"Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту жөніндегі комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1522 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 178 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту жөніндегі комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1522 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен құрылған Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Сағынтаев
Бақытжан Әбдірұлы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары

Бекенов
Берік Темірғалиұлы

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры, хатшы

      мына:

«Рау
Альберт Павлович

Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі, хатшы»

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Рау
Альберт Павлович

Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі».

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов