Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Мемлекеттік резервті сақтауды жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілердің шығындарын өтеу, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою, нарыққа реттеушілік ықпал ету және ізгілік көмек көрсету үшін шығарылатын мемлекеттік резервтің материалдық қүндылықтары үшін шығындарды өтеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 556 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 23, 262-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік резервті сақтауды жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілердің шығындарын өтеу, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын aлу және олардың зардаптарын жою, нарыққа реттеушілік ықпал ету және ізгілік көмек көрсету үшін шығарылатын мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтары үшін шығындарды өтеу ережесінде:
10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Төтенше жағдайлардың зардаптарын жою және ресми ізгілік көмек көрсету үшін мемлекеттік резервтен шығарылған материалдық құндылықтар үшін шығындарды өтеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен жүзеге асырылады.
11. Төтенше жағдайлардың алдын алу және нарыққа реттеушілік ықпал ету үшін мемлекеттік резервтен шығарылған материалдық құндылықтар үшін шығындарды өтеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде шұғыл шығындарға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
«11-1. Броннан шығару тәртібімен мемлекеттік резервтен шығарылған материалдық құндылықтар үшін шығындарды өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын броннан шығару туралы шешім қабылдаған күнінен бастап он екі ай ішінде жүзеге асырылады.»;
2) «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 12, 86-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесі:
мынадай мазмұндағы 421-2 және 421-3-тармақтармен толықтырылсын:
«421-2. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және нарыққа реттеушілік ықпал ету үшін мемлекеттік материалдық резервтен шығарылған материалдық құндылықтар үшін шығындарды өтеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде шұғыл шығындарға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен жүзеге асырылады.
421-3. Броннан шығару тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтен шығарылған материалдық құндылықтар үшін шығындарды өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын броннан шығару туралы шешім қабылдаған күнінен бастап он екі ай ішінде жүзеге асырылады.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов