Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Кейбір нұсқаулықтарды бекіту туралы" 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 және "Қазақстан Республикасы Yкіметінің Регламенті туралы" 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 маусымдағы № 647 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) «Кейбір нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықта:
      көрсетілген Нұсқаулық осы қаулыға қосымшаға сәйкес 35-қосымшамен толықтырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде, орталық және жергілікті атқарушы органдарда құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:
      3-тармақ мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «7-1) Премьер-Министрдің жедел тапсырмаларын;»;
      7-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Егер Премьер-Министр өзгеше белгілемесе, Премьер-Министрдің жедел тапсырмаларын барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар тапсырмаға қол қойылған күннен бастап екі апта мерзімнен асырмай орындайды.»;
      12-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) үкіметтік шешімдер, хаттамалар және басшылықтың тапсырмалары бойынша (хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы туралы Премьер-Министрдің, Премьер-Министр орынбасарларының, Кеңсе Басшысының атына қызметтік жазбахатты, ал хаттамалық тапсырмаларды (хаттамаларды) орындау аяқталғаннан кейін орындау тәртібімен түскен мемлекеттік органдардың ақпараты (деректері) негізінде бақылаудан алу, мерзімін ұзарту немесе үкіметтік шешімді, хаттаманы немесе басшылықтың тапсырмасын нақты орындау мерзімдерін көрсете отырып, орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру туралы ұсыныстары бар талдау нәтижелерін ескере отырып, орындалуы туралы қорытынды ақпаратты дайындайды) не бақылаудан алу туралы қарар жобасын ресімдейді (Заңға қол қойылған, Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Үкіметтің актісі, сондай-ақ орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың бұйрықтары қабылданған жағдайда).
      Бақылаудан алу, нақты орындау мерзімін көрсете отырып мерзімін ұзарту бұдан бұрын тиісті тапсырма берген лауазымды адамның не тапсырмалардың орындалу барысын бақылауды жүзеге асыру тапсырылған адамның қарарымен жүзеге асырылады.
      Премьер-Министрдің жедел тапсырмаларын бақылаудан алуды, мерзімін ұзартуды Премьер-Министр ғана жүзеге асырады.
      Бұл ретте мемлекеттік органдар тапсырманы орындау мерзімінің ұзартылғаны немесе үкіметтік шешімдерді және басшылықтың тапсырмаларын нақты орындау мерзімі көрсетіле отырып, орта мерзімді және ұзақ мерзімді бақылауға ауыстырылғаны туралы дереу хабардар етіледі;
      3) мемлекеттік органның Үкімет басшылығының тапсырмасын сапасыз орындағаны немесе орындамағаны белгіленген кезде Кеңсенің жауапты бөлімі тапсырма берген Үкімет басшылығының атына тиісті қарар не жазбахат дайындайды.
      Жазбахатта:
      1) тапсырманы қамтитын құжаттың атауы (хаттама, қаулы, Премьер-Министрдің өкімі және т.б.), құжаттың нөміріне, күніне және тапсырманың тармағына сілтеме;
      2) жауапты орындаушы, бірлесіп орындаушылар;
      3) бастапқы орындау мерзімі;
      4) орындаудың ұзартылған мерзімдерінің күндері (егер болса);
      5) «орындалды», «ішінара орындалды», «орындалған жоқ» деген нақты тұжырымдармен тапсырманы орындау нәтижелері бойынша бағалау;
      6) орындау мерзімін ұзарту немесе орындаудың жаңа мерзімін белгілеу туралы ұсыныс;
      7) Үкімет басшылығының тапсырмасын орындау мерзімін қайта ұзартқан жағдайда, жауапты мемлекеттік саяси қызметші – мемлекеттік органдардың бірінші басшысының орынбасарына қатысты тәртіптік сипаттағы шаралар қолдану туралы ұсыныс көрсетіледі.
      Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі Үкімет басшылығы немесе Кеңсе Басшысы қарарының негізінде ЭҚАБЖ деректер базасында орындау мерзімін ұзарту туралы ақпаратты белгілейді (орындаудың жаңа мерзімі белгіленген кезде мемлекеттік органға ұзарту көрсетілмейді).»;
      мынадай мазмұндағы 18-4-тармақпен толықтырылсын:
      «18-4. Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы ай сайын Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне Мемлекет басшысының және Үкімет басшылығының тапсырмаларын орындау бойынша мемлекеттік органдардағы орындаушылық тәртіптің жай-күйі туралы баяндайды.»;
      2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 44, 443-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентінде:
      8-15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8-15. Мемлекеттік органдарда Мемлекет басшысының және Премьер-Министрдің актілері мен тапсырмаларын орындаушылар дербес құрылымдық бөлімшелердің бірінші басшылары болып табылады.»;
      131-тармақ мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «7-1) Премьер-Министрдің жедел тапсырмалары;»;
      мынадай мазмұндағы 140-1-тармақпен толықтырылсын:
      «140-1. Егер Премьер-Министр өзгеше белгілемесе, Премьер-Министрдің жедел тапсырмаларын барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар тапсырмаға қол қойылған күннен бастап екі апта мерзімнен асырмай орындайды.
      Премьер-Министрдің жедел тапсырмаларын орындау мерзімін ұзартуды және бақылаудан алуды Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі ғана жүзеге асырады.»;
      141-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «141. Үкімет мәжілістерінің хаттамаларындағы және Қазақстан Республикасының Президентінде, Үкімет басшылығында және Кеңсе Басшысында өткен кеңестердің хаттамаларындағы хаттамалық тапсырмаларды орындау мерзімі тапсырма мемлекеттік органға түскен күннен бастап есептеледі. Егер мәжілісте (кеңесте) нақты тапсырманың орындалу мерзімі аталған жағдайда, өз атына тапсырма берілген және өкілдері мәжіліске (кеңеске) қатысқан тиісті мемлекеттік органдар (оның ішінде кеңеске тікелей қатысып отырған лауазымды адамдар мемлекеттік органның бірінші басшысына олардың орындалуын ұйымдастыру үшін тиісті тапсырмалар мен ескертпелер туралы баяндайды) өздеріне мәжіліс (кеңес) хаттамасының түсуін күтпей, мәжілістен (кеңестен) кейін бірден тапсырмаларды орындауға кірісуге міндетті.
      Егер тапсырмаларда өзге мерзім белгіленбесе, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Кеңсе Басшысының тапсырмалары бір ай мерзімнен кешіктірілмей, ал «өте шұғыл» деген белгі болған кезде - 3 (үш) жұмыс күні ішінде, «шұғыл» немесе «жеделдетілсін» деген белгі болғанда - 10 (он) жұмыс күні ішінде орындалады.
      Парламент депутаттарының сауалдарына жауаптар және Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларына қорытындылардың жобаларын дайындау туралы Премьер-Министрдің немесе оның орынбасарларының тапсырмалары, егер тапсырмаларда өзге неғұрлым қысқа мерзім белгіленбесе, тиісінше 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмей орындалады.
      Егер Үкіметтің, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының Кеңсе Басшысының тапсырмаларында (оның ішінде хаттамалық), сондай-ақ Үкімет пен Премьер-Министрдің актілерінде қамтылған тапсырмаларда, сондай-ақ іс-шаралар жоспарында нақты орындау мерзімі көрсетілмесе және олардың мазмұнынан оларды орындау ұзақ уақытты (тұрақты, бір жыл ішінде және т.б.) қажет ететіні туындаған жағдайда не олардың мазмұнынан орындау мерзімі туралы біржақты тұжырым жасау мүмкін болмаса, сондай-ақ даулы жағдайларда, мұндай тапсырмаларды бақылауға алу қажеттілігін, оларды орындаудың нақты мерзімін белгілеуді Кеңсе Басшысы айқындайды және олар орындауға жауапты мемлекеттік органдарға дереу жеткізіледі.
