Ішкі нарықта сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 288 қаулысы

Қолданыстағы

      «Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің 2014 жылғы 30 маусым кезеңіне арналған шекті бағасы қосылған құн салығын есепке алмай, тоннасына 33 653,63 теңге (отыз үш мың алты жүз елу үш теңге алпыс үш тиын) мөлшерінде бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              С.Ахметов