2014 - 2016 жылдарға арналған конкурстан тыс рәсімдер арқылы бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 357 қаулысы

Қолданыстағы

      "Ғылым туралы" 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша республикалық бюджеттен бағдарламалалық-нысаналы қаржыландыру 2014 - 2016 жылдарға арналған конкурстан тыс рәсімдер арқылы жүзеге асырылады деп белгіленсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 16 сәуірдегі
№ 357 қаулысына 
қосымша       

Бағдарламалық-нысаналы қаржыландырылуы тыс рәсімдер арқылы республикалық бюджеттен жүзеге асырылатын ғылыми-техникалық бағдарламалар

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі:
      денсаулық сақтау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер:
      1) экологиялық қауіптер және халық денсаулығы;
      2) балалар денсаулығын және ұрпақты болу денсаулығын сақтаудың жаңа технологияларын әзірлеу;
      3) Арал маңы тұрғындарының денсаулық жағдайын басқарудағы кешенді тәсілдер.