Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мәселелері жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 17 ақпандағы
№ 96 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті
дамыту және қолдау жөніндегі комиссияның құрамы
Ахметов |
- |
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға |
Сағынтаев |
- |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары |
Жұманғарин |
- |
Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің орынбасары, хатшы |
Әбдіқалықова |
- |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары |
Исекешев |
- |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі |
Сұлтанов |
- |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Кравченко |
- |
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары (келісім бойынша) |
Лукин |
- |
Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша) |
Ақышев |
- |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары (келісім бойынша) |
Горяинов |
- |
Қазақстан Республикасы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі (келісім бойынша) |
Божко |
- |
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі |
Досаев |
- |
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі |
Дүйсенова |
- |
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi |
Жәмішев |
- |
Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі |
Жұмағалиев |
- |
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі |
Имашев |
- |
Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
Қайырбекова |
- |
Қазақстан Республикасының |
Қаппаров |
- |
Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрі |
Қарабалин |
- |
Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі |
Қасымов |
- |
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі |
Құл-Мұхаммед |
- |
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі |
Мамытбеков |
- |
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
Сәрінжіпов |
- |
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
Есентаев |
- |
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы |
Қуандықов |
- |
Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің төрағасы |
Мұсабаев |
- |
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы |
Оразбақов |
- |
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) төрағасы |
Оспанов |
- |
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы |
Мырзахметов |
- |
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы (келісім бойынша) |
Құрбанбаева |
- |
Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша) |
Қанатбеков |
- |
«Атамекен» одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша) |
Жандосов |
- |
Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа мүшесі (келісім бойынша) |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 17 ақпандағы
№ 96 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті
дамыту және қолдау мәселелері жөніндегі комиссия туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мәселелері жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында құрылды.
2. Комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Комиссияның міндеттері мен функциялары
4. Комиссияның негізгі міндеті:
1) шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау құралдарын жетілдіру;
2) әкімшілік кедергілерді төмендету, оның ішінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік органдардың заңсыз қысымын жою;
3) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
4) Комиссияның жұмыс топтарының қызметін үйлестіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
5. Комиссия жүктелген міндеттерді іске асыру мақсатында:
1) шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға тікелей немесе жанама әсер ететін салалардағы мемлекеттік саясатты іске асыруға тұжырымдамалық тәсілдемеге;
2) әкімшілік кедергілерді төмендетуге және шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі шараларға;
3) шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау құралдарын жетілдіруге қатысты ұсыныстар әзірлеу жөніндегі функцияларды орындайды.
3. Комиссияның құқықтары
6. Комиссия бекітілген тәртіппен және оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мәселелері жөніндегі ұсыныстарды енгізуге;
2) Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелерді шешу үшін мүдделі мемлекеттік органдардың мамандарын, консультанттарды тартуға;
3) Комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, ведомстволардан және ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратуға;
4) отырыстарда Комиссияның қарауына жататын мәселелер бойынша Комиссия мүшелерін, мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың жауапты өкілдерін тыңдауға;
5) жұмыс топтарын құруға;
6) Комиссияға жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
4. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
7. Комиссияның төрағасы, ол болмаған жағдайда Комиссия төрағасының орынбасары оның қызметіне басшылық жасайды, Комиссияның отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады.
8. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
9. Комиссияның жұмыс органы Комиссияның жұмысын ұйымдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
10. Комиссияның жұмыс жоспары мен отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындауды және ол өткізілгеннен кейін хаттаманы ресімдеуді Комиссияның хатшысы жүзеге асырады. Хатшы Комиссияның мүшесі болып табылмайды.
11. Жұмыс жоспарын, отырыстардың күн тәртібін, сондай-ақ оларды өткізу орны мен уақытын Комиссияның төрағасы бекітеді.
12. Комиссияның жұмыс отырыстарының материалдары төрағамен келісілгеннен кейін Комиссияның әрбір мүшесіне отырысқа дейін кемінде үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жеткізіледі.
13. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі және егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысатын болса, заңды болып саналады.
14. Комиссияның шешімдері ашық дауыс беру жолымен қабылданады және егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берген болса, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, ол білдірілген жағдайда жазбаша түрде жазылуы және хаттамаға қоса берілуі тиіс.
15. Комиссияның отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша хаттама жасалады.
5. Комиссияның қызметін тоқтату
16. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі Комиссияның қызметін тоқтату үшін негіз болып табылады.