Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 24 сәуiрдегi № 387 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi туралы ережеде:
16-тармақта:
ведомстволарының функциялары:
мынадай мазмұндағы 98-1), 98-2), және 130-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«98-1) өз құзыреті шегінде трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша түсіндіруді жүзеге асыру және түсініктемелер беру;
98-2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша тексерулер жүргізу;»;
«130-1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылау мәселелері бойынша мемлекеттік қаржылық бақылау органдарымен және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасау;».
17-тармақ. Құқықтары мен міндеттері:
мынадай мазмұндағы 17-1) және 17-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«17-1) құзыреті шегінде темекі бұйымдарын өндірушілерге темекі бұйымдарын өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді беру туралы сұрату жіберу;
17-2) тексерулерге мемлекеттік органдардың мамандарын тарту;».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов