Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдары арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдерді іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдары арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдерді іске асыру жөніндегі Үйлестіру Кеңесі (бұдан әрі – Үйлестіру Кеңесі) құрылсын.
2. Үйлестіру Кеңесінің жұмыс органы ретінде Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі белгіленсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 9 маусымдағы
№ 632 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы
ұйымдары арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдерді
іске асыру жөніндегі Үйлестіру Кеңесінің құрамы
Қазақстан тарапынан: |
||
Мәсімов |
- |
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға |
Орынбаев |
- |
Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі (келісім бойынша), төрағаның орынбасары |
Әбілқасымова |
- |
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, хатшы |
Сағынтаев |
- |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары |
Сұлтанов |
- |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Исекешев |
- |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі |
Әбдіқалықова |
- |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары |
Келімбетов |
- |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы (келісім бойынша) |
Досаев |
- |
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі |
Сәрінжіпов |
- |
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
Дүйсенова |
- |
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi |
Жәмішев |
- |
Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі |
Қаппаров |
- |
Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрі |
Айтжанова |
- |
Қазақстан Республикасының Экономикалық интеграция істері министрі |
Ертілесова |
- |
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары (келісім бойынша) |
Катсу Шигео |
- |
«Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының президенті (келісім бойынша) |
Халықаралық қаржы ұйымдары тарапынан: |
||
Аккая |
- |
Дүниежүзілік Банктің Қазақстан Республикасындағы тұрақты өкілі (келісім бойынша) |
Хэкман |
- |
Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiнiң Қазақстан бойынша директоры (келісім бойынша) |
Уэстфолл |
- |
Азия Даму Банкінің Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің директоры (келісім бойынша) |
Маруф |
- |
Қазақстан Республикасындағы Ислам Даму Банкінің Өңірлік өкілдігінің директоры (келісім бойынша) |