Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 66 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2009 ж., № 8, 28-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
аталған қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесінде:
3-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлiк қоғамының облигациялары.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов