«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 2-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін салу жобасының уәкілетті немесе жергілікті аткарушы орган бекіткен және онымен келісілген техникалық-экономикалық негіздемесінде белгіленген босату бағасының деңгейінен аспайтын тарифтері және техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес оның қолданылу мерзімдері бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 29 сәуірдегі
№ 419 қаулысымен
бекітілген
Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші
ұйымдар үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін
салу жобасының уәкілетті немесе жергілікті атқарушы орган
бекіткен және онымен келісілген техникалық-экономикалық
негіздемесінде белгіленген босату бағасының деңгейінен аспайтын
тарифтері және техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес оның
қолданылу мерзімдері
Р/с № |
Объектінің/ұйымның атауы |
Тариф шамасы, теңге/кВт сағ. (ҚҚС-сіз) |
Тарифтің әрекет ету мерзімінің аяқталуы |
Тарифтің жыл сайынғы индекстелуі, % |
1 |
Алматы облысы Сарқант өзеніндегі Мелис Разбеков атындағы Саркант ГЭС («Фирма Тамерлан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) |
11,80 |
22.07.2021 ж. |
4 |
2 |
Алматы облысы Лепсі өзеніндегі Антоновск ГЭС («Қайнар-АКБ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) |
15,05 |
01.12.2023 ж. |
- |
3 |
Алматы облысы Орта тентек өзеніндегі Успеновск ГЭС («Қайнар-АКБ» жауапкершілігі шектсулі ееріктестігі) |
15,11 |
25.11.2021 ж. |
- |
4 |
Жамбыл облысы Шу өзенінің Тас-Өткел су қоймасындағы ГЭС («А&Т-Энергия» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) |
12,5 |
31.12.2014 ж. |
- |
9,375 |
15.05.2022 ж. |
|||
5 |
Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы Қарақыстақ өзеніндегі ГЭС («ЭнергоСтрой Проект» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) |
12,5 |
16.06.2020 ж. |
7 |
6 |
Жамбыл облысы Отар елді мекені ауданында КЭС («КазЭкоВатт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) |
20,89 |
28.12.2024 ж. |
- |