Рентабельділігі төмен кен орындары санатына жатқызылған пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерi кен орындарының (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 маусымдағы № 651 қаулысы

Қолданыстағы

      2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» (Салық кодексi) Қазақстан Республикасының Кодексi 307-бабының 4-тармағына және «Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерiнiң кен орнын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу және пайдалы қазбаларды өндiруге арналған салық бөлігінде салық салу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1379 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса беріліп отырған Рентабельділігі төмен кен орындары санатына жатқызылған пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерi кен орындарының (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) тізбесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 13 маусымдағы
№ 651 қаулысымен 
бекітілген     

Рентабельділігі төмен кен орындары санатына жатқызылған пайдалы
қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерi кен
орындарының (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің)
тізбесі

Р/с №

Кен орнының атауы

Келісімшарттың нөмірі және күні

Пайдалы қазбалардың атауы

Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықтың мөлшерлемесі

Жер қойнауын пайдаланушы

Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық мөлшерлемелерінің қолданылу кезеңі

1

2

3

4

5

6

7

1.

Жезқазған- Жыланды

1997 жылғы
21 мамырдағы
№ 114

мыс

1,3%

«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС

2014 жылғы 1 қаңтардан бастап 2015 жылғы
1 қаңтарға дейін

күміс

1,6%

қорғасын

2,63%

2.

Қоңырат

1998 жылғы
18 қыркүйектегі
№ 243

мыс

1,5%

«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС

2014 жылғы
1 қаңтардан бастап
2015 жылғы 1 қаңтарға дейін

күміс

1,6%