Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің "Астана" ұлттық сурет галереясы" республикалық мемлекеттік мекемесін құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 наурыздағы № 274 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Астана» ұлттық сурет галереясы» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме) құрылсын.
      2. Мекемені қаржыландыру Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігіне тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:
      1) мекеменiң жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, «Назарбаев орталығы» көп функциялы ғылыми-талдамалық және гуманитарлық-ағартушылық мемлекеттік мекемесіне бекітілген, қорлардың сақталуы мен мекеменің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін мүлікті беруді қамтамасыз етсін;
      3) осы қаулыны iске асыру жөнiндегі өзге де шараларды қабылдасын.
      4. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 28 наурыздағы
№ 274 қаулысымен 
бекітілген    

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. «Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет өрттен қорғайтын қоныстану аумақтарының және мемлекеттiк меншiктегi аса маңызды объектiлердiң тiзбелерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 1251 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 48, 619-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген мемлекеттiк өртке қарсы қызмет өрттен қорғайтын мемлекеттiк меншiктегi аса маңызды объектiлердiң тiзбесiнде:
      7-тармақ алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 13 және 14-тармақтармен толықтырылсын:
      «13. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесі.
      14. «Астана» ұлттық сурет галереясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.».
      2. «Азаматтық қызметшiлерге, мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлерiне, қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 51, 648-құжат):
      көрсетілген қаулыға 24-қосымшада:
      «Республикалық мемлекеттiк мекемелер» деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 20-жолмен толықтырылсын:
      «20. «Астана» ұлттық сурет галереясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.».
      3. «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
      1-бөлімде:
      мына:
      «

1.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi, оған ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттiк мекемелердi ескере отырып, оның iшiнде:

1696,5


Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiне ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттiк мекемелер, оның iшiнде:

1527,5

      »

    деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
      «

1.

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгi, оған ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттiк мекемелердi ескере отырып, оның iшiнде:

1965,5


Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiне ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттiк мекемелер, оның iшiнде:

1796,5

      »;

      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«


«Астана» ұлттық сурет галереясы

269

      ».