Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Дағдарыстан кейін қалпына келтiру бағдарламасын (бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыру) бекiту туралы" 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 және "Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) шеңберінде сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау қағидасын бекіту және "Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасын (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) бекіту туралы" 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына толықтыру енгізу туралы" 2011 жылғы 8 қыркүйектегі № 1031 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 495 қаулысы

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1) «Дағдарыстан кейiн қалпына келтiру бағдарламасын (бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыру) бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Дағдарыстан кейiн қалпына келтiру бағдарламасында (бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыру):
      «Бағдарламаның мақсаты, мiндеттерi, нысаналы индикаторлары және iске асыру нәтижелерiнiң көрсеткiштерi» деген 4-бөлімде:
      «Бағдарламаны iске асыру нәтижелерiнiң көрсеткiштерi» деген кіші бөлімде:
      4-тармақтың тоғызыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Кәсіпорынды банкрот деп тану туралы кредиторлардың талап арыз беруіне мораторийді көздейтін жеделдетілген оңалту рәсімін енгізу туралы сот шешімі (оңалту рәсіміндегі кәсіпорын бойынша оңалту рәсімін тоқтата тұру туралы ұйғарым) болмаған кезде мемлекеттік қолдау шаралары, егер Бағдарламаның осы бөлімінің 5-тармағында көзделген түзетулер кәсіпорын Бағдарламаның қатысушысы деп танылғанға дейін қабылданбаған жағдайда, қолданылмайды. Бұл ретте жоғарыда көрсетілген түзетулер қабылданғаннан кейін қатысушы кәсіпорынды банкрот деп тану туралы кредиторлардың талап арыз беруіне мораторийді көздейтін жеделдетілген оңалту рәсімін енгізу туралы сотқа арыз (оңалту рәсіміндегі қатысушы бойынша оңалту рәсімін тоқтата тұру туралы өтініш) жолдайды. Өздеріне қатысты соттың оңалту рәсімі қолданылған қатысушыларды субсидиялау оңалту рәсімі тоқтатылғаннан кейін кредиторлар тарапынан көрсетілген шараларды (жүргізілген қайта құрылымдауды) ескере отырып, субсидиялау шартына сәйкес жүзеге асырылады.»;
      2) «Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) шеңберінде сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау қағидасын бекіту және «Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасын (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 қыркүйектегі № 1031 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 53, 755-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) шеңберінде сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау қағидасында:
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Субсидиялау өтеу кестесіне сәйкес жүзеге асырылады. Өздеріне қатысты соттың оңалту рәсімі қолданылған қатысушыларды субсидиялау оңалту рәсімі тоқтатылғаннан кейін кредиторлар тарапынан көрсетілген шараларды (жүргізілген қайта құрылымдауды) ескере отырып, өтеу кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.»;
      13-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Кредит және (немесе) лизингтік операциялар, облигациялар жөніндегі купон бойынша сыйақының пайыздық мөлшерлемесін төмендету түрінде кредиторлар тарапынан қосымша қолдау шаралары көрсетілген кезде өтеу кестесін өзгерту талап етілмейді.»;
      14-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Субсидиялау жөнiндегi оператордың өтiнiмi уәкiлеттi органға осы Қағиданың 22-1-тармағында көзделген ережелерді ескере отырып, алдағы үш айда қаржы ұйымына аударуға жататын сомаға берiледi. Төлемдерді қайта бастаған (жүзеге асырған) жағдайда, субсидиялауға өтінім қаржы ұйымына аударуға жататын, оның ішінде кредит және (немесе) лизингтік операциялар, облигациялар жөніндегі купон бойынша мерзімі өтіп кеткен төлемдер кезеңіндегі сомаға беріледі.»;
      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «15. Уәкілетті орган субсидиялау жөніндегі оператордың өтінімін алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның есеп шотына субсидиялау жөніндегі оператордың өтінімінде көрсетілген мөлшерде субсидиялау үшін ақша қаражатын аударады.»;
      21-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «21. Қатысушы кредит, лизингтiк операциялар немесе облигациялар  жөнiндегi купон, оның iшiнде сыйақы мөлшермесінің субсидияланбайтын бөлiгi бойынша мерзiмi өткен төлемдердi өтеу кестесiне сәйкес толық төлеген жағдайда, қаржы ұйымы бұл туралы субсидиялау жөніндегі операторды мерзiмi өткен төлемдерді толық төлеген күннен кейінгі күннен кешіктірмейтін мерзімде жазбаша хабардар етеді. Кейіннен субсидиялау жөніндегі оператор бұл туралы уәкілетті органды қаржы ұйымының хабарламасын алған күннен кейінгі күннен кешіктірмейтін мерзімде хабардар етеді.»;
      «Бағдарламаның субсидиялау бөлігінде іске асырылуын мониторингтеу барысында қатысушының күнтізбелік тоқсан күннен асатын кредит, лизингтік операциялар немесе облигациялар жөніндегі купон, оның ішінде сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігі бойынша мерзімі өткен төлемдерді өтеу кестесіне сәйкес төлемегені анықталған жағдайда, өздеріне қатысты соттың оңалту рәсімі қолданылған қатысушыларға субсидиялау түрінде мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асырмау жағдайларынан басқа, субсидиялау жөніндегі оператор бұл туралы уәкілетті органды хабардар етеді, ол қатысушыны Бағдарламадан шығаруға бастамашылық жасайды.»;
      көрсетілген Қағидаға 2-қосымшада:
      2.2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Компанияның өтінімін алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Компанияның есеп шотына өтінімде көрсетілген мөлшерде ақша қаражатын аударуға;».
      2. 2011 жылғы 29 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының 1) тармақшасының бесінші, алтыншы абзацтарын және 2) тармақшасының үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы абзацтарын, 2013 жылғы 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының 2) тармақшасының он үшінші абзацын қоспағанда, осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов