Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Тау-кен металлургия өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2014 – 2018 жылдарға арналған кешенді жоспар (бұдан әрі – Кешенді жоспар) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Кешенді жоспардың орындалуына жауапты мүдделі ұйымдар:
1) Кешенді жоспарды іске асыру бойынша шаралар қабылдасын;
2) жылдың қорытындысы бойынша, 20 қаңтардан кешіктірмей, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне оның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі жыл қорытындысы бойынша 1 ақпаннан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Үкіметіне Кешенді жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 28 мамырдағы
№ 568 қаулысымен
бекітілген
Тау-кен металлургия өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2014 – 2018
жылдарға арналған кешенді жоспар
Р/с № |
Іс-шараның атауы |
Аяқтау нысаны |
Жауапты орындаушылар |
Орындау мерзімі |
Болжанатын шығыстар, млн. теңге |
Қаржыландыру көздері |
|||||||
2014 |
2015 |
2016 |
2017 |
2018 |
|||||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
|||
Нормативтік құқықтық базаны және жер қойнауын пайдалану құқығын беру жүйесін жетілдіру |
|||||||||||||
1 |
Учаскенің перспективалығын алдын ала бағалауға сүйене отырып, жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша конкурстар өткізу |
конкурс өткізу |
ИЖТМ, мүдделі мемлекеттік органдар және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша) |
2014 – 2018 жылдар |
- |
- |
- |
- |
- |
талап етілмейді |
|||
2 |
Жыл сайын 20 жер қойнауын пайдалану объектісін ашық конкурсқа шығаруға дайындау |
перспективалы учаскелер тізбесін беру |
ИЖТМ, МГМ |
2014 – 2018 жылдар |
217 000 |
217 000 |
217 000 |
- |
- |
республикалық бюджет |
|||
3 |
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер енгізу жолымен жер қойнауын барлауға пайдалану құқығын беру тәртібін жеңілдету |
Қазақстан Республикасының Заңын Мемлекет басшысына қол қоюға енгізу |
ИЖТМ, мүдделі мемлекеттік органдар, ҚР ҰКП (келісім бойынша) |
2014 – 2015 жылдар |
- |
- |
- |
- |
- |
талап етілмейді |
|||
4 |
Жер қойнауы туралы кодекс жобасының тұжырымдамасын әзірлеу |
Үкімет жанындағы Заң жобалау қызметі жөніндегі ВАК хаттамасы |
ИЖТМ, мүдделі мемлекеттік органдар, ҚР ҰКП (келісім бойынша) |
2014 жылғы 1 шілде |
- |
- |
- |
- |
- |
талап етілмейді |
|||
Тау-кен металлургия өнеркәсібін дамыту |
|||||||||||||
5 |
Талдамалық баяндама дайындау, «шикізатты – технологияға айырбастау» қағидаты бойынша ғылыми көзқарас тұрғысынан ұсынымдар әзірлеу |
талдамалық баяндама |
ИЖТМ, «Kaznex Invest» АҚ (келісім бойынша) және «ҚИДИ» АҚ (келісім бойынша) |
2014 – 2015 жылдар |
174 757 |
- |
- |
- |
- |
республикалық бюджет |
|||
Негізгі инвестициялық жобалар |
|||||||||||||
6 |
«Тау-Кен Самұрық» АҚ-ның «Шалқия» полиметалл кен орнын игеруі, өндірістік қуаты – жылына 4 миллион тонна кен |
ИЖТМ-ге ақпарат |
«Тау-Кен Самұрық» АҚ (келісім бойынша) және Қызылорда облысының әкімдігі |
2016 жыл |
- |
212 115 |
- |
- |
- |
«Тау-Кен Самұрық» АҚ-ның меншікті қаражаты |
|||
7 |
«Тау-Кен Самұрық» АҚ-ның «Алайғыр» полиметалл кен орнын игеруі, өндірістік қуаты – жылына 1 миллион тонна кен |
ИЖТМ-ге ақпарат |
«Тау-Кен Самұрық» АҚ (келісім бойынша) және Қарағанды облысының әкімдігі |
2015 жыл |
- |
25 711,5 |
- |
- |
- |
«Тау-Кен Самұрық» АҚ-ның меншікті қаражаты |
|||
8 |
«Тау-Кен Самұрық» АҚ-ның «Масальское» темір кен орнын игеруі, өндірістік қуаты – жылына 10 миллион тонна кен |
ИЖТМ-ге ақпарат |
Тау-Кен Самұрық» АҚ (келісім бойынша) және Ақмола облысының әкімдігі |
2016 жыл |
- |
97 778,0 |
- |
- |
- |
«Тау-Кен Самұрық» АҚ-ның меншікті қаражаты |
|||
9 |
Ақтоғай тау-кен байыту кешенін салу, өндірістік қуаты – жылына орта есеппен 25 миллион тонна кен |
ИЖТМ-ге ақпарат |
ШҚО әкімдігі және «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС (келісім бойынша) |
2016 жыл |
225 000 |
- |
- |
- |
- |
Қытай даму банкінің қарыз қаражаты |
|||
10 |
Бозшакөл тау-кен байыту кешенін салу, жылына 100,0 мың тонна мыс концентраты, өндірістік қуаты – жылына 4 миллион тонна кен |
ИЖТМ-ге ақпарат |
Павлодар облысының әкімдігі және «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС (келісім бойынша) |
2015 жыл |
255 000 |
- |
- |
- |
- |
Қытай даму банкінің қарыз қаражаты |
|||
11 |
Жезқазған байыту фабрикасында аралас кендердің флотация қалдықтарын гидрометаллургиялық өңдеу және тотыққан кендерді дайындаудан кейін гидрометаллургиялық өңдеу жөніндегі учаскені салу |
ИЖТМ-ге ақпарат |
Қарағанды обысының әкімдігі және «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС (келісім бойынша) |
2015 – 2018 жылдар |
- |
11 772 |
- |
- |
- |
«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-ның меншікті қаражаты |
|||
12 |
Қара мыс концентраты алынатын, Жезқазған байыту фабрикасының жатқан үйінді қалдықтарын өңдеу бойынша өнімділігі жылына 16 миллион тонна жаңа флотациялық байыту фабрикасын салу |
ИЖТМ-ге ақпарат |
Қарағанды обысының әкімдігі және «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС (келісім бойынша) |
2015 – 2018 жылдар |
- |
25 216 |
- |
- |
- |
«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-ның меншікті қаражаты |
|||
13 |
Жылына 4 миллион тонна мыс кенін шығару және өңдеу мүмкіндігі үшін «Жомарт-2» күрделі әзірлемелер кешенін (кеніш инфрақұрылымын, байыту бөлінісін және қажетті коммуникацияларды) құру |
ИЖТМ-ге ақпарат |
Қарағанды обысының әкімдігі және «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС (келісім бойынша) |
2014 – 2018 жылдар |
1 074 |
* |
* |
* |
* |
«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-ның меншікті қаражаты |
|||
14 |
«Нұрқазған» кен орнының өнімділігі 14,4 миллион тонна кен болатын Оңтүстік Шығыс Нұрқазған учаскесін жобалау және салу |
ИЖТМ-ге ақпарат |
Қарағанды обысының әкімдігі және «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС (келісім бойынша) |
2014 – 2018 жылдар |
* |
* |
* |
* |
* |
«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-ның меншікті қаражаты |
|||
15 |
Тишинск кен орнының төменгі белдеулеріндегі кен қыртыстарын дамыту |
ИЖТМ-ге ақпарат |
ШҚО әкімдігі және «Қазмырыш» ЖШС (келісім бойынша) |
2014 – 2015 жылдар |
- |
- |
- |
- |
- |
«Қазмырыш» ЖШС-ның меншікті қаражаты |
|||
16 |
«Долинное» кен орнын игеру |
ИЖТМ-ге ақпарат |
ШҚО әкімдігі және «Қазмырыш» ЖШС (келісім бойынша) |
2014 – 2018 жылдар |
- |
5 180 |
3 563 |
2 115 |
1 759 |
«Қазмырыш» ЖШС-ның меншікті қаражаты |
|||
17 |
Кен дайындау кешенінің қуатын жылына 60 миллион тонна кенге дейін арттыру. Рудный қаласындағы қуаты жылына 7 миллион тонна ҰБФ-2, ММО-4 болатын жоғарғы сапалы концентрат байыту кешені |
ИЖТМ-ге ақпарат |
Қостанай облысының әкімдігі және «ССТӨБ» АҚ (келісім бойынша) |
2014 – 2018 жылдар |
- |
- |
- |
21 403 |
19 581 |
«ССТӨБ» АҚ-ның меншікті қаражаты |
|||
18 |
Рудный қаласында өнімділігі жылына 4 миллион тонна күйдіретін машина салу |
ИЖТМ-ге ақпарат |
Қостанай облысының әкімдігі, «ССТӨБ» АҚ (келісім бойынша) |
2014 – 2018 жылдар |
- |
- |
- |
21 050 |
16 641 |
«ССТӨБ» АҚ-ның меншікті қаражаты |
|||
19 |
Екінші байыту фабрикасын салу |
ИЖТМ-ге ақпарат |
ШҚО әкімдігі және «ӨКТМК» АҚ |
2015 жыл |
- |
1481 |
- |
- |
- |
«ӨКТМК» АҚ-ның меншікті қаражаты |
|||
20 |
Кобальт-никель кендерінің «Горностаевск» кен орнында «Ванюков» балқыту технологиясын (сұйық ваннада балқыту) пайдалана отырып, тауарлық ферроникель өндіру жөніндегі металлургиялық комбинат салу, өндірістік қуаты – жылына 1,9 миллион тонна кен |
ИЖТМ-ге ақпарат |
ШҚО әкімдігі, «SAT &Nikel» АҚ (келісім бойынша) |
2017 жыл |
- |
- |
- |
46 250 |
- |
халықаралық даму институттарының қарыз қаражаты |
|||
21 |
Бақыршық кен орнында өнімділігі жылына 1,5 миллион тонна кен болатын металлургиялық кешен салу және жерасты кенішін әзірлеу |
ИЖТМ-ге ақпарат |
ШҚО әкімдігі және «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС (келісім бойынша) |
2014 – 2018 жылдар |
62 900 |
62 900 |
- |
- |
- |
халықаралық даму институттарының қарыз қаражаты |
|||
22 |
«Юбилейное» кен орнында алтын құрамдас кендерді өңдеу жөніндегі байыту фабрикасын және өндіру көлемі жылына 5 миллион тонна кен (6,0 мың тонна катодты алтын) болатын кеніш салу |
ИЖТМ-ге ақпарат |
Ақтөбе облысының әкімдігі және «Юбилейное» ЖШС (келісім бойынша) |
2015 жыл |
12 300 |
17 100 |
- |
- |
- |
«Юбилейное» ЖШС-ның меншікті қаражаты |
|||
23 |
Өнімділігі жылына 2,4 тонна катодты алтын болатын алтын өндіру фабрикасын салу |
ИЖТМ-ге ақпарат |
Қарағанды облысының әкімдігі және «Алтын алмас» АК» АҚ (келісім бойынша) |
2014 – 2015 жылдар |
9 000 |
12 512 |
- |
- |
- |
«Алтын алмас» АК» АҚ-ның меншікті қаражаты |
|||
24 |
Тасқора алтын өндіру фабрикасын салу |
ИЖТМ-ге ақпарат |
ШҚО әкімдігі және «Тасқара» ЖШС (келісім бойынша) |
2014 – 2015 жылдар |
669,0 |
- |
- |
- |
- |
Тасқара» ЖШС-ның меншікті қаражаты |
|||
25 |
Маятас аумағында алтын құрамдас және қорғасын кендерін игеру, бірінші кезеңдегі өндірістік қуаты: алтын құрамдас кен бойынша – жылына 150 мың тонна және қорғасын кені бойынша – жылына 500 мың тонна |
ИЖТМ-ге ақпарат |
« Қостанай облысының әкімдігі және «Маятас» ЖШС (келісім бойынша) |
2016 жыл |
* |
* |
* |
- |
- |
«Маятас» ЖШС-ның меншікті қаражаты |
|||
26 |
Жітіқара ауданында дайын өнім – Доре қорытпасын ала отырып, кенді 450 мың тоннаға дейін тәжрибелік-өнеркәсіптік өндіру және өңдеу |
ИЖТМ-ге ақпарат |
Қостанай облысының әкімдігі және «Брендт» ЖШС (келісім бойынша) |
2014 – 2015 жылдар |
552 |
- |
- |
- |
- |
халықаралық даму институттарының қарыз қаражаты |
|||
27 |
Қуаты 20,0 мың тонна катодты мыс болатын кен өңдеу және катодты мыс өндіру жөніндегі кешеннің 2-кезегін салу |
ИЖТМ-ге ақпарат |
Ақтөбе облысының әкімдігі және «Kaz Copper» ЖШС (келісім бойынша) |
2016 – 2018 жылдар |
- |
- |
- |
- |
- |
халықаралық даму институттарының қарыз қаражаты |
|||
28 |
«Көктасжал» кен орны базасында тау-кен байыту кешенін салу және пайдалану, 3 миллион тонна кен (18,0 мың тонна катодты мыс) |
ИЖТМ-ге ақпарат |
Қарағанды облысының әкімдігі мен «Алтай-Полиметаллы» ЖШС (келісім бойынша) |
2014 – 2015 жылдар |
15 865 |
- |
- |
- |
- |
«Алтай-Полиметаллы» ЖШС-ның меншікті қаражаты |
|||
29 |
Мыс құрамдас шлактарды өңдеу жөніндегі байыту фабрикасын және катодты мыс, 3,5 мың тонна концентраттағы мыс шығару жөніндегі гидрометаллургиялық цех салу |
ИЖТМ-ге ақпарат |
Қарағанды облысының әкімдігі мен «Profilex» ЖШС (келісім бойынша) |
2014 – 2015 жылдар |
- |
3 278 |
- |
- |
- |
«Profilex» ЖШС-ның меншікті қаражаты |
|||
30 |
Қуаты жылына 200 000 тонна барит кендерін және 100 мың тонна концентрат өңдеу жөніндегі өндірістік кешен салу |
ИЖТМ-ге ақпарат |
Қарағанды облысының әкімдігі және «Global Chemicals Industries» ЖШС (келісім бойынша) |
2014 – 2015 жылдар |
4 500 |
- |
- |
- |
- |
халықаралық даму институттарының қарыз қаражаты |
|||
31 |
30 000 тонна жоғары сапалы гравитациялық барит концентратын өндіру жөніндегі заманауи кешен салу |
ИЖТМ-ге ақпарат |
Жамбыл облысының әкімдігі және «ҚазБарит» ЖШС (келісім бойынша) |
2016 жыл |
- |
- |
300 |
- |
- |
«ҚазБарит» ЖШС-ның меншікті қаражаты |
|||
32 |
Байыту фабрикасын сала отырып, Велихов темір кен орнын игеру, өндірістік қуаты – жылына 1 миллион тонна кен |
ИЖТМ-ге ақпарат |
Ақтөбе облысының әкімдігі мен «АқтөбеТемірВС» ЖШС (келісім бойынша) |
2014 жыл |
24 150 |
- |
- |
- |
- |
Ақтөбе Темір ВС» ЖШС-ның меншікті қаражаты |
|||
33 |
Инновациялық технология бойынша шекті шойын алынатын темір кенін өндіру және өңдеу, өндірістік қуаты – жылына 3 миллион тонна кен |
ИЖТМ-ге ақпарат |
Алматы облысының әкімдігі және «Bapy Mining» ЖШС (келісім бойынша) |
2014 – 2015 жылдар |
10 500 |
- |
- |
- |
- |
«BapyMining» ЖШС-ның меншікті қаражаты |
|||
Халықаралық ынтымақтастық |
|||||||||||||
34 |
«Майнекс» халықаралық тау-кен конгресін өткізу |
БАҚ-қа ақпарат |
ИЖТМ |
жыл сайын |
- |
- |
- |
- |
- |
талап етілмейді |
|||
35 |
«AstanaMiningandMetallurgy» халықаралық тау-кен металлургия конгресін өткізу |
БАҚ-қа ақпарат |
ИЖТМ |
жыл сайын |
- |
- |
- |
- |
- |
талап етілмейді |
|||
36 |
Дүниежүзілік тау-кен конгресін өткізу |
БАҚ-қа ақпарат |
ИЖТМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың және Астана қаласының әкімдіктері |
2018 жыл |
- |
- |
- |
- |
- |
талап етілмейді |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ИЖТМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
министрлігі
МГМ – Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі
ШҚО – Шығыс Қазақстан облысы
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры»
акционерлік қоғамы
«Өскемен ТМК» АҚ – «Өскемен титан-магний комбинаты» акционерлік
қоғамы
«Kaznex Invest»АҚ – «KaznexInvest» акционерлік қоғамы
«ҚИДИ» АҚ – «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік
қоғамы
«Тау-Кен Самұрық» АҚ – «Тау-Кен Самұрық» акционерлік қоғамы
«ССТӨБ» АҚ – «Соколов-Сарыбай тау-кен өндірістік бірлестігі»
акционерлік қоғамы
ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестік
ҰКП – Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
ҰБФ – ұсақтау-байыту фабрикасы
ВАК – ведомствоаралық комиссия
БАҚ – бұқаралық ақпарат құралдары.
Ескертпе: *қаржыландыру бойынша сома жобалау-сметалық құжаттама (ЖСҚ)
әзірленгеннен/бекітілгеннен кейін нақтыланатын болады_