2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 19-бабына, «2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне Қызылорда облысының Байқоңыр қаласындағы перзентхананы материалдық-техникалық жарақтандыра отырып, бір ауысымда 100 адам қабылдайтын емханасы бар 120 төсектік көпбейінді қалалық ауруханаға қайта бейіндеуге Қызылорда облысының әкімдігіне нысаналы ағымдағы трансферттер түрінде аудару үшін 2014 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 606308000 (алты жүз алты миллион үш жүз сегіз мың) теңге сомасында қаражат бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
3. Қызылорда облысының әкімі 2015 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне бөлінген қаражаттың нысаналы пайдаланылуы жөнінде есеп берсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов