"Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) 2014 - 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1589 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі № 401 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1589 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
      «Бюджеттік бағдарламалар» деген 7-бөлімде:
      001 «Бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, монополиялық қызметті шектеу және жосықсыз бәсекеге жол бермеу жөніндегі қызметтер» деген бюджеттік бағдарламада:
      тиімділік көрсеткіштерінде:
      «2014 жыл» деген бағанда:
      «Бір қызметкерге шығындар» деген жолдағы «4206» деген сандар «4105» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Бюджеттік шығыстардың көлемі» деген жолдағы «849675» деген сандар «807029» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Бюджеттік шығыстардың жиыны» деген кіші бөлімде:
      «2014 жыл» деген бағанда:
      «Бюджеттiк шығыстардың БАРЛЫҒЫ:» деген жолдағы «867925» деген сандар «825279» деген сандармен ауыстырылсын;
      «ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар» деген жолдағы «867925» деген сандар «825279» деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                           К. Мәсімов