Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1116 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 528-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
16-тармақта:
орталық аппараттың функцияларында:
мынадай мазмұндағы 149-1) тармақшамен толықтырылсын:
«149-1) тауар биржасында халықаралық биржалық сауда-саттықты дамыту үшін жағдайлар жасау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;»;
ведомствоның функцияларында:
мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сауда қызметін мониторингілеу;
2-2) сауда қатынастарын жетілдіру мақсатында жеке және заңды тұлғалардың ұсыныстарын талдау және зерделеу;»;
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11) сауда қызметін дамыту, сондай-ақ тауарларды өндіру және сату үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша ұсыныстар әзірлеу;»;
мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
«12-1) өз өкілін тауар биржасының жұмысына, оның ішінде биржалық сауда-саттыққа қатысуға ресми түрде жіберу;»;
Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
реттік нөмірі 4-жол алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов