2005 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкiметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметiн реттеу туралы келiсімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 218 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2005 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкiметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметiн реттеу туралы келiсімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі Альберт Павлович Рауға 2005 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкiметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметiн реттеу туралы келiсімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2014 жылғы 11 наурыздағы
№ 218 қаулысымен    
мақұлданған      

2005 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкiметі мен
Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы «Қорғас» шекара
маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметiн реттеу
туралы келiсімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
хаттама

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі 2005 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкiметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметiн реттеу туралы келiсімнің (бұдан әрі - Келісім) 45-бабына сәйкес төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) 3-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жасылсын:
      «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Орталықтың қазақстандық бөлігін басқару жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.»;
      2) 5-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Орталықтың жалпы ауданы 5,60 ш. км құрайды, оның ішінде қазақстандық бөліктің ауданы 2,17 ш. км қытай бөлігінің ауданы 3,43 ш. км.».
      3) 7-баптағы «екі» деген сөз алынып тасталсын;
      4) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «14-бап
      Тауарлардың (жүктердiң) Орталыққа/Орталықтан өткізу кезiнде ұлттық заңнамалар және халықаралық шарттардың тиiстi ережелерi сақталуы тиiс. Орталыққа/Орталықтан өткiзiлетiн тауарларға (жүктерге) қатысты кедендiк рәсiмдердi жүргізу күндiзгi уақытта сегiз сағаттық жұмыс күнi қағидаты бойынша аптасына жеті күн жүзеге асырылады. Адамдар, шағын литражды және жеңiл автомобильдер (сыйымдылығы 8 адамға дейiн) үшiн кедендiк рәсiмдердi жүргiзу уақыты қажет болған жағдайда ұзартылады.
      Орталық аумағының шегiнде адамдар, тауарлар (жүктер) және көлiк құралдары еркiн өтедi.
      Орталықтың жұмыс режимі:

1 мамырдан бастап 30 қыркүйекті қоса алғанда

8.30-дан 18.00-ге дейін (Астана уақыты);
10.30-дан 20.00-ге дейін (Пекин уақыты);

1 қазаннан бастап 30 сәуірді қоса алғанда

9.00-ден 17.00-ге дейін (Астана уақыты);
11.00-ден 19.00-ге дейін (Пекин уақыты).».

      5) 15-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші және үшінші абзацтармен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі;
      Қазақстан Республикасының туу туралы куәлігі (ата-анасының біреуінің алып жүруімен).»;
      6) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «21-бап
      Орталық аумағындағы тасымалдау адамдарды, жүктерді немесе үстінде бекітілген жабдықтарды жолдармен тасымалдауға арналған көлік құралдарымен жүзеге асырылады.
      Орталық аумағында жүктерді тасымалдау жүк көтергіштігі 20 тонна және ең жоғары массасы 10 тоннадан астам тіркемелері бар көлік құралдарымен жүзеге асырылады.
      Орталық аумағында көлік құралдарымен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде Тараптардың заңнамалары сақталуы тиіс.»;
      7) Келісімге 1-қосымша осы Хаттамаға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2-бап

      Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшіне енеді.

3-бап

      Осы Хаттама Келісім қолданылатын мерзімге қолданылады.

      201__ жылғы «___»______ _____________ қаласында қазақ, қытай және орыс тiлдерiнде екi данада жасалды, әрi барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.

      Қазақстан Республикасының      Қытай Халық Республикасының
            Үкіметі үшін                  Үкіметі үшін

2005 жылғы 4 шілдедегі     
Қазақстан Республикасының   
Үкiметі мен Қытай Халық     
Республикасының Үкіметі     
арасындағы «Қорғас» шекара   
маңы ынтымақтастығы халықаралық 
орталығының қызметiн реттеу туралы
келiсімге өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы хаттамаға қосымша  

2005 жылғы 4 шілдедегі  
Қазақстан Республикасының 
Yкiметi мен Қытай Халық  
Республикасының Yкiметi  
арасындағы «Қорғас»     
шекара маңы ынтымақтастығы 
халықаралық орталығының   
қызметiн реттеу туралы    
келiсімге қосымша     

ҚР ШЫХО шекара аумағы (217 га) және ҚХР сауда аймағының
орналастыру схемасы мен шекарасы