"2014 - 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 1329 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 7 ақпандағы № 65 қаулысы

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 1329 қаулысына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулыға 24-қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 75, 76 және 77-жолдармен толықтырылсын:

      «

75

Бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізу

Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу мәселелерін ақпараттық-талдамалық және әдістемелік сүйемелдеу

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің «Талдау және ақпарат орталығы» ШЖҚ РМК

021 «Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу»

666 859

76

Мемлекеттік ақпараттық саясатты «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ арқылы жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтер

Мемлекеттік ақпараттық саясатты «Егемен Қазақстан» газеті арқылы жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтер

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ

021 «Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу»

877 536

77

Мемлекеттік ақпараттық саясатты «Казахстанская правда» республикалық газеті» АҚ арқылы жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтер

Мемлекеттік ақпараттық саясатты «Казахстанская правда» газеті арқылы жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтер

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

«Казахстанская правда» республикалық газеті» АҚ

021 «Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу»

721 152

                                                                   ».

      2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов