Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан Стратегиялық объектілер жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 қарашадағы № 1125 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 13-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Стратегиялық объектілер жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Әбіш |
– |
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары |
Баймолдина |
– |
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары |
Мырзағалиев |
– |
Қазақстан Республикасының Мұнай және газ вице-министрі; |
Иманғалиев |
– |
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі; |
мына:
«Сағынтаев |
– |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі, төраға» |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Сағынтаев |
– |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға»; |
көрсетілген құрамнан Берік Зиябекұлы Толымбаев, Дулат Рашидұлы Құсдәулетов, Ғұсман Кәрімұлы Әмірин, Мұрат Абдуламитұлы Әбенов шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов