Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2014 жылға қаражат бөлу және оны пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 323 қаулысы

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заң 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

      «2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына және «2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 1329 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2014 жылға қаражат бөлу;
      2) Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2014 жылға бөлінетін қаражатты пайдалану қағидалары бекітілсін.
      2. Орталық мемлекеттік органдар тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне кәсіптік стандарттардың әзірлену барысы туралы есептер берсін.
      3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жарты жылда бір рет, есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне кәсіптік стандарттардың әзірлену барысы туралы ақпарат берсін.
      4. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 4 сәуірдегі
№ 323 қаулысымен   
бекітілген     

Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2014 жылға бөлінетін
қаражатты пайдалану қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2014 жылға бөлінетін қаражатты пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына және «2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 1329 қаулысына сәйкес әзірленді.
      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) кәсіптік стандарт – кәсіптік қызметтің нақты саласында біліктілік деңгейіне және құзыреттілікке, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;
      2) республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері – білім және ғылым, индустрия және жаңа технологиялар, көлік және коммуникация, байланыс және ақпарат, денсаулық сақтау, спорт және дене шынықтыру, төтенше жағдайлар, өңірлік даму, мұнай және газ, қоршаған орта және су ресурстары, әділет, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласында кәсіптік стандарттарды әзірлеу шеңберінде іске асырылатын іс-шараларды қаржыландыруды жүзеге асыратын орталық уәкілетті органдар.
      3. Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге бағытталған іс-шараларды қаржыландыру бюджет заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

2. Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге республикалық бюджеттік
бағдарламалар әкімшілеріне бөлінетін қаражатты пайдалану
тәртібі

      4. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері кәсіптік стандарттың құрылымына және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 374-ө-м бұйрығымен бекітілген Кәсіптік стандарттарды әзірлеу, қайта қарау, сынақтан өткізу қағидасына сәйкес кәсіптік стандарттарды әзірлеуді қамтамасыз етеді.
      5. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері кәсіптік стандарттарды әзірлеу кезінде кәсіптік қызметтің мазмұнына қойылатын бірыңғай талаптарды әзірлеуді, еңбек нарығының қазіргі заманғы қажеттіліктеріне жауап беретін біліктілік талаптарын жаңартуды қамтамасыз етеді.
      6. Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2014 жылға көзделген қаражатты бөлу және пайдалану бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      7. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің кәсіптік стандарттарды әзірлеуге арналған қызметтерді сатып алуы мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
      8. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ұсынатын кәсіптік стандарттарды әзірлеу барысы туралы есептер мынадай:
      1) іс-шаралардың нақты орындалуы туралы (нәтижелерге қол жеткізу сатылары);
      2) нәтижелерге қол жеткізбеу себептері туралы;
      3) бөлінген қаражаттың игерілуі туралы ақпаратты қамтуы тиіс.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 4 сәуірдегі
№ 323 қаулысымен   
бекітілген     

Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2014 жылға қаражат бөлу

Р/с

Іс-шаралар атауы

Жауапты мемлекеттік органдар

Саны

Сомасы, мың теңге

1

Кәсіптік стандарттарды әзірлеу

ИЖТМ

22

23 100

2

Кәсіптік стандарттарды әзірлеу

БАА

13

13 650

3

Кәсіптік стандарттарды әзірлеу

ККМ

12

12 600

4

Кәсіптік стандарттарды әзірлеу

Еңбекмині

12

12 600

5

Кәсіптік стандарттарды әзірлеу

ТЖМ

1

1 050

6

Кәсіптік стандарттарды әзірлеу

СДШІА

4

4 200

7

Кәсіптік стандарттарды әзірлеу

БҒМ

5

5 250

8

Кәсіптік стандарттарды әзірлеу

ДСМ

20

21 000

9

Кәсіптік стандарттарды әзірлеу

МГМ

10

10 500

10

Кәсіптік стандарттарды әзірлеу

ӨДМ

24

25 200

11

Кәсіптік стандарттарды әзірлеу

ҚОСРМ

3

3 150

12

Кәсіптік стандарттарды әзірлеу

Әділетмині

2

2 100

БАРЛЫҒЫ:


128

134 400

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

ИЖТМ      – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
ККМ       – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Еңбекмині – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
ТЖМ       – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
БҒМ       – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
МГМ       – Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі
ӨДМ       – Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі
ҚОСРМ     – Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі
ДСМ       – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Әділетмині– Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
СДШІА     – Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі
БАА       – Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі