2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 20-бабының 2-тармағына және «2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне 2014 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен А-2 «Қорғас – Алматы – Шымкент – Өзбекстан Республикасының шекарасы» автомобиль жолының «Шымкент – Жамбыл облысының шекарасы» учаскесін реконструкциялау жобасы бойынша мемлекеттік мұқтаждар үшін жер учаскелерін алып қоюға нысаналы ағымдағы трансферттер түрінде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігіне аудару үшін 427590000 (төрт жүз жиырма жеті миллион бес жүз тоқсан мың) теңге сомасында қаражат бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов