"Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 мамырдағы № 458 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
      1-бөлімде:
      «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгi, оған ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттiк мекемелердi ескере отырып, оның iшiнде:» деген жолдағы «1965,5» деген сандар «1705,5» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiне ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттiк мекемелер, оның iшiнде:» деген жолдағы «1796,5» деген сандар «1584,5» деген сандармен ауыстырылсын;
      мына:
      «


Орталық мемлекеттік мұрағат

63

Орталық мемлекеттік кино-фото құжаттар мен дыбыс жазбалары мұрағаты

16

Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағаты

16

Мемлекеттік мұрағаттардағы деректі материалдардың микрофото көшірмелерін жасау және қалпына келтіру орталық зертханасы

16

Құжаттану және мұрағат ісі жөніндегі ғылыми-техникалық ақпарат орталығы

9

Ұлттық археография және мәліметтану орталығы

22

Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты

70

                                                            »
      деген жолдар алынып тасталсын;
      8-бөлімде мына:
      «


Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі, оның аумақтық органдарын және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерін ескере отырып, оның ішінде:

1180

                                                            »
      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «


Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі, оның аумақтық органдарын және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерін ескере отырып, оның ішінде:

1013

                                                            »;
      мынадай мазмұндағы 28-бөліммен толықтырылсын:
      «

28.

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі, оның аумақтық органдарын және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерін ескере отырып, оның ішінде:

427

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігіне ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттiк мекемелер, оның iшiнде:

212

Орталық мемлекеттік мұрағат

63

Орталық мемлекеттік кино-фото құжаттар мен дыбыс жазбалары мұрағаты

16

Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағаты

16

Мемлекеттік мұрағаттардағы деректі материалдардың микрофото көшірмелерін жасау және қалпына келтіру орталық зертханасы

16

Құжаттану және мұрағат ісі жөніндегі ғылыми-техникалық ақпарат орталығы

9

Ұлттық археография және мәліметтану орталығы

22

Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты

70

                                                            ».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов