"Экономикалық интеграция мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 232 қаулысына толықтырулар енгізу және "Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде өңіраралық кооперацияны дамытуды үйлестіру мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1797 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 мамырдағы № 466 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Экономикалық интеграция мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 232 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Экономикалық интеграция мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ережеде:
      5-тармақтың 4) тармақшасындағы «әзірлеу болып табылады.» деген сөздер «әзірлеу;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5), 6) тармақшалармен толықтырылсын:
      «5) Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында өңіраралық кооперацияны дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу;
      6) Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Бірыңғай экономикалық кеңістігі (бұдан әрі – БЭК) жағдайында экономиканы дамыту, өндірісті кеңейту, басқару тиімділігі мен ғылыми-техникалық прогресті арттыруды ынталандыру, тауар нарықтарында ресурстардың оңтайлы бөлінуін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.».
      6-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) БЭК шеңберінде жаңғырту және инновациялық технологиялық дамыту мен өнеркәсіптік кооперация саласындағы өзара келісілген шешімдер негізінде БЭК шеңберінде өнеркәсіптік саясат жүргізуде бірыңғай тәсілдерді қалыптастыру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлейді.».
      2. «Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде өңіраралық кооперацияны дамытуды үйлестіру мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1797 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов