Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.08.2022 № 543 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Инвестициялық стратегиялық жобалар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 1 қыркүйектегі № 1293 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 37, 358-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Инвестициялар туралы" 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген инвестициялық стратегиялық жобалардың тізбесі мындай мазмұндағы реттік нөмірі 30-жолмен толықтырылсын:
"
30 | "Казхром" трансұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының филиалы – Ақтөбе ферроқорытпа зауытының феррорхром өндіру жөніндегі № 4 балқыту цехын жобалау және салу" |
".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |