Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 мамырдағы № 554 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 28 мамырдағы
№ 554 қаулысына   
қосымша       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесі

      1. «Қазақстан Республикасында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің 2012 – 2014 жылдарға арналған салалық бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 маусымдағы № 730 қаулысы.
      2. «Қазақстан Республикасында қылмыстық-атқару жүйесін дамытудың 2012 – 2015 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 маусымдағы № 775 қаулысы.
      3. «Қазақстан Республикасында қылмыстық-атқару жүйесін дамытудың 2012 – 2015 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 маусымдағы № 775 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 1691 қаулысы.
      4. «Қазақстан Республикасында қылмыстық-атқару жүйесін дамытудың 2012 – 2015 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 маусымдағы № 775 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 қаңтардағы № 32 қаулысы.