      Тапсырмаларды бірнеше мемлекеттік орган орындаған кезде атауының қатарында «(жинақтау)» немесе «жинақ» деген белгі қойылған орган жауапты болып табылады. Оның бірлесіп орындаушылармен келісілгеннен кейін орындалу мерзімін ауыстыру туралы ұсынысты енгізуге құқығы бар.
      Премьер-Министр белгілеген мерзімдер бұзылған жағдайда, Премьер-Министрдің Кеңсесі мемлекеттік органдардың ақпаратын тапсырманың орындалу мерзімінің бұзылуына жол берген мемлекеттік органдардың тиісті лауазымды адамына тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықтың көшірмесі ұсынылған кезде ғана қабылдайды, бұл ретте Премьер-Министрдің тапсырмасын орындауға жауапты мемлекеттік орган Премьер-Министр тапсырмасының орындалу мерзімінің бұзылуына кінәлі бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдардың нақты лауазымды адамдарын жазалау туралы ұсыныс енгізуге құқылы.»;
      мынадай мазмұндағы 141-1, 141-2, 141-3 және 141-4-тармақтармен толықтырылсын:
      «141-1. Егер тапсырманы мерзімінде орындау мүмкін болмаса, тапсырманы орындауға жауапты мемлекеттік органның немесе ұйымның басшысы алдын ала, бірақ белгіленген мерзімге дейін 1 (бір) күннен кешіктірмей тапсырманың орындалуының ағымдағы жай-күйін көрсетіп, тапсырманы орындау мерзімін ұзарту не нақты орындау мерзімін, жауапты мемлекеттік саяси қызметшіні – орындаушы мемлекеттік органның бірінші басшысының орынбасарын, сондай-ақ бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдарды міндеті түрде көрсетіп, оны орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру қажеттілігін дәйекті түрде негіздей отырып, хат енгізеді.
      Бұл жағдайда жауапты бөлімнің басшысы жауапты орындаушы мемлекеттік органның ақпараты келіп түскен күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімімен келісім бойынша Үкімет басшылығының немесе Кеңсе Басшысының (міндеттердің бөлінуіне немесе бақылаудың тиісті бекітілуіне сәйкес) тиісті қарарын дайындайды.
      141-2. Премьер-Министрдің тапсырмаларын орындау мерзімдерін қайтадан ұзартуға Премьер-Министр орынбасарының немесе Кеңсе Басшысының (міндеттердің бөлінуіне немесе бақылаудың тиісті бекітілуіне сәйкес) тиісті ұсынысы негізінде жауапты мемлекеттік саяси қызметшіге – орындаушы мемлекеттік органның бірінші басшысының орынбасарына қатысты тәртіптік сипаттағы шараларды қабылдау туралы мәселе қарала отырып, ерекше жағдайларда ғана рұқсат етіледі.
      Премьер-Министр орынбасарының немесе Кеңсе Басшысының тиісті ұсынысын Кеңсенің құрылымдық бөлімшесі дайындайды және Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімімен келіседі.
      141-3. Кеңсеге Премьер-Министрдің тапсырмасын (оның ішінде Мемлекет басшысының тапсырмаларынан туындайтын) орындау мерзімін екі реттен артық ұзарту туралы ұсыныс енгізілген жағдайда, заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардың бірінші басшыларын жазалау туралы мәселе қаралады.
      141-4. Премьер-Министрдің тапсырмаларын уақтылы орындамағаны үшін мерзімнің бұзылуына жол берген мемлекеттік органның басшысы, сол сияқты аталған тапсырманың орындалуын үйлестіруді жүзеге асыратын Кеңсенің құрылымдық бөлімшесі жауапты болады.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 12 маусымдағы
№ 647 қаулысына  
қосымша       

Қазақстан Республикасы   
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
35-қосымша