Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің кейбір республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1528 қаулысы

Қолданыстағы

      «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны және Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Алатау» шаңғы және биатлон стадиондарының кешені» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны қосылу жолымен Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Алатау» қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) болып қайта ұйымдастырылсын.
      2. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жөніндегі уәкілетті орган;
      2) спорт саласындағы қызметті жүзеге асыру кәсіпорын қызметінің негізгі мәні болып айқындалсын.
      3. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге енгізсін;
      2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген жалпы мемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі» деген бөлімде:
      реттік нөмірлері 84, 92-5-жолдар алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 92-7-жолмен толықтырылсын:
      «92-7. «Алатау» қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.»;
      2) «Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 ақпандағы № 244 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 34, 439-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі туралы ережеде:
      «Агенттіктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі» деген бөлімде:
      реттік нөмірлері 119-жолдар алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 20-1-жолмен толықтырылсын:
      «20-1. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Алатау» қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.»;
      көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
      «Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі тиісті саланың уәкілетті органы болып табылатын республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі» деген бөлімде:
      реттік нөмірлері 119-жолдар алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 20-жолмен толықтырылсын:
      «20. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Алатау» қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.».
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов