2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 120-бабына және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 55-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мынадай:
1) Мемлекеттік шекараға шектесіп жатқан:
Қытай Халық Республикасымен - ені екі мың метр;
Ресей Федерациясымен, Қырғыз Республикасымен, Өзбекстан Республикасымен және Түрікменстанмен - ені жүз метр;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі тікелей Мемлекеттік шекараның бойында инженерлік құрылыстар мен бөгеуіштердің шебін жабдықтаған көрсетілген учаскелерде көрсетілген шептің шекарасына дейінгі шекаралық белдеудің;
2) ені елу метрге дейін, бірақ отыз метрден кем емес шекаралық белдеу шегіндегі карантиндік белдеудің;
3) мынадай:
Қытай Халық Республикасымен - шекаралық белдеуге тікелей шектесіп жатқан Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктерінің (аудандары) аумақтары шегіндегі;
Ресей Федерациясымен, Қырғыз Республикасымен, Өзбекстан Республикасымен және Түрікменстанмен - шекаралық белдеуге тікелей шектесіп жатқан Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері аумағының жиырма бес километр шегіндегі;
Каспий теңізінің жағалауы бойынша - жағалаудың құмды қайраңына тікелей шектесіп жатқан аумағының жиырма бес километр шегіндегі шекаралық аймақтың шектері белгіленсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы»
Қазақстан Республикасы Заңының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі
шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің
1993 жылғы 30 маусымдағы № 552 қаулысы (Қазақстан Республикасының
ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 25, 306-құжат);
2) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету мен қорғауды қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 шілдедегі № 771 қаулысының
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 31, 409-құжат) 1,
4-тармақтары;
3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгертулер енгізу және күші жойылған деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 17 мамырдағы № 609 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдеріне енгізілетін өзгертулердің (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 28, 190-құжат) 3-тармағы.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов