"Қазақстан Республикасында қылмыстық-атқару жүйесін дамытудың 2012 - 2015 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 маусымдағы № 775 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 қаңтардағы № 32 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасында қылмыстық-атқару жүйесін дамытудың 2012 – 2015 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 маусымдағы № 775 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында қылмыстық-атқару жүйесін дамытудың 2012 – 2015 жылдарға арналған бағдарламасында:
      «1. Бағдарламаның паспорты» деген бөлімде:
      «Қаржыландыру көздері және көлемі» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      «

Қаржыландыру көздері және көлемі

Бағдарламаны жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 22 500,297 млн. теңге бөлу көзделіп отыр, оның ішінде:
2012 жылы – 7 457,737 млн. теңге;
2013 жылы – 1 398,695 млн. теңге;
2014 жылы – 38,233 млн. теңге;
2015 жылы – 13 605,632 млн. теңге.
2013-2015 жылдарға арналған шығындар сомасы алдын ала жасалған және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасын қалыптастыру кезінде Республикалық бюджет комиссиясы нақтылайтын болады.

                                                                   »;

      «4. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары мен оны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері» деген бөлімде:
      «2. Тәрбиелеу жұмысын, әлеуметтік-психологиялық жұмысты және сотталғандарды жұмыспен қамтуды жақсарту арқылы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың профилактикасы және алдын алу» деген кіші бөлімде:
      бірінші бөлімнің 3) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) еңбекпен қамтылған сотталғандардың санын 2014 жылы – 11 785 адамға, 2015 жылы – 11 885 адамға дейін арттыру»;
      «4. Бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын сотталған және тергеу-қамауындағы адамдардың денсаулығын жақсарту» деген кіші бөлімде:
      екінші бөлік алынып тасталсын;
      «5. Қажетті ресурстар» деген бөлімде:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бағдарламаны іске асыру үшін республикалық бюджет есебінен жалпы сомасы 22 500,297 млн. теңге бөлу көзделуде, оның ішінде:
      2012 жылы – 7 457,737 млн. теңге;
      2013 жылы – 1 398,695 млн. теңге;
      2014 жылы – 38,233 млн. теңге;
      2015 жылы – 13 605,632 млн. теңге.»;
      «6. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 41-жолда:
      2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «Павлодар облысы бойынша ҚАЖД «АП-162/5 мекемесі» мемлекеттік мекемесін тарату»;
      5-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «2014 жылғы 1-тоқсан»;
      реттік нөмірі 42-жолдың 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «2014 жылғы 2-тоқсан»;
      реттік нөмірі 46-жолда:
      7-баған «52, 319» деген сандар толықтырылсын;
      10-бағандағы «2664,435*» деген сандар «2716,754*» деген сандармен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 47-жолда:
      7-баған «588,564» деген сандармен толықтырылсын;
      10-бағандағы «2428,441*» деген сандар «3017,005*» деген сандармен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 48-жолда:
      7-бағандағы «356,39» деген сандар «315,154» деген сандармен ауыстырылсын;
      10-бағандағы «1227,39» деген сандар «1186,154» деген сандармен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 49-жолда:
      7-бағандағы «321,006» деген сандар «308,238» деген сандармен ауыстырылсын;
      10-бағандағы «1557,006» деген сандар «1562,238» деген сандармен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 59-1-жолмен толықтырылсын:

      «

59-1.

Мемлекеттік жеке меншік серіктестік шеңберінде түзеу мекемесін салу және пайдалану үшін концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізу

Конкурс құжаттамасы

ІІМ

2015 жылғы 4-тоқсан

-

-

-

-

-

-

-

                                                                   »;

      реттік нөмірі 61-жолда:
      7-бағанда «19,182» деген сандар «41,134» деген сандармен ауыстырылсын;
      10-бағанда «76,728*» деген сандар «98,68*» деген сандармен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 66-жол алынып тасталсын:
      реттік нөмірі 69-жолда:
      7-бағанда «94,4» деген сандар «81,446» деген сандармен ауыстырылсын;
      10-бағанда «188,8» деген сандар «175,846» деген сандармен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 70-жолда:
      7-бағанда «19,051» деген сандар «11,840» деген сандармен ауыстырылсын;
      10-бағанда «76,204*» деген сандар «68,993*» деген сандармен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 71-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «

71.

Тарту-шығару желдеткішіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін мемлекеттік сараптамадан өткізе орырып, жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеуге бюджеттік өтінім енгізу

Бюджеттік өтінім

ІІМ, ДСМ

2014 - 2015 жылдар

-

-

-

-

-

-

-

                                                                   ».

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов