"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 шілдедегі № 747 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 193 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 шілдедегі № 747 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 42, 628-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      3-тармақ алынып тасталсын;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Комитет заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов