Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасында тау-кен металлургия саласын дамыту жөніндегі 2012 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қазандағы № 1144 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдар (келісім бойынша) Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысымен бекітілген Салалық бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу, бағалау және бақылау ережесіне сәйкес берсін.»;
4-тармақ алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында тау-кен металлургия саласын дамыту жөніндегі 2012 – 2014 жылдарға арналған бағдарламасында:
«1. Бағдарламаның паспорты» деген бөлімде:
«Бағдарламаның мақсаты» мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Металдарды шаймалау, ұжымдық концентраттарды алу мен өңдеу, кешенді ферроқорытпалар өндіру, техногендік кен орындарын өңдеу бойынша технологиялар әдісімен өте қиын технологияларды дамыту.»;
«Күтілетін нәтижелер» мынадай редакцияда жазылсын:
«Нысаналы индикаторлар
1. 2015 жылға қарай металлургия саласының жалпы қосылған құнын минералды шикізатты терең өңдеу және жаңа бөліністер құру негізінде 2008 жылғы деңгейге қарағанда нақты мәнде кемінде 50 %-ға ұлғайту.
2. Металлургия өнімінің экспорт көлемін 2008 жылғы деңгейге қарағанда 30 %-ға ұлғайту.
3. Металлургия өнеркәсібінің еңбек өнімділігін 2008 жылғы деңгейге қарағанда нақты мәнде кемінде 15 %-ға ұлғайту.»;
«3. Саланың қазіргі заманғы жай-күйін талдау» деген бөлімде:
«3.3. Тау-кен металлургия саласының проблемалары» деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Тау-кен металлургия кешенінің негізгі проблемалары мыналар: шикізат базасының сарқылуы, пайдаланылатын шикізаттың кешенділігінің төмендігі, негізгі өндірістік қорлар тозуының жоғары дәрежесі, қоршаған орта ластануының жоғары дәрежесі және технологиялық артта қалу, өндірістің толық циклы бар интеграцияланған кешендердің (өндіруден бастап тауарлық дайындығы жоғары дәрежедегі өнім шығаруға дейін) болмауы, ішкі нарық сыйымдылығының аздығы және шашыраңқылығы, өнімнің жоғары энергия, еңбек және материал сыйымдылығы, жылжымалы мүкәммалдық құрылымдардың өткір жетіспеушілігі болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы 3.3.1-кіші бөліммен толықтырылсын:
«3.3.1. Нысаналы технологиялық бағдарламалар арқылы іске асырылатын өте қиын технологиялардың тізбесін қоса алғанда, саланың (сектордың) инновациялық-технологиялық дамуын талдау
Тау-кен металлургия кешенін (бұдан әрі – ТКМК) ғылыми-техникалық қамтамасыз ету саласында 20-ға жуық зерттеу және жобалау ұйымдары және металлургия, органикалық емес материалдардың химиялық технологиясы, байыту, тау-кен ісі, геология және пайдалы қазбалардың кен орындарын барлау бойынша мамандандырылған кафедралары бар 15 жоғарғы оқу орны жұмыс жасайды. Сонымен қатар зерттеу, жобалау және конструкторлық жұмыстарды Қазақстанның ірі тау-кен металлургия компаниялары «Қазақстан алюминийі» ақционерлік қоғамының, «Қазақмыс» корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің, «Қазцинк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің, Eurasian Natural Resources Corporation PLC (Табиғи Ресурстардың Еуразиялық Корпорациясы) (бұдан әрі – ENRC) және т.б. ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарының (бұдан әрі - ҒЗТКЖ) бөлімшелері жүргізеді.
Ғылыми-техникалық ақпарат орталығының деректері бойынша ТКМК саласындағы ҒЗТКЖ айтарлықтай үлесін мынадай зерттеу ұйымдары орындайды: «Жер, металлургия және байыту туралы ғылым орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «ЖМБО» АҚ) ҒЗТКЖ-ның жалпы көлемінің 20,7 %; «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы Қарағанды химия-металлургия институты (бұдан әрі «ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК ҚарХМИ) – 12,1 %; Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті (бұдан әрі – ҚазҰТУ) - 6,25 %; «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы Түсті металдардың шығыс ғылыми-зерттеу тау-кен-металлургия институты (бұдан әрі – ШҒЗИ түсті метал) – 4,7 %; Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Эксперименталды және теориялық физика ғылыми-зерттеу институты (бұдан әрі – ҚазҰУ жанындағы ЭТФ ҒЗИ) – 4,2 %; «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы «Қазмеханобр» мемлекеттік өнеркәсіптік экология ғылыми-өндірістік бірлестігі (бұдан әрі – «Қазмеханобр») – 3,7 %. Бұл ретте, ресурстарды және энергияны үнемдеу технологияларын қолдану, техногендік қалдықтарды өңдеу, шикізат материалдарын дайындау, электрохимиялық процестер сияқты тау-кен металлургия саласының негізгі бағыттары бойынша зерттеулердің үлесі өте аз.
Ұсынылған бағдарламаның технологиялар саласындағы қолданбалы зерттеулері мен ғылыми-техникалық әзірлемелері мынадай ұйымдарда: «ЖМБО» АҚ, «ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК және оның филиалдары – «Қазмеханобр» МӨЭҒӨБ, ҚарХМИ, ШҒЗИ түсті металл; ҚазҰТУ жанындағы Тау-кен металлургия институтында; «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» РМК-да; «Жоғары технологиялар институты» ЖШС-да (бұдан әрі – ЖТИ); «Қазатомөнеркәсібі» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамында (бұдан әрі – «Қазатомөнеркәсібі» ҰАК» АҚ); «А.Б. Бектұров атындағы химия ғылымдарының институты» АҚ; «Қазмырыш» ЖШС-нің зерттеу орталығында орындалады.
Соңғы 20 жылда республикадағы ғылыми-технологиялық саланың құлдырауы, көптеген тәжірибелік өндірістерді, жобалау институттарын жоғалту, кадрлардың жылыстауы, ҒЗТКЖ-ны қаржыландыру көлемінің жеткіліксіздігі көптеген бәсекелестік бағыттар бойынша елдің зияткерлік әлеуетінің төмендеуіне алып келді. Осы әлеуетті әлемдік бәсекеге қабілеттілік деңгейіне шығару біршама ұзақ уақыт кезеңін қажет етеді.
Қазақстанның ТКМК саласында технологиялардың дамуын тежейтін негізгі проблемалардың бірі ғылыми-технологиялық әзірлемелерді (ғылым мен техника жетістіктерін пайдалану) енгізу негізінде инновациялық серпілу міндеттерін шешуге және салада жоғары технологиялық өндірістерді қалыптастыруға қабілетті білікті мамандардың тапшылығы болып табылады.
Елде мыналарды қамтитын көп деңгейлі инновациялық инфрақұрылым қалыптастырылды:
1) білікті жұмыс күшін даярлауға және жаңа идеялар мен әзірлемелерді өндіруге бағытталған жоғарғы оқу орындарынан (бұдан әрі - ЖОО), ғылыми-зерттеу институттарынан (бұдан әрі – ҒЗИ), ғылыми орталықтардан, консалтингтік және оқыту компанияларынан тұратын өзара іс-қимыл жасау желісі болып табылатын білім беру-инновациялық кешендер мен аймақтар;
2) ғылыми идеялар мен әзірлемелерді коммерцияландыруға бағдарланған технологиялық парктерді және бизнес-инкубаторларды қамтитын бизнес-технологиялық кешендер;
3) инновациялық қызметті қолдауға бағдарланған және қаржыландыру, маркетинг мәселелерімен, көрмелік-жарнамалық қызметпен, патентті-лицензиялық жұмыстармен және зияткерлік меншікті қорғаумен айналысатын құрылымдарды қамтитын қолдау кешендері.
Инновациялық инфрақұрылымды қалыптастырудың міндетті шарты жиынтығында салалық инновациялық жүйе құрайтын аталған кешендердің өзара тығыз іс-қимыл жасауы болып табылады.
Алайда, осы уақытқа дейін инновацияларды ынталандыру және қолдау жүйесі әлсіз дамыған, ғылыми-зерттеу базасы сапасының төмендігі, кадрлардың тапшылығы, инновацияларды қолдауға коммерциялық банктердің бағдарланбауы сақталуда, бизнес дағдыларының деңгейі жеткіліксіз, ҒЗТКЖ-ға іс жүзіндегі сұраныс аса төмен.
Қазақстанда ТКМК кәсіпорындарында ҒЗТКЖ-ға шығындар өндіріске жиынтық шығынның 1 %-нан аспайды, бұл шетелдік тау-кен металлургия компанияларымен салыстырғанда айтарлықтай төмен. 2009 және 2010 жылдарда Қазақстанның жалпы ішкі өніміндегі (бұдан әрі - ЖІӨ) ҒЗТКЖ-ға шығындар үлесі 0,23 және 0,15 % дәрежесінде болды. Дамыған елдерде бұл көрсеткіш 3-тен 5 %-ға дейін ауытқып отырады. Сонымен қатар ғылымға шығынның өсуі әзірше технологиялық инновациялар өсімімен сүйемелденбейді.
Көптеген отандық ҒЗИ мен ЖОО-да өз әзірлемелерін сынақтан өткізу үшін тәжірибелік-өнеркәсіптік базалардың болмауы жаңа технологияларды әзірлеуді және өнеркәсіптік өндіріске енгізуді тежейтін түйінді проблемалардың бірі болып табылады.
Отандық ғылыми зерттеулердің және әзірлемелердің әлсіз материалдық-техникалық базасының негізгі себебі зерттеу ұйымдарының негізгі капиталына инвестициялардың жеткіліксіздігі болып табылады. Бұл көбінесе түрлі технологиялық және талдамалық жабдықтардың көп санын пайдалануды қажет ететін ТКМК саласындағы ғылыми-техникалық зерттеулерге және әзірлемелерге қатысты.
Тиісінше сапалы ғылыми зерттеулер жүргізу және қазіргі заманғы технологиялық деңгейге жауап беретін және өнеркәсіптік өндіріске енгізу үшін жарамды инновациялық әзірлемелер құру мүмкіндіктері төмендейді:
1) ұжымдық концентраттар алу технологиялары;
2) түсті металдар қорытпаларын өндіру технологиялары;
3) кешенді ферроқорытпаларды өндіру технологиялары;
4) темірді тікелей қалпына келтіру технологиялары;
5) металдарды шаймалау технологиялары;
6) тозуға төзімді қорытпаларды балқыту технологиялары;
7) тозуға төзімді және ыстыққа берік бұйымдарды құю технологиялары;
8) шойыннан, болаттан, түсті металдардан бұйымдар құю технологиялары;
9) ПҚК іздестірудің және барлаудың геологиялық-геофизикалық әдістерінің технологиялары;
10) техногенді кен орындарын өңдеу технологиялары;
11) метанды, табиғи битумдарды және жанғыш тақтатастарды өндіру және кешенді өңдеу технологиялары;
12) таза металдарды тікелей алу технологиялары;
13) қиын байытылатын және сапасы төмен шикізатты байыту және өңдеу технологиялары.
Қазіргі уақытта КҒТЖБИ сарапшыларының әдістемелік қолдауымен форсайттық зерттеулердің үшінші кезеңінде өте қиын технологиялар негізінде тау-кен металлургия кешенінде 4 пилотты нысаналы технологиялық бағдарламалар әзірленді:
1) металдарды шаймалау технологиялары;
2) ұжымдық концентраттар алу технологиялары;
3) кешенді ферроқорытпаларды өндіру технологиялары;
4) техногенді кен орындарын өңдеу технологиялары.
Нысаналы технологиялық бағдарлама бизнестің технологиялық проблемаларын шешу үшін барлық мүдделі тараптардың (мемлекет, бизнес, ғылыми қоғамдастық) күштерін жұмылдыру құралы болады. Оларды іске асыру бизнеспен бірге қаржыландыру қағидаттарында жүзеге асырылатын болады.
Металдарды шаймалау әдісімен өте қиын технологияларды дамытуда:
1) технологиялық шешімдердің өнеркәсіптік іске асырылуына дайындығын растайтын тәжірибелік полигондар, көрсету қондырғылары және (немесе) тәжірибелік үлгілер деңгейінде пайдалы қазбаларды өндіру үшін қажет жаңа алдыңғы қатарлы технологиялар және жабдықтар құру мәселелері пысықталатын болады;
2) қажетті шығындарды және оларды қаржыландыру көздерін бағалай отырып, әзірленген технологияларды өндіріске енгізу бағдарламаларын (жоспарларын) әзірлеу бойынша мәселелер пысықталатын болады;
3) жаңа технологияларды коммерцияландыру процестерін жандандыру бойынша мәселелер пысықталатын болады;
4) пайдалы қазбаларды өндірудің ғылымды көп қажет ететін өнімін әзірлеу үшін перспективті ғылыми-технологиялық босалқы дайындама құру бойынша мәселелер пысықталатын болады; елдегі экологиялық ахуалды жақсарту мәселелерін шешу;
5) салааралық кооперацияны және ақпарат алмасуды ұйымдастыру, синергетикалық әсер алу бойынша мәселелер пысықталатын болады;
6) асыл металдарды, сирек және жерсиректі элементтерді ілеспелі өндіру әзірлемесі үшін перспективті ғылыми-технологиялық босалқы дайындама құру бойынша мәселелер пысықталатын болады;
7) елдегі экологиялық ахуалды жақсарту мәселелерін шешу бойынша мәселелер пысықталатын болады.
Ұжымдық концентраттарды алудың және өңдеудің өте қиын технологияларын дамытуда:
1) зерттеулер жүргізу және тиімділігіне техникалық-экономикалық есептеулер жүргізу үшін бастапқы деректерді бере отырып, ұжымдық концентраттарды алудың және өңдеудің белгіленген өте қиын технологияларын әзірлеу бойынша мәселелер пысықталатын болады;
2) әзірленген технологияларды патенттік қорғауды дайындау және өткізу бойынша мәселелер пысықталатын болады;
3) әзірлеу, енгізу және әзірленген өте қиын технологияларды дамыту үшін білікті кадрлар даярлау бойынша мәселелер пысықталатын болады;
4) технологиялық жабдықтарды сатып алуды және құрастыруды қоса алғанда, пилотты қондырғылар құрылысы бойынша мәселелер пысықталатын болады;
5) ұжымдық концентраттарды өндіруге және қорларды қайта бағалауға нормативтік құжаттарды әзірлеу және бекіту бойынша мәселелер пысықталатын болады;
6) ұжымдық концентраттарды өңдеу бойынша байыту фабрикаларын реконструкциялау, өнеркәсіптік өндірістерді салу және іске қосу бойынша мәселелер пысықталатын болады.
Кешенді ферроқорытпаларды өндірудің өте қиын технологияларын дамытуда:
1) қоспаланған және қышқылсыздайтын материалдарға болат балқыту өндірісінің өсіп келе жатқан қажеттілігін қамтамасыз ететін ферроқорытпалардың жаңа түрлерін балқыту технологияларын әзірлеу және игеру бойынша мәселелер пысықталатын болады;
2) кешенді ферроқорытпалардың негізгі топтарын балқыту технологияларын (өте қиын технология) әзірлеу және игеру бойынша мәселелер пысықталатын болады;
3) экспресс әдістемені пысықтау және кешенді ферроқорытпалардың (әсіресе қиын айқындалатын барий және магний сияқты элементтерге) химиялық құрамын айқындау үшін қажетті зертханалық жабдықтарды сатып алу бойынша мәселелер пысықталатын болады;
4) әдістемені пысықтау және кешенді ферроқорытпалармен қоспаланған болаттың микроқұрылымын зерттеу үшін қажетті зертханалық жабдықтарды (JEOL JXA-8230 талдауышы бар электронды растрлы микроскоп) сатып алу бойынша мәселелер пысықталатын болады;
5) ферроқорытпашылар, болат балқытушылар және химик-талдаушылар мамандарды даярлау бойынша мәселелер пысықталатын болады;
6) жабдықтарды сатып алу және құрастыру, ғылыми-өндірістік кешендерді, тәжірибелік өндірістерді және пилотты қондырғыларды іске қосу бойынша мәселелер пысықталатын болады;
7) жабдықтарды сатып алу, құрастыру және бірінші кезекте отандық болат балқытушы зауыттар пайдаланатын кешенді ферроқорытпалар балқытатын толық өз шығындарын өзі өтейтін (дотациясыз) және қуаттылықтардың толық жүктемесінде жұмыс істейтін, орташа қуаттығы 1,2-2,5 МВА кен-термикалық пеші бар шағын зауыттар түріндегі ғылыми-өндірістік кешендерді іске қосу бойынша мәселелер пысықталатын болады.
Техногенді кен орындарын өңдеу бойынша өте қиын технологияларды дамытуда:
1) техногендік кен орындарын түгендеу, паспорттау және сыныптау, техногендік кен орындарын нақтылау бойынша мәселелер пысықталатын болады;
2) бағалы компоненттерді алу және оларды пайдалану тұрғысынан техногендік кен орындарын өңдеу мүмкіндігін алдын ала техника-экономикалық бағалауды орындау бойынша мәселелер пысықталатын болады;
3) ғылыми-зерттеу институттары үшін техногендік кен орындарының сапалық және сандық құрамы бойынша ақпараттық базаны әзірлеу бойынша мәселелер пысықталатын болады;
4) зиянды техногендік кен орындарды қауіпсіз кәдеге жарату және техногенді шикізатты нысаналы өнімдерге (концентраттар) өңдеу технологиясын әзірлеу және енгізу бойынша ғылыми зерттеулерді қамтамасыз ету бойынша мәселелер пысықталатын болады;
5) техногендік кен орындарын ұжымдық концентраттарға кәдеге жаратудың және өңдеудің тиімді технологияларын дамыту және енгізу бойынша мәселелер пысықталатын болады;
6) технологияларды әзірлеу және консервациялау және ластануларды жою және аумақтарды қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды іске асыру бойынша мәселелер пысықталатын болады;
7) жол және өндірістік-азаматтық құрылыстарда техногендік кен орындарын өңдеу қалдықтарын пайдалану бойынша тәжірибелік ұсыныстарды әзірлеу бойынша мәселелер пысықталатын болады;
8) экономикалық орынды деп танылған техногендік кен орындарын өңдеудің жекелеген өндірістерін ұйымдастыру бойынша мәселелер пысықталатын болады;
9) техногенді кен орындарын қоймалаудың, сақтаудың және консервациялаудың экологиялық қауіпсіз жүйесін құру бойынша мәселелер пысықталатын болады.»;
«4. Бағдарламаның мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары және іске асырудың нәтижелерінің көрсеткіштері» деген бөлімде:
«4.1. Бағдарламаның мақсаты» деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
«Металдарды шаймалау, ұжымдық концентраттарды алу мен өңдеу, кешенді ферроқорытпалар өндіру, техногендік кен орындарын өңдеу бойынша технологиялар әдісімен өте қиын технологияларды дамыту.»;
4.2-кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«4.2. Нысаналы индикаторлар
Бағдарламаны іске асыру мыналарды қамтамасыз етеді:
1. 2015 жылға қарай металлургия саласының жалпы қосылған құнын минералды шикізатты терең өңдеу және жаңа бөліністер құру негізінде 2008 жылғы деңгейге қарағанда нақты мәнде кемінде 50 %-ға ұлғайту.
2. Металлургия өнімінің экспорт көлемін 2008 жылғы деңгейге қарағанда 30 %-ға ұлғайту.
3. Металлургия өнеркәсібінің еңбек өнімділігін 2008 жылғы деңгейге қарағанда нақты мәнде кемінде 15 %-ға ұлғайту.
6-кесте. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері
Р/с |
Негізгі көрсеткіштер |
2008 |
2009 |
2010 нақты |
2011 нақты |
2012 нақты |
Күтілетін нәтижелер |
|
2013 |
2014 |
|||||||
1 |
2015 жылға қарай металлургия саласының жалпы қосылған құнын минералды шикізатты терең өңдеу және жаңа бөліністер құру негізінде 2008 жылғы деңгейге қарағанда нақты мәнде кемінде 50 %-ға ұлғайту |
100,0 |
96,9 |
106,6 |
113,4 |
111,5 |
134,6 |
150.1 |
2 |
Металлургия өнімінің экспорт көлемін 2008 жылғы деңгейге қарағанда 30 %-ға ұлғайту |
100,0 |
55.6 |
80,9 |
116,2 |
89,4 |
114,2 |
130,7 |
3 |
Металлургия өнеркәсібінің еңбек өнімділігін 2008 жылғы деңгейге қарағанда нақты мәнде кемінде 15 %-ға ұлғайту |
100,0 |
117,8 |
116,4 |
134,8 |
176,6 |
105,8 |
115,6 |
2008 жылдың қорытындысы бойынша металлургиядағы жалпы қосымша құн 875,1 млрд. теңгені құрады, металлургия өнімінің экспорты 1 327,8 млрд. теңгені құрады.
Тау-кен металлургия саласының 80 %-дан астам өнімі негізінен экспортқа бағдарланғанын ескере отырып, осы бағдарламаның шеңберінде жүзеге асырылатын жобалар 2008 жылдың деңгейіне металлургиялық өнім экспортының көлемін 30 %-ға ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, іске асырылатын жобалар шеңберіндегі жоспарланып отырған жоғары қосымша құны бар өнім бұрын Қазақстанда өндірілмегендігін атап өту қажет.
