Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыру бойынша қаражат бөлу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 447 қаулысы

Қолданыстағы

      «2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыру бойынша қаражат бөлінсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 4 мамырдағы
№ 447 қаулысына 
қосымша      

Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін
базалық қаржыландыру бойынша қаражат бөлу

                                                            мың теңге

Р/с

Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атауы

2014 жыл

1

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

2 414 172

2

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

960 378

3

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

53 449

4

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі

418 790

5

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

41 237

6

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

559 362

7

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

41 545

8

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

13 561

9

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

27 257

10

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі

373 607

11

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі

74 600

12

Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі

43 052