Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 12.04.2022 № 214 қаулысымен.
Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 03.03.2021 № 116 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Kazakhstan Project Preparation Fund" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі:
1) денсаулық сақтау саласындағы республикалық концессиялық жобаларды қоспағанда, республикалық концессиялық жобаларды;
2) егер жергілікті атқарушы органның тиісті шешімімен өзгеше белгіленбесе, жергілікті концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу жөніндегі заңды тұлға болып айқындалсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 03.03.2021 № 116 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1-1. "Turar Healthcare" коммерциялық емес акционерлік қоғамы денсаулық сақтау саласындағы республикалық концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу жөніндегі заңды тұлға болып айқындалсын.
Ескерту. Қаулы 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 03.03.2021 № 116 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |