"Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаға, "Бизнестің жол картасы 2020", "Жұмыспен қамту 2020", 2011 - 2020 жылдарға арналған "Ақ бұлақ", 2011 - 2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламаларына бөлінетін бюджет қаражатының пайдаланылуын бақылау жөнінде республикалық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 қарашадағы № 1409 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 ақпандағы № 75 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаға, «Бизнестің жол картасы 2020», «Жұмыспен қамту 2020», 2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ», 2011 – 2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламаларына бөлінетін бюджет қаражатының пайдаланылуын бақылау жөнінде республикалық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 қарашадағы № 1409 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаға, «Бизнестің жол картасы 2020», «Жұмыспен қамту 2020», 2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ», 2011 – 2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламаларына бөлінетін бюджет қаражатының пайдаланылуын бақылау жөніндегі республикалық комиссияның құрамы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2014 жылғы 10 ақпандағы
№ 75 қаулысына    
қосымша        

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2012 жылғы 7 қарашадағы
№ 1409 қаулысымен  
бекітілген      

Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық
дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаға,
«Бизнестің жол картасы 2020», «Жұмыспен қамту 2020», 2011 –
2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ», 2011 – 2020 жылдарға
арналған Қазақстан Республикасы тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылығын жаңғырту бағдарламаларына бөлінетін бюджет
қаражатының пайдаланылуын бақылау жөніндегі республикалық
комиссияның құрамы

Сұлтанов
Бақыт Тұрлыханұлы

-

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, төраға

Шолпанқұлов
Берік Шолпанқұлұлы

-

Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, төрағаның орынбасары

Шайназарова
Шолпан Болатқызы

-

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті төрағасының орынбасары, хатшы

Кравченко
Андрей Николаевич

-

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары (келісім бойынша)

Қасымбек
Жеңіс Махмұдұлы

-

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы

Рау
Альберт Павлович

-

Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі

Өскенбаев
Қайырбек Айтбайұлы

-

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму бірінші вице-министрі

Лукин
Андрей Иванович

-

Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары (қаржы полициясы) (келісім бойынша)

Омаров
Сапархан Кесікбайұлы

-

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі (келісім бойынша)

Әбілқасымова
Мәдина Ерасылқызы

-

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі

Нысанбаев
Ерлан Нұралыұлы

-

Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары вице-министрі

Кұрманғалиева
Аида Дәденқызы

-

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы