгі рөлді көрсетілетін қызметтер секторы иеленуде. Төрт жыл ішінде Қазақстанның ЖІӨ-і нақты көріністе 28 %-ға артты, оның ішінде көрсетілетін қызметтер секторының үлесі 19 %-ды құрады. Бұл ретте өнеркәсіптің экономиканың өсуіне үлесінің төмендеуі байқалады (төрт жыл ішінде 5,7 %), құрылыс секторының рөлі елеусіз болып қалуда (1,2 %).
Ел экономикасы өндіруші салаларға тәуелді және соның салдарынан сыртқы есеңгіретулер әсерінен кем қорғалған. 2008 – 2013 жылдар аралығындағы кезеңде ЖІӨ құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі 11,8 %-дан 10,5 %-ға дейін төмендеді, экспорт құрылымындағы шикізаттық емес өнімнің үлесі 27,8 %-дан 23,2 %-ға дейін қысқарды.
2013 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Қазақстанның ЖІӨ нақты көріністе 5,7 %-ға өсіп, 23,3 трлн. теңгені құрады. Оң өсімі көлемі 12,6 %-ға артқан сауда саласындағы жалпы қосылған құнның ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді. Өнеркәсіптік өндірістің өсуі бәсеңдеп, 2013 жылы ең алдымен өңдеу өнеркәсібіндегі өсу қарқынының 1,2 %-дан 0,6 %-ға дейін қысқаруы салдарынан 2013 жылы 2,1 %-ды құрады.
ХВҚ-ның болжамы бойынша Қазақстан ЖІӨ-нің нақты өсуі 2014 жылы 5,2 %, 2015 жылы – 6,1 %, 2016 жылы – 5,8 % деңгейінде бағаланып отыр. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі (бұдан әрі – ЭБЖМ) ел ЖІӨ-нің өсуін 2014 жылы – 6,2 %, 2015 жылы - 7,4 %, 2016 жылы – 6,6 % деңгейінде бағалайды. ЖІӨ өсуінің негізгі көзі орташа есеппен алғанда 6,5 %-ға өсетін ішкі сұраныс болады. Бұл ретте пайдалану бойынша ЖІӨ-нің құрылымы жақын арадағы кезеңде елеулі өзгерістерге ұшырамайды.
Инвестициялар экономикалық өсуді қолдаудың маңызды факторы болады. Ірі индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға арналған мемлекеттік инвестициялар ішкі сұраныс серпініне инвестициялардың үлесін арттыруға мүмкіндік береді. Инвестициялар өсуінің жылдық орташа қарқыны 4,6 % шегінде күтіледі. Капиталды жинақтау нормасы 2014 – 2018 жылдары ЖІӨ-ге шаққанда 21,5 % белгісінде тұрақталады, бұл дағдарысқа дейінгі кезең көрсеткіштерінен едәуір төмен және индустрияландыру саясатын іске асыру үшін жеткіліксіз болып қала береді.
Өнеркәсіп
СА деректеріне сәйкес 2013 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша өнеркәсіптік өндіріс көлемі нақты көріністе 2,1 %-ға өсіп, 6,9 трлн. теңгені немесе ел ЖІӨ-нің 29,4 %-ын құрады. Өнеркәсіптегі шығару көлемін ұлғайтудағы негізгі үлес нақты өсуі 3,4 %-ды құраған тау-кен өндіру өнеркәсібіне тиесілі. Металлургиядағы бәсеңдеу нәтижесінде өңдеу өнеркәсібі бір жыл ішінде 0,6 %-ға, ал энергетика саласы 1,1 %-ға артты.
Соңғы 5 жыл ішінде өнеркәсіп кәсіпорындарының өндіріс көлемі 20,1 %-ға ұлғайып, тау-кен өндіру өнеркәсібі 20,5 %-ға, өңдеу өнеркәсібі 23 %-ға өсті. Өңдеу өнеркәсібіндегі өсудің негізгі факторлары үлесіне барлық өсімнің 81 %-ы тиесілі машина жасау, металлургия және құрылыс материалдарының өндірісі болып табылады.
Бұған басым өндірістік сектордың тиімділігі айтарлықтай өскен Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны (бұдан әрі – ҮИИДМБ) іске асыру ықпал етті. Тұтастай алғанда, өңдеу өнеркәсібі бойынша 2013 жылы еңбек өнімділігінің деңгейі адам басына шаққанда $ 57,52 мыңды құрап, 2008 жылға қатысты 59 %-ға өсті. Еңбек өнімділігі өсуінің ең үлкен қарқыны машина жасауда (2,3 есе), фармацевтикада (2,1 есе), химияда (91 %-ға) және металлургияда (64 %-ға) байқалады.
Сонымен бірге, өндірістік емес сала секторлары дамуының жоғары қарқыны нәтижесінде тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібінің ЖІӨ құрылымындағы үлестері бес жылда тиісінше 18,7 %-дан 11,8 %-ға және 16,9 %-дан 10,5 %-ға дейін төмендеді.
__________________________
2 "Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама көрсеткіштері" статистикалық бюллетені, 2013 жылғы қаңтар-желтоқсан, Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі
Шағын және орта бизнес
Қазақстандағы ШОБ-тың даму деңгейі Ресей, Малайзия, Аргентина, Мексика және Түркия сияқты елдерге қарағанда айтарлықтай төмен. Бұдан басқа, Норвегия, Нидерланды, Бельгия, Германия, Дания сияқты елдердің ЖІӨ құрылымын талдау ШОБ кәсіпорындары ЖІӨ-нің кемінде 50 %-ын3 қамтамасыз ететінін көрсетеді. Қазақстанда бұл көрсеткіш 2007 жылғы 20 %-дан төмендеп, 2013 жылы 18 %-ды4 құрады.
ШОБ өнімінің ақшалай көріністегі негізгі үлесі экономиканың сауда (22 %), құрылыс (20 %) және өнеркәсіп (17 %) сияқты салаларына тиесілі, бұл ретте елеусіз үлесті ауыл шаруашылығы (12 %) мен көлік және байланыс (7 %) салалары алуда5.
ЖІӨ-дегі ШОБ үлесінің төмендеу факторларының бірі ШОБ субъектілеріне кредит берудің жеткіліксіз көлемі болып табылады. Айталық, 2007 – 2013 жылдары аралығында корпоративтік кредиттердің жалпы көлемінде ШОБ-қа берілген кредиттердің үлесі 11 %-ға төмендеді және 22 %-ды құрады6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚР ҰБ) деректеріне сәйкес 2009 жылдан бастап 2013 жыл аралығында екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі – ЕДБ) жалпы қоржынындағы шағын кәсіпкерлікке кредит берудің үлесі 22 %-дан 11 %-ға дейін қысқарды. Бұл бірінші кезекте ЕДБ-нің Қазақстан экономикасына кредиттер бойынша қоржын мөлшерінің өсуі кезінде ЕДБ тарапынан шағын кәсіпкерлікке кредит беру көлемінің қысқаруымен байланысты.
ШОБ субъектілері кәсіпкерлік қызметті іске асырудағы негізгі кедергілер қаржыландырудың қолжетімділігі, кредит құны6, жеке бизнесті ұйымдастыру бойынша қолжетімді ақпараттың жетіспеушілігі және білікті персоналдың тапшылығы болып табылатынын атап өтеді. ШОБ үшін кредит берудің орташа мөлшерлемесі 2012 жылы 12,4 %-ды құрады8. Салыстыру үшін Польшада қарыз алу мерзімі 1-ден 5 жылға дейінгі ШОБ кредиттері бойынша орташа өлшенген мөлшерлеме 2012 жылы 7,7 %-дан аспаған9. 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ЕДБ жиынтық қоржынындағы саудаға кредит берудің үлесі 31 %-ды, ал өнеркәсіп үлесі 12 %-ды құрады, бұл экономиканың нақты секторының кәсіпорындары үшін қолжетімді кредиттік ресурстардың жетіспеушілігін куәландырады.
Халықаралық сарапшылардың пікіріне сәйкес экономиканың орнықты дамуы үшін ШОБ-ке инвестициялар үлесін екі есе арттыру қажет. Бұл ретте негізгі фокус ШОБ-тің өңдеу өнеркәсібіндегі және көрсетілетін қызметтер саласындағы қызметіне қолдау көрсетуде шоғырлануы тиіс.
_____________________________
3 Еуростаттың ЕО елдері үшін бағалауы, Economist Intelligence Unit деректері
4 Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері
5 Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2013 жылғы қаңтар-қазан бойынша деректері
6 ШОБ субъектілерінің сауалнамасы негізіндегі талдау
7 "Даму" ҚДҚ" АҚ ақпараты, Қазақстан Ұлттық Банкінің деректері
8 "Даму" ҚДҚ" АҚ ақпараты, Қазақстан Ұлттық Банкінің деректері
9 Bloomberg деректері
Инновациялық даму
Елдегі инновациялық белсенділік көрсеткіші 2009 жылғы 4 %-дан 2012 жылы 7,6 %-ға дейін өсті10. Технологиялық инновацияларға жұмсалатын шығындар 2009 жылмен салыстырғанда 10,5 есеге өсті (2012 жылы 31-ден 326 млрд. теңгеге дейін), бұл ел ЖІӨ-нің 1 %-ын құрады.
Технологиялық инновацияларға шетелдік инвестициялардың 2,1-ден 8,1 млрд. теңгеге дейінгі 4 есе өсуі байқалады, енді олардың жалпы инвестициялар көлеміндегі үлесі 2,5 %-ды құрайды. Шығарылатын инновациялық өнім көлемі - 142,1-ден 379 млрд. теңгеге дейін өсті. Қазақстанның жалпы ішкі өніміндегі инновациялық өнімнің үлесі 2012 жылғы жағдай бойынша 2 %-дан кем болды. Салыстыру үшін Қытайда жалпы өнеркәсіптік өнім көлеміндегі жаңадан игерілген өнім түрлерінің үлесі 9,94 %-ды, ал жоғары технологиялық салаларда 20,3 %-ды11 (2010 жыл) құрайды.
Бизнес, өнеркәсіп пен ғылым саласының өзара іс-қимылын үдету орын алуда. Зерттеулер және әзірлемелер бойынша бірлескен жобалардың саны 2009 жылғы 235-тен 2012 жылы 411-ге немесе 75 %-ға өсті. Бұл ретте ғылыми ұйымдармен бірлескен жобалардың саны 60-тан 98-ге дейін екі еседен артық өсті, аталған жобалардың үлесі 23,8 %-ды құрады. Сонымен қатар, жоғары оқу орындарымен бірлескен жобалардың саны да артты (15-тен 33-ке дейін), жоғары оқу орындарымен бірлескен әзірлемелердің үлес салмағы 6,4 %-дан 8 %-ға дейін өсті.
Инновациялық бизнесті қолдау ұлғайтылды, айталық 2003 жылдан бастап 2009 жылдар аралығындағы кезеңінде 180-ге жуық инновациялық жобаға қолдау көрсетілсе, 2010 – 2012 жылдардағы кезеңде 400-ден астам жобаға қолдау көрсетілді.
Осылайша, мемлекет инновациялық экономиканы дамыту жөнінде белсенді іс-шаралар өткізуде. Алайда, қазіргі сәтте экономика әлі де болса инновациялық белсенділіктің төмен деңгейімен сипатталады, бұл инновациялық кәсіпкерлікті ынталандыру бойынша мемлекеттің әрі қарай шараларды қолдануын талап етеді.
__________________
10 Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері
11 Ресейдің Экономикалық даму министрлігі дайындаған "Шетел мемлекеттеріндегі инновациялық кластерлерге шолу" деректері, 2011 жылғы мамыр
Инвестициялар
СА деректері бойынша соңғы бес жыл ішінде негізгі капиталға инвестициялар көлемі 43 %-ға артты. Өсім басым түрде көлік және байланыс саласына күрделі салымдардың ұлғаюы 134 %-ға, сондай-ақ тау-кен өндіру өнеркәсібіне 80 %-ға артуы есебінен қамтамасыз етілді. Осы салалардың үлесіне бес жыл ішінде экономикаға инвестициялардың жиынтық өсімінің 92 %-ы тиесілі. Өңдеу өнеркәсібіне инвестициялар көлемі аталған кезеңде 91 %-ға артты.
Сонымен бірге, соңғы бес жыл ішінде экономикаға инвестициялар көлемінің өсу қарқынының төмендегені байқалды. Айталық, соңғы бес жыл ішінде инвестициялардың жыл сайынғы өсімі 9 %-дан 6,5 %-ға дейін қысқарды. Бұл ретте мемлекеттік сектордың инвестициялар көлемінің ұлғаюы жағдайында жеке меншік инвестициялардың, шетел мемлекеттері, банктері инвестицияларының үлесі қысқарды. Мысалы, мемлекеттік инвестициялар көлемі (мемлекеттік, жергілікті бюджет және даму институттарының инвестициялары) көрсетілген кезеңде 30 %-дан 39 %-ға дейін артты12.
Дағдарыстан кейінгі кезеңде Қазақстан экономикасының капитал сыйымдылығының деңгейі 2.0-ден (2005 жыл) 1.3-ке (2012 жыл) дейін немесе 40 %-ға қысқарды. Бұл ретте, 2005 жылы Қазақстан экономикасының капитал сыйымдылығының деңгейі Ресей және Түркиямен салыстыруға келетіндей болса, 2012 жылы ол айтарлықтай қысқарды.
Осылайша, ЖІӨ-нің нақты өсуін қолдау мақсатында Қазақстан экономикасына жаңа инвестициялар көлемін арттыру қажет, себебі негізгі қаражатқа салынған инвестициялар қарқыны ЖІӨ–нің өсу қарқынынан артта қалуда. Олай болмаған жағдайда, бұл ұзақ мерзімді перспективада Қазақстан экономикасы өрлеуінің бәсеңдеуіне әкелуі мүмкін.
Бұл ретте соңғы жылдары шетелдік инвестицияларының үлесі кемуінің жағымсыз үрдісі байқалуда – 2008 жылғы деңгейімен салыстырғанда негізгі капиталға салынған инвестициялар құрылымындағы шетелдік катысудың үлес салмағы екі еседен артық кеміді – 2013 жылы 23 %-дан 11 %-ға дейін; бұл аса ірі кен орындардағы инвестициялық фазаның аяқталуымен және мұнай өндіруге күрделі қаржы салымдарының азаюымен байланысты.
___________________________
12 Economist Intelligence Unit, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің, Bloomberg деректері
Банк секторы
Әлемдік қаржы дағдарысы республика экономикасына маңызды әсерін тигізіп, қаржы секторының инвестициялық және кредиттік белсенділігін айтарлықтай төмендетті.
Ұлттық экономикаға инвестициялар салудың өсіп келе жатқан қажеттілігін ескере отырып, экономиканы қаржыландырудың негізгі өткізушілері ретіндегі Қазақстан Республикасы қаржы институттарының рөлі күшейтілуде.
Банк секторында жұмыс істемейтін қарыздардың жоғары үлесі ең өзекті мәселе болып қалуда. Абсолюттік көріністе жұмыс істемейтін қарыздар мөлшері корпоративтік сектор кәсіпорындарына берілген қарыздар сапасының нашарлауы есебінен ұлғайып отырды. Айталық, Қазақстандағы жұмыс істемейтін кредиттердің көлемі 2008 жылғы 5 %-дан 2012 жылы 36,7 %-ға дейін өсті13. Бұл ретте, Ресейде жұмыс істемейтін кредиттер үлесі бар болғаны 5 %-ды, Еуропа елдерінде, оның ішінде Польшада осы көрсеткіш 8 %-дан аспайды14.
Халықаралық инвесторлар жұмыс істемейтін қарыздардың жоғары үлесінің сақталуын банктердің орнықтылығына әсер ететін шешілмеген проблема ретінде қарастырады, бұл банк рейтингтерінің нашарларуына алып келеді және тиісінше қор жинау құнын жоғарылатады. Бұл ретте, бұрынғы жұмыс істемейтін кредиттер қоржыны жалпы қоржынның ашықтығын төмендетеді, бұл жаңа кредиттер қоржыны сапасын бақылау мен бағалау жөніндегі мүмкіндіктерді шектейді.
Бұдан басқа, проблемалық қоржындар ЕДБ-ге кәсіпорындар тарапынан кредиттік ресурстарға сұранысты толыққанды қанағаттандыруға және тиісінше кәсіпорындардың іскерлік белсенділігін арттыруға ықпал етуге мүмкіндік бермейді. Осылайша, 2007 жылы корпоративтік кредиттеудің ЖІӨ-ге қатынасы 36 %-ды құрады, ал 2012 жылы 23 %-дан аспады. 2013 жылдың бірінші жартыжылдығында аталған көрсеткіш 3,1 %-ға өсуіне қарамастан, корпоративтік секторға кредит беру көлемінің жеткіліксіз болу проблемасы орын алып отыр15.
2008 – 2013 жылдар кезеңінде ел банктері барлығы 14 292 млрд. теңге сомасына ұзақ мерзімді (1 жылдан артық) кредиттер берді, олардың ішінде 6 %-ы ғана (898 млрд. теңге) өңдеу өнеркәсібі салаларын кредиттеуге бағытталды.
2008 жылмен салыстырғанда ұзақ мерзімді кредит беру көлемдері химия өнеркәсібі кәсіпорындарына 76 %-ға және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарына 37 %-ға төмендеді.
Шетелдік инвестициялардың қысқаруы, кредит берудің тұрақсыз қарқыны, кәсіпорындардың меншікті қаражатының шектеулі болуы жағдайларында басым салалардың дамуын жақын арадағы жылдары қаржыландыру тапшылығына тап болуы мүмкін, бұл экономиканы қолдаудың жаңа қаржы тетіктерін іздеу қажеттілігін туындатады.
Қаржы нарығы қатысушыларының пікіріне сәйкес банк секторының қорландыру құрылымындағы негізгі үлесті құрайтын ағымдағы депозиттік база ЕДБ-ні "ұзақ" қаржыландыру көздерімен қамтамасыз етуге қабілетсіз, осының нәтижесінде халықтың және корпоративтік сектордың ұзақ мерзімді қор жинауын ынталандыру үшін заңнамалық жағдайларды жасау қажеттілігін талап етеді.
Ұзақ мерзімді қорландыру көздері мен сапалы қарыз алушылардың жоқ болуына байланысты банктер үшін кредит берудің қысқа мерзімді түрлері неғұрлым басым болып келді. Сонымен бірге, корпоративтік қарыз алушыларға кредит беру көлемін ұлғайту мақсатында ЕДБ-ні ұзақ мерзімді кредиттеудің едәуір көлемдері мен кредиттер бойынша мөлшерлемелерді төмендету қажет. ҚР ҰБ деректері бойынша 2013 жылы тау-кен өндіру саласымен салыстырғанда – 9,87 %, өңдеу өнеркәсібіндегі ұзақ мерзімді кредиттердің орташа мөлшерлемесі жоғары болып, 11,48 %-ды құрады16. Сонымен қатар, кредиттер бойынша күтілетін пайыздық мөлшерлеменің төмендеу үрдісі байқалуда. Егер 2008 жылы экономиканың нақты секторының кәсіпорындары теңгедегі кредиттер бойынша қолайлы пайыздық мөлшерлемені 11,6 %, ал шетел валютасында 9,9 % деңгейінде белгілесе, 2013 жылдың соңында кредиттер бойынша қолайлы пайыздық мөлшерлеме теңгеде және шетел валютасында тиісінше 8,7 % және 6,9 % құрады.
Кредиттер бойынша жоғары пайыздық мөлшерлемелер екі түйінді факторға негізделген: қорландырудың жоғары құны және жобалар бойынша тәуекелдер.
Айталық, Қазақстанда тәуекелдің орташа маржасы 3,1 %-ды құрайды, ал Польшада бұл көрсеткіш 0,7 %-ды құрайды. Бұдан басқа, Қазақстанда жеке және заңды тұлғалардың тартылатын депозиттері бойынша орташа мөлшерлеме 6,7 %-ды құрайды, бұл Польшадан 2 %-ға жоғары болып табылады. Сонымен бірге, Шығыс Еуропа елдері мен Қазақстан арасында банк маржасында айырмашылық жоқ17.
Осылайша, қазіргі уақытта банк секторы өнеркәсіптің шикізаттық емес салалары мен инфрақұрылымды дамытуға инвестициялық салымдарды қаржыландырудың орнықты көзі функциясын атқаруға қабілетсіз. ЕДБ-нің ағымдағы қызметі, ең алдымен, кәсіпорындардың айналым капиталындағы ағымдағы қажеттіліктерін қанағаттандыруға, осыдан бұрын алынған кредиттерді қайта құрылымдау мен халықтың тұтынушылық мақсаттарына бағытталған.
Активтердің сапасымен байланысты күрделі проблемалар екінші деңгейдегі банктерге экономиканың нақты секторында кредиттік белсенділікті арттыруға мүмкіндік бермейді. Банк қарыздарының негізгі көлемі айналым қаражатын кредиттеуге шоғырландырылса, ЕДБ-нің барлық кредиттерінің 12,6 %-ы ғана жаңа құрылыс пен реконструкциялауға бағытталады.
Қаржыландырудың қажетті деңгейін қамтамасыз ету проблемасын шешу үшін Қазақстан Республикасы экономикасын қаржыландыруда даму институттары мен ЕДБ-нің бірігу деңгейін де жоғарылату қажет.
__________________________
13 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша "Банк секторы: ағымдағы жағдайы" ҚР ҰБ Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетінің есебі
14 Global Banking Pool, Елдердің орталық банктері, Economist Intlligence Unit, ҚР ҰБ Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетінің дерекқоры
15 Қазақстан Республикасы Статистика агенттінің, Economist Intlligence Unit деректері
16 "Қазақстандық қор биржасы" АҚ деректері
17 ҚР ҰБ Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетінің деректері
Қор нарығы
Экономиканың ұзақ мерзімді дамуын қамтамасыз ету мақсатында экономиканы қосымша қаржыландыру үшін ішкі капиталдың толыққанды айналымы жүргізілетін тиімді қор нарығы қажет,
Тұтастай алғанда, қазіргі уақытта Қазақстанда қор нарығының салыстырмалы түрде дамыған инфрақұрылымы жөнге келтірілді. Классикалық қаржы құралдарының негізгі жиынтығы енгізілді. Сонымен қатар, соңғы жылдары қазақстандық бағалы қағаздар нарығы дамымай, қаржы нарығының өзге секторларымен салыстырғанда өз позицияларын жоғалтып алды.
Мысалы, ДЭФ-тің 2013 – 2014 жылдардағы жаһандық бәсекеге қабілеттілік туралы есебіне сәйкес қаржы нарығын дамыту бөлігінде Қазақстан акциялардың ішкі нарығы арқылы қаржыландырудың қолжетімділігі және қор биржасын реттеудің дамуы бойынша өте төмен көрсеткіштерімен 103 орынды ғана (2011 – 2012 жылдары 121 орын) иеленді.
Бұл ретте, қор нарығындағы белсенділіктің айтарлықтай төмендеуі мынадай үрдістерге негізделген.
ҚР ҰБ Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетінің деректеріне сәйкес "Қазақстандық қор биржасы" АҚ (бұдан әрі – Қор биржасы) мемлекеттік емес бағалы қағаздар бойынша капиталдандыруы 10 112 185 млн. теңгені немесе ЖІӨ-нің 31,2 %-ын құрады (2007 жылы – 86 %, 2010 жылы – 69 %). Жалпы осы көрсеткіш қор нарығының ұлттық экономикаға қатысты елеусіз мөлшерін көрсетеді. Мысалы, Ресей Федерациясында 2012 жылдың қорытындылары бойынша бұл көрсеткіш 45 %-ды, Жапонияда 75 %-ды, АҚШ-та 108 %-ды құрады.
Нарық өтімділігін сипаттайтын қор биржасындағы мемлекеттік емес бағалы қағаздармен жасалған мәмілелер көлемі 2009 жылмен салыстырғанда 2 есеге төмендеп, 2012 жылы 528 млрд. теңгені құрады. Бұл ретте, 2013 жылдың екінші тоқсанында Қор биржасындағы мемлекеттік емес бағалы қағаздармен жасалған мәмілелер көлемі 68,8 %-ға артып, 176 млрд. теңгені құрады19.
Қазақстандық зейнетақы қорлары компаниялардың акцияларына инвестиция салмады дерлік. Мысалы, зейнетақы активтерінің жиынтық қоржындағы ішкі қор нарығы компаниялары акцияларының үлесі шамамен 6 %-ды құрайды; Норвегияда осыған ұқсас көрсеткіш 60 %-ға тең20.
Қазақстанда акциялары Қор биржасының листингінде орналастырылған компаниялардың аз саны 131 компания байқалады. Мысалы, Польшада тиісті көрсеткіш 400 компанияны құрайды.
Бұл ретте, акционерлік капиталды тарту көзі ретінде дамыған қор нарығына үлкен қажеттілік орын алып отыр.
________________________
19 "Қазақстандық қор биржасы" АҚ деректері
20 ҚР ҰБ Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетінің деректері
Тікелей және венчурлық инвестициялар қорлары
Қазақстан экономикасында Private Equity (бұдан әрі – PE) қорлары арқылы тікелей инвестициялардың үлесі ЖІӨ-нің 0,06 %-ын құрайды21 (2008 –2012 жылдардағы орташа көрсеткіш), бұл басқа елдердегі тиісті көрсеткіштерден төмен. Мысалы, Үндістанда бұл көрсеткіш 0,23 %-ды, Бразилияда 0,17 %-ды, Ресейде 0,23 %-ды құрайды.
Қазақстандағы венчурлық инвестициялар көлемі елдің ЖІӨ–нің 0,02 %-ын құрайды22 (2008 – 2012 жылдардағы орташа көрсеткіш), бұл басқа дамушы нарықтардың тиісті көрсеткіштерінен неғұрлым төмен. Бразилияда бұл көрсеткіш ЖІӨ-нің 0,07 %-ын, ал Үндістанда 0,15 %-ын құрайды.
Салыстыруға келетін елдер деңгейіндегі венчурлық инвестициялардың көлеміне қол жеткізу үшін венчурлық инвестициялардың жыл сайынғы көлемін ағымдағы 40 млн. АҚШ долларынан 185 млн. АҚШ долларына дейін ұлғайту қажет23.
IESE бизнес-мектебі жүргізген "Венчурлық капитал және тікелей инвестициялар үшін елдер тартымдылығының индексі" зерттеуінің шеңберінде рейтингке қатысқан 118 елдің ішінде Қазақстан 78 орынды иеленді. Венчурлық капитал және тікелей инвестициялар үшін елдер тартымдылығының индексі (PE) бойынша Қазақстанның төмен рейтингісі негізінен капитал нарықтарының төмен молықтыруына, білікті мамандардың және халықтың кәсіпкерлік дағдыларының жетіспеушілігіне байланысты. Сондай-ақ, Қазақстанда PE дамыту жолындағы айтарлықтай кедергі заңнамалық тосқауылдардан басқа, инвестициялардан "шығу" күрделілігі де болып табылады: нарықта халықаралық және жергілікті инвесторлар жеткіліксіз, ал IPO-ға шығу мүмкіндіктері қор нарығының әлсіз дамуына байланысты шектеулі болуда.
ШОБ-та ашықтықтың жоқ болуы да көптеген әлеуетті PE-инвесторларды тартуға мүмкіндік бермейді. Инвесторлардың негізгі пробламаларының ішінде – меншіктің ашық емес құрылымы, "көлеңкелі" экономиканың басым үлесі, инвесторлар үшін акционерлік капиталдан күтілетін табыстылықты бағалау күрделілігі, сондай-ақ борыштық кұралдарды әлеуетті ұстаушылар үшін тәуекелдерді есептеудің күрделілігі болып табылады.
Қазақстандағы тікелей инвестициялар нарығының дамуын тежейтін жоғарыда сипатталған сұраныс факторларынан басқа, нарықта ұсыныспен байланысты проблема да орын алып отыр. Кәсіпкерлердің венчурлық және тікелей инвестициялардан бас тартуының негізгі себебі – кәсіпкерлердің ділі мен мәдениеті болып табылады, олар меншікті қаражаттарын инвестициялауды немесе банктік қаржыландыруды тартуды артық көріп, компанияларының акционерлік капиталдарына үшінші тұлғаларды (РЕ және венчурлық қорларды) "кіргізуге" дайын емес.
Сонымен қатар, Қазақстанның тікелей шетелдік инвестициялар үшін тартымдылығы Кеден одағы нарығына қолжетімділігіне байланысты арта түсті. Даму институттары шикізаттық емес секторға инвестицияларды тартуға жәрдемдесуі және тікелей инвестициялар нарықтары мен венчурлық капиталдың дамуына ықпал етуі тиіс.
________________________
21 Дереккөзі: Дүниежүзілік банктің есептері, Қазстат, Capital IQ
22 Дереккөзі: Қазстат, Capital IQ
23 Дереккөзі: McKinsey, Preqin талдаулары
Тұрғын үй-құрылыс секторы
2012 жылы елдің тұрғын үй қорының жалпы ауданы 303,4 млн. шаршы метрді құрады, оның ішінде 83,8 млн. шаршы метрі (27,6 %) 1991 – 2012 жылдары пайдалануға берілді, ал 219,6 млн. шаршы метрі (72,4 %) 20 жыл бұрын салынды24. Тұрғын үйдің жарамсыз болудың 3 %-ы және халық өсімінің 1,5 %-ы орташа деңгейі тұрғын үйді пайдалануға берудің жыл сайынғы көлемі шамамен 6–6,7 млн. шаршы метрді құрайды, бұл орташа мерзімді перспективадағы тұрғын үй тапшылығының болуын білдіреді.
2013 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегінде тұрған азаматтар саны 265 124 адамды құрады, олардың ішінде жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – ЖАО) кезегіндегі азаматтардың саны 241 93425 адамды құрады. Бұл ретте, 2013 жылғы 1 қаңтардағы деректермен салыстырғанда ЖАО кезегіндегі адамдар саны (197 475 адам) 22 %-ға немесе 44 459 адамға көбейді.
______________________
24 Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері
25 Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері
Ипотекалық кредит беру
ҚР ҰБ деректеріне сәйкес 2013 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында ипотекалық кредиттеу нарығының көлемі 865,8 млрд. теңгеге бағаланды, бұл алдыңғы есепті кезеңдегі көрсеткіштен 7,4 %-ға артық. Бұл ретте, ұлттық валютада берілген ипотекалық кредиттердің көлемі 685,3 млрд. теңгені немесе ипотекалық кредиттеу сегментінің жалпы көлемінің 79 %-ын, шетел валютасында – жалпы көлемнің 21 %-ын немесе 180,5 млрд. теңгені құрайды. 2009 жылдан бастап АҚШ долларындағы несиелік қоржын көлемінің жыл сайынғы 16 % - 17 %-ға кему үрдісі байқалады.
2012 жылдың қаңтар-қараша айларында банктер және ипотекалық ұйымдар 155,6 млрд. теңгеге кредиттерді берсе, 2013 жылғы сол кезеңінде 196,9 млрд теңгеге берілді. Алайда, 2013 жылдың соңғы айларында ипотека бойынша белсенділік қарқыны кеми бастады. Мысалы, қазан айымен салыстырғанда қарашада ипотекалық кредиттердің саны 5,8 %-ға кем берілді. Қыркүйек айымен салыстырғанда қазанда жылжымайтын мүлікті сатып алуға берілетін қарыздар 1,8 %-ға кем ресімделді. Бір жыл ішінде ипотекалық нарық көлемі 7,4 %-ға ғана артты; 2012 жылы өсу қарқыны 9,8 %-ды құрады.
Ипотекалық кредит беру нарығындағы өсуді көрсететін статистика деректеріне қарамастан, қазіргі көлемдер дағдарысқа дейінгі көлемдерден айтарлықтай төмен болуда. 2006 – 2007 жылдары аралығындағы кезеңде жылдық өсу қарқыны 72 %-ды құрады.
Өңірлік бөліністе ең үлкен көлем Алматы қаласына тиесілі – мұнда барлық ипотекалық кредиттердің 31,14 %–ы шоғырланып, 269,6 млрд. теңгені құрайды. Ең аз кредиттер саны Қызылорда облысында беріледі – ипотекалық кредиттердің жалпы сомасының 1,74 %-ы немесе 15 млрд. теңге.
Ағымдағы сәтте 12 екінші деңгейдегі банк пен 2 ипотекалық ұйым өз өнімі желісінде ипотеканы ұсынады. Ипотекалық нарықтағы орташа тиімді мөлшерлеме кредит беру мерзіміне байланысты 12,7 % және 21,4 % аралығындағы мөлшерлемені құрайды.
Бұл ретте, Холдингтің еншілес ұйымдары (бұдан әрі – ЕҰ) мынадай позицияларды иеленді. 2013 жылы ішінде "ҚИК" АҚ 101,1 млрд. теңгені құрайтын қоржынмен ипотекалық кредит беру нарығында өз үлесін 11,7 %-ға дейін ұлғайтып, 50 млрд. теңгеден астам сомаға ипотекалық қарыздар бойынша талап ету құқықтарын сатып алды. "ҚТҚЖБ" АҚ 2013 жылы 61,2 млрд.теңгеге тұрғын үй займдарын берді, ипотекалық кредит беру нарығындағы үлесі 149 млрд. теңге қоржынында 17,2 %-ды құрады. Ипотекалық кредиттеу нарығында Холдингтің ЕҰ-ның жиынтық үлесі 28,9 %-ды құрайды, яғни даму институттарының рөлі күрт ұлғайды.
Бұдан басқа, Холдингтің ЕҰ "ҚИНКҚ" АҚ алған ипотекалық тұрғын үй кредит сомасының 15, 20, 30 және 40 %-ы, кредитордың таза шығын сомасының 50 немесе 100 %-ы, кредитордың талап ететін сомасының 40 %-ы сияқты кепілдік берудің үлгілерін қолдану арқылы ЕДБ-нің бастапқы жарна мөлшері мен сыйақы мөлшерлемесін төмендетуді, орташа және орташадан төмен деңгейдегі тұрақты табысы бар халыққа берілетін кредит мерзімін ұзартуды ынталандырады.
Мысалы, "ҚИНКҚ" АҚ қызмет ету уақытынан бері жалпы сомасы 120 млрд. теңгені құрайтын 36 мың ипотекалық кредит бойынша кепілдіктер берді.
2. Мемлекеттік экономикалық саясаттың негізгі бағыттары
Холдинг өз қызметінде индустриялық-инновациялық даму, ұлттық өнім экспортын ілгерілету, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, тұрғын үй-құрылыс секторындағы міндеттерді іске асыру және халықтың әл-ауқаты деңгейін арттыру саласында мемлекетттік саясаттың негізгі бағыттарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің басқа да міндеттерін басшылыққа алады.
2014 жылғы 17 қаңтардағы "Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты Қазақстан халқына Жолдауда, сондай-ақ Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдамада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның әлемнің ең дамыған елдер қатарына кіруіне ықпал ететін бес стратегиялық бағытты белгілеп көрсетті:
1) инновациялардың басты қозғаушы күші – адами капиталды дамыту;
2) бизнес пен кәсіпкерлік бастамаларды дамыту үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ететін институционалдық ортаны жетілдіру;
3) ұзақ мерзімді перспективада ғылымды қажетсінетін экономикаға көшу үшін қажетті салалық база қалыптастыруға негізделген кезең-кезеңді тәсілді қабылдау арқылы ғылымды қажетсінетін экономика салаларын дамыту;
4) ұлттық инновациялық жүйе құру, инфрақұрылымды жаңғырту және энергия тиімділігін арттыру арқылы ғылымды қажетсінетін экономиканы қолдайтын инфрақұрылымды жеделдетіп қалыптастыру;
5) халықаралық қатынастар жүйесіне интеграциялануды тереңдету.
Әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдамада ғылымды қажетсінетін экономиканың басты элементтері айқындалды – олар инновациялар, инвестициялар және кәсіпкерлік.
Еңбек өнімділігінің ұзақ мерзімді өсуі, инновацияларды дамыту, өндіріс пен экспорттың әртараптандырылуы, сондай-ақ сыртқы ресурстарды тарту және ішкі ресурстарды белсенді пайдалану арқылы елдің бизнес-секторларын дамыту экономикалық өсудің негізі болып болады.
Бұл ретте, экономиканы әрі қарай дамытудың мынадай міндеттері айқындалды:
1) қаржы секторының көрсетілетін қызметтер спектрін кеңейту, қаржы ұйымдарында ішкі бақылаудың, тәуекел менеджменттің тиімді жүйесін енгізу және ашықтықты арттыру;
2) экономикалық өсудің негізгі қозғаушы күші ретінде ШОБ секторын дамыту, оның ішінде заманауи бизнес құзыреттерді дамыту арқылы (ЖІӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесі 2050 жылы 50 %-ға дейін ұлғаяды);
3) индустрияландыру бағдарламаларының тиімділігін арттыру;
4) қосылған құны жоғары өнім экспорты үшін экономикалық жағдайларды қамтамасыз ету (мұнай емес экспорттың үлесі 32 %-дан 70 %-ға дейін ұлғаяды);
5) мемлекеттік – жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) тетіктерін пайдалана отырып, инфрақұрылымды жаңғырту;
6) ұлттық инновациялық жүйені дамыту және тартымды инвестициялық ахуалды қалыптастыру;
7) шетелдік капиталды тарту үшін венчурлық қаржыландыру мен тікелей шетелдік инвестицияларды дамыту (ЖІӨ-дегі негізгі капиталға инвестициялардың үлесі 30 %-дан кем емес деңгейде сақталады);
8) жалға берілетін тұрғын үй нарығын дамыту.
Үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы
Қазақстан Республикасының Үкіметі өңдеуші өнеркәсіпті жеделдетіп дамыту есебінен экономиканың әртараптандыруын бастауға, өнеркәсіптік секторды әрі қарай дамытудың алғышарттарын қалыптастыруға мүмкіндік беретін ҮИИДМБ іске асыруда.
Сонымен қатар, ҮИИДМБ іске асыру барысында бірқатар жүйелік проблемалар анықталды, олар Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2015 – 2019 жылдарға арналған бағдарламаны (бұдан әрі – ҮИИДМБ-2) әзірлеу шеңберінде ескерілді.
ҮИИДМБ-2 тұжырымдамасында өнеркәсіптің 14 саласы кіретін ұлттық және өңірлік кластерлерді дамыту фокусы айқындалды. Басым салалар ретінде қара және түсті металлургия, мұнай өңдеу және мұнай-газ химиясы, тамақ өнімдері өндірісі, агрохимия, өнеркәсіпке арналған химикаттар өндірісі, автокөлік өнеркәсібі, электр жабдығы, ауыл шаруашылығы техника өндірісі, теміржол техникасы өндірісі, тау-кен өндіру өнеркәсібіне арналған машиналар мен құрал-жабдықтар өндірісі, мұнай өңдеу және мұнай шығару өнеркәсібінің машиналары мен құрал-жабдықтары өндірісі, құрылыс материалдарының өндірістері айқындалды. Сондай-ақ, бағдарлама шеңберінде инновациялық кластерлерді қолдау үшін іс-шаралар кешені белгіленді.
Холдинг сарапшылармен бірлесе отырып, 2015 – 2019 жылдары ішінде ЖІӨ-нің жыл сайын 7 % деңгейдегі өсуін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы экономикасының инвестициялық қажеттілігі шамамен 430 млрд. АҚШ долларын құрайтындығын анықтады. Жекеше және мемлекеттік қаржыландырудың ағымдағы серпіні мен шетелдік инвестициялардың үлесі сақталған жағдайда, 2015 – 2019 жылдарға арналған қолжетімді инвестициялық ресурстар 380 млрд. АҚШ долларын құрайды. Осылайша, Қазақстан экономикасында күтілетін қаржы ресурстарының жалпы тапшылығы шамамен 50 млрд. АҚШ долларын құрайтын болады. Бұл ретте, ҮИИДМБ-2 басым секторлары үшін инвестициялардың жалпы қажеттілігі 52 млрд. АҚШ долларын құрайды, ал ҮИИДМБ-2 қаржыландыру қажеттіліктеріне қатысты күтілетін тапшылық 8 - 14 млрд. АҚШ долларын құрауы мүмкін.
Осыған орай, инвестициялық қажеттіліктер мен қолжетімді ресурстар арасындағы алшақтықты қысқарту және тапшылықтың теңгерімді қаржыландыруын қамтамасыз ету мақсатында барлық қаржы көздері – мемлекеттік, жекеше және шетелдік көздерден инвестицияларды ынталандыру мен ұлғайту жөніндегі іс-шаралар кешенін енгізу арқылы көрсетілген көлемдерде қосымша қаржыландыруды тарту қажет. Есептеулер бойынша мемлекеттік көздер есебінен қаржыландыру тапшылығының шамамен 18 %-ын немесе 1,4-2,5 млрд. АҚШ долларын, шетелдік қаржы көздерінен – 27 %-ын немесе 2,2-3,8 млрд. АҚШ долларын, ал жеке сектор қаражатынан 55 %-ын немесе 4,4-7,7 млрд. АҚШ долларын өтеу қажет болады.
Экспортты қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар
Қазақстан кәсіпорындары өнімдерінің экспортын қолдау мақсатында ҮИИДМБ шеңберінде шикізаттық емес (өңделген) экспорт үлесін арттыру жөніндегі міндеттер қойылатын "Экспорт – 2020" бағдарламасы іске асырылады. Жоғарыда көрсетілген бағдарламалық құжаттар шеңберінде Холдингтің ЕҰ "ҚазЭкспортГарант" АҚ-ға сауданы қаржыландыру мен экспорттық шарттарды сақтандыру бағдарламасы бойынша қаржы операторының функциялары бекітіліп берілді.
Әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдаманы орындау және қазақстандық өнім экспортын қолдау бөлігінде ҮИИДМБ-2 тиімді іске асыру мақсатында экспортты қолдаудың халықаралық тәжірибесі ескеріліп, 2020 жылға дейінгі Ұлттық экспорттық стратегия (бұдан әрі – Экспорттық стратегия) әзірленуде. Экспорттық стратегияның міндеттері экспорттық қоржынды қалыптастыру, өнімді өткізу нарықтарын айқындау, сондай-ақ экспортты қолдайтын инфрақұрылымды құру болып табылады. Даму институттары экспортты қолдаудың жаңа құралдарын енгізу және қолданыстағыларын жетілдіру арқылы жоғарыда көрсетілген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге жәрдемдеседі.
"Бизнестің жол картасы – 2020" мемлекеттік бағдарламасы
Қазіргі тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңаларын құру, сондай-ақ экономиканың шикізаттық емес секторларында өңірлік кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысымен "Бизнестің жол картасы – 2020" бағдарламасы бекітілді.
Бағдарлама шеңберінде жаңа бизнес бастамаларды қолдауға, кәсіпкерлік секторды сауықтыруға, кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету мен кәсіпкерлік әлеуетті күшейтуге бағытталған ШОБ субъектілеріне қаржылық және қаржылық емес қолдау шаралары (кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау, кепілдіктер беру, ШОБ субъектілерінің құзыреттерін арттыру жөніндегі бағдарламалар және т.б.) көзделеді.
Бағдарламада қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында кредиттер жалпы сомасы кемінде 400 млрд. теңгеге арзандатылады, 2015 жылға қарай ЖІӨ құрылымында өңдеуші өнеркәсіптің үлесі кем дегенде 12,5 %-ға дейін және өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігі кем дегенде 1,5 есеге ұлғаяды.
"Қолжетімді тұрғын үй – 2020" мемлекеттік бағдарламасы
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы "Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауында қалың бұқара топтарына арналған тұрғын үйдің қолжетімділігін қамтамасыз ету Қазақстан дамуының маңызды бағыттарының бірі ретінде аталды. Осы міндетті орындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 821 қаулысымен "Қолжетімді тұрғын – үй 2020" бағдарламасы бекітілді, оның мақсаты тұрғын үй құрылысын дамытудың проблемаларын кешенді түрде шешу және халық үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін әрі қарай арттыруды қамтамасыз ету болып айқындалды.
"Қолжетімді тұрғын үй – 2020" бағдарламасын іске асыру тұрғын үйдің толыққанды теңгерімді нарығын қалыптастыруға, тұрғын үй құрылысына жеке меншік инвестицияларды жұмылдыруға, тұрғын үй құрылысы аудандарының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға, Қазақстан Республикасында құрылыс индустриясын дамытуға бағытталды. Осының нәтижесінде 2020 жылға дейінгі кезеңде 69 млн. шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда.
3. Ішкі ортаны талдау – еншілес ұйымдар қызметінің нәтижелері
Холдинг тобы құрылымына мемлекеттік саясат пен мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға жұмылдырылған, мынадай бағыттар бойынша қызмет ететін 10 еншілес ұйым кіреді:
1) даму институттары – "Қазақстанның даму банкі" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "ҚДБ" АҚ), "Қазақстанның инвестициялық қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "ҚИҚ" АҚ), "ҚазЭкспортГарант" экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "ҚЭГ" АҚ), "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "Даму" КДҚ" АҚ), "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "ТДҰА" АҚ), сондай-ақ "Қазына Капитал Менеджмент" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "ҚКМ" АҚ), олардың міндеті экономиканы әртараптандыруға және шикізаттық емес секторды дамытуға, қазақстандық өнім экспортын, инновацияларды, шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған экономиканың басым секторларындағы инвестициялық жобаларды кредиттік, инвестициялық және өзге де қаржылық және қаржылық емес қолдау болып табылады;
2) қаржы институттары – "Қазақстанның тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "ҚТҚЖБ" АҚ), "Қазақстан ипотекалық компаниясы" ипотекалық ұйымы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "ҚИК" АҚ) және "Қазақстандық ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "ҚИККҚ" АҚ), олардың мақсаты ипотекалық кредит беру үшін ұзақ мерзімді қаржыландыруды беру, тарту мен оның құнын төмендету және мемлекеттің тұрғын үй-құрылыс саясатын іске асыруға қатысу болып табылады;
3) өңдеуші өнеркәсіп саласындағы кәсіпкерлік субъектілерді қолдау және жылжымайтын мүлік нарығындағы 2008 – 2010 жылдардағы қаржы дағдарысы салдарынан орын алған проблемаларды шешу институты – "Стрестік активтер қоры" АҚ (бұдан әрі – "САҚ" АҚ) құрылды.
Еншілес ұйымның құрамындағы ұйымдарды есепке алғанда, Холдинг тобына барлығы 31 ұйым кіреді, сондай-ақ ЕҰ-ның инвестициялық қызметін жүзеге асыру шеңберінде үшінші тұлғалардың капиталында бірқатар инвестициялар (қатысу үлестері) бар.
2013 жылдың шілде-қыркүйегінде Холдинг ЕҰ-ның қаржы-шаруашылық қызметінің диагностикасын жүргізді, нәтижесінде мыналарды белгіледі.
1. Холдингтің ЕҰ кредиттік және инвестициялық қызметті жүзеге асыру үшін едәуір қоры бар – 2013 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша қолда бар қаржы ресурстарының 53 %-ы қаржы құралдарында және ақшада орналастырылды. 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Холдингтің жарғылық капиталы 633 102 млн. теңгені құрады. ЕҰ-ны қорландыру негізінен мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қосымша капиталдандыру тетіктері арқылы жүзеге асырылады. Капитал үлесі шамамен 34 %-ды құрайды, бұл Қытай Даму Банкі (7 %), Корея Даму Банкі (14 %), Бразилия Даму Банкі (8 %) және Внешэкономбанк (18 %) сияқты басқа да салыстыруға келетін дүниежүзілік даму институттарынан жоғары болып табылады.
2. Жекелеген даму институттары қызметінің негізгі стратегиялық бағыттарын іске асыру кезінде өздерін барынша көрсете алмады. Мысалы, 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша "ҚДБ" АҚ кредиттік қоржыны банк активтерінің 39 %-ын ғана құрады (2011 – 2013 жылдар кезеңінде Қазмұнайгаз және Қазақтелеком компанияларының жобалық облигацияларын есепке алмағанда, банктің кредиттік қоржыны банк активтерінің 34 - 39 %-ын құрады, бұл 2013 жылдың соңында шамамен 2,9 млрд. АҚШ долларын құрады). "ҚКМ" АҚ тікелей инвестициялар қорларының қаражатты игеруі 31 %-ды ғана құрайды (жобаларды инвестициялауға бағытталған ақшалай қаражат сомасы). 2013 жылғы 31 наурызға "ҚЭГ" АҚ сақтандыру қоржынның 1,2 %-ы ғана экспорттық жобаларды сақтандыруға қатысты.
3. Жекелеген қаржы институттары өз қызметін іске асыру нәтижесінде залалдарға тап болды. Мысалы, "ҚДБ" АҚ қызмет ету уақытынан бері мерзімі 90 күннен аса өтіп кеткен төлемдері бар қарыздарды тазалау тетігінің жоқ болуының нәтижесінде 2013 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша банк активтерінің 42 % құрады, және 2013 жылдың соңында жинақталған залал 51,12 млрд. теңгені құрады. Кейбір даму институттары өз қызметін тиімсіз іске асырады. Мысалы, 2011 – 2012 жылдардың қорытындысы бойынша "ҚИК" АҚ қызметі 2013 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жағдай бойынша минус 4,71 %-ды құраған жағымсыз пайыздық спред нәтижесінде залалды болды. Даму институттары инвестициялық қызметінің тиімсіздігі инвестициялық жобалардың құнсыздануына да алып келді: "ҚИҚ" АҚ 36 инвестициялық жобаның ішінен 8-і ғана табысты іске асырылды (2003 жылдан бастап 2013 жылға дейін).
4. Жекелеген ұйымдардың қысқа мерзімді инвестицияларын (қазынашылық қоржынын) басқару едәуір қаржы залалдарына, өзге жағдайларда алаяқтыққа алып келді. Мысалы, "ҚЭГ" АҚ инвестицияларының сақталуын қамтамасыз етпеу және активтерді сақтау жөніндегі қызмет көрсететін брокерлік компанияның алаяқтық әрекеті нәтижесінде 950 млн. теңге көлемінде зиян шекті.
Холдинг құрылымында26 активтердің 79,8 %-ы кредиттік ұйымдар құрайды: 2014 жылғы 1 қаңтардағы жайдай бойынша "ҚДБ" АҚ – 52,6 %, "ҚТҚЖБ" АҚ – 18,2 %, "Даму" КДҚ" АҚ – 9 % тиесілі, активтердің бір бөлігін инвестициялық компаниялар ұсынады – "ҚКМ" АҚ – 4,1 %-ды, "ҚИҚ" АҚ – 2,8 %-ды және сақтандыру компаниясы – 0,6 %-ды құрайды.
Диагностика қорытындылары бойынша ЕҰ үшін тәуекелдерді басқарудың әлсіз жүйесі (тәуекелдерді бағалау, бақылау мен мониторингтеу) елеулі проблема болып табылатыны анықталды, ол жұмыс істемейтін қарыздардың елеулі көлемінің қалыптасуы, активтерді және міндеттемелерді тиімсіз басқарудың себептерінің бірі болады және есептік кезеңде бірқатар ЕҰ қызметінің нәтижелері бойынша шығындарға әкелді.
Сондай-ақ, Холдингтің компаниялар тобы қызметін талдау қызмет тиімділігін және ЕҰ стратегиясы мен міндеттерін іске асыру үшін жауапкершілікті арттыру, қызметті жүзеге асырудың ашықтығы мен жұртшылықтың қаржы институттары қызметіне сенімділігінің деңгейін жоғарылату мақсатында ЕҰ-да корпоративтік басқаруды күшейту қажеттілігін растайды.
Бұл ретте халықаралық даму институттарымен салыстырып, жүргізілген талдау жалпы Холдинг тобының кредит төлеу қабілеттілігі жоғары деңгейде екенін көрсетті. Осылайша, 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша шоғырландырылған негізде борыш/капитал арақатынасы 1,7-ні құрады. Борыш деңгейін капиталға арақатынаста 7,0-ке дейін ұлғайту мүмкіндігіне негізделе отырып, тартылған қаржыландырудың қосымша көлемі 3,2 трлн. теңгені құрауы мүмкін. Бұл ретте халықаралық даму институттарының тәжірибесімен салыстыру қарыз алуды, оның ішінде мемлекеттік кепілдіктер тетіктері арқылы тарту мемлекеттік қолдау деңгейін арттыру қажеттілігі туралы айғақтайды.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 13.02.2017 № 59 қаулысымен.____________________
26 Жедел деректер бойынша
4. SWOT-талдау
Жүргізілген сыртқы және ішкі ортаны талдау, елдің мемлекеттік саясатын іске асырудағы Холдингтің рөлін талдау нәтижесінде мынадай мықты және осал тұстары, сондай-ақ қызмет етуі үшін мүмкіндіктері мен қатерлері айқындалды.
S-Мықты тұстары | W-Осал тұстары |
1.Бюджеттік қаражат, мемлекеттік тапсырыстар, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға қатыстыру есебінен жарғылық капиталды толықтыру және кредиттер бөлу түрінде қаржы ресурстарын ұсыну арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі тарапынан айтарлықтай қолдау көрсету. |
1. Қызметтің негізгі бағыттары – кредит беру, инвестициялар, экспорттық сақтандыруды іске асыруда ЕҰ-ның қаржы құралдарын пайдаланудың төмен тиімділігі. |
O-Мүмкіндіктер | T-Қатерлер |
1. Индустриялық-инновациялық дамуды, инфрақұрылымды инвестициялауды қолдау, ШОБ-ты дамыту, экономиканың тұрғын үй-құрылыс секторын инвестициялау және т.б. қызмет бағыттары бойынша Қазақстан экономикасына Холдинг ұйымдарының қаржылық және қаржылық емес қолдауына жоғары қажеттілігі. |
1. Экономиканың басым шикізаттық емес секторларының дамуын қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды тиімсіз іске асыру. Қазақстанның басым секторларының әлсіз инвестициялық тартымдылығы және осының салдарынан даму институттары оларды қолдау үшін жобалардың жоқ болуына/оларға қатысудың жоғары тәуекелдеріне алып келетін жеке меншік сектордың әлсіз кәсіпкерлік бастамасы. |
2. Холдинг миссиясы және пайымы
Холдинг 2014 – 2023 жылдары кезеңіне арналған мынадай миссиясы мен пайымын айқындады.
Миссиясы
Холдинг миссиясы мемлекеттік саясатты іске асыру, "Стратегия – 2050" қойылған әлеуметтік бағдарланған міндеттерді шешу және мақсаттарға жету үшін экономиканың басым секторларын қаржыландыру және қолдау арқылы Қазақстанның орнықты экономикалық дамуына жәрдемдесу болып табылады.
Пайымы
Холдингтің 2023 жылға дейінгі пайымы – Қазақстан Республикасы Үкіметінің негізгі қаржылық агенті болып табылатын, ел экономикасының әртараптандырылуын, жаңғыртылуын және орнықты дамуын және мемлекеттің әлеуметтік бағдарланған міндеттерінің шешілуін қамтамасыз ететін холдинг.
3. Холдингтің интеграцияланған даму институты ретінде
қалыптасуының бірінші кезектегі міндеттері
Бастапқы кезеңдегі түйінді міндеті Холдингтің компаниялар тобының тиімді және өзара толықтырушы қызмет етуін қамтамасыз ету болып табылады. Холдингке берілген 10 ұйымның 5-і "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ меншігінде болды және оларды іс жүзінде түрлі министрліктер басқарды ("Даму" КДҚ" АҚ ЭБЖМ-нің, одан кейін ӨДМ-нің басқаруында болды, "ТДҰА" АҚ мен "ҚДБ" АҚ-ны ИЖТМ үйлестірді), қалғаны бейінді мемлекеттік органдар жанында қызмет етті.
Холдингтің интеграцияланған даму институты ретінде қалыптасуы үшін 2014 – 2015 жылдар аралығындағы мынадай міндеттерді шешу қажет, олар бойынша Холдингтің құрылған күнінен бастап іс-қимыл жоспары іске асырылып келеді.
1. Қызметтерінің операциялық және қаржы нәтижелерінің залалсыз деңгейін қамтамасыз ету
Жоспарлау мен бюджеттеуге орталықтандырылған тәсілдерді енгізу, қызметтің түйінді көрсеткіштерін белгілеу және мониторингтеу, корпоративтік басқаруды жетілдіру, тәуекел менеджментті жетілдіру, ішкі бақылау жүйелерін енгізу, персоналдың еңбек сапасы мен өнімділігін жоғарылату, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды енгізу.
2. Қаржы ресурстарын басқарудың тиімділігін арттыру
Кредиттік және инвестициялық қызметті қолдау үшін басқару сапасын арттыру және қолда бар ақша ресурстарын орталықтандырылған үлестіру бойынша жұмыс жүргізу. Топ үшін сыртқы қаржыландыруды тарту және оның құнын оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізу. Топтың кредит төлеу қабілеттілігі мен қаржы орнықтылығын қолдау.
3. Қызмет ашықтығын және халық сенімінің деңгейін арттыру
Даму институттарының клиентке бағдарлануын, жүргізілген жұмыс туралы нысаналы аудиторияны хабардар етуді арттыру және Холдинг жұмысына халық пен бизнестің сенім деңгейін арттыру жөнінде жұмыс жүргізу.
Осы міндеттерді табысты іске асыру және бизнес процестерді ретке келтіру Холдинг алдына қойылған стратегиялық міндеттердің кешенді орындалуына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша Холдинг 2016 жылдан бастап ЕҰ-ды стратегиялық басқаруға көшуге жоспарлап отыр. Холдинг қызметінің жоғары тиімділігі және ашықтығы Қазақстан Республикасы экономикасының нақты секторына бағытталған қаржыландыру мен тікелей инвестициялардың көлемін ұлғайтуға, экономиканың басым секторлары мен субъектілерін қолдаудың сапасын арттыруға, сондай-ақ Холдингтің Қазақстанда, сол сияқты Бірыңғай экономикалық кеңістікте де түйінді даму институты ретінде танылуына ықпал ететін болады.
1. Қызметтің операциялық және қаржы нәтижелерінің залалсыз деңгейін қамтамасыз ету
Осы міндетті орындау тиімділігінің мониторингісі қызметтің мынадай ҚБК-ні белгілеу арқылы жүзеге асырылады:
1) капитал рентабельдігінің көрсеткішін (ROE) 2014 жылы 0,2 %, 2023 жылы 2,8 % залалсыз деңгейінде сақтау;
2) активтер рентабельдігінің көрсеткішін (ROA) 2014 жылы 0,1 %, 2023 жылы 0,6 % залалсыз деңгейде сақтау;
3) несиелік қоржынға провизиялар деңгейін 2014 жылғы 10 %-дан 2023 жылы 6 %-ға дейін төмендету арқылы ұйымдардың несиелік қоржынның сапасын арттыру;
4) еңбек өнімділігін (қызметкердің жалпы табысын) 2014 жылғы 65 млн. теңгеден 2023 жылы 139 млн. теңгеге дейін ұлғайту.
Осы міндетті іске асыру үшін Холдинг мынадай бағыттарда жұмыс жүргізеді.
Жоспарлау мен бюджеттеуге орталықтандырылған тәсілдерді енгізу, қызметтің түйінді көрсеткіштерін белгілеу және мониторингтеу
ЕҰ-ның негізгі миссиясының жүзеге асырылуына бақылауды орнату мақсатында Холдинг жоспарлау мен бюджеттеуге бірыңғай тәсілдерді енгізу, басқарушылық есептіліктің бірыңғай интеграцияланған жүйесін құру, шоғырландырылған, сол сияқты жекеше негізде де қызметтің түйінді көрсеткіштерін белгілеу бойынша жұмыс жүргізетін болады.
Холдинг компаниялары тобында даму жоспарларын қалыптастыру кезінде бірыңғай стандарттар мен тәсілдерді енгізу ЕҰ Даму стратегияларының орындалуына бақылауды орнатуды, Холдинг компаниялары тобы бойынша даму жоспарларын шоғырландыру кезінде шынайылықты және сапалы басқарушылық есептіліктің дайындалуын қамтамасыз етеді және компаниялар тобы бойынша жоспарлау мен мониторингтеу процестерінің сапасын арттыруға бағытталатын болады.
Есептіліктің барлық түрлерін бірыңғай басқарушы есептіліктің жүйесіне интеграциялау ЕҰ талдауын жүргізуге және ЕҰ алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуін бағалау мен басқарушылық шешімдерді тиімді қабылдау үшін қажетті ақпарат бөлігінде есеп беруге мүмкіндік береді.
Холдингтің ҚБК-нің бірі қаржылық көрсеткіштерді залалсыз деңгейде сақтау арқылы залалсыздықты қамтамасыз ету болады.
Корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру
Холдинг қызметінің экономикалық және операциялық тиімділігін арттырудың негізгі жолдарының бірі корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру болып табылады. Корпоративтік басқару деңгейін арттыру мақсатында Холдинг стратегиялық органдары ретінде ЕҰ Директорлар кеңестерінің сапалы жұмысын қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмысын жалғастырады, олар арқылы Холдинг жалғыз акционер ретінде ЕҰ-ны басқаруды жүзеге асырады.
Холдингтің ЕҰ-мен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіруге мүмкіндік беретін ЕҰ Директорлар кеңесі қызметінің стандарттары, бірыңғай корпоративтік құжаттары әзірленіп, енгізілетін болады. Холдинг ЕҰ-ның экономиканы дамытудың қазіргі заманғы үрдістеріне және менеджменттің тиімді тәжірибелеріне сәйкес келетін басқарудың үздік тәжірибелері мен бизнес процестеріне көшуін ынталандырады.
ЕҰ-ның тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін директорлар кеңесінің сапалы құрамын қалыптастыру маңызды фактор болып табылады. ЕҰ алдына қойылған міндеттерді орындау үшін ЕҰ-ның директорлар кеңесіне тиісті іскерлік және/немесе салалық ортада жұмыс тәжірибесі, білімі, біліктілігі бар және белгілі бір жетістіктерге жеткен тәуелсіз директорлар тартылады.
Директорлар кеңесінің жұмысын сапалы ұйымдастыруды қамтамасыз ету мақсатында корпоративтік хатшылар жұмысының тиімділігіне, сондай-ақ ЕҰ қызметін бақылау жөніндегі негізгі орган – ішкі аудит қызметкерлерінің жұмысына ерекше назар аударылатын болады. Осыған орай, корпоративтік хатшыларға және ішкі аудит қызметінің қызметкерлеріне қойылатын талаптар, сондай-ақ олардың қызметін бағалау қағидалары әзірленеді. Холдинг тобының корпоративтік хатшылары қызметінің тиімділігін арттыру үшін Холдингтің Корпоративтік хатшылар кеңесі құрылады.
Сонымен қатар, Холдинг ЕҰ-да корпоративтік басқару деңгейін бағалауды жүргізеді, бұл әлемдік тәжірибеге негізделген корпоративтік басқарудың озық тәжірибесіне сәйкессіздіктерін айқындауға, оның ішінде тәуелсіз консультанттарды тарта отырып, жетілдіру және әрі қарай мониторингтеу бойынша тиісті жоспарларды әзірлеуге мүмкіндік береді.
Тәуекелдерді басқару жүйелерін жетілдіру және интеграциялау
ЕҰ-да тәуекелдерді анықтау, бағалау, бақылау мен мониторингтеудің әлсіз жүйесі жұмыс істемейтін қарыздар мен қайтарылмайтын инвестициялардың елеулі көлемінің, ЕҰ-ның активтері мен міндеттемелерін тиімсіз басқарудың, қымбат қарыз алуды тартудың, кейбір ЕҰ залалды болуының себебі болды. Жүргізілген талдау шеңберінде бірқатар ЕҰ-да тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесі жетілдірудің бастапқы кезеңінде болғаны анықталды, осыған орай ол ЕҰ қызметіне байланысты тәуекелдерді уақтылы анықтау, оларға ден қою және басқаруға мүмкіндік берілмейді, нәтижесінде бұл ЕҰ-ның алдына қойылған стратегиялық және қаржылық көрсеткіштерге қол жеткізбеуге әкеледі.
Осыған байланысты, Холдинг өз алдына кредиттік және инвестициялық қызметті жүзеге асыру кезіндегі тәуекелдерді қысқарту міндетін қойды. Ол үшін Холдинг шоғырландырылған және жекеше негіздегі тәуекелдерді басқару саясатын, тәуекелдерді сәйкестендіру мен бағалау жөніндегі әдістемені, тәуекелдерді басқару тетіктерін, сондай-ақ алдын ала ден қою және осы тәуекелдерді азайту мақсатында маңызды (сыни) тәуекелдер туралы ақпараттың уақытылы берілуін қамтамасыз ету үшін мониторинг пен есептілік жүйесін әзірлеу мен енгізуді қамтитын тәуекелдерді басқарудың шоғырландырылған жүйесі енгізілетін болады.
Атап айтқанда, диагностика нәтижелері бойынша ЕҰ-да тәуекелдерді басқару жүйелерін жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде, ЕҰ-дың тәуекелдерді басқару жөніндегі ішкі құжаттары өзектілендірілді, тәуекелдерді басқарудың бірыңғай саясаттары мен регламенттері енгізілді, Холдинг жанынан активтер мен пассивтерді басқару, тәуекелдерді басқару жүйелерін жетілдіру, қорландыруды тарту, Холдинг тобы ішінде тәуекел лимитерді қайта бөлу мәселелерін қарастыратын активтер мен пассивтерді басқару комитеті құрылды.
Алдағы уақытта Холдинг ЕҰ-да тәуекелдерді басқару жүйелерінің сапасының тұрақты диагностикасын жүргізуді, шоғырландырылған негізде есептілікті жинақтаудың автоматтандырылған жүйесін енгізуді, тіркелімді, тәуекелдер картасын және Холдинг тобының сыни тәуекелдері бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеуді, Холдинг тобы қызметінің қаржылық нәтижелеріне ықпал ететін стресс-сценарийлерді әзірлеу және бақылаумен байланысты мониторингті белгілеуді жоспарлайды.
Тәуекелдерді басқарудың тәжірибесін тиімді енгізу және тәуекел менеджментінің корпоративтік стандарттарын сақтау мақсатында Холдинг қызметкерлерді хабардар ету, оқыту және уәждеу бойынша іс-шаралар өткізетін болады.
Шоғырландырылған және жекеше негізде тәуекелдерді басқару жүйелерін жетілдіру бойынша жұмыс жүргізу Холдинг тобының алдына қойылған стратегиялық және операциялық мақсаттарға қол жеткізуге ықпал ететін болады. Тәуекелдерді басқарудың тиімді жүйесіне қол жеткізу көрсеткіштерінің бірі провизиялар деңгейінің төмендеуімен белгіленетін Холдингтің компаниялар тобы бойынша несиелік және инвестициялық қоржын сапасының жақсаруы болып табылады.
Ішкі бақылау мен аудиттің тиімді жүйесін жетілдіру және енгізу
ЕҰ-да ішкі бақылау жүйесін (бұдан әрі – ІБЖ) орнатудың негізгі мақсаты қаржы-шаруашылық және операциялық қызметтегі тәуекелдерді ескерту, оларды жою бойынша шараларды уақытылы қабылдау, шығыстарды қысқартудың ішкі резервтерін анықтау мен жұмылдыру және басқару органдарына басқарушылық қызметті орындау кезінде қолдау көрсету болып табылады.
Ішкі бақылау жүйесінің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) ЕҰ қызметін тиімді басқаруды қамтамасыз ету және олардың алдына қойылған стратегиялық мақсаттарға барынша оңтайлы жолмен жету;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының және Холдинг пен ЕҰ-да белгіленген қолданыстағы нормативтік құжаттар мен ішкі рәсімдер талаптарының орындалуын қамтамасыз ету;
3) ЕҰ қызметінің тәуекелдерін уақытылы анықтау және талдау;
4) ЕҰ-дың қаржылық және басқарушылық ақпаратының растығын, орындылығын, тұтастылығын және өзектілігін қамтамасыз ету;
5) ЕҰ-дың қаржы-шаруашылық жоспарларын орындауды қамтамасыз ету;
6) ЕҰ-ға, оларды басқару органдарына инвесторлар сенімділігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету;
7) акционерлер және инвесторлардың капитал салымдарының сақталуын қамтамасыз ету;
8) ЕҰ активтерінің сақталуын және ЕҰ-дың ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;
9) ЕҰ-ның оңтайлы ұйымдық құрылымының қалыптасуына жәрдемдесу.
ІБЖ-нің тиімділігі бақылаудың тұтастығын, өзара байланыстылығын, дәйектілігін және объективтілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ішкі бақылауды/аудитті жүзеге асырудың бірыңғай стандарттарын, әдістерін және рәсімдерін енгізу арқылы қамтамасыз етілетін болады.
Бұдан басқа, ЕҰ-дың Ішкі бақылау қызметінің басшысы мен қызметкерлеріне бірыңғай біліктілік талаптарын, сондай-ақ олардың тиімділігін арттыру мақсатында ішкі аудит қызметтерінің жұмысына қойылатын талаптарды енгізу жоспарлануда.
Енгізілетін жүйенің мақсаттары мен міндеттерін орындауды қамтамасыз ету қабілетін айқындау үшін ішкі бақылау жүйесінің жүйелік бағалауын жүргізу маңызды міндет болып табылады.
Бірыңғай кадр саясатын қалыптастыру
Холдинг тобын қажетті біліктілігі мен талап етілген уәждемесі бар қажетті адам ресурстарымен қамтамасыз ету мақсатында Холдинг бірыңғай кадр саясатын қалыптастыру және енгізу жөнінде жұмыс жүргізеді. Кадр саясатының міндеті Холдингтің дамуы мен тиімділігін арттыруда бағалы үлес қосуға қабілетті кәсіпқойларды Холдинг компаниялары тобына тарту және сақтап қалу, сондай-ақ адам ресурстарына инвестициялардан барынша қайтарымын алу болып табылады.
Осыған негізделе отырып, бірыңғай кадр саясаты мынадай бағыттар бойынша дамиды:
1) еңбек ресурстарын тиімді жоспарлау ашықтықты қамтамасыз ететін персоналды ашық конкурстық іріктеу саясатын қолдану, кәсіби кадрлардың Холдингтің компаниялар тобының ішінде одан әрі дамуы мен жоғарылауы үшін үздік қызметкерлер арасынан интеграцияланған кадрлық резервті ұйымдастыру, Холдингтің компаниялар тобының ұйымдастырушылық құрылымының талдауын, ұтымды етуін және оңтайландыруын жүргізу арқылы жүзеге асырылады;
2) нарықтағы және саладағы еңбекақылардың мерзімді шолуын, уәждемелік зерттеулерді жүргізуді, Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістерді және т.б есепке алып, еңбегіне әділ және бәсекеге қабілетті сыйақыны қамтамасыз ету;
3) қызметтің түйінді көрсеткіштерін, персоналды аттестаттауды және уәждемелік шараларды қолдану тәсілі арқылы қызметті әділ және жүйелі бағалау арқылы қызметкерлердің еңбек өнімділігі деңгейін арттыру;
4) персоналды тұрақты оқыту мен дамыту жүйесі, еңбек процестерінде қазіргі заманғы технологиялар мен ақпаратты басқару жүйелерін енгізу және қолдану, оның ішінде білімді басқару процестерін автоматтандыру адам капиталын табысты басқаруды қамтамасыз етеді;
5) тиімді коммуникация және қызметкерлердің өзара іс-қимылы қызметкерлерді тұрақты хабардар етудің ішкі корпоративтік көздерін, оның ішінде ішкі портал (интернет) жұмысы арқылы ұйымдастыру, қызметкерлердің пікірлері мен ұсыныстарын жүйелі зерделеу, жұмыс топтары қызметін ұйымдастыру, орындарда қызметкерлер өкілдерінің және әлеуметтік әріптестік органдарының институтын дамыту арқылы қамтамасыз етіледі.
Мысалы, 2013 жылы қызметті талдау нәтижелері бойынша Холдингтің штаттық санын 5 %-ға оңтайландыру жүргізілді. Осы міндетті табысты іске асырудың негізгі стратегиялық ҚБК компаниялар тобы бойынша еңбек өнімділігін арттыру болып табылады.
IT технологиялар арқылы бизнес процестерді интеграциялау
Стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін Холдинг басқарушылық шешімдерді қабылдаудың сапасы мен жеделдігін арттыру мақсатында қызметтің барлық аспектілерінде ақпараттық технологиялардың рөлін арттыруға ерекше көңіл аударатын болады. Холдингтің стратегиялық мақсаттары және АТ арасындағы өзара байланыс АТ бағыты үшін мынадай мақсаттар жиынтығымен айқындалады:
1) Холдинг басшылығы мен бизнес бөлімшелерін ЕҰ қызметі туралы мониторингтің, қаржылық және басқарушылық есептіліктің тиімді жүйелерімен қамтамасыз ету;
2) басқарушылық, операциялық және қолдау процестерін автоматтандыру арқылы Холдинг қызметкерлерінің еңбек өнімділігін арттыру;
3) Холдингте және ЕҰ-да АТ шешімдердің тығыз өзара интеграциялануы, бірізділігі және орталықтандыруы;
4) ЕҰ-ның Холдингпен өзара іс-қимыл жасауы жөніндегі регламенттеуші құжаттарды әзірлеу мен қабылдау арқылы Холдингтің АТ корпоративтік басқару деңгейін арттыру.
Қызметті қолдау үшін Холдинг мынадай интеграцияланған ақпараттық жүйелерді енгізеді:
1) қазынашылықты және тәуекелдерді басқарудың АЖ;
2) қаржылық, сараптамалық және басқарушылық есептіліктің АЖ;
3) қаржылық жоспарлау, бюджеттеу мен шоғырландырудың АЖ;
4) деректерді корпоративтік сақтау орны.
Жоғарыда көрсетілген міндеттерді іске асыру үшін Холдинг ақпараттық технологияларды дамыту стратегиясын әзірлейді.
2. Қаржы ресурстарын басқару тиімділігін арттыру
Ескерту. 2. Кіші бөлімге өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 13.02.2017 № 59 қаулысымен.
Осы міндетті орындау тиімділігінің мониторингі қызметтің мынадай ҚБК-ні белгілеу арқылы жүзеге асырылады:
а) даму стратегиясы іске асырылуының бүкіл кезеңі ішінде егеменді деңгейінен төмен емес Холдингтің кредиттік рейтингісін алу және қолдау;
b) 2018 жылға дейін Борыш/Капитал көрсеткішін 7,0 аспайтын деңгейде ұстау. 2023 жылға Борыш/Капитал нысаналы көрсеткіші рейтингтік агенттіктердің ұсыныстарына сәйкес айқындалатын болады.
Қойылған міндетке қол жеткізу шаралары
Холдингтің міндеттерінің бірі активтер және пассивтерді басқару сапасын арттыру (кірістілікті арттыру/тәуекелдерді төмендету) және топтың ішкі ресурстарын қайта бөлу есебінен ресурстардың құнын арзандату арқылы ЕҰ-дың интеграцияланған жұмысының синергиясын іске асыру болып табылады.
Холдинг тобының қаражат ағындарын болжамдау және қажеттілікке қарай қайта бөлу есебінен қазынашылық функцияны басқарудың интеграцияланған жүйесі уақытша бос ақша қаражатты орналастырудан экономикалық тиімділікті едәуір жоғарылатуға мүмкіндік береді. Холдинг қазынашылықтың интеграцияланған жүйесін енгізу бойынша жұмысты бастады және қолда бар активтердің сақталуына қойылатын талаптарды белгілеу, қаржы институттарымен және инвесторлармен өзара қарым-қатынастар процестерін автоматтандыру және орталықтандырылған басқару, қазынашылық операциялар бойынша процестердің тиімділігіне мониторингті орнату және өлшеу, Холдинг контрагенттеріне лимиттерді белгілеу және оларды басқару есебінен қазынашылық операциялар бойынша тәуекелдерді басқарудың шоғырландырылған жүйесін енгізу арқылы транзакциялық шығындарды қысқарту жұмысын жалғастырады.
Холдингтің компаниялар тобының синергиясын қамтамасыз етудің басқа маңызды міндеті Холдингтің барлық тобы үшін қорландырудың құнын оңтайландыруға мүмкіндік беретін сыртқы ресурстарды тартуға қатысты шоғырландырылған тәсілді енгізу болып табылады. Бұл ретте, ағымдағы сәттегі қарыз жүктемесінің аса жоғары емес деңгейін және Холдинг тобының жоғары кредит төлеу қабілеттілігін ескере отырып, Холдингтің қаржылық орнықтылығын қолдау маңызды болып табылады.
Холдинг Қазақстан Республикасының экономикасын әртараптандыруға және орнықты дамытуға жәрдемдесе отырып, мемлекеттік даму бағдарламаларын қаржыландыруға қатысады. Қаржыландырудың қосымша мүмкіндіктері жергілікті және халықаралық капитал нарықтарынан қорландыруды тарту арқылы іске асырылады.
Холдинг қаржыландыруды тарту кезінде мынадай мақсаттарды ескереді:
1) мемлекеттік даму бағдарламаларын іске асыру кезінде Холдингтің қажеттіліктерін қаржы ресурстармен уақтылы қамтамасыз ету;
2) тартылатын қарыздың оңтайлы шарттары;
3) тартылатын қаржыландырудың мақсатты пайдаланылуы;
4) Холдингтің қаржылық орнықтылығын шоғырландырылған деңгейде сақтау.
Көрсетілген мақсаттарды іске асыру үшін Холдинг және оның ЕҰ-ның инвестициялық тартымдылығын ұлғайту, оның ішінде Холдингтің егеменді деңгейден төмен емес кредиттік рейтингіні алу және сақтау, инвесторларға қойылатын талаптарға және Холдингтің бағалы қағаздарының өтімділігін жоғары деп тануға қатысты нормативтік құқықтық актілерге өзгерістердің енгізілуіне бастамашылық ету, қорландырудың оңтайлы көздерін және қолда бар ресурстарды пайдаланудың мүмкіндіктерін іздестіру жұмысы жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, жеке меншік инвестицияларды тартудың мүмкіндігі болмаған жағдайда, Холдингтің қаржылық орнықтылығын және қажетті қаржыландыру көзімен қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қолдаудың рөлі өте маңызды болады.
Осыған орай Холдинг инвестицияларының негізгі көздері мен оларды тартудың тетіктерін айқындау маңызды болып табылады:
1) Холдинг ұйымдары арасында қолда бар қаржы ресурстарын қайта бөлу арқылы топ ішіндегі қаржыландыру. Осы міндетті іске асыру тетігі қысқа мерзім ішінде өтімділігі артық ұйымдардан тапшылығы бар ұйымдарға өтімділіктің көшуін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін түрлі қаржы құралдарын қамтиды;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі бастамашылық еткен даму бағдарламалары шеңберінде Холдингке бөлінетін бюджеттік инвестициялар мен қарыздар;
3) орталықтандырылған тәсілмен ресурстарды алдағы уақытта жобаны түпкілікті іске асырушыға дейін жеткізумен бірге Холдинг арқылы ғана емес, оған дейін тиісті инфрақұрылымы және тарихы бар Холдинг тобының ЕҰ арқылы да іске асырылатын капиталдың ішкі және сыртқы нарықтарындағы нарықтық қарыздар;
4) тікелей инвестициялардың бірлескен қорлары және/немесе бірлескен кәсіпорындар шеңберінде меншікті қаржы институттарының қаражатын тарту;
5) Холдинг ұйымдары өндіретін меншікті қаражат.
Кез келген қарыз алу кезінде Холдинг, бірінші кезекте қолда бар ресурстарды және оларды белгілі бір жобаға пайдалану мүмкіндігін ескеретін болады. Қарыз алулар ортақ лимиттер мен шекті қаржылық коэффициенттерді белгілеу арқылы Холдингтің қарызын басқару жолымен қаржылық орнықтылықты сақтаған және мүмкіндігінше арттырған кезде жүзеге асырылады.
Әлемдік экономиканың үрдістерін және капитал нарықтарының ахуалын талдау нәтижелері бойынша Холдинг көрсетілген коэффициенттерді тұрақты түрде қайта қарауды жүзеге асыратын болады. Бұл ретте, осы коэффициенттер Қазақстан Республикасы Президентінiң 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 234 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттiк және жалпы сыртқы борышты басқару жөнiндегi тұжырымдаманы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 26 маусымдағы № 590 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасын ескере отырып, мемлекет белгілейтін орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңге мемлекеттік және квазимемлекеттік борыштың шекті деңгейлерін ескеретін болады.
3. Қызметтің ашықтығын және халықтың сенім деңгейін арттыру
Осы міндетті орындау тиімділігін мониторингтеу мақсатында 2014 жылы "Халықтың сенім деңгейі индексінің көрсеткішін арттыру" атты қызметтің ҚБК-сін айқындау әдіснамасы әзірленетін болады.
Қойылған міндетке қол жеткізу шаралары
Даму институттары қызметінің жоғары экономикалық және әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, Холдинг олардың қызметі туралы нысаналы аудиторияны белсенді хабардар етуге ұмтылады. Бұл азаматтар мен іскерлік қоғамдастықты Холдинг іске асыратын бағдарламаларға қатыстыруға қол жеткізуге, сондай-ақ оның іскерлік беделін мақсатты арттыруға мүмкіндік береді.
Осы міндетті іске асыру үшін Холдинг бірыңғай коммуникациялық стратегия негізінде арнайы PR және жарнамалық іс-шараларды жүзеге асырады.
Дүниежүзілік қаржы институттары сияқты, сондай-ақ акционерлік қоғамдар туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес Холдинг қаржы ахуалы, дивидендтік саясаты мен кредиттік тарихы, сондай-ақ еншілес ұйымдардың даму перспективалары туралы өзекті ақпаратты ашып көрсетуге ұмыталады, бұл Холдингтің, оның ЕҰ-ның мәртебесін жоғарылатуға, сондай-ақ қосымша сыртқы қорландыруды тартуға ықпал етеді.
Холдингтің квазимемлекеттік сектордың субъектісі болып табылатынын, сондай-ақ жұртшылық тарапынан даму институттарының қызметіне көңіл бөлуінің тиісті деңгейін ескере отырып, Холдинг мемлекеттік бағдарламаларды, сондай-ақ сыртқы аудиториялардың ең үлкен назарын аударатын жеке ішкі рәсімдерді (сатып алулар, қызметке қабылдау, қаржылық және қаржылық емес қызметтер көрсету) іске асыруға қатысты қабылданатын шешімдер ашықтығының жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.
Бұл міндетті шешу үшін қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктері және коммуникациялардың дәстүрлі құралдары қолданылады.
Нысаналы аудиториялардың Холдинг қызметіне қатысты сенімділігін арттырудың маңызды факторы Холдинг және оның ЕҰ-ы көрсететін қызметтер сапасына қанағаттанушылық деңгейін дәйекті түрде күшейту болады. Ол үшін Холдинг клиентке бағдарлану деңгейін өлшеуге және осы көрсеткішті мақсатты жақсартуға бағытталған арнайы іс-шараларды өткізетін болады.
Холдинг қызметіне сенімділік деңгейін арттыру оның қызметінің жалпы тиімділігіне айтарлықтай ықпал етеді.
4. Холдинг дамуының стратегиялық бағыттары
Холдинг миссиясы мен пайымын іске асыру мақсатында дамудың бес басты стратегиялық бағыты бойынша жұмыс жүргізеді:
1. Экономиканың басым секторларын қаржылық қолдау арқылы Қазақстан Республикасы экономикасының орнықты дамуын қолдау.
2. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау.
3. Экономиканың жаңа, қазіргі заманғы салаларын қолдау және инновацияларды дамыту.
4. Қазақстандық компаниялардың экспорттық қызметін қолдау
5. Мемлекеттің әлеуметтік бағдарланған міндеттерін шешуге жәрдемдесу.
№ | Стратегиялық бағыттар | Стратегиялық міндеттер |
1. | Экономиканың басым секторларын қаржылық қолдау арқылы Қазақстан Республикасы экономикасының орнықты дамуына жәрдемдесу | Кредиттеу және инвестициялау тетіктері арқылы экономиканы қаржыландыруды қамтамасыз ету |
Инфрақұрылымдық жобаларды, оның ішінде МЖӘ жобаларын құрылымдауды және қаржыландыруды қамтамасыз ету | ||
Экономиканы қаржыландырудың қажетті деңгейін қамтамасыз ету бойынша жеке меншік қаржы институттарымен өзара іс-қимыл жасасу | ||
2. | Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау | ШОБ кәсіпорындарын қаржылық қолдауды қамтамасыз ету |
ШОБ субъектілерінің құзыреттерін дамыту | ||
3. | Экономиканың жаңа, қазіргі заманғы салаларын қолдау және инновацияларды дамыту | Экономиканың жаңа салаларын және инновациялық жобаларды қаржылық қолдауды қамтамасыз ету |
Инновациялық инфрақұрылымды дамыту | ||
Инновацияларға бағдарланған кәсіпорындар құзыреттерін дамыту және технологиялар трансфертіне жәрдемдесу | ||
4. | Қазақстандық компаниялардың экспорттық қызметін қолдау | Экспорттық сақтандыруды және сауданы қаржыландыруды дамыту |
Қазақстандық кәсіпорындардың экспорттық қызметін қаржылық емес қолдау | ||
5. | Мемлекеттің әлеуметтік бағдарланған міндеттерін шешуге жәрдемдесу | Тұрғын үй-құрылыс жинақтары жүйесін дамыту |
"Кейіннен сатып алу арқылы жалға беру" құралын дамыту | ||
Ипотекалық тұрғын үй нарығын қолдау | ||
Ипотекалық кредиттерге кепілдік беруді дамыту |
4.1. 1-стратегиялық бағыт
Экономиканың басым секторларын қаржылық қолдау арқылы Қазақстан Республикасы экономикасының орнықты дамуына жәрдемдесу
Мақсаты: экономиканы әртараптандыруға және инфрақұрылымды жаңғыртуға жәрдемдесу
Дағдарыстан кейінгі кезең ішінде инвестициялық белсенділіктің төмендеуі, сондай-ақ экономиканы одан әрі әртараптандыру, өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, инфрақұрылымды дамыту және жаңғырту бойынша жұмыс жүргізу қажеттілігі экономиканы қаржыландыруда даму институттарының рөлін айтарлықтай арттырады.
Холдингтің бұл бағыттағы стратегиялық міндеттері болып табылатындар:
1. Кредиттеу және инвестициялау тетіктері арқылы экономиканы қаржыландыруды қамтамасыз ету.
2. Инфрақұрылымдық жобаларды, оның ішінде МЖӘ жобаларын құрылымдауды және қаржыландыруды қамтамасыз ету.
3. Экономиканы қаржыландырудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету бойынша жеке меншік қаржы институттарымен өзара іс-қимыл жасасу.
1.1. Кредиттеу және инвестициялау тетіктері арқылы экономиканы қаржыландыруды қамтамасыз ету
Бұл бағыт шеңберінде Холдинг қолда бар және тартылатын қаражат есебінен берілетін кредиттер мен тікелей инвестициялар көлемін ұлғайту, Қазақстан экономикасындағы даму институттары есебінен жүзеге асырылатын жобалар үлесін арттыру бойынша жұмыс жүргізеді. Холдингтің нысанасы ҮИИДМБ және ҮИИДМБ-2 сәйкес айқындалған өнеркәсіптің басым секторлары болып табылады. Холдинг қалаулы экономикалық нәтижеге қол жеткізу мақсатында жобалар сапасын бағалауға топтасады. Холдинг түрлі кәсіпкерлік субъектілері үшін олардың қажеттілігіне қарай құрамдастырылған ұсыныстарды әзірлейді және ұсынатын болады.
Стратегиялық міндетті орындау тиімділігіне мониторинг жасау қызметтің мынадай ҚБК-ні белгілеу арқылы жүзеге асырылады:
1) Холдинг активтерінің елдің ЖІӨ-не қатынасын 2014 жылғы 6 %-дан 2023 жылы 7 %-ға дейін арттыру;
2) кредит қоржынын 2014 жылғы 1 321 млрд. теңгеден 2023 жылы 6 619 млрд. теңгеге дейін ұлғайту;
3) инвестициялық қоржынды (қазынашылық операцияларды қоспағанда) 2014 жылғы 50 млрд. теңгеден 2023 жылы 335 млрд. теңгеге дейін ұлғайту;
4) жобаларды дамыту әсері индексінің көрсеткішін ("ҚДБ" АҚ бойынша) 2014 жылғы 62-ден 2023 жылы 70-ке дейін көтеру;
5) Холдингтің жалпы активтерінің кредиттік және инвестициялық үлесін 2014 жылғы 56 %-дан 2023 жылы 77 %-ға дейін арттыру.
Бұл міндетті іске асыру үшін Холдинг мынадай бағыттарда жұмыс жүргізеді.
Экономиканың басым секторларын қаржыландырудың қажетті деңгейін қамтамасыз ету
Холдинг шикізаттық емес сектордың жаңадан құрылатын және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарын қаржыландырудың көлемін ұлғайту арқылы Қазақстан экономикасын қолдауды күшейтуді көздейді. Даму институттары тарапынан инвестициялардың қажетті деңгейін қамтамасыз ету үшін стратегиялық ҚБК бірі арқылы Холдинг компаниялары тобының кредиттік және инвестициялық қоржыны айқындалады.
2013 жылдың қорытындылары бойынша Холдинг активтері ЖІӨ деңгейінің 5,6 %-ын құрады, бұл Қытай даму банкі (14,5 %), Бразилия даму банкі (15,3 %), Корея даму банкі (13 %) сияқты дүниежүзілік даму институттарының тиісті көрсеткіштерінен төмен болып табылады. Холдингтің ЕҰ-ын талдау компаниялар тобының кредит төлеудің жоғары қабілеттілігін айқындады. Ағымдағы өтімділіктің жоғары деңгейінен басқа, сыртқы қарыздарды тартудың едәуір әлеуеті де бар. 2013 жылғы желтоқсанда қарыз алудың бос сыйымдылығы шамамен 1.3 трлн. теңгені құрады. Холдинг экономиканы қаржыландыруға бағытталатын қаражат көлемін ұлғайтуды жоспарлайды. Кредиттеу және инвестициялық қызметтің стратегиялық міндетін іске асыру тиімділігі Холдинг активтерінің елдің ЖІӨ-дегі қатынасымен өлшенетін болады.
Холдинг шикізатты және материалдарды терең қайта өңдеуді жүргізетін, жаңа технологияларды қолдана отырып, бәсекеге қабілетті өнім шығаратын, сондай-ақ перспективалық өнеркәсіптік ұйымдарға өндірістік қызмет көрсететін экономиканың шикізаттық емес секторы кәсіпорындарының инвестициялық жобаларын қаржыландыруға және/немесе инвестициялауға қатысады. Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық саясатын іске асыруға жәрдемдесу, ШОБ секторының негізінде бәсекеге қабілетті өндірістерді жасау және салалық жобаларға қажетті инфрақұрылымды қамтамасыз ету кредиттеудің маңызды критерийі болады.
Холдингтің кредиттеу мен инвестициялау қызметі өнімнің қосылған құнын жоғарылатуға, қолданыстағы инфрақұрылымды жаңғыртуға және залалсыз негізде жаңа өндірістерді дамытуға бағытталатын болады. Іске асырылатын жобалар рентабельдігі, іске асырылуы, стратегиялық маңыздылығы негізінде бағаланады.
Холдингтің компаниялар тобы үшін қаржыландыру мен инвестициялаудың басым салалары түсті және қара металлургия, химия өнеркәсібі, агрохимия, тамақ өнеркәсібі, автомобиль индустриясы және автомобиль жинақтаушыларының өндірісі, электр жабдығының өндірісі, құрылыс материалдарының өндірісі, ауыл шаруашылығы техникасының өндірісі, теміржол техникасының өндірісі, тау-кен жабдығы, мұнай өңдеу құрал-жабдығы, сондай-ақ жеңіл өнеркәсіп, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және фармацевтика болып табылады. Холдинг үшін маңызды ҚБК-нің бірі жобаның даму әсері мен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ету индексі болады. Күрделі шығындарды қысқарту мақсатында шығындарды оңтайландыруға және жобалардың белгіленген мерзімдерде орындалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін күрделі жобалар бойынша консультациялау енгізілетін болады.
Холдинг бірыңғай инвестициялық саясатты енгізеді және инвестициялық қорларға, инвестициялық жобаларға және жобалық компанияларға инвестициялаудың мынадай басым шарттарын белгілейді:
1) басқа инвесторлардың болуы, олармен тәуекелдерді бөлісуді қамтамасыз ету және қатысушы тараптар арасында тәуекелдерді бөлісу;
2) Холдингке басқарушылық және инвестициялық шешімдерді қабылдауға мүмкіндік беретін тетіктің болуы;
3) Холдингтің және/немесе ЕТҰ-ның қатысуымен құрылып, жұмыс істеп тұрған тікелей инвестициялар қорларымен мүдделер шиеленісінің болмауы;
4) Холдингтің және/немесе ЕТҰ-ның инвестициялық қызметінің ашықтығы;
5) инвестициялық қызметтің кірістілігі.
Сондай-ақ, инвестициялық саясат толықтырушы, аралас өндірістерді дамытатын отандық және шетелдік ұйымдар арасындағы өндірістік кооперацияны қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасынан тыс инвестициялық жобаларды бірлесіп қаржыландыру арқылы қазақстандық ұйымдардың шетелдегі белсенділігін арттыруға жәрдемдесетін болады.
Қаржы секторында қажетті бәсекелестікті сақтау мақсатында қызметтің басым бағыттарын айқындау кезінде Холдинг жеке қаржы институттары тарапынан бәсекелестік жеткіліксіз немесе мүлде жоқ салалар мен көлемдерде ғана қолдауды жүзеге асыру тұрғысынан қаржыландырудың орындылығын ескереді және сақтайды. Айталық, "ҚДБ" АҚ кредит берудің ең төменгі мөлшерін жоғарылатуды және $ 50 млн. жоғары жобаларға шоғырлануды жоспарлайды.
Холдинг иелігіндегі қаражатты игерудің ағымдағы төмен деңгейін ескере отырып, Холдинг өз тобындағы қаржы құралдарын игеру сапасын арттырады. Осы бағыттағы қызметтің тиімділігін мониторингтеу мақсатында Холдинг кредиттік және инвестициялық қоржынның (қазынашылық операциялардан басқа) үлесі бойынша стратегиялық ҚБК орындалуын қамтамасыз етеді.
Еншілес ұйымдар қызметіне жаңа құралдарды енгізу және синергетикалық нәтижені қамтамасыз ету
Орнықты кредит беруге және инвестициялауға қатысты ұлғайып келе жатқан қажеттілікті және экономиканың нақты секторы кәсіпорындары қажеттіліктерінің ауқымды деңгейін ескеріп, Холдинг ЕҰ-ның қаржы және қаржылық емес құралдарының кең спектріне ие бола отырып, инвестициялық жобаларды дамудың кез келген кезеңінде қолдайтын болады. Даму институттарының бірлескен жұмысынан синергияны арттыру мақсатында кәсіпорындарға, олардың қажеттіліктеріне қарай, қаржы өнімдерінің құрамдастырылған желісін ұсыну жоспарланады.
Гранттарды беруді, меншікті капиталға кіруді, мезонинді қаржыландыруды, кепілдіктер беруді, мәмілелерді құрылымдауды және т.б. қоса алғанда, инвестициялық жобаларды іске асыру үшін Холдинг ЕҰ-ның қаржы және қаржылық емес құралдарының барлық диапазонын пайдалану жоспарланады. Холдинг ЕҰ-ның барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жобаларды сүйемелдеу экономиканың нақты секторы кәсіпорындарына қаржылық қолдау тиімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді. Экономикада акционерлік капиталдың жетіспеушілігін қысқарту үшін Холдинг ірі өнеркәсіптік жобаларды ұзақ мерзімді айырбасталымды қаржыландыру (мезонинді қаржыландыру) сияқты қосымша құралдарды енгізеді.
Холдинг ШОБ өнімінде жергілікті қамтуды ынталандыру мақсатында жабдықты отандық өндірушілерден негізгі құралдарды сатып алуды (лизинг) қаржыландыратын болады.
Осылайша, қолда бар және жоспарланатын жаңа құралдарды ескере отырып, Холдинг "топтастырылған ұсыныстарды" ұсынатын болады, ондағы түрлі ЕҰ-ның бірқатар құралдары, тұтастай алғанда, өнімнің бір бүтін желісін құрайды. Ірі инвестициялық жобаны іске асырған жағдайда, Холдинг "Өсім капиталы" және "Гринфилд жобалар" топтамаларының ұсынылатын қолдау құралдарының толық жиынтығын да, оның бір бөлігін ғана қолдануға мүмкіндік береді.
Топтама атауы | Құралдар |
"Өсім капиталы" топтамасы |
- Ұзақ мерзімді кредиттер (ҚДБ) |
"Гринфилд жобалар" топтамасы |
- Жобалық қаржыландыру (ҚДБ) |
Сонымен қатар, Холдинг қазақстандық экономиканы қаржыландырудың, оның ішінде екінші деңгейдегі банктермен өзара іс-қимыл арқылы бар өнімдерді жетілдіру және жаңа өнімдерді ұсыну бойынша жұмысты тұрақты негізде жүргізетін болады. Экономиканы кредиттеуді ынталандыру, сондай-ақ $ 50 млн. дейінгі инвестициялық жобаларды іске асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің үлкен санын тиімді қаржылай қолдауды қамтамасыз ету мақсатында "Қазақстан Даму Банкі" АҚ банкаралық кредит беру бағдарламасын одан әрі іске асыруды жоспарлап отыр.
Проблемалық активтерді қаржылық сауықтыру
Проблемалық жобаларды сауықтыру бойынша бар тәжірибені ескере отырып, Холдинг "ҚИҚ" АҚ еншілес ұйымы арқылы топтың теңгерімін проблемалық активтерден тазарту жұмысын жалғастырады.
"ҚИҚ" АҚ-ның басты міндеті "ҚДБ" АҚ-ның барлық проблемалық активтерінің 80 %-ға дейін қайта құрылымдау және қайта сату болады. "ҚИҚ" АҚ олардың инвестициялық тартымдылығын жақсарту, инвесторларды іздеу және тарту арқылы бар жобаларды сауықтыруға шоғырланады.
1.2. Инфрақұрылымдық жобаларды, оның ішінде МЖӘ жобаларын құрылымдауды және қаржыландыруды қамтамасыз ету
МЖӘ жобаларын іске асыруды қолдау Холдинг қызметінің маңызды стратегиялық міндеті болып табылады. Жобаларды барынша тиімді құрылымдау үшін Холдинг МЖӘ жобаларын сүйемелдеу орталығын (бұдан әрі – МЖӘ ЖСО) құрады. МЖӘ жобаларын қаржыландыру Холдингтің ЕҰ-ның қолданыстағы құралдарын пайдалану арқылы да, жаңадан құрылатын Инфрақұрылымдық жобалар қорының (бұдан әрі – ИЖҚ) қаражатын тарту арқылы да іске асырылады.
Стратегиялық міндетті орындау тиімділігі мониторингісі қызметтің мынадай ҚБК белгілеу арқылы жүзеге асырылады:
1) инфрақұрылымдық жобаларға инвестицияланған Холдингтің жеке қаражатының жинақталған көлемін 2023 жылға қарай 50,6 млрд. теңгеге дейін арттыру;
2) консультациялық қызметтер көрсетілген, инфрақұрылымдық жобалардың, оның ішінде МЖӘ жобаларының жиынтық санын 2014 жылғы 3 жобадан 2023 жылы 30 жобаға дейін арттыру.
Стратегиялық міндетке қол жеткізу шаралары
Даму институттары МЖӘ және концессия тетіктерін дамыту және қолдану бойынша жұмысты жалғастыратын болады.
Бюджеттік ресурстардың шектеулігі және елдің инфрақұрылымын дамытудағы өсіп келе жатқан қажеттілік даму институттарының МЖӘ жобаларын қолдауда жоғары деңгейде ден қоюын қажет етеді.
Сонымен бірге, МЖӘ дамуын тежейтін заңнамалық кедергілердің болуы, кәсіби кадрлардың тапшылығы және осы саладағы халықаралық консультанттар қызметінің қымбаттылығы, сондай-ақ олардың отандық нарық ерекшеліктері мен Қазақстан Республикасы заңнамасын жеткілікті түрде түсінбеуі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру кезінде МЖӘ құралдары мен тетіктерін тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді.
Осыған байланысты, Холдинг құрылымында МЖӘ ЖСО құрылып, оның қызметінің негізгі мақсаты орталық және жергілікті атқарушы органдарға инфрақұрылымдық жобаларды, оның ішінде МЖӘ қағидаттарында іске асырылатын жобаларды идеядан бастап жобаны іске асыруды аяқтағанға дейін тиімді құрылымдауда және консультациялық сүйемелдеуде қажетті қолдау көрсетуді қамтамасыз ету, Қазақстанның инфрақұрылымдық жобалары жөнінде ақпаратты орталықтандырылып жинау, сондай-ақ әлеуетті инвесторларды хабардар ету, іздеу және тарту болады.
Жеке меншік капиталды тарту мақсатында МЖӘ жобалары бойынша мәмілелерді тиімді және сапалы құрылымдау үшін осы саладағы халықаралық сарапшылар жұмылдырылатын болады. Бұл міндетті шешу даму институттары, жеке меншік сектор мен мемлекеттік органдар арасында тиімді өзара іс-қимылды қажет етеді.
Инфрақұрылымдық жобаларды, оның ішінде МЖӘ жобаларын іске асыру үшін қаржыландыруды ұсыну және тарту мақсатында, Холдинг құрылымында арнайы ИЖҚ құрылады, оны құрудың негізгі мақсаты қаржылық тәуекелдерді жекеше әріптестермен бөлісу арқылы инфрақұрылымдық жобаларға, оның ішінде МЖӘ жобаларына жеке меншік инвестицияларды тарту болады.
Осы Қордың негізгі міндеттері инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін қаржыландыруды ұсыну, сондай-ақ инфрақұрылымдық жобаларды сүйемелдеу және құрылымдау болып табылады.
ИЖҚ құру:
1) құрылысты қаржыландыру мен инфрақұрылымды жаңғыртудың мемлекеттік бюджет мүмкіндіктеріне тәуелділікті төмендетуге;
2) әлеуметтік маңызды инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландырудың қосымша көздерін құруға және инфрақұрылымға капиталдандыруды ауқымдатуға;
3) инфрақұрылымдық жобалар үшін қаржыландырудың барынша төмен құнын қамтамасыз етуге;
4) ұзақ мерзімді салымды және активтерді құруды қаржыландыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жаңадан құрылған МЖӘ ЖСО және ИЖҚ тиімді өзара іс-қимыл және ынтымақтастық арқылы инфрақұрылымдық жобаларды жеке меншік қаржыландыруды тартуға қатысты жүйелі тәсілді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бюджеттік қаражатты тиісінше және тиімді пайдалануды бақылауды қамтамасыз ету және инфрақұрылымдық жобалардың экономикалық тұрғыдан тиімді іске асырылуы үшін МЖӘ ЖСО мемлекеттік органдардың тапсырысы бойынша көрсетілген жобаларды іске асыруды мониторингтеуді іске асыратын болады.
Инфрақұрылымдық жобаны іске асыру қажет болған жағдайда, Холдинг "Инфрақұрылымдық жобалар" топтамасының ұсынылатын қолдау құралдарының толық спектрін де, олардың бір ғана бөлігін де пайдалану мүмкіндігін береді.
Топтама атауы | Құралдар |
"Инфрақұрылымдық жобалар" топтамасы |
- ИЖҚ (ҚКМ) |
Көрсетілген қаржы және қаржылық емес құралдарды қолдану мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаттарында іске асырылатын инфрақұрылымдық жобаларға даму институттарының және басқа да қаржы ұйымдарының қаражатын тартуға жағдай жасауға мүмкіндік береді.
1.3. Экономиканы қаржыландырудың қажетті деңгейін қамтамасыз ету бойынша жеке меншік қаржы институттарымен өзара іс-қимыл жасасу
Холдинг жеке меншік инвестицияларды тартуға және мемлекеттік қаражатты инвестициялаудағы мультипликативті әсерді қамтамасыз етуге бағытталады. Осы міндетті шешу мақсатында Холдингтің компаниялар тобы бірлесіп инвестициялауға қатысу үшін жеке меншік сектормен, сондай-ақ экономикаға қаржыландырудың қосымша деңгейін тарту үшін халықаралық қаржы институттарымен және екінші деңгейдегі банктермен ынтымақтастықты және өзара іс-қимылды жан-жақты дамытатын болады.
Стратегиялық міндетті орындау тиімділігінің мониторингісі қызметтің мынадай ҚБК белгілеу арқылы жүзеге асырылатын болады:
Стратегияны әрі қарай іске асыру кезеңі барысында Қазақстанға тартылған тікелей жеке меншік инвестициялардың мемлекеттік қаражат бірлігіне үлесін 2014 жылы 1,7-ден 2-ден төмен емес көлемге дейін арттыру.
Қойылған міндетке қол жеткізу шаралары
Холдинг екінші деңгейдегі банктермен бірлесіп қаржыландырудың тетіктерін дамытуды жоспарлап отыр. Даму институттарынан неғұрлым арзан кредит беруін жеке қаржы институттарының қаржыландыруымен араластыру кәсіпорындар үшін тарту құнын айтарлықтай төмендетуге және Қазақстан экономикасының нақты секторына бағытталған қаражаттың жалпы көлемін арттыруға мүмкіндік береді.
Инвестициялық қызметті іске асыру және қажетті синергияны құру тиімділігін арттыру мақсатында Холдинг халықаралық қаржы ұйымдарымен, мамандандырылған мемлекеттік және халықаралық даму институттарымен, даму банктерімен ынтымақтастықты орнату мен тереңдетуді, сондай-ақ олармен қызметті үйлестіруді жоспарлайды. Сондай-ақ, тығыз өзара іс-қимыл ХҚҰ-дан халықаралық сараптаманы, тәжірибе мен зияткерлік әлеуетті тартуға жәрдемдеседі.
Қазақстандағы тікелей инвестициялар нарығын одан әрі дамыту үшін Холдинг жеке меншік сектормен бірігіп, бірнеше қорды құрады. Айталық, жобаларды дамудың алғашқы сатысында қолдау үшін Бастапқы жобалар қоры құрылады.
Сондай-ақ, "ҚКМ" АҚ базасында инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру мен іске асыруда мол тәжірибесі бар ірі халықаралық қаржы институттарын тарта отырып, ИЖҚ құрылатын болады.
Мемлекет қаражатымен бірге жеке инвестицияларды тарту арқылы мультипликативті әсерді қамтамасыз ету Холдинг қызметінің маңызды стратегиялық міндеті болып табылады.
4.2. 2-стратегиялық бағыт
Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау
Мақсаты: ШОБ секторын дамытуға жәрдемдесу
ШОБ секторының жай-күйі мен даму деңгейі елдің экономикалық орнықты өсуін қамтамасыз етуде, бәсекеге қабілетті және әртараптандырылған экономиканы құруда маңызды рөл атқарады. "Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау" стратегиялық бағыты шеңберінде Холдингтің негізгі міндеттері қаржылық қолдау көрсету және ШОБ субъектілері құзыреттерін дамыту арқылы ШОБ-тың дамуына жәрдемдесу болып табылады.
Осы стратегиялық бағыттың міндеттерін іске асыру тиімділігінің мониторингісі қызметтің мынадай ҚБК белгілеу арқылы жүзеге асырылады:
1) қаржы бағдарламалары бойынша кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған қаражат көлемін 2014 жылғы 328 млрд. теңгеден 2023 жылы 583 млрд. теңгеге дейін арттыру;
2) негіздеп орналастыру бағдарламасы бойынша ЕДБ тарапынан берілген кредиттер бойынша ШОКС бірлесіп қаржыландыру мультипликаторын 2023 жылы 2-ге 1 мәніне дейін арттыру;
3) бюджеттен тыс қаржы көздерінен ШОКС қаржыландыру үшін тартылған қаражат үлесін 2014 жылғы 20 %-дан 2023 жылы 40 %-ға дейін ұлғайту;
4) оқыту бағдарламаларына қатысушылардың арасынан өз бизнесін ашқандардың үлесін 2014 жылғы 10 %-дан 2023 жылы 25 %-ға дейін ұлғайту.
2.1. ШОБ субъектілерін қаржылық қолдауды қамтамасыз ету
Холдинг қызметі ШОБ үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыруға бағытталуы тиіс. Ағымдағы сәтте ЕДБ қоржынындағы ШОБ субъектілері үшін кредиттер үлесі 20 %-дан аспайды. Кредит беру шарттары жоғары пайыздық мөлшерлемелермен (тиімді мөлшерлеме 20 %-дан артық болуы мүмкін), сондай-ақ кепілге қойылатын қатаң талаптармен (94 % жағдайда ЕДБ кредит бойынша кепілдік беруді талап етеді) сипатталады. Қойылған міндетті орындау және ШОБ кредит беру нарығында қалыптасқан кемшіліктерді жою үшін Холдинг мынадай шараларды іске асырады:
ШОБ қаржылық қолдауды, оның ішінде кепілдіктердің, субсидиялардың және жеңілдікпен қаржыландырудың, қаржы лизингінің, микроқаржыландырудың және т.б. көлемін ұлғайту
Холдинг ЕТҰ-мен бірлесіп, ШОБ субъектілерінің кредиттер және қаржы лизингі шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау, сондай-ақ "Бизнестің жол картасы – 2020" бағдарламасының шеңберінде ШОБ субъектілерінің кредиттеріне кепілдік беру бойынша жұмыс жүргізеді. Субсидиялау арқылы мемлекет кәсіпорындардың орнықты және табысты дамуына жағдай жасайды. Өз кезегінде, кәсіпорындар өз қызметі процесінде, бюджетке түсімдерді қамтамасыз ете отырып, алынған субсидиялардың орнын толтырады. Субсидиялау шарттары жасалатын кредиттер мөлшерін жеткілікті бюджеттік қаражатты бөлу кезінде ұлғайту жоспарланады.
ШОБ қолдаудың халықаралық тәжірибесін ескере отырып, Холдинг кәсіпкерлер үшін кредиттердің қолжетімділігін арттыруға ықпал етіп, бұл ретте мемлекет тарапынан қаражаттың үлкен көлемін бөлуді талап етпейтін кепілдік беру құралын қолдануды кеңейтеді. Бастапқы жобаларды қолдау үшін кредит сомасының 70 %-ға дейін жедел-кепілдіктер, қолданыстағы жобалар үшін – 300 млн. теңгеге дейін жеке кепілдіктер беріледі. Жоспарлы кезеңде берілген кепілдіктер саны 3 000 бірліктен асып түседі.
Холдинг жеке меншік институттары арқылы ШОБ субъектілерін қаржыландыру бағдарламаларын іске асыруды жалғастыра береді. Осы құрал кәсіпкерлерге кредит берудің жеңілдікті шарттарын жасауға, қаржы институттарында өтімділіктің төмендеуі кезеңінде кредиттер тапшылығын қысқартуға, негізгі құралдарды кеңейту мен жаңғырту үшін лизингтік мәмілелерді қаржыландыруға, сондай-ақ кредиттік тарихы және жеткілікті кепілдігі жоқ кәсіпкерлерді қолдаудың қосымша құралы ретінде микроқаржыландыруды дамытуға мүмкіндік береді. Холдинг банктік кредит берудің күрт қысқаруын нивелирлеуге, кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелердің тұрақты деңгейін сақтауға, кредит берудің өңірлік және салалық диспропорциясын қысқартуға мүмкіндік беретін ШОБ секторын қорландырудағы тұрақты үлесті сақтау бойынша жұмыс жүргізеді. Осы мақсатпен қаржы институттарындағы қаржыландыруды орналастыру кезінде ШОБ үшін жеңілдікті жағдайларды қамтамасыз ете отырып, соңғы қарыз алушылар үшін сыйақы мөлшерлемесі бойынша операторларға әкімшілік шығыстарды өтеуге мүмкіндік беру үшін шектеулер қарастырылады. Экономика дамуының басымдықтарына байланысты қаржы институттарына өңірлер мен салалар арасында кредит бөлу бойынша қосымша талаптар белгіленетін болады.
Қаржылық қолдауды алушылардың сегментін кеңейту үшін басқа да құралдар енгізіледі.
Ынтымақтастық бағыттарын және жеке қаржы институттарымен бірлесе отырып, ШОБ қаржыландыру/бірлесіп қаржыландыру тетіктерін кеңейту
Кредит беру нарығында мемлекет жеке қаржы институттарымен бәсекелеспей, олардың ұйымдық-техникалық мүмкіндіктерін қолданып, ШОБ қолдау шеңберінде ұлттық даму институттарының жеке қаржы институттарымен ынтымақтастық тәжірибесі ШОБ секторын Тұрақтандыру бағдарламасы шеңберінде өз тиімділігін көрсетті. Бағдарламаларды іске асыру нәтижесінде ШОБ секторы 5 млрд. АҚШ долларынан астам жеңілдікті қаржыландыру алды.
Холдинг ЕДБ-мен бірлесіп, ынтымақтастық бағыттарын және ШОБ қаржыландыру/бірлесіп қаржыландыру тетіктерін кеңейту бойынша жұмыс жүргізеді. Атап айтқанда, кредит беру көлемін ұлғайту үшін бағдарламалар шеңберінде ЕДБ-мен ШОБ жобаларын міндетті түрде бірлесіп қаржыландыру есебінен мультипликатор енгізілетін болады. ЕДБ-ні ШОБ жобаларын тепе-тең шарттармен бірлесіп қаржыландыруға ынталандыру есебінен мультипликатордың мәнін 2-ге дейін жеткізу жоспарланады. Бұдан басқа, Холдинг нысаналы өңірлік және салалық бағдарламаларды іске қосу арқылы жеке қаржы институттарын Қазақстан өңірлерінде және экономиканың басым салаларында ШОБ-ты қаржыландыруды кеңейтуге ынталандырады.
ШОБ-ты қаржыландыру көлемін ұлғайту мақсатында ішкі және сыртқы нарықтарға қосымша қорландыруды тарту
ШОБ-ты тиімді қаржылық қолдау үшін Холдингтің міндеті халықаралық қаржы институттары мен басқа да бюджеттен тыс көздер қаражатының үлесін арттыру кезінде мемлекеттік қорландыру үлесін қысқарту болады. Атап айтқанда, 2014 – 2015 жылдар аралығында 350 млн. АҚШ доллары сомасына АДБ-нің 2-ші және 3-ші траншін тарту күтілуде. Қаржы институттары тарапынан неғұрлым арзан қаржыландыруды тарту үшін кредиттік рейтингті алу, өзінің рейтингтік позицияларын сақтау және оларды жақсарту бойынша жұмыс жүргізу жоспарланады. Бұдан басқа, өңір үшін барынша маңызды ШОБ секторларын қаржыландыру үшін жергілікті атқарушы органдардың қаражаты тартылатын болады. Қаржыландыру көзі ретінде жергілікті нарықта және перспективада евробондтарды шығару арқылы облигациялық қарыздарды тарту мүмкіндіктері пысықталады.
2.2. ШОБ субъектілерінің құзыреттерін дамыту
Холдинг әлеуетті және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлердің ШОБ құзыреттерін дамыту бойынша көрсетілетін қызметтер қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізеді. Осы кешенге бизнесті жүргізу негіздерін оқыту, әлеуетті және ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді консультациялық сүйемелдеу, ШОБ-тың топ-менеджерлерін озық дүниежүзілік тәжірибелерге оқыту жөніндегі жобалар, жұмыс істеп тұрған бизнесті сервистік қолдау, шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстарды орнатуға жәрдемдесу, шетелдік сарапшы-тәлімгерлерді тарту және т.б. кіруі тиіс. Қойылған міндетті орындау үшін мынадай шаралар іске асырылады:
Кәсіпкерлер үшін көрсетілетін консультациялық қызметтер инфрақұрылымын дамыту
Қазақстанның барлық елді мекендерінде кәсіпкерлерді консультациялық қызметтермен барынша қамтуды қамтамасыз ету үшін кәсіпкерлер құзыреттері орталықтарының үш деңгейде дамуы көзделген:
1) облыс – консультациялық қызметтердің толық кешенін көрсететін стационарлық Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – КҚКО). Қазіргі уақытта елдің барлық облыс орталықтарында, сондай-ақ Алматы, Астана және Семей қалаларында 17 КҚКО ашылған;
2) моноқала – бастапқы консультация беруді, хабардар етуді және базалық оқытуды көрсететін стационарлық кәсіпкерлікті қолдаудың орталықтары (бұдан әрі – КҚО). Қазіргі уақытта КҚО барлық 27 моноқалада ашылған;
3) аудан – кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын әрі қарай дамыту мақсатында КҚО Қазақстанның аудан орталықтарында және шағын қалаларында ашылатын болады. Шамамен 161 аудандық орталықты ашу жоспарлануда.
Бұдан басқа, қазіргі уақытта елдің барлық 14 облысында бастапқы консультация беру және ақпараттандыру, сондай-ақ ақпараттық-үлестірме материалдарды тарату үшін мамандардың жүйелі түрде ауылдарға және кенттерге шығуын іске асыратын Кәсіпкерлікті қолдаудың мобильді орталықтары (бұдан әрі – КҚМО) жұмыс істеп жатыр.
Орталықтардың түйінді функциясы өңірлерде бизнес климатты жақсарту мақсатында "бір терезе" қағидаты бойынша түрлі кәсіпкерлікті қолдау институттарының барлық қолдау құралдары бойынша консультациялық қызмет көрсету болып табылады. Орталықтардың жұмысы кәсіпкерлерге Холдинг құрылымындағы ЕТҰ-да бар көрсетілетін қызметтер бойынша жеке бизнесті дамытуға арналған шешімдер "топтамаларын" алып, компаниялар тобының қызметінен синергияны арттыруға жағдай жасауға мүмкіндік береді. Консультация беруді даярланған мамандар жүзеге асыратын болады.
Кәсіпкерлерді оқыту және құзыреттерін арттыру
Кәсіпкерлерді оқыту "Бизнестің жол картасы – 2020" бағдарламасының 4-бағытын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылады. Оқыту бағдарламалары ісін жаңа бастаған және жұмыс істейтін кәсіпкерлерді, оның ішінде жастарды, қалыптасқан компаниялардың топ-менеджментін оқытуды және қазақстандық кәсіпкерлердің шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстарын кеңейтуді қамтиды.
Сондай-ақ, Қазақстан кәсіпорындарында менторлар ретінде шетелдік сарапшыларды тарту бойынша "Аға сеньорлар" жобасын одан әрі іске асыру жүргізіледі.
ШОБ үшін бірыңғай ақпараттық алаңды енгізу және қашықтықтан көрсетілетін қызметтердің басқа нысандарын дамыту
Ақпараттық технологиялардың дамуы Холдингке нысаналы аудиторияны қашықтықтан интернеттің (online) көмегімен көрсетілетін қызметтермен қамтуды кеңейту мүмкіндігін береді. Қашықтықтан көрсетілетін қызметтер қатарында кәсіпкерлерге Қазақстан кәсіпкерлеріне арналған бірыңғай ақпараттық алаң – бизнес-порталға кіру мүмкіндігі беріледі, оның шеңберінде бизнес саласындағы сұрау салудың кез келген деңгейін қанағаттандыра алатын үздік ақпараттық ресурстар және Холдинг бағдарламалары туралы толық ақпаратты алу үшін Call-орталығы интеграцияланады.
Бизнес-портал кәсіпкерлікті қолдаудың барлық шаралары туралы қолжетімді форматтағы ақпаратты, жаңалықтар мен талдамалық мақалаларды, оқу материалдары мен кейстерді, маркетингтік зерттеулер мен шолуларды, мемлекеттік ұйымдар мен ұлттық компаниялардың сатып алулары туралы жоспарлар мен хабарландыруларды және т.б. қамтитын болады. Бизнес-порталдың функцияларының бірі "Бизнестің жол картасы – 2020" шеңберінде қаржылық емес қолдау бойынша жобаларға, сондай-ақ бизнес-порталда ұсынылған "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның, "ҚазАгро" ҰБХ АҚ-ның, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің және бизнес-порталда ұсынылған басқа да еншілес ұйымдардың іске асырылатын жобаларға қатысу үшін онлайн-өтінімдерді қабылдау болып табылады. Бизнес-портал кәсіпкерлер үшін ең белсенді және сұранысқа ие бизнес алаңы ретінде ілгерілетіледі, мұнда кәсіпкерлік қызметті жүргізудің түрлі мәселелері талқыланады, мамандар мен бизнес қоғамдастықтың білікті және беделді қатысушылары тарапынан қолдау мен консультацияларды онлайн режимінде алуға болады. Болашақта бизнес-порталды Электрондық Үкіметтің egov.kz порталымен интеграциялануы ықтимал, ол мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін онлайн-өтінімдерді беруге мүмкіндіктер ашады.
Холдинг корпоративтік ақпараттық жүйе – CRM (бұдан әрі – Customer Relationship Management) жүйесін енгізеді, бұл жүйе кәсіпкерлермен өзара іс-қимылды автоматтандырып қана қоймай, ең жоғарғы нәтижені алу үшін өзара іс-қимылды құруға мүмкіндік береді. CRM-жүйесін енгізу үшін компаниялар мен олардың жобалары туралы барынша егжей-тегжейлі ақпарат қамтылған кәсіпкерлердің деректер базасы әзірленеді. Нарықта жаңа мүмкіндіктер мен нысаналы аудитория тарапынан қажеттіліктердің пайда болуына қарай ЕТҰ кәсіпкерлерге қашықтықтан қызмет көрсетудің баламалы құралдарын енгізуді іске асыратын болады.
ШОБ субъектілерін кешенді қолдау
ШОБ субъектілерінің қаржылық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында Холдинг "Шағын және орта бизнесті қолдау" топтамасының ұсынылатын құралдарының толық жиынтығын да, бір бөлігін де пайдалануға мүмкіндік береді.
Топтама атауы | Құралдар |
"Шағын және орта бизнесті қолдау" топтамасы |
- ЕДБ-мен кредиттерді бірлесіп қаржыландыру (Даму) |
4.3. 3-стратегиялық бағыт
Экономиканың жаңа, қазіргі заманғы салаларын қолдау және инновацияларды дамыту
Мақсаты: экономиканың инновациялық дамуына жәрдемдесу
Экономиканың жаңа салаларын қолдау және инновацияларды дамытудағы маңызды кезеңі 2010 жылғы наурызда ҮИИМДБ бекіту, сондай-ақ 2012 жылғы қаңтарда "Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы" Заңды қабылдау болды. Дәл осы заңмен "ТДҰА" АҚ – инновациялық жобаларды мемлекеттік қолдау құралдарының негізгі операторы болып белгіленді.
ҮИИМДБ іске қосылған сәттен бастап елдің инновациялық даму индикаторлары өсімінің оң серпіні байқалады. Айталық, 2013 жылы инновациялық белсенді кәсіпорындар үлесі 7,6 %27 құрады. Қазақстан 148 ел ішінде инновациялар бойынша 84 орынды және технологиялық дайындық деңгейі бойынша 57 орынды (3 жыл ішінде тиісінше 17 және 25 позицияға жақсарды) иемденді28.
2010 – 2013 жылдары 12 млрд. теңгеден астам сомаға 553 инновациялық жобаға қолдау көрсетілді.
Бүгінгі күні Холдинг шеңберінде инновациялық жобаларды қолдау бойынша синергетикалық нәтижеге қол жеткізу тетіктері пысықталуда. Осындай тетіктердің бірі Холдинг жанынан Ғылыми-техникалық кеңестің (бұдан әрі – ҒТК) құру болады, оның міндеті технологиялық сипаттағы мәселелер бойынша талдау және сараптама негізінде ұсынымдарды әзірлеу, перспективалық жобаларды іздестіру және Холдинг құралдары шеңберінде қаржыландыру туралы мәселені алға қою, әлемдегі технологиялық дамудың перспективалы бағыттарын және ЕҰ жұмысының тиімділігін арттыру мүмкіндігін талдау болып табылады. ҒТК Холдинг қаржыландыратын бастапқы кезеңдерде жобаларда технологиялық тәуекелдердің алдын алуға, ескі немесе жарамсыз технологиялардың пайдаланылуын болдырмауға және ең жаңа, тиімді технологияларды ғана тартуға мүмкіндік береді.
"Экономиканың жаңа, қазіргі заманғы салаларын қолдау және инновацияларды дамыту" стратегиялық бағыты шеңберінде Холдинг гранттарды беру, инновациялық инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ инновациялық бағдарланған кәсіпорындардың құзыреттерін дамыту және технологиялар трансфертіне жәрдемдесу арқылы экономиканың инновациялық дамуын қолдауды қамтамасыз етуге ықпал ететін болады.
Аталған стратегиялық бағыттың міндеттерін жүзеге асыру тиімділігінің мониторингісі қызметтің мынадай ҚБК белгілеу арқылы жүзеге асырылады:
1) қолдау құралдары шеңберінде қолдау көрсетілген жобалардың шығарылған өнімінің жыл сайынғы көлемін 2014 жылғы 8 млрд. теңгеден 2023 жылы 13 млрд. теңгеге дейін арттыру;
2) жобалардың жалпы санының коммерцияланған жобалар үлесін 2014 жылғы 15 %-дан 2023 жылы 30 %-ға дейін арттыру;
3) технологиялар трансфертін жүзеге асырған кәсіпорындардың санын 2014 жылғы 12-ден 2023 жылы 70-ке дейін ұлғайту.
______________________
27 Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері
28 World Economic Forum, Global Competitiveness Report 2013–2014
3.1. Экономиканың жаңа салаларын және инновациялық жобаларына қаржылық қолдауды қамтамасыз ету
Экономиканың жаңа салаларына және инновациялық жобаларға қаржылық қолдау көрсету мақсатында Холдинг перспективалық инновациялық идеяларды, әзірлемелерді және технологияларды іздестіру және коммерцияландыруға жәрдемдесу арқылы жаңа инновациялық компаниялардың құрылуына жәрдемдеседі. Ол үшін инноваторларға өз жобаларын идеядан бастап өнім өндіруге дейін іске асыруға мүмкіндік беретін коммерцияландыруға инновациялық грант беріледі.
Бұл ретте Холдинг өнімділікті арттыру, жаңа технологияларды сатып алу, біліктілігі жоғары шетелдік мамандарды тарту, инженерлік-техникалық персоналды шетелде оқыту, басқарушылық технологияларды енгізу және т.б. арқылы жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға олардың тиімділі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жәрдемдесу бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізетін болады.
Сондай-ақ, Холдинг нысаналы технологиялық бағдарламалар шеңберінде отандық ғылымды тарта отырып, ірі ауқымды стратегиялық қолданбалы ғылыми зерттеулерді бизнеспен бірлесіп қаржыландыру арқылы стратегиялық технологиялардың дамуына жәрдемдесу болып табылады. Бұл мақсаттар үшін гранттың арнайы түрі енгізіледі.
Әр 5 жыл сайын бизнестің ірі ұйымдары мен ҒЗИ-дың қатысуымен өткізілетін технологиялық болжамдау МТБ-ды іске асыру бағыттарын айқындау үшін негіз болады. МТБ іске асыру озық шетелдік әзірлемелердң бейімделуіне және оның негізінде өз әзірлемелерін жасауға, сондай-ақ басынан бастап қазақстандық ғалымдармен әзірленген технологияларды дамытуға және өндіріске енгізуге мүмкіндік береді. Бағдарламаларды іске асыру нәтижелері толығымен патенттелген технологиялар мен өнеркәсіптік ауқымда өндіріске дайын пилоттық өндірістері/қондырғылары болады.
3.2. Инновациялық инфрақұрылымды дамыту
Технологиялық бизнес-инкубациялау бағдарламасы жобаларды қолдаудан инноваторларды қолдауға ауысатын болады. Сондай-ақ, инновацияларды дамытудың өңірлік орталықтарын құру және дамыту үшін жергілікті атқарушы органдармен ынтымақтастық та дамиды.
Бұдан басқа, бәсекелестік ортаны дамыту және көрсетілетін қызметтер сапасын жақсарту үшін технопарктерді, технологиялық бизнес инкубаторлар мен ғылыми парктерді, оның ішінде жеке меншік капиталдың қатысуымен құрылған парктерді аккредиттеу жүйесі енгізіледі.
Аккредиттеу тетігін енгізу индустриялық-инновациялық қызметті қолдау процесіне жеткілікті құзыреттері мен ресурстары бар заңды тұлғаларды жіберуге және өңірлерде инновациялық инфрақұрылым жүйесінде бәсекелестікті дамытуға мүмкіндік береді. Кейіннен жобалар жеке меншік технопарктер арқылы іске асырылатын болады.
Жаңа немесе жетілдірілген өнімді өндіру үшін жаңа технологияларды игеруге, білімді таратуға, сондай-ақ салалық конструкторлық бюро шеңберінде отандық кәсіпорындардың инженерлік персоналының біліктілігін арттыруға жәрдем көрсетілетін болады. Конструкторлық бюро назары жеке бизнес пен ұлттық компаниялар тарапынан тапсырыстармен қамтамасыз етілген әзірлемелерге бағытталады. Жоспарлы кезең ішінде салалық конструкторлық бюролар әзірлеген техникалық құжаттаманы игеру нәтижесінде өндірілетін өнім көлемі 30 млрд. теңгеге жетеді. Бұл ретте осы жобалар бойынша роялти ретінде 500 млн. теңге көлеміндегі табыс болжамданады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 429 қаулысын орындау шеңберінде 2016 жылға қарай технопарктерді және конструкторлық бюроларды жеке секторға өткізу бойынша жұмыс жүргізілетін болады.
3.3. Инновациялық бағдарланған кәсіпорындар құзыреттерін дамыту және технологиялар трансфертіне жәрдемдесу
Инновациялық кәсіпкерлікті белсенді дамыту мақсатында нәтижесінде 2024 жылға қарай 5000 адамды оқыту жоспарланатын, шетелдік мамандарды тарта отырып, тренингтер, семинарлар, онлайн-курстарды өткізу арқылы отандық инноваторлардың құзыреттерін және біліктілігін арттыру бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізіледі.
Сонымен бірге, нысаналы технологиялық бағдарламаларды қажетті инженерлік-техникалық және ғылыми кадрлармен қамтамасыз ету үшін Холдинг біліктілігі жоғары мамандарды даярлау және тарту үшін шетелдік және отандық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасуды жүзеге асырады.
Бұдан басқа, көрсетілетін қызметтерді одан әрі ілгерілету, сондай-ақ перспективалық идеялар мен жобаларды іздестіру үшін "ТДҰА" АҚ арқылы өткізілетін инновацияларды танымал ету жөніндегі жұмыс жалғасын табады. Айталық, жоспарлы кезеңде жүргізіліп жатқан инновациялық саясат туралы халықтың хабардар болу деңгейі 15 %-ды құрайды.
Сонымен қатар, технологиялық ынтымақтастықтың халықаралық орталықтары озық шетелдік технологияларды тартуға және енгізуге, бірлескен жобаларды іске асыруға, технологиялық ынтымақтастықты арттыруға, сондай-ақ халықаралық қарым-қатынастарды дамытуға ықпал етуге қажетті жәрдем көрсетілетін болады.
Инновациялық бағдарланған кәсіпорындарды кешенді қолдау
Экономиканың жаңа, қазіргі заманғы салаларын және инновациялардың дамуын қолдау және ШОБ-тің инновациялық бағдарланған субъектілерінің қаржылық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында Холдинг "Инновациялық компанияларды қолдау" топтамасының ұсынылатын қолдау құралдарының толық спектрін де, белгілі бір бөлігін де пайдалануға мүмкіндік береді.
Топтама атауы | Құралдар |
"Инновациялық компанияларды қолдау" топтамасы |
- Гранттар (ТДҰА) |
4.4. 4-стратегиялық бағыт
Қазақстандық компаниялардың экспорттық қызметін қолдау
Мақсаты: қазақстандық тауарлар экспортын ілгерілетуге жәрдемдесу
2012 жылы Қазақстан 92 млрд. АҚШ долларына (тауарлардың әлемдік экспорты көлемінің 0,5 %) тауарларды экспортқа шығарып, экспорттаушы елдер арасында 43 орынды алды29. Өңделген өнім экспортының үлесі жалпы экспорттың 28 %-ын құрады30. Ішкі тұтыну нарығының шектеулігін ескере отырып, жоғары қосылған құнның өнім өндірісін және экспортын ұлғайту мәселесі елдің орнықты дамуын қамтамасыз ету, бәсекеге қабілетті және әртараптандырылған экономиканы құру үшін маңызды болып табылады.
Бұл міндетті шешу үшін ҮИИДМБ бекітіліп, оның шеңберінде Холдингтің еншілес ұйымы "ҚЭГ" АҚ сауданы қаржыландыру және экпорттық сауда операцияларын сақтандыру операцияларын қолдау бойынша қаржы операторы ретінде айқындалды. 2011 – 2013 жылдар ішінде 6,4 млрд. теңгеден астам сомаға 162 экспорттық жөнелтімдерге қолдау көрсетілді.
Қазіргі уақытта ҮИИМДБ-ның 2014 – 2019 жылдарға арналған екінші кезеңінің сауда саясаты маркетингінің құралы болып табылатын Ұлттық экспорттық стратегия әзірленуде. Ұлттық экспорттық стратегияның үш негізгі бағытының бірі экспортты қолдаудың инфрақұрылымын құру болып табылады. Осы бағыттың қаржы операторы – "ҚЭГ" АҚ болып табылады.
"Қазақстандық компаниялардың экспорттық қызметін қолдау" стратегиялық бағыты шеңберінде Холдингтің негізгі міндеттері тауарлық және географиялық экспансиясын кеңейту үшін қазақстандық кәсіпорындарға қаржылық қолдауды, сондай-ақ қазақстандық кәсіпорындардың сыртқы нарықтардағы қызметін қаржылық емес қолдауды қамтамасыз ету болып табылады.
Осы стратегиялық бағыт міндеттерін іске асыру тиімділігінің мониторингісі мынадай ҚБК белгілеу арқылы іске асырылады:
1) шикізаттық емес экспортты экспорттық сақтандыру және сауданы қаржыландыру құралдарымен өтеу үлесін 2014 жылғы 1,4 %-дан 2023 жылы 3 %-ға дейін арттыру;
2) консультациялық қызметтер көрсетілген экспорттық бағдарланған кәсіпорындар үлесін 2014 жылғы 4 %-дан 2023 жылы 8 %-ға дейін арттыру.
_______________________
29 World Trade Organization, International Trade Statistics 2013
30 ҚазСтат
4.1. Экспорттық сақтандыру мен сауданы қаржыландыруды дамыту
Холдинг экспорттық операцияларды сақтандыру бойынша қызметтерді көрсетуді жалғастырады, атап айтқанда:
1) жеткізушінің экспорттық кредитін сақтандыру;
2) құжаттамалық аккредитивтерді және кепілдіктерді сақтандыру;
3) лизинг операцияларын сақтандыру;
4) шетелге тікелей қазақстандық инвестицияларды сақтандыру.
Сондай-ақ, қазақстандық өнімді сатып алатын шетелдік импорттаушы-компанияларға экспорттық сауданы қаржыландыру ұсынылады. Холдинг CIRR мөлшерлемесі бойынша қазақстандық банктерге келісілген шартты салымды беру жолымен қаржыландыруды іске асырады, олар банкаралық нарықта шетелдік компаниямен сауданы қаржыландыру – аккредитивті өтеу үшін, сондай-ақ экспорттық мәмілені кейінгі қаржыландыру үшін шетелдік банкке қарыз береді.
Сондай-ақ, кәсіпорындарды экспортқа дейін қаржыландыру бағдарламасын енгізу арқылы сақтандыру өнімдерінің желісін кеңейту іске асырылады. Бұл, қазақстандық экспорттаушылардың шикізатты сатып алуын қаржыландырудан бастап, экспорттық өнімді кредитке, оның ішінде сауданы қаржыландыруды қолдану арқылы сатып алу арқылы шетелдік импорттаушыларының бұл қаржыландыруды өтеуіне дейін қаржыландырудың аяқталған тізбегін жасауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ лизинг операциялары бойынша сақтандырылатын тәуекелдер тобы кеңейтіліп, қазақстандық банктердің халықаралық кредит ұйымдары мен даму институттарынан алынған банкаралық қарыздарды сақтандыру бағдарламасы әзірленетін болады. Сақтандырушы компаниялар мен сақтандыру делдалдарының ұзақ мерзімді әрекет ететін клиенттері болып табылатын экспорттық бағдарланған кәсіпорындарды қамту мақсатында қазақстандық сақтандырушы компаниялар мен сақтандыру брокерлерінің қатысуымен экспорттық тәуекелдерді бірлесіп сақтандыру және қайта сақтандыру бағдарламасы қосымша әзірленеді.
Холдинг кәсіпорындарды экспорттық қаржыландыру үшін банктермен ынтымақтастықты күшейтеді. Кәсіпорындардың экспортқа дейінгі және экспорттық операцияларымен байланысты тәуекелдерді бір уақытта сақтандыра отырып, экспорттық операцияларды қаржыландыру үшін шетелдік кредиттік мекемелерді тарту бойынша жұмыс жүргізіледі. Сондай-ақ, қазақстандық банктердің кәсіпорындарды экспортқа дейінгі қаржыландыру бағдарламасы әзірленіп, онда өтелетін сақтандыру тәуекелдерінің шектеулі жиынтығы бар кредиттерді төлемеу тәуекелдерінен қаржы мекемелерін сақтандыру мүмкіндігі беріледі.
Холдинг экспорттық бағдарланған кәсіпорындарды қолдау бойынша ЕҰ арасындағы топішілік өзара іс-қимыл жасауды кеңейтуге ниетті. Холдинг шеңберінде "ҚЭГ" АҚ аккредиттелген қазақстандық банктерге кәсіпорындарды экспортқа дейінгі және экспорттық қаржыландыруға арналған қаражатты бөлу үшін өнім әзірленеді. Кәсіпорындарды қаржыландыру кезеңінде банктерге саяси, экономикалық және мүліктік тәуекелдерден аккредитивтерді, кепілдіктерді және кредиттерді сақтандыру қорғанысы қосымша ұсынылатын болады.
4.2. Қазақстандық кәсіпорындардың экспорттық қызметін қаржылық емес қолдау
Холдинг сыртқы экономикалық қызмет мәселелері бойынша консультациялық қызмет көрсетуді кеңейту бойынша жұмыс жүргізуді жоспарлайды, ол үшін экспорттың негізгі ағындары бағытталатын шетел мемлекеттерінің заңнамалық және нормативтік актілерін талдау мемлекеттік және орыс тілдеріне аударыла отырып, жүзеге асырылады, сондай-ақ KAZNEXInvest-пен бірлесіп, экспорттаушылар үшін әдістемелік ақпарат әзірленеді. Көрсетілген материалдар еркін қол жеткізуге болатындай орналастырылады.
Холдинг "ҚЭГ" АҚ негізінде экспорттық операцияларды сүйемелдеу мәселелері бойынша консультациялық орталықты құру, сондай-ақ экспорттық нарық тарапынан қажеттіліктің болуына қарай – экспорттық операцияларды заңгерлік және құжаттамалық сүйемелдеу бойынша қызмет көрсетудің мүмкіндігін қарастырады.
Экспорттық бағдарланған кәсіпорындарды кешенді қолдау
Қазақстандық кәсіпорындардың экспорттық қызметін қолдану мақсатында Холдинг "Экспорттаушыларды қолдау" топтамасының ұсынылатын қолдау құралдарының толық спектрін де, бір бөлігін де пайдалануға мүмкіндік береді.
Топтама атауы | Құралдар |
"Экспорттаушыларды қолдау" топтамасы |
- Кредиттік сақтандыру (ҚЭГ) |
4.5 5-стратегиялық бағыт
Мемлекеттің әлеуметтік бағдарланған міндеттерін шешуге жәрдемдесу
Мақсаты: әлеуметтік бағдарланған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруды қолдау
2012 жылы "Қолжетімді тұрғын үй – 2020" бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілді, оның мақсаты халықтың кең бұқара топтары үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін әрі қарай арттыруды қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысының дамуындағы проблемаларды кешенді шешу болып айқындалған. Холдинг екі ЕҰ – "ҚТҚЖБ" АҚ және "ҚИК" АҚ қызметі арқылы бағдарламаны іске асыруға қатысады, олар 7 млн. шаршы метрден астам тұрғын үй салады. Бағдарламаны іске асыру және Мемлекет басшысының халықтың тұрмыс деңгейін арттыру жөніндегі тапсырмасын орындауға ықпал ету шеңберінде Холдинг өз алдына тұрғын үй-құрылыс жинақтары жүйесін және төлеп алу құқығымен тұрғын үйді жалға алу бағытын дамыту бойынша, сондай-ақ ипотекалық нарықты қолдау бойынша міндеттерді қояды.
Аталған стратегиялық бағыт міндеттерін іске асыру тиімділігінің мониторингісі қызметтің мынадай ҚБК белгілеу арқылы іске асырылады:
1) экономикалық белсенді халықтың тұрғын үй құрылыс жинақтары (бұдан әрі – ТҚЖ) жүйесіне қатысушылардың үлесін 2014 жылғы 5,2 %-дан 2023 жылы 17 %-ға дейін арттыру;
2) тұрғын үй құрылысы және сатып алуға берілген кредиттер нарығында Холдингтің қатысу үлесін 2014 жылғы 12,8 %-дан 2023 жылы 25 %-ға дейін арттыру;
3) енгізілетін жалдамалы тұрғын үй көлемін 2014 жылғы 171 мың шаршы метрден 2023 жылы 615 мың шаршы метрге дейін ұлғайту;
4) әріптес банктерден ипотекалық қарыздарды талап ету құқықтарын сатып алу көлемін 2023 жылы 8 млрд. деңгейінде сақтау;
5) "ҚИККҚ" АҚ кепілдігімен қамтамасыз етілген ЕДБ қоржынындағы ипотекалық қарыз үлесін 2014 жылғы 9 %-дан 2023 жылы 17 %-ға дейін ұлғайту.
5.1. Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесін дамыту
Мемлекеттің әлеуметтік бағдарланған міндеттерінің бірі ретінде ТҚЖ жүйесін дамыту мақсатында және Бағдарламаны іске асыру шеңберінде Холдинг веб-сайт, әлеуметтік желілер, direct sales және т.б. сияқты ТҚЖ өнімдері және оның жүйесі туралы ақпараттың балама арналарын пайдалану халықтың ТҚЖ жүйесі туралы хабардар болуын арттырады. Бұл ретте, ТҚЖ жүйесін ілгерілету шеңберінде ЖАО-мен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл күшейтіледі.
Сross-selling шеңберінде заңды тұлғалармен, оның ішінде ЕДБ-мен, сақтандырушы компанияларымен, бағалау компанияларымен, риелторлық компаниялармен, ХҚО-мен әріптестіктерді құру ТҚЖ жүйесін дамытуға жөніндегі тағы бір қадамы болады. Холдинг ТҚЖ жүйесінің қатысушыларын ұлғайту үшін көрсетілген заңды тұлғалардың филиалдық және агенттік желілерін пайдаланады.
Бұдан басқа, Холдинг тұрақты негізде мөлшерлемелерді, комиссияларды төмендету, өтінімдер мен байланысты бизнес процестерін қарастыру мерзімдерін қысқарту бойынша ұсынылатын өнімдердің шарттарын оңтайландыру бөлігінде ұсынылатын өнімдерді жетілдіруді жүргізеді. Әлеуметтік бағыттағы өнімдердің дамуына ерекше назар аударылатын болады.
Орта мерзімді перспективада ұсынылатын өнім желісін кеңейту жоспарланады. Мысалы, ТҚЖ жүйесі арқылы қайта қаржыландыру мақсатында қолданыстағы ипотекалық қоржын бойынша ЕДБ-мен ынтымақтастық негізінде халық үшін жаңа өнімдерді енгізу, сондай-ақ заңды тұлғалар, атап айтқанда ПИК және құрылыс компаниялары үшін өнімдерді әзірлеу және енгізу жоспарланады.
Бұл ретте, халықтың ТҚЖ жүйесіне қолжетімділігін арттыру және жоғарыда айтылған шараларды іске асыру мақсатында, қажет болған жағдайда, Холдинг заңнамалық базаны жетілдіру жөніндегі шараларға бастамашы болады.
ТҚЖ жүйесін танымал етудің міндетін іске асыру қажеттілігін және "ҚТҚЖБ" АҚ кең бұқара топтармен тікелей іс-қимыл жасасу бөлігіндегі қызметінің ерекшелігін ескере отырып, Холдинг кредит беруден кейінгі қызмет көрсетудің тиімді жүйесін құру, сатулардың тиімді саясатын әзірлеу және енгізу, клиенттерге қызмет көрсету стандарттарын жақсарту және кезектерді қысқарту үшін төлем жасаудың балама жүйелерін енгізу және дамыту арқылы халыққа қызмет көрсету сапасын арттыруға ықпал етеді.
Сонымен бірге, озық дүниежүзілік тәжірибе негізінде сатылым технологиялары жетілдіріліп, озық IT-жүйелері: банктік қызмет көрсетудің автоматтандырылған қашықтықтан басқару жүйесі, интернет-банкинг, мобильді банкинг жүйесі, теңгерімді көрсеткіштер жүйесі және т.б. енгізіледі.
Бұдан басқа, "ҚТҚЖБ" АҚ ТҚЖ жүйесін дамытушы тиімді және орнықты даму институты ретінде белгілеу мақсатында Холдинг халық сенімін арттыру үшін имиджді қалпына келтіру жөніндегі бірқатар іс-шараларды, сондай-ақ жұртшылықпен байланыстарды күшейту және банк имиджін ТҚЖ жүйесінің іргесі ретінде қолдау бойынша шараларды іске асыруды көздейтін, "ребрендингті" жүзеге асыруды жоспарлайды. Жоғарыда көрсетілген іс-шаралар негізінде банк өзін қалың бұқара топтар үшін қолжетімді және жоғары технологиялық, қазіргі заманға сай, озық, қызмет ету сапасы жоғары банк ретінде көрсетеді.
Халықаралық даму институттарының озық тәжірибесінің трансферті және оның "ҚТҚЖБ" АҚ жүйесіне енгізу мақсатында Холдинг стратегиялық әріптестікті тарту мүмкіндігі қарастырады және ынтымақтастықтың барынша оңтайлы шарттарын әзірледі.
ТҚЖ жүйесін Қазақстан Республикасының барлық облыстарында дамыту қажеттілігін ескере отырып, өзінің инфрақұрылымы және агенттік желісін дамыту есебінен өңірлік қамту бойынша жұмыс күшейтіледі. Ұзақ мерзімді перспективада, стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу қорытындылары бойынша стратегиялық әріптеспен бірге шетелдік нарықтарға (оның ішінде КО елдері) шығу жоспарланады.
5.2. "Кейіннен сатып алу арқылы жалға беру" құралын дамыту
Бағдарламаны табысты іске асыру мақсатында Холдинг "ҚИК" АҚ республикалық бюджет қаражаты есебінен жалдамалы тұрғын үй құрылысын уақтылы субсидиялауға, сондай-ақ нарықтарға капиталды тартуға ықпал етеді. Жеке инвестицияларды тарту сыртқы және ішкі қор нарықтарында облигацияларды (мемлекеттік кепілдігі бар және секьюритилендірілген) орналастыру, халықаралық қаржы институттарының қарыздарын және исламдық қаржыландыру құралдарын тарту арқылы жүзеге асыру жоспарланады. Бағдарламаны іске асыру шеңберінде 2015 – 2030 жылдар ішінде 1,080 трлн. теңге мөлшерінде борышкерлік қаржыландыру тартылуы тиіс, бұл мемлекеттік қаражаттың әр 1 теңгесіне жеке инвестициялардың шамамен 4 теңгесін құрайды.
Бағдарламаны іске асырудан басқа Холдинг "ҚИК" АҚ-тың меншікті бағдарламасы шеңберінде "кейіннен сатып алу арқылы жалға беру" бағыты бойынша тұрғын үй саласына ұзақ мерзімді жеке инвестициялауды жүзеге асыратын болады. Холдинг "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры" АҚ-мен және жеке құрылысшылармен салынған тұрғын үйлерді сатып алу, жергілікті атқарушы органдар салған тұрғын үйлерді "ҚИК" АҚ-ның балансына беру арқылы "ҚИК" АҚ жалға алу қоржынын ұлғайтудың баламалы тетіктерін пысықтайды.
Холдингке тұрғын үйді жобалаудан бастап пайдалануға тапсыруға және одан әрі басқаруға дейінгі тиімді технологиялық тізбекті құру қажет. Бағалық қолжетімділікке, энергия тиімділігіне және экологиялыққа жауап беретін жоғары технологиялық құрылыс материалдарын пайдалану маңызды аспекті болады.
"Кейіннен сатып алу арқылы жалға беру" құралын танымал ету мақсатында Холдинг БАҚ-та (ТВ, радио, баспа басылымдары), интернетте белсенді жұмыс істеу, нысаналы аудитория арасында апараттық материалдарды тарату, ЖАО-мен бірлесіп дөңгелек үстелдерді ұйымдастыру, пресс-турлар мен құрылыс объектілерінің таныстырылымын өткізу арқылы Бағдарламаның шарттары және талаптары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізеді. Айқындылықты арттыру үшін клиенттердің өтінімдерін қараудың бизнес процестерін автоматтандыру жүзеге асырылады, бұл тіркеу күнін, орындалу мәртебесін және ұсынылған құжаттар топтамасын бақылауға мүмкіндік береді.
Осыған қосымша Бағдарламаны іске асыру процесі қашықтықтан банктік қызмет көрсету және өтеудің өзекті кестелері мен төлемдер тарихын ұсына отырып, жалға алушылардың жеке кабинетін енгізу мүмкіндігін қамтамасыз ету арқылы оңтайландырылады.
5.3. Ипотекалық тұрғын үй нарығын қолдау
Жалдамалы тұрғын үйді салу қызметтің басталуына дейін "ҚИК" АҚ негізгі қызметі олардың өтемділігін қолдау мақсатында екінші деңгейдегі банктерден ипотекалық қарыздар бойынша талап ету құқықтарын сатып алу болып табылатын. Қазіргі сәтте "ҚИК" АҚ ипотекалық қоржыны 86,4 млрд. теңгені, яғни бүкіл ел бойынша жалпы ипотекалық қоржының шамамен 10 %-ын құрайды.
Холдинг халыққа ипотеканы беруді ынталандыру үшін ұзақ мерзімді қаржыландыруды тарту және екінші деңгейдегі банктерден ипотекалық қоржындарды сатып алу арқылы осы рөлді атқаруды жалғастыруды жоспарлайды. Ағымдағы сәтте "ҚИК" АҚ қарызға алудың орташа мөлшерлемесі 9 %-ды құрайды, бұл табыстылығы көрсетілген мөлшерлемеден жоғары ипотекалық қарыздарды ғана екінші деңгейдегі банктерден сатып алуға мүмкіндік береді. Холдинг екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық мөлшерлемелерін төмендету мүмкіндігі мақсатында "ҚИК" АҚ үшін қарыз алуды арзандатудың нұсқаларын қарастырады.
5.4. Ипотекалық кредиттерге кепілдік беруді дамыту
Холдинг "ҚИККҚ" АҚ арқылы кредиторлармен тәуекелдерді бөлісу арқылы халыққа ипотекалық кредиттердің қолжетімдігін мыналар арқылы арттыруға жәрдемдеседі:
1. "ҚИККҚ" АҚ әріптестерінің ипотекалық кредит берудің меншікті нарықтық бағдарламалары бойынша қарыздарға кепілдік беру;
2. "Қолжетімді тұрғын үй – 2020" бағдарламасының "ҚТҚЖБ" АҚ желісі бойынша азаматтардың барлық санаттары үшін тұрғын үй бағыты бойынша қарыздарға кепілдік беру.
Кепілдік міндеттеме бойынша өтеудің ең жоғары мөлшері ипотекалық кредит беру бағдарламаларына байланысты кепілдік беру үлгісі бойынша (кепілдік берудің мынадай үлгілері қолданылатын болады – алынған ипотекалық тұрғын үй қарызының 15, 20, 30 және 40 %-ы, кредитордың таза залалы сомасының 50 немесе 100 %-ы, Кредитордың талап ету сомасының 40 %-ы) айқындалады.
5. Холдинг деңгейінде қызметтің күтілетін нәтижелері31
Ескерту. 5 бөлімге өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 13.02.2017 № 59 қаулысымен.
Қызмет тиімділігін бағалау мақсатында Холдинг тұрақты негізде қызметтің мынадай түйінді көрсеткіштерін пайдалану арқылы қойылған мақсаттарға қол жеткізу мониторингі мен талдауды жүргізетін болады (ҚБК есептеу әдістемесі 1-қосымшада берілген).
№ | Көрсеткіш | 2013 (факт) | 2014 | 2018 | 2023 | |
Холдингтің интеграцияланған даму институты ретінде қалыптасуы үшін қойылатын міндеттер | ||||||
1. | ROE, % | 5,2 | 0,2 | 2,5 | 2,8 | |
2. | ROA, % | 1,9 | 0,1 | 0,6 | 0,6 | |
3. | Холдингтің кредиттік рейтингісі | - | егемендіден төмен емес | егемендіден төмен емес | егемендіден төмен емес | |
4. | Қарыз/капитал | 1,8 | 3.5-тен жоғары емес | 7,0 аспайтын | -32 | |
5. | Несиелік қоржынның сапасы (несиелік қоржынға қатысты провизиялар деңгейі)33, % | 10 | 10 | 8 | 6 | |
6. | Еңбек өнімділігі (бір қызметкерге шаққандағы жалпы табыс), млн. теңге | 66 | 65 | 65 | 139 | |
1-стратегиялық бағыт: Экономиканың басым секторларына қаржылық қолдау көрсету арқылы Қазақстан Республикасы экономикасының орнықты дамуына жәрдемдесу | ||||||
1.1 Кредиттеу және инвестициялау тетіктері арқылы экономиканы қаржыландыруды қамтамасыз ету | ||||||
7. | ЖІӨ-ге қатысты активтер көлемі, % | 5,6 | 6 | 6 | 7 | |
8. | Кредиттік қоржын 34, млрд. теңге | 816 | 1 321 | 2 978 | 6 619 | |
9. | Инвестициялық қоржын35 (қазынашылық операцияларды қоспағанда), млрд. теңге | 27 | 58 | 151 | 335 | |
10. | Жобаларды дамыту нәтижесінің индексі (ҚДБ бойынша) | 61 | 62 | 66 | 70 | |
11. | Холдингтің жалпы активтерінен кредиттік және инвестициялық қоржынның үлесі (қазынашылық операцияларды қоспағанда), % | 45 | 56 | 77 | 77 | |
1.2 Инфрақұрылымдық жобаларды, оның ішінде МЖӘ жобаларын құрылымдауды және қаржыландыруды қамтамасыз ету | ||||||
12. | Инфрақұрылымдық жобаларға инвестицияланған қаражаттың жинақталған көлемі36, млрд. теңге | - | - | 25,3 | 50,637 | |
13. | Консультациялық сүйемелдеу бойынша қызметтер көрсетілген инфрақұрылымдық жобалардың, оның ішінде МЖӘ жобаларының кумулятивтік саны | - | 3 | 15 | 30 | |
1.3. Экономиканы қаржыландырудың қажетті деңгейін қамтамасыз ету бойынша жеке қаржы институттарымен өзара іс-қимыл жасасу | ||||||
14. | Мемлекеттік қаражат бірлігіне (акционерлік капиталға) Қазақстан Республикасына тартылған тікелей жеке инвестициялардың үлесі | 1,85 | 1,7 | 2-ден кем емес | 2-ден кем емес | |
2-стратегиялық бағыт: Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау | ||||||
2.1 ШОБ кәсіпорындарын қаржылық қолдауды қамтамасыз ету | ||||||
15. | Қаржы бағдарламалары бойынша кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған қаражат көлемі, млрд. теңге | 236 | 318 | 507 | 583 | |
16. | Негіздеп орналастыру бағдарламасы бойынша берілген кредиттер бойынша ЕДБ тарапынан ШОКС-ін бірлесіп қаржыландыру мультипликаторы | - | - | 1:1 | 1:2 | |
17. | Бюджеттен тыс қаржы көздерден ШОКС-ті қаржыландыруға тартылған қаражат үлесі,% | 14 | 20 | 36 | 40 | |
2.2 Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің құзыреттерін дамыту | ||||||
18. | Білім беру бағдарламаларының бизнесін ашқан қатысушылардың үлесі,% | 8 | 10 | 15 | 25 | |
3-стратегиялық бағыт: Экономиканың жаңа, қазіргі заманғы салаларын қолдау және инновацияларды дамыту | ||||||
3.1 Экономиканың жаңа салаларын және инновациялық жобаларын қаржылық қолдауды қамтамасыз ету | ||||||
19. | Қолдау құралдары шеңберінде қолдау көрсетілген жобалар шығарған өнімінің жыл сайынғы көлемі, млрд. теңге | 7,7 | 8 | 11 | 13 | |
3.2.Инновациялық инфрақұрылымды дамыту | ||||||
20. | Жобалардың жалпы санынан коммерцияландырылған жобалардың үлесі, % | 25 | 15 | 20 | 30 | |
3.3. Инновациялық бағдарланған кәсіпорындардың құзыреттерін дамыту және технологиялар трансфертіне жәрдемдесу | ||||||
21. | Технологиялар трансфертін жүзеге асырған кәсіпорындар саны | 12 | 12 | 40 | 70 | |
4-стратегиялық бағыт: Қазақстандық компаниялардың экспорттық қызметін қолдау | ||||||
4.1 Экспорттық сақтандыруды және сауданы қаржыландыруды дамыту | ||||||
22. | Шикізаттық емес экспортты өтеу үлесі, % | 1,2 | 1,4 | 2 | 3 | |
4.2. Қазақстандық кәсіпорындардың экспорттық қызметін қаржылық емес қолдау | ||||||
23. | Консультациялық қызметтер көрсетілген экспорттық бағдарланған кәсіпорындар үлесі, % | есеп жүргізілген жоқ | 4 | 6 | 8 | |
5-стратегиялық бағыт: Мемлекеттің әлеуметтік бағдарланған міндеттерін шешуге жәрдемдесу | ||||||
5.1 Тұрғын үй құрылысы жинақтары жүйесін дамыту | ||||||
24. | Экономикалық белсенді халықтан тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесіне қатысушылардың үлесі, % | 4 | 5,2 | 9,8 | 17 | |
25. | Тұрғын үй құрылысына және сатып алуға кредиттер нарығына Холдингтің қатысу үлесі | 13,8 | 12,8 | 17,3 | 25 | |
5.2 "Кейіннен сатып алу арқылы жалға беру" құралын дамыту | ||||||
26. | Енгізілетін жалдамалы тұрғын үй көлемі, мың м2 | 0 | 171 | 610 | 615 | |
5.3 Ипотекалық тұрғын үй нарығын қолдау | ||||||
27. | Әріптес банктерден ипотекалық қарыздарды талап ету құқықтарын сатып алу көлемі, млрд. теңге | 50,48 | 10 | 8 | 8 | |
5.4 Ипотекалық кредиттерге кепілдік беруді дамыту | ||||||
28. | "ҚИККҚ" АҚ кепілдігімен қамтамасыз етілген ЕДБ қоржынындағы ипотекалық қарыздар үлесі, % | 8,3 | 9 | 12 | 17 |
________________
31 Қазақстан Республикасы Ұлттық Қорынан берілетін қаражатты ескерумен
32 Көрсеткіш рейтингтік агенттіктердің ұсынымдарына сәйкес айқындалады
33 ҚДБ, ҚТЖҚБ, ҚИК, Дамудың шоғырландырылған көрсеткіші
34 ҚДБ, Даму, ҚТЖҚБ, ҚИК, САҚ көрсеткіші
35 ҚКМ, ҚИҚ, ҚИК, ТДҰА көрсеткіші
36 Холдинг компаниялар тобы инвестициялаған қаражат көлемі
37 Холдингті кейіннен капиталдандыру шартымен
1-қосымша
ҚБК көрсеткіштерін есептеу әдістемесі
№ | Көрсеткіш | Есептеу әдістемесі | |
1. | ROE, % | (Х /((Y+Z)/2)) * 100 |
Х = Таза табыс |
2. | ROA, % | (Х /((Y+Z)/2)) * 100 |
Х = Таза табыс |
3. | Холдингтің кредиттік рейтингісі | Рейтингті рейтингтік агенттік береді | |
4. | Борыш/Капитал | Борыш / Капитал |
Борыш - қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қарыздар |
5. | Несиелік қоржынның сапасы (несиелік қоржынның провизиялар деңгейі)[1], % | X / Y * 100 |
Х – несиелік қоржын бойынша жасалған провизиялар деңгейі |
6. | Еңбек өнімділігі (бір қызметкерге шаққанда жалпы табыс), млн. теңге | X / Y |
Х - жалпы табыс |
7. | ЖІӨ-ге қатысты активтер көлемі, % | X / Y * 100 |
Х - активтер жиыны |
8. | Кредиттік қоржын | берілген кредиттер | |
9. | Инвестициялық қоржын (қазынашылық операцияларды қоспағанда)[2], млрд. теңге | меншікті тікелей инвестициялар | |
10. | Жобаларды дамыту әсерінің индексі (ҚДБ бойынша) | "ҚДБ" АҚ экономикалық ықпалының индикаторын және жобаны дамыту әсерінің индексін есептеу әдістемесіне сәйкес | |
11. | Еншілес ұйымдардың (қазынашылық операцияларды қоспағанда) кредит беру және инвестициялық қызметтен түскен табыс үлесі | X/Y |
Х - кредит беру және инвестициялық қызметтен түскен табыс |
12. | Инфрақұрылымдық жобаларға инвестицияланған қаражаттың жинақталған көлемі [3], млрд. теңге | инфрақұрылымдық жобаларға инвестицияланған қаражаттар | |
13. | Консультациялық сүйемелдеу қызметтері көрсетілген инфрақұрылымдық жобалардың, оның ішінде МЖӘ жобаларының кумулятивтік саны | Консультациялық сүйемелдеу қызметтері көрсетілген инфрақұрылымдық жобалардың, оның ішінде МЖӘ жобаларының жалпы саны | |
14. |
Мемлекеттік қаражат бірлігіне (акционерлік капиталға) Қазақстан Республикасына тартылған тікелей жеке инвестициялар | X / Y |
Х – Қазақстан Республикасына тартылған тікелей жеке инвестициялар |
15. | Қаржы бағдарламалары бойынша кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған қаражат көлемі, млрд. теңге | кәсіпкерлікті дамытуға бөлінген қаражат | |
16. | Негіздеп орналастыру бағдарламасына сәйкес берілген кредиттер бойынша ЕДБ тарапынан ШОКС-ті бірлесіп қаржыландыру мультипликаторы | табыстың болжамды өзгерісі туралы түсінік алуға болатындай, ШОКС-ті қаржыландыру көлеміндегі өзгеріс көбейтілуі тиіс сан | |
17. | Бюджеттен тыс қаржы көздерінен ШОКС-ті қаржыландыруға тартылған қаражат үлесі, % | X/Y*100 |
Х - бюджеттен тыс көздерден ШОКС-ті қаржыландыруға тартылған қаражат |
18. | Оқыту бағдарламалары ның бизнесті ашқан қатысушылардың үлесі, % | X/Y*100 |
Х - оқыту бағдарламаларының бизнесті ашқан қатысушылары |
19. | Қолдау құралдары шеңберінде қолдау тапқан жобаларда шығарылатын өнімнің жыл сайынғы көлемі, млрд. теңге | X+Y+Z |
X - грант алушылар шығарған өнімнің көлемі |
20. | Жобалардың жалпы санынан коммерцияланды рылған жобалар үлесі, % | X/Y*100 |
Х - коммерцияландырылған жобалар саны |
21. | Технологиялар трансфертін жүзеге асырған кәсіпорындардың саны | A+B+C+D |
A - технологиялар трансферті халықаралық орталықтары жобаларының саны |
22. | Шикізаттық емес экспортты өтеу үлесі, % | Х/Y*100 |
Х - "ҚазЭкспортГарант" АҚ қолдау көрсеткен экспорттық келісімшарттардың жалпы құны |
23. | Консультациялық қызметтер көрсетілген ШОБ-тың экспорттық бағдарланған субъектілерінің үлесі, % | Х/Y*100 | Кәсіпкерлердің құзыретін арттыру жөніндегі бағдарламалардан өткен, экспорттық бағдарланған ШОКС-тің саны / Нарықта белсенді ШОКС-нің жалпы саны |
24. | Экономикалық белсенді халықтан тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесіне қатысушылардың үлестері, % | X/Y*100 |
X – ТҚЖ туралы қолданыстағы шарттар және қолданыстағы тұрғын үй қарыздарының саны |
25. | Нарықта тұрғын үй құрылысы және сатып алуға арналған кредиттер үлесі, % | X/Y*100 |
X – Холдингтің ЕҰ-мен тұрғын үй құрылысына және сатып алуға берілген кредиттер көлемі |
26. | Жалдамалы тұрғын үйдің енгізілетін көлемі, мың шаршы метр | "Қолжетімді тұрғын үй – 2020" бағдарламасы және жеке бағдарламасы бойынша пайдалануға берілген жалдамалы тұрғын үйдің ш.м. | |
27. | Әріптес банктерден ипотекалық қарыздардың талап ету құқықтарын сатып алу көлемі, млрд. теңге | Әріптес банктерден ипотекалық қарыздардың талап ету құқықтарын сатып алу | |
28. | "ҚИККҚ" АҚ кепілдігімен қамтамасыз етілген ЕДБ қоржынындағы ипотекалық қарыздар үлесі, % | X/Y * 100 |
Х – "ҚИККҚ" АҚ-ның кепілдігімен қамтамасыз етілген ипотекалық қарыздар көлемінің үлесі |
Ескерту:
аббревиатуралардың толық жазылуы:
СА | Қазақтан Республикасы Статистика агенттігі |
ИЖТМ | Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі |
ЭБЖМ | Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі |
ҚР ҰБ | Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі |
Холдинг | "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы |
"ҚДБ" АҚ | "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы |
"ҚТҚЖБ" АҚ | "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамы |
"ҚИК" АҚ | "Қазақстандық Ипотекалық Компания" ипотекалық ұйымы" акционерлік қоғамы |
"ҚИҚ" АҚ | "Қазақстанның инвестициялық қоры" акционерлік қоғамы |
"ҚИККҚ" АҚ | "Қазақстанның ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамы |
"ҚКМ" АҚ | "Қазына Капитал Менеджмент" акционерлік қоғамы |
"ТДҰА" АҚ | "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" акционерлік қоғамы |
"Даму" КДҚ" АҚ | "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы |
"САҚ" АҚ | "Стрестік активтер қоры" акционерлік қоғамы |
"ҚЭГ" АҚ | "ҚазЭкспортГарант" экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы" акционерлік қоғамы |
ЕДБ | екінші деңгейдегі банктер |
ДЭФ | Дүниежүзілік экономикалық форум |
ХВҚ | Халықаралық валюта қоры |
ҮИИДМБ | Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама |
ҮИИДМБ -2 | Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама |
МЖӘ | мемлекеттік-жекешелік әріптестік |
ЕҰ | "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының еншілес ұйымдары |
ШОБ | шағын және орта бизнес |
ҒТК | ғылыми-техникалық кеңес |
ІБЖ | ішкі бақылау жүйелері |
КО | Кеден одағы |
ИЖҚ | инфрақұрылымдық жобалар қоры |
ЖТҚ | жаңа технологиялар қоры |
КҚКО | кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары |
КҚО | кәсіпкерлікті қолдау орталықтары |
МЖӘ ЖСО | мемлекеттік-жекешелік жобаларды сүйемелдеу орталығы |
CRM | Customer Relationship Management |
PE | Private Equity |