"Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2014 - 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1587 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 мамырдағы № 550 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 112 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.03.2015 № 112 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1587 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 89, 1093-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
      «Ағымдағы жағдайды және қызметтің тиісті салаларын (аяларын) дамыту үрдістерін талдау» деген 2-бөлімде:
      «Елдің тиімді әлеуметтік-экономикалық саясаты» деген 1-стратегиялық бағытта:
      «Макроэкономикалық саясат саласы» деген кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
      «Макроэкономикалық саясат саласы
      1. Негізгі даму параметрлері
      Сыртқы экономикалық конъюнктураның қолайсыздығына қарамастан, Қазақстан жалпы ішкі өнімінің (бұдан әрі – ЖІӨ) өсуі 2013 жылы 6 %-ды құрады және ішкі сұраныстың өсуі, жоғары инвестициялық белсенділік пен агроөнеркәсіптік кешенде, машина жасау мен құрылыс индустриясындағы жоғары өсу қарқыны есебінен қамтамасыз етілді.
      Басқа елдермен салыстырғанда ЖІӨ өсімі Халықаралық валюта қорының бағалауы бойынша 2013 жылы: АҚШ-та – 1,9 %-ды Германияда – 0,5%-ды, Францияда – 0,2%-ды, Италияда – (-1,8 %-ды), Испанияда – (-1,2 %-ды), Қытайда – 7,7 %-ды, Жапонияда – 1,7 %-ды құрады. Бірыңғай экономикалық кеңістікке (бұдан әрі – БЭК) қатысушы елдерде ЖІӨ: Ресейде – 1,3 %-ды, Беларусьте – 0,9 %-ды құрады.
      Сыртқы факторлардың нашарлауы жағдайларында экономиканың өсуі бірінші кезекте ішкі өсу көздері есебінен қамтамасыз етілді.
      2012 жылмен салыстырғанда елде инвестициялық белсенділіктің жандануы байқалады. 2013 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар 6,5 %-ға өсті, бұл 2009 жылғы дағдарыстан кейінгі ең жоғары өсу.
      Үй шаруашылықтары тарапынан тұтынудың өсуі және көрсетілетін қызметтер саласының озыңқы қарқынмен өсуі байқалады. 2013 жылы көрсетілетін қызметтер саласындағы өсу 7,4 %-ды құрады, көрсетілетін қызметтер өндірісінің ЖІӨ өсіміне үлесі 65 %-ды құрады.
      Сондай-ақ нақты секторда тұрақты өсу байқалады. 2013 жылы өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 2,3 %-ға, оның ішінде тау-кен өнеркәсібі мен карьерлерді игерудің 3,1 %-ға және өңдеу өнеркәсібінің 1,6 %-ға өсуі есебінен ұлғайды. 2013 жылы ауыл шаруашылығындағы өнімді өндіру өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірудің 22,5 %-ға өсуі есебінен 10,8 %-ға өсті. Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру 1,1 %-ды құрады. Республикада барлығы 18,2 миллион тонна астық және бұршақ дақылдары жиналды, бұл 2012 жылға қарағанда 41,7 %-ға артық.
      Тауарлар өндіру мен қызметтер көрсету көлемінің ұлғаюымен сипатталатын экономика салаларының дамуы жұмыспен қамтудың өсуіне ықпал етті.
      2013 жылы инфляция деңгейі 4,8 %-ды құрады, бұл алдыңғы жылға қарағанда 1,2 пайыздық тармаққа төмен. Бұл азық-түлік тауарлары бағасының өсімі қарқынының 2012 жылы 5,3 %-дан 2013 жылы 3,3 %-ға дейін, тиісінше азық-түліктік емес тауарларға 3,5 %-дан 3,3 %-ға дейін, ақылы көрсетілетін қызметтерге 9,3 %-дан 8 %-ға дейін баяулауға негізделген.
      Сыртқы экономикалық коньюнктураның тұрақсыздығы сыртқы сауда айналымы көлемдерін қысқартудың негізгі себебі болды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректеріне сәйкес 2013 жылы Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 133 миллиард АҚШ долларын құрады (2012 жылы 136 миллиард АҚШ доллары), бұл 2012 жылмен салыстырғанда 2,2 %-ға азайды, оның ішінде экспорт – 83,4 миллиард АҚШ доллары (4 %-ға төмендеді), импорт – 49,6 миллиард АҚШ долларын (1 %-ға ұлғайды) құрады. Тауар айналымының төмендеуі бірінші кезекте негізгі экспорттық тауарлар экспортының төмендеуіне байланысты.
      Сауда теңгерімінің оң сальдосы 33,8 миллиард АҚШ долларын (2012 жылы – 37,9 миллиард АҚШ долларын) құрады.
      2013 жылы Қазақстан мен Кеден одағына мүше басқа елдер арасындағы тауар айналымы 24,2 миллиард АҚШ долларын құрады және 2012 жылмен салыстырғанда 1,4 %-ға өсті, оның ішінде экспорт 5,9 миллиард АҚШ долларын құрап, 5,9 %-ға қысқарды, импорт 18,4 миллиард АҚШ долларын құрап, 4 %-ға өсті.
      2. Негізгі проблемаларды талдау
      Әлемдік экономиканың әлсіз өсуіне қарамастан, 2013 жылы Қазақстанның ЖІӨ-нің өсу қарқыны жоспарланған 6 % деңгейінде қалыптасты.
      Өңдеу өнеркәсібіндегі төмен көрсеткіштерге байланысты өнеркәсіптегі өсу 2,3 %-ды құрады (болжанатын өсу 4,0 % болғанда, ауытқу 1,7 пайыздық тармақты құрады).
      Есепті кезеңде өңдеу өнеркәсібінде қазақстандық экспорт өнімдеріне, оның ішінде металлургия өнімдеріне әлемдік сұраныстың қысқаруы нәтижесінде болжанатын көрсеткіш 5,0 % болған кезде өсу 1,6 % болды. Металлургия өнеркәсібіндегі өндірістің нақты көлемінің индексі (бұдан әрі – НКИ) 95,1 %-ды құрады, бұл болжанатын деңгейден 7,4 п.т. төмен.
      Тау-кен өнеркәсібінде өсу қарқыны 103,1 %-ды құрады және болжанатын деңгейден темір кенін өндірудің 1,4 %-ға төмендеуі есебінен 0,3 пайыздық тармаққа төмен болды, бұл болжанатын деңгейден 0,2 пайыздық тармаққа төмен.
      Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптау НКИ 0,9 %-ға ұлғайды, бұл болжанатын көрсеткіштен 3,0 пайыздық тармаққа төмен. Бұған Қырғыз Республикасынан электр энергиясын қабылдау ықпал етті, оны сатып алу вегетациялық кезеңде Қазақстанның оңтүстік өңірлері үшін су жеткізумен өзара байланысты болып отыр.
      3. Негізгі ішкі және сыртқы факторларды бағалау
      Қазақстан экономикасы дамуының серпіні әлемдік экономикалық жүйенің құрамдас бөлігі ретінде көбінесе әлемдік экономиканың серпініне тәуелді. Осыған орай, АҚШ, Қытай, Жапония, Еуроаймақ елдерінің және Қазақстанның саудадағы басқа да негізгі әріптес елдерінің экономикасы өсуінің бәсеңдеуі әлемдік нарықта ел экспортының 80 %-дан астамын құрайтын мұнай мен металл бағаларының төмендеуіне алып келді. 2014 жылдың басынан бері әлемдік нарықта мұнай бағасы оң серпінге ие, сондай-ақ жыл басындағы олардың біршама өсуіне қарамастан, металдарға бағалардың төмендеуі байқалады. Халықаралық ұйымдардың деректері бойынша (ХВҚ, ХБ, БҚҰ) 2014 жылы Brent сұрыпты мұнайдың орташа әлемдік бағасының консенсус болжамы барреліне 105,1 долларды құрайды және 2013 жылмен салыстырғанда 3,5 %-ға төмендейді.
      Министрліктің бағалауы бойынша 2014 жылы экономиканың өсуі, әлемдік экономикадағы тұрақсыздықтың теріс әсеріне қарамастан, 6 % деңгейінде тұрақты болады. Халықаралық валюта қорының деректері бойынша 2014 жылы әлемдік ЖІӨ-нің өсуі 3,7 %-ды құрады. Осылайша, бірқатар проблемаларды еңсерудегі прогреске қарамастан, позицияларды қалпына келтіру үрдістерін кез келген сәтте нашарлатды мүмкін тәуекелдер сақталуда.
      2014 жылы Қазақстан экономикасының негізгі өсу факторы ішкі сұраныстың өсуі және экспорт үшін сыртқы жағдайлардың жақсаруы болады. Дамудың оң серпіні машина жасау, мұнай мен табиғи газды өндіру салаларында, көрсетілетін қызметтер саласында күтілуде.
      Экономикада ішкі сұранысты қолдау үшін экономиканың және жұмыспен қамтудың өсуіне неғұрлым мультипликативті әсер беретін мемлекеттік және салалық бағдарламаларды басым қаржыландыру қамтамасыз етілетін болады.
      Сыртқы жағдайлардың салдарын нивелирлеу мақсатында ішкі көздер мен резервтер есебінен экономикалық өсуге ерекше назар аударылатын болады.
      Бұдан басқа, экономиканың дамуына әсіресе экономиканың шикізаттық емес секторларына сыртқы және ішкі инвестициялардың өсуі ықпал ететін болады.
      2014 жылдың қорытындылары бойынша инфляция 6,0-8,0 % дәліз шеңберінде қалыптасады, осы мақсатта Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкінің инфляцияға қарсы іске асырылатын үйлестірілген саясаты жалғастырылатын болады.»;
      «Ішкі сауда саласы» деген кіші бөлімде:
      «Негізгі проблемаларды талдау» деген 2-тармақ мынадай мазмұндағы бөліктермен толықтырылсын:
      «Шаруашылық қатынастардың биржалық сауда саласын қалыптастыру кезеңіне және заңнамада заманауи тауарлық биржалық нарықты дамыту талаптарына сай келетін нормаларды жетілдіру қажеттілігіне негізделген осы саланы жүзеге асыру тетігінің бірқатар проблемалы мәселелері бар.
      Биржалық сауданың неғұрлым маңызды проблемалы мәселелеріне дауыс беруші биржалық сауда-саттықтармен айла-шарғы жасау есебінен биржалық сауда-саттық пен олардың нәтижелерінің беделін түсіру, сондай-ақ нарықта биржалық сауданы дамытуға экономикалық мүдделіліктің болмауы жатады. Тауар биржаларының тауар айналымы бойынша нақты көлемдерді ұсынбау үрдісі байқалады, осыған байланысты бюджетке түсетін салықтық түсімдер бойынша шығындар сақталады.»;
      «Бюджет саясаты және жоспарлау» деген 2-стратегиялық бағытта:
      «Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясатының саласы» деген кіші бөлімде:
      «Негізгі даму параметрлері» деген 1-тармақта екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік борыштың құрылымында ең қомақты үлес Үкіметтің борышына тиесілі – 99,6 %, қалған бөлігі Ұлттық Банктің 0,1 % және жергілікті атқарушы органдардың 0,3 % борышына тиесілі.»;
      «Мемлекеттік басқару жүйесін және квазимемлекеттік секторды дамыту» деген 4-стратегиялық бағытта:
      «Мемлекеттік активтерді басқару саясаты саласы» деген кіші бөлімде:
      «Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау» деген 3-тармақта екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік активтер құрылымына мемлекет қатысатын 6 421 ұйым, оның ішінде 5 827 мемлекеттік кәсіпорын және 594 акционерлік қоғам мен жауапкершілігі шектеулі серіктестік кіреді. Жүргізілген талдау қорытындылары бойынша мемлекеттік активтер құрылымында квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің тиімділігін төмендететін бейінді емес активтердің үлесі едәуір екені анықталды.»;
      мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Мемлекеттік активтерді оңтайландыру бойынша жұмыс жалғасатын болады, оның нәтижесі 2014 жылы Жекешелендірудің 2014 – 2016 жылдарға арналған кешенді жоспарын (бұдан әрі – Кешенді жоспар) қабылдау болады.
      Кешенді жоспарда мемлекеттік меншіктің құрамы мен құрылымын оңтайландыру, жекешелендіруді өткізу жолымен мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін арттыруға және жеке сектор әрекет ететін салаларда мемлекеттің қатысуын шектеуге бағытталған іс-шаралар көзделген.»;
      «Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері» деген 3-бөлімде:
      «Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері» деген 3.1-кіші бөлімде:
      «Елдің тиімді әлеуметтік-экономикалық саясаты» деген 1-стратегиялық бағытта:
      «2020 жылға қарай қазақстандық экономиканың 2009 жылғы деңгейге қатысты нақты мәнде үштен бірінен аса артуын қамтамасыз ету» деген 1.1-мақсатта:
      «Ішкі сауданы дамыту» деген 1.1.5-міндетте:
      тікелей нәтижелер көрсеткіштерінде:
      реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

2. Бөлшек тауар айналымының жалпы көлемінде заманауи сауда форматтарының үлесін ұлғайту

Стат. деректер

%

12,3

15,2

25,7

40

42

44

45

                                                                »;
      «Жасыл экономиканы» дамыту» деген 1.1.8-міндетте:
      тікелей нәтижелер көрсеткіштерінде:
      реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

1. «Жасыл экономика» саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған, қабылданған нормативтік құқықтық актілер саны

Мем.органдардың ақпараты

Бірлік



1





                                                                »;

      «Бюджет саясаты және жоспарлау» деген 2-стратегиялық бағытта:
      «Мемлекеттік қаржының теңгерімділігін қамтамасыз ету және бюджет тиімділігін арттыру» деген 2.1-мақсатта:
      нысаналы индикаторларда:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 4-1-жолмен толықтырылсын:
      «

4-1. ДЭФ ЖБИ рейтингінде «Мемлекеттік борыш» индикаторын жақсарту

ДЭФ ЖБИ есебі

Рейтингтегі орын

14

14

13

13

13

13

13

                                                                »;
      реттік нөмірі 5-жолда:
      «2014 жыл» деген бағандағы «13,9» деген сандар «13,4» деген сандармен ауыстырылсын;
      мына:
      «

6. Ұлттық қордың орташа жылдық инвестициялық кірістілігін ұстап тұру

ҰБ есебі

%

4,5 кем емес

4,5 кем емес

4,5 кем емес

4,5 кем емес

4,5 кем емес

4,5 кем емес

4,5 кем емес

                                                                »
      деген реттік нөмірі 6-жол алынып тасталсын;
      «Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және Қазақстан Республикасын дамытудың стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясатын жүргізу» деген 2.1.2-міндетте:
      тікелей нәтижелер көрсеткіштерінде:
      реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін ЖІӨ-нің 30 %-ы мөлшеріндегі төмендетілмейтін қалдықтан кемітпей ұстап тұру

ҰБ және Қаржым инінің дерект ері

ЖІӨ %

34,7

38,4

кемінде 30

ке мі нд е 30

кемінде 30

ке мі нд е 30

ке мі нд е 30

                                                                »;

      тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шараларда:
      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «

9) Мемлекеттік борыштың деңгейін, оның ішінде бюджет тапшылығын ЖІӨ-ге қатысты 2013 жылғы 2,1 %-дан 2015 жылы 1,5 %-ға дейін төмендету есебінен бақылау

Х

Х

Х



                                                                »;
      мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «

9-1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану бойынша ұсыныстар әзірлеу

Х


Х


Х

                                                                »;

      «Халықаралық экономикалық интеграция және сыртқы сауда қызметі» деген 3-стратегиялық бағытта:
      «Әлемдік сауда-экономикалық жүйеге интеграциялау арқылы республиканың экономикалық мүдделерін ілгерілету мен қорғаудың тиімді және жедел жүйесін құру, сондай-ақ сыртқы сауданы дамыту» деген 3.1-мақсатта:
      нысаналы индикаторларда:
      реттік нөмірі 1-жолда:
      «2014 жыл» деген бағандағы «101,4» деген сандар «104,1» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Кеден одағының жұмыс істеуін және Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыруды қамтамасыз ету» деген 3.1.1-міндетте:
      тікелей нәтижелер көрсеткіштерінде:
      «2014 жыл» деген бағанда:
      реттік нөмірі 1-жолдағы «99,0» деген сандар «99,5» деген сандармен ауыстырылсын;
      тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шараларда:
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «

7) Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу, сондай-ақ арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақылық шаралардың тетіктерін қолдану жөнінде ұсыныстар әзірлеу

Х

Х

Х

Х

Х

                                                                »

      «Мемлекеттік басқару жүйесін және квазимемлекеттік секторды дамыту» деген 4-стратегиялық бағытта:
      «2015 жылға қарай корпоративтік басқару, нәтижелілік, транспаренттілік және қоғамға есеп беру қағидаттарында мемлекеттік басқарудың жаңа моделін енгізу» деген 4.1-мақсатта:
      нысаналы индикаторларда:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 7-жолмен толықтырылсын:
      «

7. Мемлекеттік органдар қызметі тиімділігінің орташа деңгейін жыл сайын 5%-ға ұлғайту

ЭБЖМ деректері

%

63,2

66,4

69,7

73,2

76,9

80,7

84,7

                                                                »;

      «Нәтижеге бағдарланған мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мен толыққанды жұмыс істеуі» деген 4.1.1-міндетте:
      тікелей нәтижелер көрсеткіштерінде:
      мына:
      «

2. Орташа тиімділік (89 %) деңгейіне дейін «Стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру» бағыты бойынша орталық мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалауды арттыру

ЭБЖМ деректері

%

83,37

84,0

85,0

86,0

87,0

88,0

89,0

                                                                »
      деген реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

2. Орталық мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалаумен қамту

Сарапшылық комиссияның қорытындысы

Меморгандар саны

23

24

23

25

25

25

25

                                                                »;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 3-жолмен толықтырылсын:
      «

3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін жалпы бағалаумен қамту

Сарапшылық комиссияның қорытындысы

Меморгандар мен өңірлердің саны

39

40

39

41

41

41

41

                                                                »;

      «Квазимемлекеттік сектор қызметінің тиімділігін арттыру» деген 4.1.3-міндетте:
      тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      «

7) Жекешелендірудің 2014 – 2016 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу

Х





                                                                »;

      «Ведомствоаралық өзара іс-қимыл» деген 5-бөлімде:
      «Елдің тиімді әлеуметтік-экономикалық саясаты» деген 1-стратегиялық бағытта:
      «2020 жылға қарай қазақстандық экономиканың 2009 жылғы деңгейге қатысты нақты мәнде үштен бірінен аса артуын қамтамасыз ету» деген 1.1-мақсатта:
      «Ішкі сауданы дамыту» деген 1.1.5-міндетте:
      реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

2. Бөлшек тауар айналымының жалпы көлемінде заманауи сауда форматтарының үлесін ұлғайту

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

1. Сауда инфрақұрылымын дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жағдайлар әзірлеу және жасау.
2. Сауда қызметкерлерін дайындау, қайта дайындау және біліктілігін арттыру жүйесін дамытуға және жетілдіруге, кәсіби негізде еңбек нарығын қалыптастыруға жәрдемдесу.
3. Сауда қызметінің субъектілерін, оның ішінде отандық өндірістің азық-түлік тауарларымен сауданы жүзеге асыратын субъектілерді экономикалық ынталандыру шараларын қолдану.
4. Отандық сауда желілерін дамыту.

СА

Статистикалық деректерді беру

                                                                »;
      реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

3. Баға белгілеудің ашықтығын арттыру мақсатында көтерме сауда айналымының жалпы көлемінде биржалар арқылы жасалатын сауда операциялары көлемінің үлесін ұлғайту

ИЖТМ, МГМ, БҚА, АШМ

Кейіннен Биржалық тауарлар және ұсынылатын партиялардың ең төменгі көлемінің тізбесіне енгізу үшін тауарлық биржалар арқылы өткізілетін тауарларға талдау жүргізу.

Қаржымині

1. Тауарлық биржалар арқылы мемлекеттік сатып алуды өткізу үшін жағдайлар жасау.

2. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің биржалық сауда-саттықтарға қатысуы бойынша оларға экономикалық ынталандыруды енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу.

СА

Статистикалық деректерді беру.

ТМРА, БҚА

Табиғи монополиялар мен реттелетін нарық субъектілерінің тауарларды биржаларда белгіленген бағалардан жоғары емес бағамен сатып алуына қатысты ұсыныстар әзірлеу.

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

Халыққа әлеуметтік маңызы бар тауарларды тікелей сатуды ынталандыру мақсатында жәрмеңкелер өткізу.

АШМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

Азық-түлік тауарлары бойынша республикалық және өңірлік теңгерімдерді жүргізу.

                                                                »;

      «Табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар субъектілерінің қызметін мемлекеттік реттеу, бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу салаларындағы саясатты жетілдіру» деген 1.1.6-міндетте:
      мына:
      «

Күнтізбелік жылға арналған табиғи монополиялар және реттелетін нарық субъектілері қызметтеріне тарифтердің (бағалардың, алым мөлшерлемелерінің) өзгеруінен инфляцияға салымның орындалуын қамтамасыз ету

ТМРА

1. ТМРА ұсынған реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтердің болжамдық өсу есептерін талдау.
2. Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтердің шекті өсімінің инфляцияға жол берілетін салымының болжамдық есебін жүргізу.

                                                                »
      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

Табиғи монополиялар және реттелетін нарық субъектілерінің көрсетілетін қызметтерінің күнтізбелік бір жылға арналған тарифтерінің (бағаларының, алым мөлшерлемелерінің) өзгеруінен инфляцияға салымның орындалуын қамтамасыз ету

ТМРА

1. ТМРА ұсынған реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтердің болжамдық өсу есептерін талдау
2. Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтердің шекті өсімінің инфляцияға жол берілетін салымының алдағы күнтізбелік жылға арналған болжамды есебін жүргізу.

                                                                »;

      «Тәуекелдерді басқару» деген 6-бөлімде:
      ішкі тәуекелдерде:
      мына:
      «

Инфляция деңгейінің берілген параметрлерден асып кетуі және тауар нарықтарының тиімді жұмыс істеуіне кедергі келтіретін факторлардың пайда болуы.

Макроэкономикалық тұрақтылықтың нашарлауына алып келуі мүмкін

1. Тарифтік саясат және бәсекелестікті қорғау саласында жұмыс сапасын бақылауды күшейту.
2. Табиғи монополиялар субъектілерінің инфляцияға салымдарының шекті деңгейлерін қайта қарау.

                                                                »
      деген жол алынып тасталсын;
      мына:
      «

Реттелетін тарифтерден инфляцияға үлес деңгейінің берілген параметрден асып кетуі және тауар нарықтарының тиімді жұмыс істеуіне кедергі келтіретін факторлардың пайда болуы

Макроэкономикалық тұрақтылықтың нашарлауына алып келуі мүмкін

1. Тарифтік саясат және бәсекелестікті қорғау саласында жұмыс сапасына бақылауды күшейту.
2. Табиғи монополиялар субъектілерінің инфляцияға салымдарының шекті деңгейлерін қайта қарау.

                                                                »
      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

Реттелетін тарифтерден инфляцияға үлес деңгейінің берілген параметрден асып кетуі және тауар нарықтарының тиімді жұмыс істеуіне кедергі келтіретін факторлардың пайда болуы

Макроэкономикалық тұрақтылықтың нашарлауына алып келуі мүмкін

Тарифтік саясат және бәсекелестікті қорғау салаларындағы жұмыс сапасын бақылауды күшейту.

                                                                »;

      «7. Бюджеттік бағдарламалар» деген бөлімде:
      001 «Экономика және сауда саясатын, мемлекеттік жоспарлау мен басқару жүйесін қалыптастыру және дамыту жөніндегі қызметтер» деген бюджеттік бағдарламада:
      тікелей нәтиже көрсеткіштерінде:
      мына:
      «

Сауда саласындағы қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында бөлшек сауда айналымының жалпы көлемінде ірі сауда объектілері мен сауда желілерінің үлесін ұлғайту

%

108

110

112

140

142

144

145

                                                                »
      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

Бөлшек тауар айналымының жалпы көлемінде заманауи сауда форматтарының үлесін ұлғайту

%

12,3

15,2

25,7

40

42

44

45

                                                                »;

      «2014 жыл» деген бағанда:
      «Кеден одағына мүше елдердің (Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы) импорттық кеден баждарының мөлшерлемелерін біріздендіру» деген жолдағы «98,0» деген сандар «99,5» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Экономика, сауда және мемлекеттік басқару саласында жүргізілетін зерттеулер саны, талдамалық және консалтингтік қызметтер көрсету» деген жолдағы «21» деген сандар «22» деген сандармен ауыстырылсын;
      түпкілікті нәтиже көрсеткіштерінде:
      «Үкіметтік борыш үлесі» деген жолдағы «13,9» деген сандар «13,4» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Сыртқы сауда айналымының өсу қарқыны» деген жолдағы «101,4» деген сандар «104,1» деген сандармен ауыстырылсын;
      тиімділік көрсеткіштерінде:
      «Штат санының бiр бiрлiгiн ұстауға жұмсалатын орташа шығындар» деген жолдағы «4 203,7» деген сандар «4 183,8» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Бюджет шығыстарының көлемі» деген жолдағы «4 047 597» деген сандар «4 492 798» деген сандармен ауыстырылсын;
      002 «Бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың техника-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу» деген бюджеттік бағдарламада:
      бюджеттік бағдарламаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «002 «Бюджеттік инвестициялық жобалар мен концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларының техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу»*»;
      сипаттама мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бюджеттік инвестициялық жобалардың, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларының техникалық-экономикалық негіздемелерін дайындау, концессиялық жобаларға консультациялық сүйемелдеу көрсету»;
      түпкілікті нәтиже көрсеткіштерінде:
      мына:
      «

Техникалық-экономикалық негіздемелер әзірленетін жобалардың саны

жобалар саны

14

15

13

13

13



                                                                »
      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

Техникалық-экономикалық негіздемелер әзірленетін бюджеттік инвестициялық жобалардың саны

жобалар саны

14

13

10

13

13



                                                                »;
      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «

Конкурстық құжаттамалар әзірленетін концессиялық жобалардың саны

жобалар саны

0

2

3

3

3



                                                                »;

      «2014 жыл» деген бағанда:
      тиімділік көрсеткіштерінде:
      «Концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеудің болжамды шығындары» деген жолдағы «106 000» деген сандар «212 000» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Бюджет шығыстарының көлемі» деген жолдағы «588 000» деген сандар «694 000» деген сандармен ауыстырылсын;
      006 «Бюджеттік инвестициялар және концессия мәселелері бойынша құжаттаманы бағалау және сараптау» деген бюджеттік бағдарламада:
      бюджеттік бағдарламаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «006 «Мемлекеттік кепілдіктерді ұсыну үшін бюджеттік инвестициялар мен концессия, инвестициялық жобалар мәселелері бойынша құжаттаманы сараптау және бағалау»;
      сипаттама мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» АҚ-ның бюджеттік инвестициялар мен концессия, сондай-ақ концессиялық жобалардың іске асырылуына бағалау жүргізу мәселелері бойынша сараптамалар жүргізуі»;
      «2014 жыл» деген бағанда:
      тікелей нәтиже көрсеткіштерінде:
      «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ-ның бюджеттік инвестициялар мен концессиялар мәселелері бойынша сараптама жүргізуі және дайындауы» деген жолдағы «143» деген сандар «105» деген сандармен ауыстырылсын;
      мына:
      «

«Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» АҚ-ның концессиялық жобалардың, оның ішінде бюджеттен қоса қаржыландыру шартында іске асырылуына бағалау жүргізуі және дайындауы

қорытынд ылар саны

4

4

4

4

4



                                                                »
      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

«Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» АҚ-ның концессиялық жобалардың іске асырылуына бағалау жүргізуі және дайындауы

қорытындылар саны

4

4

3

4

4



                                                                »;
      сапа көрсеткіштерінде:
      мына:
      «

Концессиялық жобалардың, оның ішінде бюджеттен қоса қаржыландыру шартында іске асырылуына сапалы бағалау жүргізудің толықтығы

бағалауға келіп түскендердің жалпы санынан %

100

100

100

100

100



                                                                »
      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

Концессиялық жобалардың іске асырылуына сапалы бағалау жүргізудің толықтығы

бағалауға келіп түскендердің жалпы санынан %

100

100

100

100

100



                                                                »;

      тиімділік көрсеткіштерінде:
      «Құжаттаманың бір сараптамасы мен бағалауын жүргізудің орташа құны» деген жолдағы «3 245,1» деген сандар «4 416,9» деген сандармен ауыстырылсын;
      007 «Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Еуразиялық бәсекеге қабілеттілігі бағдарламасының Орталық Азия бастамасына Қазақстанның қатысуы» деген бюджеттік бағдарламада:
      бюджеттік бағдарламаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «007 «Қазақстанның ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығы шеңберінде ЭЫДҰ-ның бастамалары мен құралдарына Қазақстанның қатысуы»;
      «2014 жыл» деген бағанда:
      тиімділік көрсеткіштерінде:
      «Жарнаның сомасы» деген жолдағы «200 000» деген сандар «427 470» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Бюджет шығыстарының көлемі» деген жолдағы «200 000» деген сандар «427 470» деген сандармен ауыстырылсын;
      009 «Халықаралық имидждік көрмелерді ұйымдастыру бойынша қызметтер*» деген бюджеттік бағдарламада:
      сипаттама мынадай редакцияда жазылсын:
      «Халықаралық имидждік көрмелерді ұйымдастыру мен оларды өткізуге дайындық»;
      тiкелей нәтиже көрсеткiштерiнде:
      мына:
      «

Астана қаласында ЭКСПО-2017 өткізуді қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар өткізу

іс-шара лар саны

1







                                                                »
      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

Астана қаласында ЭКСПО-2017 өткізуді қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар өткізу

іс-шара лар саны

1


1

1

1

1


                                                                »;

      түпкiлiктi нәтиже көрсеткiштерiнде:
      «Жобаланатын 2017 жыл» деген бағанда:
      «Халықаралық экономикалық алаңдарда Қазақстан Республикасын позицияландыру» деген жол «1» деген санмен толықтырылсын;
      010 «Қазақстан Республикасының егемен кредиттік рейтингін қайта қарау мәселелері бойынша халықаралық рейтингтік агенттіктерімен өзара іс-қимыл» деген бюджеттік бағдарламада:
      «2014 жыл» деген бағанда:
      тиімділік көрсеткіштерінде:
      «Халықаралық рейтинг агенттiктері бойынша жарналар сомасы, оның ішінде:» деген жолдағы «32 513» деген сандар «41 100» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Standard&Poor’s» деген жолдағы «8 415» деген сандар «10 175» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Moody’s» деген жолдағы «9 180» деген сандар «11 100» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Fitch» деген жолдағы «14 918» деген сандар «19 825» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Бюджет шығыстарының көлемі» деген жолдағы «32 513» деген сандар «41 100» деген сандармен ауыстырылсын;
      011 «Халықаралық ұйымдармен бірлесіп жүзеге асырылатын жобаларды зерттеулерді іске асыруды қамтамасыз ету» деген бюджеттік бағдарламада:
      «2014 жыл» деген бағанда:
      тiкелей нәтиже көрсеткiштерiнде:
      «Халықаралық ұйымдармен бірлесіп жүзеге асырылатын зерттеулер мен жобалар саны» деген жолдағы «30» деген сандар «36» деген сандармен ауыстырылсын;
      түпкiлiктi нәтиже көрсеткiштерiнде:
      мына:
      «

Зерттеулер нәтижелерінің қолданылуы

жалпы санынан %

70

65

65

70




                                                                »
      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

Зерттеулер мен жобаларды іске асырудың аяқталуы бойынша халықаралық ұйымдар ұсынған есептер саны

есептер саны

-

27

36

32




                                                                »;

      «Бюджет шығыстарының көлемі» деген жолдағы «1 449 875» деген сандар «1 805 796» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Республикалық бюджеттен грантты бірлесіп қаржыландыру есебінен» деген жолдағы «873 160» деген сандар «1 082 121» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Грант есебінен» деген жолдағы «576 715» деген сандар «723 675» деген сандармен ауыстырылсын;
      012 «Мемлекеттік басқаруды жетілдіру» деген бюджеттік бағдарламада:
      «2014 жыл» деген бағанда:
      тiкелей нәтиже көрсеткiштерiнде:
      мына:
      «

Оқытатын семинарлар, халықаралық конференциялар, дөңгелек үстелдер өткізу

саны


4

5





                                                                »
      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібінің жай-күйін зерделеу үшін талдамалық фокус-зерттеу өткізу

саны



5





                                                                »;

      «Бюджет шығыстарының көлемі» деген жолдағы «152 020» деген сандар «179 520» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Грант есебінен» деген жолдағы «105 355» деген сандар «132 855» деген сандармен ауыстырылсын;
      013 «Астана қаласында Азия Даму Банкінің жыл сайынғы отырысын өткізуді қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» деген бюджеттік бағдарламада:
      тiкелей нәтиже көрсеткiштерiнде:
      мына:
      «

АДБ басқарушылар кеңесінің жыл сайынғы отырысына қатысушы елдер саны

елдер саны



67





                                                                »
      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

Азия Даму Банкінің жыл сайынғы отырысын дайындау және өткізу бойынша «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-мен бірлесіп шартты іске асыру

%

-

-

100





                                                                »;
      мына:
      «

АДБ басқарушылар кеңесінің жыл сайынғы отырысына қатысушылар саны

адам





3 500









АДБ мүше елдерден басқарушылардың, ірі банктер мен қаржы ұйымдары басшыларының, сондай-ақ мемлекеттік, үкіметтік емес және өзге де ұйымдардың жетекші мамандарының қатысуы

адам





500









АДБ басқарушылар кеңесінің жыл сайынғы отырысы алдында, кезеңінде және қорытындылары бойынша жарияланған БАҚ материалдарын талдау

БАҚ материалдарының саны





500









                                                                »
      деген жолдар алынып тасталсын;
      түпкiлiктi нәтиже көрсеткiштерiнде:
      мына:
      «

АДБ 2013 жылғы есебін қабылдау және 2014 жылғы жұмыс жоспары

есеп және жоспар саны



1





                                                                »
      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

Азия Даму Банкінің жыл сайынғы отырысын өткізу

%

-

-

100





                                                                »;
      мына:
      «

АДБ басқарушылар кеңесінің жыл сайынғы отырысы шеңберінде жасалған келісімшарттар (меморандумдар, келісімдер, хаттамалар) саны

құжат








                                                                »

      деген жол алынып тасталсын;
      015 «Сауда саясатын іске асыру жөнiндегi қызметтер*» деген бюджеттік бағдарламада:
      сипаттама мынадай редакцияда жазылсын:
      «Еңбеқақы төлеу қорының төлеміне, кеңсе тауарларымен, шығыс материалдарымен, байланыс қызметтерімен қамтамасыз етуге, ақпараттық бағдарламаларды сүйемелдеуге, негізгі құралдарды жөндеу мен ұстауға арналған шығыстар, іссапар шығыстары көзделген сауда саясаты саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету.
      Еңбеқақы төлеу қорының төлеміне, коммуналдық қызметтерге, кеңсе тауарларымен, шығыс материалдарымен, байланыс қызметтерімен қамтамасыз етуге, ақпараттық бағдарламаларды сүйемелдеуге, негізгі құралдарды жөндеу мен ұстауға, үй-жайларды жалға алуға арналған шығыстар, іссапар шығыстары көзделген қазақстандық тауарларды экспортқа шығару үшiн шет елдегі сауда өкілдіктерінің қызметін қамтамасыз ету.»;
      тікелей нәтиже көрсеткіштерінде:
      мына:
      «

Сауда саласындағы қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында бөлшек сауда айналымының жалпы көлемінде ірі сауда объектілері мен сауда желілерінің үлесін ұлғайту

%

108

110

112

140

142

144

145

                                                                »
      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

Бөлшек тауар айналымының жалпы көлемінде заманауи сауда форматтарының үлесін ұлғайту

%

12,3

15,2

25,7

40

42

44

45

                                                                »;

      «2014 жыл» деген бағанда:
      «Штат санының бiр бiрлiгiн ұстауға жұмсалатын орташа шығындар:
      Сауда комитеті
      РФ-дағы Қазақстан Республикасының Сауда өкілдігі» деген жолдағы «4 272» және «17 610» деген сандар тиісінше «4 279» және «19 752» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Бюджет шығыстарының көлемі» деген жолдағы «407 878» деген сандар «433 749» деген сандармен ауыстырылсын;
      016 «Астана экономикалық форумын өткізуді қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» деген бюджеттік бағдарламада:
      «2014 жыл» деген бағанда:
      «Бюджет шығыстарының көлемі» деген жолдағы «386 000» деген сандар «431 200» деген сандармен ауыстырылсын;
      017 «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің күрделі шығыстары *» деген бюджеттік бағдарламада:
      «2014 жыл» деген бағанда:
      тікелей нәтиже көрсеткіштерінде:
      «Сатып алынатын компъютерлік техниканың саны» деген жолдағы «310» деген сандар «330» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Сатып алынатын принтерлердің саны» деген жол «5» деген санмен толықтырылсын;
      «Сатып алынатын ұйымдастыру техникасының және жабдықтардың саны» деген жол «2» деген санмен толықтырылсын;
      «Сатып алынатын жиһаз жиынтықтарының саны» деген жол «19» деген сандармен толықтырылсын;
      тиімділік көрсеткіштерінде:
      «Есептеу техникасы мен серверлік жабдықтар паркін жаңарту» деген жол «35» деген сандармен толықтырылсын;
      «Бюджет шығыстарының көлемі» деген жолдағы «54 255» деген сандар «79 660» деген сандармен ауыстырылсын;
      022 «Бюджеттік инвестициялық жобалардың және заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылуына бағалау және мониторинг жүргізу» деген бюджеттік бағдарламада:
      бюджеттік бағдарламаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «022 «Мемлекеттің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялық жобалар мен бюджеттік инвестициялардың іске асырылуына бағалау жүргізу»;
      «2014 жыл» деген бағанда:
      тікелей нәтиже көрсеткіштерінде:
      «Бюджеттік инвестициялық жобалардың және заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы бюджеттiк инвестициялардың іске асырылуына мониторинг және бағалау жүргізу туралы есеп» деген жолдағы «6» деген сан «2» деген санмен ауыстырылсын;
      «Бюджет шығыстарының көлемі» деген жолдағы «121 676» деген сандар «89 169» деген сандармен ауыстырылсын;
      025 «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ-ға нысаналы салым» деген бюджеттік бағдарламада:
      «2014 жыл» деген бағанда:
      «Бюджет шығыстарының көлемi» деген жолдағы «35 500 000» деген сандар «45 500 000» деген сандармен ауыстырылсын.
      «Бюджеттік шығыстардың жиынтығы» деген кестеде:
      «2014 жыл» деген бағанда:
      «133 769 123», «59 755 595» деген сандар тиісінше «145 003 771», «70 990 243» деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Қазақстан Республикасында сауданы дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қазандағы № 1143 қаулысы;
      2) «Қазақстан Республикасында сауданы дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қазандағы № 1143 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 100 қаулысы.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов