"Қазақстан Республикасының атом саласын дамыту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 желтоқсандағы № 2040 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 130 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының атом саласын дамыту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 желтоқсандағы № 2040 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының атом саласын дамыту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Әбіш                       - Қазақстан Республикасының Ұлттық
Самат Сатыбалдыұлы           қауіпсіздік комитеті төрағасының
                             орынбасары (келісім бойынша);

Әбсаттаров                 - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Қайрат Бектайұлы             халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі;

Балықбаев                  - Қазақстан Республикасының Білім және
Такир Оспанұлы               ғылым вице-министрі;

      мына:

«Мұхамеджанов              - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Бектас Ғафурұлы              ортаны қорғау вице-министрі» деген жол

      мынадай редакцияда жазылсын:

«Мұхамеджанов              - Қазақстан Республикасының Қоршаған орта
Бектас Ғафурұлы              және су ресурстары вице-министрі»;

      көрсетілген құрамнан Ғұсман Кәрімұлы Әмірин, Ерғали Қуандықұлы Егемберді, Мұрат Қадесұлы Орынханов шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов