«Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексi (Салық кодексi) 307-бабының 4-тармағына және «Көмірсутек шикізаты кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен, өте тұтқыр, су басқан, дебеті аз және сарқылған кен орындарының санатына жатқызу қағидасын және пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық бөлігінде салық салу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1528 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған рентабельділігі төмен, өте тұтқыр, су басқан, дебеті аз және сарқылған кен орындарының санатына жататын көмірсутек шикізаты кен орындарының (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 18 маусымдағы
№ 673 қаулысымен
бекітілген
Рентабельділігі төмен, өте тұтқыр, су басқан, дебетi аз және
сарқылған кен орындарының санатына жататын көмiрсутек шикiзаты
кен орындарының (кен орындары тобының, кен орнының бір
бөлігінің) тізбесі
Р/с № |
Кен орнының (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) атауы мен координаталары |
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың тіркелген күні / нөмірі |
Лицензияның берілген күні және нөмірі |
Жер қойнауын пайдаланушының атауы |
Пайдалы кен түрі |
Көмiрсутек шикiзаты кен орны (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) өте тұтқыр, су басқан, дебетi аз және сарқылған санатқа жатқызу критерийі |
Көмiрсутек шикiзаты кен орнының (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) санаты |
Көмiрсутек шикiзаты кен орнын (кен орындары тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен, өте тұтқыр, су басқан, дебетi аз және сарқылған кен орындары үшін пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық мөлшерлемесі (%) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
1. |
Маңғыстау облысы Түпқараған ауданындағы Қаражанбас газ-мұнайлы кен орнының координаталары: |
1997 жылғы 26 мамырда № 60 тіркелген көмiрсутек шикiзатын өндіруді іске асыруға арналған 1997 жылғы |
1997 жылғы |
«Қаражанбас мұнай» акционерлік қоғамы |
Мұнай |
Кен орны мұнайының қатпарлы жағдайындағы тұтқырлығы 378-ден бастап 541 мПа*сек дейін |
Өте тұтқыр |
0,5 |