Мұнай-газ сұрыптама құбырларын, арматураны, болат радиаторларды, кәбілдерді, сондай-ақ сұрыпты, фасонды және сапасы жоғары пішінді илекті шығару бойынша технологияларды және жабдықтарды игерумен оларды шығару көлемі ұлғаяды.»;
«4.4. Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері» деген кіші бөлімнің алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бозшакөл мыс кен орнын игерумен «Қазақмыс» корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі концентраттың жылдық өндірілуін 100 мың тоннаға ұлғайтуды жоспарлап отыр.»;
«5. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері» деген бөлімде:
«Пысықталған» деген екінші бөлікте:
8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Ақтоғай тау-кен байыту комбинатын салу, 2016 жыл, 85 мың тонна концентрат және 25 мың тонна катодты мыс, «Қазақмыс» Корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі».
9. Металдандырылған өнім өндіру жөніндегі зауыт салу, 2014 жыл, жылына 1,4 млн. тонна ыстық темір брикеттері, «Соколов-Сарыбай тау-кен өндірістік бірлестігі» акционерлік қоғамы.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Бозшакөл тау-кен байыту комбинатын салу, 2015 жыл, 100 мың тонна концентрат, «Қазақмыс» корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.»;
алтыншы бөліктің төртінші абзацы алынып тасталсын;
оныншы бөлік алынып тасталсын;
«7. Қазақстан Республикасында тау-кен металлургия саласын дамыту бағдарламаны іске асыру жөніндегі 2012 – 2014 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» деген бөлімде:
«5. Инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу» деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 13-1, 13-2, 13-3, 13-4, 13-5, 13-6, 13-7-жолдармен толықтырылсын:
«
13-1 |
ТКМК-да НТБ-ны қаржыландыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу |
ИЖТМ-ге есеп |
«ТРҰА» АҚ, БҒМ |
Тұрақты негізде |
- |
Қаржыландыру талап етілмейді |
13-2 |
«Металдарды шаймалау технологиясы» НТБ алтынды шаймалау технологиясын әзірлеу бойынша мәселелерді пысықтау |
ИЖТМ-ге есеп |
«ТРҰА» АҚ, «МШКӨО ҰО» РМК |
2013-2015 жылдар |
- |
Қаржыландыру талап етілмейді |
13-3 |
«Металдарды шаймалау технологиясы» НТБ никельді шаймалау технологиясын әзірлеу бойынша мәселелерді пысықтау |
ИЖТМ-ге есеп |
«ТРҰА» АҚ, «МШКӨО ҰО» РМК |
2013-2015 жылдар |
- |
Қаржыландыру талап етілмейді |
13-4 |
«Ұжымдық концентраттарды алу және өңдеу технологиялары» НТБ ұжымдық концентраттарды ала отырып (5-6 нысан) Қазақстанның баланстан тыс және қиын байытылатын полиметалл және мыс мырыш кені кен орындарын байытуға зерттеулерді өткізу мәселелерін пысықтау |
ИЖТМ-ге есеп |
«ТРҰА» АҚ, «МШКӨО ҰО» РМК, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС |
2014 жыл |
- |
Қаржыландыру талап етілмейді |
13-5 |
«Ұжымдық концентраттарды алу және өңдеу технологиялары» НТБ тәжірибелік сынақтар өткізу, тәжірибелік партияларды жасау және технологиялық регламенттерді әзірлеу (5-6 нысан) бойынша мәселелерді пысықтау |
ИЖТМ-ге есеп |
«ТРҰА» АҚ, «МШКӨО ҰО» РМК, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС |
2014 жыл |
- |
Қаржыландыру талап етілмейді |
13-6 |
«Кешенді ферроқорытпаларды алу және өңдеу технологиясы» НТБ АОСМ – алюмосиликомарганец қорытпасын алу технологиясын енгізу жөніндегі халықаралық тәжірибені зерттеу |
ИЖТМ-не есеп |
«ТРҰА» АҚ, ИЖТМ, «МШКӨО ҰО» РМК, Он-Олжа» ЖШС |
2013-2017 жылдар |
- |
Қаржыландыру талап етілмейді |
13-7 |
«Техногентік кен орындарды өңдеу технологиясы» НТБ ұжымдық концентраттарды ала отырып, Жезқазған ОФ № 1, 2 консервацияланған № 2 қалдықтар қоймасының техногенді кен орнын байытуға зерттеулерді өткізу мәселелерін пысықтау |
ИЖТМ-не есеп |
«ТРҰА» АҚ, «МШКӨО ҰО» РМК, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС |
2014-2016 жылдар |
- |
Қаржыландыру талап етілмейді |
».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов