Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 наурыздағы № 238 қаулысы

Жаңартылған

      «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 133-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) құрылсын.
      2. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылық жөніндегі уәкілетті орган;
      2) кәсіпорын қызметінің негізгі мәні – спорт саласындағы қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) кәсіпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге беруді;
      2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      3) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
      4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң        
2014 жылғы 13 наурыздағы
№ 238 қаулысымен  
бекiтiлген      

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
енгiзiлетiн толықтырулар

      1. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 92-8-жолмен толықтырылсын:
      «92-8. «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны».
      2. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбеқақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 51, 648-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Дене шынықтыру және спорт азаматтық қызметшілеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар мен үстемеақылар» деген 9-қосымшада:
      2-бағанның 1, 2-тармақтары және 5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «, Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы:».
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1003 қаулысымен.