"Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 87 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 450 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 87 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 25, 347-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларында:
      3-тармақта:
      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «12) токсикологиялық қауіпті қалдықтар – пайдалануға жатпайтын қалдықтар (дәрілік, оның ішінде цитостатиктер, диагностикалық, дезинфекциялау құралдары), құрамында сынап бар заттар, аспаптар мен жабдық, фармацевтикалық өндірістердің шикізаттары мен өнімдерінің қалдықтары, жабдықты, көлікті, жарықтандыру жүйелерін пайдалану қалдықтары) – Г сыныбы»;
      «2. Денсаулық сақтау объектілерін жобалауға, салуға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» деген 2-бөлімде:
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Болу режимі ерекше науқастарға арналған мамандандырылған денсаулық сақтау объектілерін (психиатриялық, туберкулезге қарсы, наркологиялық) және науқастардың ұзақ уақыт бойы болуына арналған қуаты 1000 төсектен астам кешендерді қала маңындағы аймаққа немесе шеткері аудандарға, мүмкіндігінше – қоныстану аумағынан кемінде 500 метр (бұдан әрі – м) қашықтықты сақтай отырып, жасыл массивтерде орналастыру керек.
      Туберкулезге қарсы стационарларда периметрі бойынша биіктігі кемінде 2,5 м тұтас қоршау, бақылау-өткізу пункті, күзет көзделуі тиіс.»;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Денсаулық сақтау объектілерінің аумағы арқылы магистральдық инженерлік коммуникациялардың (сумен жабдықтау, су бұру, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау) өтуіне жол берілмейді.»;
      11-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Туберкулезге қарсы стационарлардың аумағында бактерия бөлетін, бактерия бөлмейтін науқастар үшін бөлек қоршалған серуендеу алаңдары көзделеді.»;
      13-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Қоғамдық және тұрғын үй ғимараттарының жертөле және цокольдық қабаттарында стоматологиялық объектілерді орналастыруға жол берілмейді.»;
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Септикалық және асептикалық операциялық блоктарда (бөлімшелерде) ішкі үй-жайларды қатаң түрде аймаққа бөлу (стерильді аймақ, қатаң режим аймағы, «лас» үй-жайлар аймағы) қамтамасыз етіледі. Операциялық блокты басқа емдеу корпустарына орналастырған кезде жылытылған өтпелер көзделуі қажет. Кезек күттірмейтін хирургияға арналған операциялық бөлімшелерді қабылдау бөлімшелерінің құрамында орналастыруға болады.»;
      181920-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «18. Операциялық блокта (бөлімшеде) мынадай ағындардың қозғалысы көзделуі керек: «стерильді» (операция жасайтын және ассистент болатын хирургтер, операциялық мейіргерлер), «таза» (анестезиологтар, кіші және техникалық персонал, науқасты, таза киім-кешекті, дәрі-дәрмектерді жеткізу), «лас» (медициналық қалдықтарды, пайдаланылған киім-кешекті, таңу материалын шығару).
      19. Асептикалық бөлімшелерді (блоктарды) қатерлі ісікпен ауыратын науқастарды қарқынды химиялық емдеумен, алдын ала иммундық-депрессивтік емдеу фонында сүйек кемігі мен басқа да ағзаларды транспланттаумен, жіті сәуле ауруларымен, агранулоцитозбен, иммун тапшылығы жағдайында өтетін аурулармен ауыратын науқастарды емдеумен айналысатын денсаулық сақтау объектілерінде, сондай-ақ мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсететін басқа да денсаулық сақтау ұйымдарында ұйымдастырады.
      20. Асептикалық бөлімшелерге (блоктарға) мыналар кіреді: дәретханасы, ваннасы немесе себезгісі бар палаталар, емшара қабылдау бөлмесі, дәрігер кабинеті, буфет, стерильді материалды сақтауға арналған үй-жай және бөлімшенің бейініне байланысты басқа да үй-жайлар.»;
      2123-тармақтар алынып тасталсын;
      2425-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «24. Қан қызметі ұйымдарында өндірістік үй-жайлар «таза» және «шартты лас» ағындардың қиылысуын болдырмайтын технологиялық жүйелілікті сақтай отырып, функционалдық блок бойынша жобаланады.
      25. Ана мен баланы қорғау объектілерінде, көп бейінді ауруханалардың хирургиялық бөлімшелерінде, инфекциялық аурулар стационарларында (бөлімшелер) бөлімшелерді бөлуді қамтамасыз ету қажет.»;
      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «29. Палаталарда төсектер алаңға қатаң сәйкестікпен орнатылады.
      Туберкулезге қарсы стационарларда науқастарды емдеуге жатқызу және олардың ағымын бөлу ағындардың қиылысуын болдырмау үшін эпидемиологиялық мәртебеге (қақырық жағындысының микроскоптық нәтижелеріне, дәрілік сезімталдыққа тестілеуге, емдеу режиміне) сәйкес жүргізіледі.»;
      3334-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «33. Туберкулезге қарсы стационарлардың әрбір бөлімшесі арасында ауаны зарарсыздандыру құрылғысымен, қол жууға арналған раковинамен жабдықталған шлюз құрылғысы бар «таза» және «лас» аймақтарға бөлінеді.
      Шлюздің тұмшаланған есіктерін үй-жайдың барлық периметрі бойынша орналастыру, «лас» аймақ жағына қарай ашылатын диагональ бойынша орнату және өздігінен жабылатын тетіктермен жарақтау қажет.
      34. Бактериологиялық зерттеулерді орындауға арналған туберкулезге қарсы диспансерлердің (бөлімшелердің) бактериологиялық зертханаларында:
      1) жұғындыларды дайындауға және бояуға арналған;
      2) бактериоскопияға арналған;
      3) препараттарды тіркеуге және сақтауға арналған үш жеке секция болуы қажет.»;
      мынадай мазмұндағы 42-1-тармақпен толықтырылсын:
      «42-1. Дербес ұйымдастырылған медициналық және стоматологиялық кабинеттерде үш жұмыс орнына дейін кемінде 6,0 м2, төрт және одан да астам жұмыс орындары үшін кемінде 8,0 м2 жуу-стерильдеу алаңын көздеу керек.
      Пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес стерильдеу жабдығын жұмыс орындарында тікелей орнатуға рұқсат етіледі.»;
      46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «46. Инфекциялық (оның ішінде туберкулезге қарсы) стационардың қабылдау бөлімшесінде кемінде екі қабылдау-тексеру боксы көзделеді.
      Реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде қабылдау бөлімшесіне кірмей, науқастарды емдеуге жатқызуға рұқсат етіледі.»;
      51-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Әйелдер палаталы секцияларының санитариялық тораптары араластырғыш арқылы ыстық және салқын су келтірілген раковинамен, себезгі кабинасымен немесе ваннамен, унитазбен және бидемен жабдықталады.»;
      55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «55. Балаларға арналған оңалту орталықтарының жатын үй-жайлары оқшауланған палаталы секциялардан тұрады. Секция құрамы ойын бөлмесімен, жатын палатамен, кептіру шкафтары бар киім ілетін орынмен, буфет бөлмесімен қосымша жабдықталады.
      Балаларға арналған жатын палаталарының сыйымдылығы бес орыннан аспауы тиіс. Екі секцияға үтіктеуге және киім тазалауға арналған бөлме, балалардың заттарын сақтауға арналған үй-жай беру қажет.»;
      56-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ересектерге арналған оңалту орталығында бір төсектік және екі төсектік жатын бөлмелер көзделуі керек.»;
      мынадай мазмұндағы 64-1-тармақпен толықтырылсын:
      «64-1. Стоматологиялық ұйымдарды осы Санитариялық қағидалардың талаптары сақталған жағдайда жеке кіру есігі бар тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардың бірінші қабаттарында орналасқан жеке тұрған, жапсарлас (ішіне жапсарлас) салынған үй-жайларда орналастыруға рұқсат етіледі.
      Тіс техникасы зертханаларында негізгі үй-жайдағы тіс технигінің жұмыс орны арнайы тіс техникасы үстелімен және шаңды жергілікті соруға арналған электрлі тегістеу машинасымен жабдықталады. Тіс техникасы зертханасының алаңы кемінде 7,0 м2, бір жұмыс орнына кемінде 4,0 м2. Стерильдеу және дәнекерлеу бөлмелерінде механикалық іске қосылатын сору шкафтары; негізгі үй-жайлардағы тіс техниктерінің жұмыс орындарында және ысып жылтырататын бөлмедегі әрбір ысып жылтырататын машина жанында шаңды жергілікті сорғыштар, құю бөлмесінде сыртқа тепкіш құю пешінің үстінде, дәнекерлеу бөлмесінде газ плитасының үстінде, полимеризациялық үй-жайда жұмыс үстелінің үстінде сору шатырлары жабдықталады.»;
      68-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Денсаулық сақтау объектілерінде едендердің линолеум жабындарының ақаулары болмайды, негізге тығыз жапсырылған тегіс болып табылады.»;
      69-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Денсаулық сақтау ұйымдарында күрделі жөндеу уақытында науқастардың болуына рұқсат етілмейді.»;
      72-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «72. Денсаулық сақтау объектілерінің палаталарында, кабинеттерінде, дәретханаларында, емшара бөлмелерінде, таңу бөлмелерінде, қосалқы үй-жайларда араластырғыштар арқылы ыстық және суық су келтірілген раковиналар орнатылады. Құрал-саймандарды өңдеу жүргізілетін кабинеттерде қол жууға және құрал-сайманды өңдеуге арналған жеке раковина көзделеді.»;
      88-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «88. Денсаулық сақтау объектілерінің үй-жайларындағы микроклимат пен ауа ортасының тиімді жағдайлары желдету, ауа баптау және жылыту жүйелерімен қамтамасыз етіледі. Сору-сыртқа таратудың желдеткіш жүйелері тазалық сыныбына сәйкес үй-жайлар топтарына қызмет көрсетеді.
      Желдеткіш және ауа өткізгіштердің ауа баптау жүйелерін профилактикалық тексеру, жөндеу, механикалық сору-сыртқа тарату желдеткіші және ауа баптау жүйелерін тазарту және дезинфекциялау бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі.
      Объектілер үй-жайларының температурасы, ауа алмасу жиілігі табиғи ауа алмасуы кезінде осы Санитариялық қағидаларға 6-қосымшада белгіленген параметрлерге сәйкес келеді.»;
      90-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Денсаулық сақтау объектілерінде басшының бұйрығымен ауаны желдету және баптау жүйелерін пайдалануға, желдеткіш жүйелерінің жоспарлы-профилактикалық жөндеу кестесінің орындалуына жауапты адам тағайындалады.»;
      100-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Денсаулық сақтау ұйымдарында желдеткіш жүйелерін тазарту және дезинфекциялау тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізіледі.»;
      107-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «107. Сору-сыртқа тарату желдеткіші мен ауа баптаудың дербес жүйелері мына үй-жайлар үшін көзделеді: операциялық блоктар, реанимация залдары мен қарқынды терапия палаталары (септикалық және асептикалық бөлімшелер үшін бөлек), босандыру залдары (босандыру палаталары), жаңа туған нәрестелер палаталары, онкогематологиялық, диализдік, күйік бөлімшелері, таңу бөлмелері, жекелеген палаталық секциялар, рентген кабинеттері.»;
      3-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Денсаулық сақтау объектілерінің үй-жайлары мен жабдығын күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»;
      112-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Жинау мүкәммалында үй-жайлар және жинау жұмыстарының түрлері көрсетілген анық таңбасы болуы, қатаң түрде тағайындалуы бойынша пайдаланылуы, дезинфекциялануы тиіс.»;
      114-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Күрделі жинау жүргізу үшін персонал арнайы киіммен, жеке қорғаныш құралдарымен, таңбаланған жинау мүкәммалымен және таза шүберекпен қамтамасыз етіледі.»;
      117-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «117. Операциялық бөлмелерде, таңу бөлмелерінде, босандыру залдарында, реанимация палаталарында, жаңа туған және шала туған нәрестелер мен бір жасқа дейінгі нәрестелер палаталарында, емшара бөлмелерінде, инфекциялық бокстарда, асептикалық режимі бар үй-жайларда әрбір ағымдық жинаудан кейін отыз минутқа, ал күрделі жинаудан кейін екі сағатқа ультракүлгін сәулелегіштер қосылады.
      Ауаны зарарсыздандыру үшін басқа қондырғыларды қолдану кезінде есептеу пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі.»;
      118-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Ауаның тұқымдалуын қауіпсіз деңгейге дейін төмендету үшін мынадай технологияларды қолдануға рұқсат етіледі:
      адамдар жоқ кезде қолданылатын ашық және аралас бактерицидтік сәулелегіштердің және жабық сәулелегіштердің, оның ішінде адамдар бар кезде ауаны зарарсыздандыру жүргізуге мүмкіндік беретін рециркуляторлардың көмегімен ультракүлгін сәулемен әсер ету;
      бактериялық сүзгілерді, оның ішінде электрлі сүзгілерді қолдану.
      Сәулелегіштер мен сүзгілер пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес пайдаланылады.»;
      119-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «119. Науқастардың киім-кешегін ауыстыру жеті күнде бір рет және ластануына қарай жүргізіледі.
      Стационарлық емделіп жүрген туберкулезбен ауыратын науқастар аурухана киімімен қамтамасыз етіледі.
      Босанған әйелдердің төсек жабдығын ауыстыру әрбір үш күн сайын және ластануына қарай жүргізіледі.»;
      125-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «125. Таза және лас киім-кешекті тасымалдау қаптамаланған күйде («таза», «лас» киім-кешек) таңбаланған жабық ыдыста жүзеге асырылады.»;
      131-тармақ алынып тасталсын;
      133-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «133. Шанышпалы және үшкір заттар алдын ала бөлшектелмей және дезинфекцияланбай, тесілмейтін және ылғалға төзімді ЖҚКЖК-ға медициналық қалдықтардың басқа түрлерінен бөлек жиналады.
      ЖҚКЖК үшкір заттармен жарақаттануды болдырмайтындай сенімді және бір рет жабылады.»;
      134-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Сұйық биосубстраттар (қан, сары су, жұлын сұйықтығы) міндетті түрде зарарсыздандыруға (дезинфекциялауға) жатады, содан кейін су бұру жүйесіне төгіледі.»;
      135-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «ЖҚКЖК-ы көлемінің үштен екісінен асырмай толтырылады және қақпақпен тығыз жабылады және үш тәуліктен асырмай сақталатын медициналық қалдықтарды уақытша сақтауға арналған үй-жайға жіберіледі.»;
      137-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «137. Б сыныбының паталогиялық-анатомиялық және органикалық операциялық қалдықтары (ағзалар мен тіндер) термикалық тәсілмен залалсыздандырылуы тиіс.
      Зираттарға қалдықтарды көмуді қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаты бар ұйымдар жүзеге асырады.»;
      153-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Автокөліктің «Биологиялық қауіпті қалдықтар» деген халықаралық таңбасы болуы тиіс.»;
      154-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «154. Медициналық қалдықтарды тасымалдауға тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы жөніндегі орган берген оң санитариялық-эпидемиологиялық қортындысы бар автокөлік құралына рұқсат етіледі.»;
      мынадай мазмұндағы 155-1-тармақпен толықтырылсын:
      «155-1. Денсаулық сақтау объектілерінің аумағында медициналық қалдықтарды залалсыздандыру бойынша арнайы қондырғыларды орналастыру және пайдалану оң санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды және экологиялық сараптама болған кезде рұқсат етіледі.
      Қондырғыны орналастыру үшін мыналар көзделеді: ауданы кемінде 10,0 м2 қалдықтарды уақытша сақтау үй-жайы, ауа ағымын сору қасиеті бар сору-сыртқа тарату желдеткішімен жабдықталған, су бұру жүйесіне ағылатын және су келтірілген ауданы кемінде 20,0 м2 қондырғыны орналастыру үй-жайы (егер өзгесін өндіруші көздемеген болса), қызметтік-тұрмыстық үй-жай (персоналдың бөлмесі, санитариялық торап, себезгі).
      Ішкі әрлеу үшін үй-жайлардың функциялық мақсатына сәйкес материалдар пайдаланылады.»;
      177-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «177. Туберкулезге қарсы ұйымдардың басшылары персоналды халықаралық стандарттарға сәйкес келетін кемінде 94% қорғаныш дәрежесі бар респираторлармен мынадай жағдайларда қамтамасыз етуі керек:
      1) инфекциялық аэрозольдің пайда болу тәуекелі жоғары ем-шара кезінде (бронхоскопия, трахея интубациясы, қақырық жинау рәсімі, бактериоскопия, бактериялық егу);
      2) тексерулер, консультация, тәрбие жұмысын жүргізу кезінде туберкулезбен ауыратын науқастар немесе күдікті науқастар бар палаталарға (секциялар, камералар) барған уақытта науқастармен тікелей байланыс кезінде.»;
      216-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Туберкулезге қарсы стационарларда күнтізбелік он төрт күн ішінде палаталарды толтыру циклдігін қамтамасыз ету керек.»;
      217-тармақ алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 235-тармақпен толықтырылсын:
      «235. Денсаулық сақтау объектілерінде зертханалық бақылау осы Санитариялық қағидаларға 9 және 10-қосымшаларға сәйкес жүргізіледі.»;
      көрсетілген Санитариялық қағидалар осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес 9 және 10-қосымшалармен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 4 мамырдағы
№ 450 қаулысына    
1-қосымша       

«Денсаулық сақтау объектілеріне
қойылатын санитариялық-    
эпидемиологиялық талаптар»   
санитариялық қағидаларына   
9-қосымша           

Денсаулық сақтау объектілерінде жоспарлы тексерулер кезінде
жүргізілетін зертханалық-құрал-саймандық зерттеулер

1-кесте

Р/с №

Зерттеулер түрлері

Зерттеулер кезеңділігі

Сынама алу немесе өлшеу орны

1

2

3

4

1. Физикалық факторларды бақылау

1

Температура, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, ауа алмасу жиілігі, жарықтандыру

жылына 1 рет

Науқастарға арналған палаталар, операциядан кейінгі палаталар, реанимация залдары, қарқынды терапия палаталары, босандыру бокстары, операция және наркоз бөлімшелері, барокамералар, босанудан кейінгі палаталар, шала туған, емшектегі, жаңа туған нәрестелерге арналған палаталар, бокстар, жартылай бокстар, бокс алдындағы бөлімшелер, сүзгілер, қарау, таңу, манипуляциялық, емшара, стерильдеу бөлмелері, ЕДШ залдары, функционалдық диагностика кабинеттері, науқастарды қабылдау кабинеттері

2

Шу деңгейі

жылына 1 рет

Стерильдеу бөлмелері, зертханалар, рентген кабинеттері, функционалдық диагностика кабинеттері, стоматологиялық кабинеттер, физиотерапиялық кабинеттер, реанимация залдары, қарқынды терапия палаталары, операциялық бөлмелер

3

Электромагниттік өрістер

жылына 1 рет

Зертханалар, функционалдық диагностика бөлімшелері, магнитті-резонансты томография кабинеті, физиотерапиялық кабинеттер

2. Радиациялық бақылау

1

Сәулелену дозасының қуатын өлшеу

жылына бір реттен сирек емес

Персоналдың жұмыс орындарында, емшара кабинетімен аралас аумақта және үй-жайда

2

Рентген сәулесінің радиациялық шығуын өлшеуіштің көмегімен пациентті сәулелеудің тиімді дозасын анықтау

жылына бір реттен сирек емес

алаңға дозаның шығарылуын өлшеуішпен жабдықталмаған әрбір медициналық рентгендік диагностикалық аппарат үшін (рентген түтігінің анодтық кернеуінің жұмыс мәндерінің барлық диапазонында)

3. Санитариялық-химиялық бақылау

1

Сынап буының болуы

жылына 1 рет

Физиотерапиялық кабинеттер

2

Көміртегі тотығының болуы

жылына 1 рет

Клиникалық-диагностикалық зертханалар

3

Озонның болуы

жылына 1 рет

Операцияалды, операциялық, стерильдеу бөлмелері, палаталар, емшара, реанимация, операциядан кейінгі, күйік палаталары, функционалдық диагностика, клиникалық-диагностикалық зертханалар, физиотерапиялық кабинеттер, рентген кабинеттері

4

Азот тотықтарының болуы

жылына 1 рет

Операцияалды, операциялық, стерильдеу бөлмелері, палаталар, емшара, реанимация, операциядан кейінгі, күйік палаталары, функционалдық диагностика бөлімшесі, клиникалық-диагностикалық зертханалар, физиотерапиялық кабинеттер, рентген кабинеттері

5

Қорғасынның болуы

жылына 1 рет

Рентген кабинеттері

6

Аммиактың болуы

жылына 1 рет

Палаталар, емшара, реанимациялық, операциядан кейінгі, күйік палаталары, клиникалық-диагностикалық зертханалар, патологиялық-анатомиялық бөлімшелер

7

Күкіртті сутектің болуы

жылына 1 рет

Реанимациялық, операциядан кейінгі, күйік палаталары, физиотерапиялық кабинеттер

8

Дезинфекциялау құралдарында, ерітінділерінде белсенді әрекет ететін заттардың шоғырлануын анықтау

Тексерулердің белгіленген мерзімділігіне сәйкес

Операцияалды, емшара, таңу, манипуляциялық, клиникалық-диагностикалық зертханалар, патологиялық-анатомиялық бөлімшелер, функционалдық диагностика бөлімшелері, буфеттер – тарату орындары (кемінде 2 түр)

9

Стерильдеу алдында тазарту сапасын бақылау (азопирамдық, фенолфталеиндік сынамалар)

Тексерулердің белгіленген мерзімділігіне сәйкес

Орталықтандырылған стерильдеу бөлмелері және көрсеткіштер бойынша

4. Өнімдерді, дайын тағамдар мен тамақтану рациондарын зерттеу

1

Негізгі қоректік заттардың болуы және тағамдардың тәуліктік құнарлылығы

жылына 1 рет

Ұйымдардың ас блоктары

2

Термиялық өңдеу тиімділігі

Тексерулердің белгіленген мерзімділігіне сәйкес

Тарату желісіндегі ет және балық өнімдерінен жасалған дайын тағамдар

3

Тамақ қауіпсіздігінің микробиологиялық көрсеткіштері

Тексерулердің белгіленген мерзімділігіне сәйкес

Ұйымдардың ас блоктары, буфет-тарату орны

5. Суды зерттеу

1

Бактериологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштерге су

көрсеткіштер бойынша

Шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін пайдаланылатын су (тарату желісінен алынатын және сырттан әкелінетін су)

6. Ұйымның санитариялық жағдайын бағалау кезіндегі санитариялық-бактериологиялық көрсеткіштер

1

Сыртқы ортадан алынған шайындыларды бактериологиялық зерттеу (ІТБТ-на, патогенді стафилококқа, шартты-патогенді және патогенді микрофлораға)

Тексерулердің белгіленген мерзімділігіне сәйкес

Медициналық жабдық және мүкәммал, киім-кешек, персоналдың қолы мен арнайы киімі, ас блоктарының және тарату бөлмесінің мүкәммалы.

2

Ауа ортасын бактериологиялық зерттеу

Тексерулердің белгіленген мерзімділігіне сәйкес

Операциялық, операцияалды, босандыру кабинеттері, палаталар мен реанимация залдары, асептикалық бокстар, стерильдеу, таңу, манипуляциялық, емшара бөлмелері, стоматологиялық кабинеттер, шала туған нәрестелерге арналған палаталар, дәріханалардың асептикалық блогы, бактериологиялық және клиникалық зертханалардағы үй-жайлар

3

Стерильдігіне зерттеу (шайындылар, материал)

Тексерулердің белгіленген мерзімділігіне сәйкес

Операциялық, босандыру, реанимация залдары, стерильдеу, таңу, манипуляциялық бөлмелер, стоматологиялық кабинеттер, емшара бөлмесі, асептикалық бокстар залдар

4

Дезинфекциялау-стерильдеу жабдығын бактериологиялық бақылау

жылына 1 рет

Стерильдеу, дезинфекциялау бөлімшелері

5

Паразитологиялық зерттеулерге арналған шайындыларды зерттеу

Тексерулердің белгіленген мерзімділігіне сәйкес

Балалар стационарлары, бөлімшелері

Денсаулық сақтау объектілерінде өндірістік бақылау (өзін-өзі
бақылау) кезінде жүргізілетін зертханалық-құрал-саймандық
зерттеулер

2-кесте

Р/с №

Зерттеулер түрі

Зерттеулер кезеңділігі

Сынама алу немесе өлшеу орны

1

2

3

4

1. Физикалық факторларды бақылау





1

Ауа алмасу жиілігі

жылына 1 рет

Науқастарға арналған палаталар, операциядан кейінгі палаталар, реанимация залдары, қарқынды терапия палаталары, босандыру бокстары, операциялық және наркоз, барокамералар, босанудан кейінгі палаталар, шала туған, емшектегі, жаңа туған нәрестелерге арналған палаталар, бокстар, жартылай бокстар, боксалды сүзгілер, қарау, таңу, манипуляциялық, емшара, стерильдеу бөлмелері, ЕДК залдары, функционалдық диагностика кабинеттері, науқастарды қабылдау кабинеттері, негізгі қорды:
дәрілік, таңу құралдары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау үй-жайы

2. Санитариялық-химиялық бақылау

1

Дезинфекциялау құралдарында, ерітінділерде белсенді әсер ететін заттардың шоғырлануын анықтау

3 айда 1рет

Операцияалды, емшара, таңу, манипуляциялық бөлмелер, клиникалық-диагностикалық зертханалар, паталогиялық-анатомиялық бөлімше, фунционалдық диагностика бөлімшесі, буфеттер-тарату орны

2

Стерильдеу алдында тазарту сапасын бақылау (азопирамдық, фенолфталеиндік сынамалар)

Әрбір атаудағы медициналық бұйымдардың кемінде 1%-ы (кемінде 3-5 бірлік)

Медициналық бұйымдарды стерильдеу алдында тазартудан кейін

3. Ұйымның санитариялық жағдайын бағалау кезіндегі санитариялық-бактериологиялық көрсеткіштер

1

Сыртқы ортадан алынған шайындыларды бактериологиялық зерттеу (ІТБТ-на, патогенді стафилококкқа, шартты-патогенді және патогенді микрофлораға)

3 айда 1 рет

Медициналық жабдық және мүкәммал, киім-кешек, персоналдың қолы мен арнайы киімі, ас блоктарының және тарату бөлмесінің мүкәммалы

2

Ауа ортасын бактериологиялық зерттеу

3 айда 1 рет

Операциялық, операцияалды, босандыру кабинеттері, реанимация палаталары мен залдары, асептикалық бокстар, стерильдеу, таңу, манипуляциялық, емшара бөлмелері, стоматологиялық кабинеттер, шала туған нәрестелерге арналған палаталар, дәріханалардың асептикалық блогы, бактериологиялық және клиникалық зертханалардағы үй-жайлар

3

Стерильдігіне зерттеу (шайындылар, материал)

айына 1 рет

Операциялық, босандыру, реанимация залдары, стерильдеу, таңу, манипуляциялық бөлмелер, стоматологиялық кабинеттер, емшара бөлмесі, асептикалық бокстар залдар.

4. Жабдықты физикалық-химиялық бақылау

1

Дезинфекциялау-стерильдеу жабдығының жұмысын бақылау

Әрбір жүктеме кезінде күн сайын

Стерильдеу, дезинфекциялау бөлімшелері

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2014 жылғы 4 мамырдағы
№ 450 қаулысына    
2-қосымша       

«Денсаулық сақтау объектілеріне
қойылатын санитариялық-    
эпидемиологиялық талаптар»   
санитариялық қағидаларына    
10-қосымша           

Медициналық ұйымдардың үй-жайларындағы санитариялық-гигиеналық зерттеу

Р/с №

Бөлімшелер

Анықталатын көрсеткіштер

Ампициллин

Аминазин (Диметиламинопропил 3-хлорфенотиазинхлоргидрат-)

Бензилпенициллин

Диэтилді эфир

(1,1дифтор-2,2-дихлорэтилметилді эфир)

Азот тотығы (О2- ге қайта есептегенде)

Оксациллин

Стрептомицин

Тетрациклин

Трихлорэтилен

Фторотан (1,1# 1-Трифтор-2-хлорбромэтан

Флоримицин

Формальдегид

Хлорлы этил

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

1

Операциялық




+

+

+



+

+

+



+

2

Операцияалды






+








+

3

Стерильдеу





+

+








+

4

Палаталық бөлімшелер (палаталар, емшара)






+








+

5

Реанимациялық, операциядан кейін, күйіктер палатасы




+

+

+



+

+

+



+

6

Клиникалық-диагностикалық зертханалар






+









7

Патологиялық-анатомиялық бөлімшелер (зертханалар)






-







+


8

Рентген кабинеті






+









9

Функционалдық диагностика бөлімі






+









10

Физиотерапия кабинеті





+

+




+

+




11

Емшара кабинеттері, күндізгі стационарлар, таңу кабинеттері

+

+

+




+

+

+



+