"Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 маусымдағы № 665 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 311 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 15 қазандағы № 829 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.10.2015 № 829 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 маусымдағы № 665 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 41, 538-құжат):
      көрсетілген қаулымен құрылған Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларын реттеу мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына:

Оразбақов                - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті
Ғалым Ізбасарұлы           қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы
                           агенттік) төрағасы

Смайылов                 - Қазақстан Республикасы Статистика
Әлихан Асханұлы            агенттігінің төрағасы енгізілсін

      көрсетілген құрамнан Болатбек Баянұлы Қуандықов шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов