Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекет меншігінде болатын геологиялық ақпаратты оқу, ғылыми, коммерциялық мақсаттарда пайдалану және геологиялық ақпаратты Қазақстан Республикасынан тысқары жерге әкету қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 251 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 26, 310-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекет меншігінде болатын геологиялық ақпаратты оқу, ғылыми, коммерциялық мақсаттарда пайдалану және геологиялық ақпаратты Қазақстан Республикасынан тысқары жерге әкету қағидасында:
6-тармақтың үшінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мына жағдайларда оқу немесе ғылыми мақсаттар үшiн геологиялық ақпаратты беруден бас тартылады:»;
8 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Жер қойнауын пайдаланудан бос объектілер жөніндегі геологиялық ақпарат Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы және мемлекеттiк құпиялар туралы заңнамасының талаптарын сақтау шартымен мүдделi тұлғаның сұрау салуы негiзiнде уәкiлеттi органның шешiмi бойынша танысу үшін үзінді көшірме мен көшірмесіз пайдаланылады.»;
«10. Геологиялық ақпарат осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құпиялылық туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) негізінде ақылы негiзде (төлемақы алынып) немесе осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келісімнің негізінде өтеусiз негiзде (төлемақы алынбай) берiледi.
Төлемақы алмай (өтеусiз) геологиялық ақпарат:
мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен жер қойнауын геологиялық зерделеуге байланысты жұмыстарды жүргiзетiн тұлғаларға;
ғылыми мақсаттар үшiн ғылыми зерттеулер мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылған жағдайларда;
оқу мақсаттарында – мемлекеттiк, сондай-ақ аккредиттелген жеке меншік оқу орындарына;
мемлекеттiк органдарға берiледi.
Осы тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда, геологиялық ақпарат оның құнын Қазақстан Республикасының бюджетiне төлеу шартымен ақылы негiзде пайдалануға берiледi. Геологиялық ақпаратты ұсыну шарттарына қарамастан, оның көшiрмесін жасау жөніндегі шығыстарды Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы және мемлекеттiк құпиялар туралы заңнамасының талаптарын сақтау шартымен, жеке/заңды тұлға мен геологиялық ақпараттың көшiрмесін жасайтын ұйым арасында жасалған шарт негізінде ақпарат алушы өтейді.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Геологиялық ақпарат уәкілетті орган мен заңды немесе жеке тұлға арасындағы келісімнің негізінде ұсынылады. Келісім заңды немесе жеке тұлғадан геологиялық ақпаратты алуға өтінім келіп түскен сәттен бастап бір айдың ішінде жасалады.»;
мынадай мазмұндағы 13-1 және 13-2-тармақтармен толықтырылсын:
«13-1. Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурс жеңімпазымен немесе жер қойнауын пайдалану құқығын тікелей келіссөздер негізінде алған тұлғамен уәкілетті орган Келісім жасасады. Келісім негізінде жеңімпаз уәкілетті органнан конкурстық объект бойынша тарихи шығындар есебіне енгізілген барлық геологиялық материалдардың көшірмелерін ақылы негізде алады.
Егер жер қойнауын пайдаланушыға мемлекет қаражаты есебінен алынбаған, бірақ мемлекет меншігіндегі геологиялық ақпаратты алу қажет болса, онда жер қойнауын пайдаланушыға геологиялық ақпарат Келісімге толықтыру жасағаннан кейін ақылы негізде беріледі.
Уәкілетті органмен жасалған шарт бойынша жұмыстар аяқталған соң пайдаланушы уақытша пайдалануға алынған барлық геологиялық ақпаратты он бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға қайтарып береді.
13-2. Конкурс жеңімпазымен немесе жер қойнауын пайдалану құқығын тікелей келіссөздер негізінде алған тұлғамен жасалған ақылы негіздегі келісімге сәйкес геологиялық ақпарат он жұмыс күн ішінде олар Қазақстан Республикасының бюджетіне геологиялық ақпараттың құнын төлегеннен кейін беріледі. Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес геологиялық ақпараттың құны төленгеннен кейінгі тарихи шығындардың қалған бөлігін өтеу пайдалы қазбаларды өндіру сатысының басынан бастап жүзеге асырылады.»;
15-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Уәкiлеттi органнан ақылы негiзде геологиялық ақпарат алған заңды немесе жеке тұлға жер қойнауын пайдаланушының келiсiмшарттық аумағында оның ресми түрде ресiмделген тапсырысы бойынша жұмыстарды орындайтын өзiнiң мердiгерiне (бұдан әрi – мердiгер) осы геологиялық ақпараттың көшiрмесiн уақытша пайдалануға бере алады. Мердiгерге геологиялық ақпаратты беру осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер қойнауын пайдаланушы, оның мердiгерi мен уәкiлеттi орган арасындағы үшжақты шартпен ресiмделедi. Мердiгердiң геологиялық ақпаратты пайдалану мерзiмi келiсiмшарттық аумақта мердiгерлiк жұмыстарды орындау мерзiмiмен айқындалады.»;
20, 21, 22, 23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Табиғи жеткізгіштердегі геологиялық ақпаратты Кеден одағының аумағынан тысқары жерге әкету үшiн өтiнiм берушi мемлекеттік органға өтінім береді, оған:
1) өтiнiм берушiнiң қолы қойылған геологиялық ақпаратты iрiктеу актiсi;
2) әкетiлетiн геологиялық ақпарат тізбесі;
3) кедендiк зертхананың сараптамалық қорытындысы қоса беріледі.
Мемлекеттік орган көрсетілген тізбе ұсынылған кезде екі жұмыс күні ішінде өтінімді тиісті уәкілетті органға келісуге жібереді.
Уәкілетті орган өтiнiмдi қарап, 3 жұмыс күні iшiнде оны тиісті аумақтық органға жібереді.
Аумақтық орган уәкілетті органнан келіп түскен өтінім негізінде әкетілетін геологиялық ақпаратты тексеріп қарауды жүргізеді және бес күндік мерзімде уәкілетті органға осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша геологиялық ақпаратты тексеріп қарау актісін жібереді.
Тексеріп қаралған сынамалар ұсынылған құжаттамаға сәйкес болған кезде уәкiлеттi орган 3 жұмыс күні ішінде мемлекеттік органға геологиялық ақпаратты Кеден одағының аумағының шекарасы арқылы әкетуге рұқсат беруге арналған өтінімге келісім беретіні туралы хат жолдайды.
Тексеріп қаралған сынамалар ұсынылған құжаттамаға сәйкес болмаған кезде, сондай-ақ:
1) геологиялық ақпарат жер қойнауын пайдаланушының меншігі болып табылмайтын;
2) геологиялық ақпарат тарихи шығындардың есебіне енгізілмеген;
3) әкетілуге тиіс геологиялық ақпарат осы Қағиданың 17-тармағына қайшы келген;
4) мемлекеттік құпиясы бар мәліметтер болған жағдайларда, уәкілетті орган өтінім келіп түскен күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде келісім беруден бас тартады.
21. Жасанды жеткізгіштердегі геологиялық ақпаратты Кеден одағының аумағынан тысқары жерге әкету үшiн өтiнiм берушi мемлекеттік органға өтiнiм беріп, оған әкетiлетiн геологиялық ақпарат тізбесін қоса бередi.
Мемлекеттік орган көрсетілген тізбе ұсынылған кезде екі жұмыс күні ішінде өтінімді тиісті уәкілетті органға келісуге жібереді.
Уәкілетті орган өтiнiмдi қарап, 3 жұмыс күні iшiнде оны тиісті аумақтық органға жібереді.
Аумақтық орган уәкілетті органнан келіп түскен өтінім негізінде әкетілетін геологиялық ақпаратты тексеріп қарауды жүргізеді және бес күндік мерзімде уәкілетті органға геологиялық ақпаратты тексеріп қарау актісін және құпия геологиялық ақпараттың жоқ екені туралы анықтаманы жібереді.
Ұсынылған құжаттамаға сәйкес болған кезде уәкiлеттi орган 3 жұмыс күні ішінде мемлекеттік органға Кеден одағы аумағының шекарасы арқылы геологиялық ақпаратты әкетуге рұқсат беруге арналған өтінімге келісім беретіні туралы хат жолдайды.
Тексеріп қаралған сынамалар ұсынылған құжаттамаға сәйкес болмаған кезде, сондай-ақ:
1) геологиялық ақпарат жер қойнауын пайдаланушының меншігі болып табылмайтын;
2) геологиялық ақпарат тарихи шығындардың есебіне енгізілмеген;
3) әкетілуге тиіс геологиялық ақпарат осы Қағиданың 17-тармағына қайшы келген;
4) мемлекеттік құпиясы бар мәліметтер болған жағдайларда, уәкілетті орган өтінім келіп түскен күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде келісім беруден бас тартады.
22. Табиғи жеткізгіштердегі геологиялық ақпаратты Кеден одағының аумағы шегінде әкету үшiн өтiнiм берушi уәкілетті органға өтiнiмдi береді, оған:
1) өтiнiм берушiнiң қолы қойылған геологиялық ақпаратты iрiктеу актiсi;
2) әкетiлетiн геологиялық ақпарат тізбесі;
3) кедендiк зертхананың сараптамалық қорытындысы қоса беріледi.
Уәкілетті орган өтiнiмдi қарап, 3 жұмыс күні iшiнде оны тиісті аумақтық органға жібереді.
Аумақтық орган уәкілетті органнан келіп түскен өтінім негізінде әкетілетін геологиялық ақпаратты тексеріп қарауды жүргізеді және бес күндік мерзімде уәкілетті органға геологиялық ақпаратты тексеріп қарау актісін жібереді.
Тексеріп қаралған сынамалар ұсынылған құжаттамаға сәйкес болған кезде уәкiлеттi орган 3 жұмыс күні ішінде геологиялық ақпаратты Кеден одағының аумағының шекарасы арқылы әкетуге рұқсат беруге арналған өтінімге келісім береді.
Тексеріп қаралған сынамалар ұсынылған құжаттамаға сәйкес болмаған кезде, сондай-ақ:
1) геологиялық ақпарат жер қойнауын пайдаланушының меншігі болып табылмайтын;
2) геологиялық ақпарат тарихи шығындардың есебіне енгізілмеген;
3) әкетілуге тиіс геологиялық ақпарат осы Қағиданың 17-тармағына қайшы келген;
4) мемлекеттік құпиясы бар мәліметтер болған жағдайларда, уәкілетті орган өтінім келіп түскен күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде келісім беруден бас тартады.
23. Жасанды жеткізгіштердегі геологиялық ақпаратты Кеден одағының аумағы шегінде әкету үшiн өтiнiм берушi мемлекеттік органға өтiнiм беріп, оған әкетiлетiн геологиялық ақпарат тізбесін қоса бередi.
Уәкілетті орган өтiнiмдi қарап, 3 жұмыс күні iшiнде оны тиісті аумақтық органға жібереді.
Аумақтық орган уәкілетті органнан келіп түскен өтінім негізінде әкетілетін геологиялық ақпаратты тексеріп қарауды жүргізеді және бес күндік мерзімде уәкілетті органға геологиялық ақпаратты тексеріп қарау актісін және құпия геологиялық ақпараттың жоқ екені туралы анықтаманы жібереді.
Ұсынылған құжаттамаға сәйкес болған кезде уәкiлеттi орган 3 жұмыс күні ішінде Кеден одағы аумағының шекарасы арқылы геологиялық ақпаратты әкетуге рұқсат беруге арналған өтінімге келісім береді.
Тексеріп қаралған сынамалар ұсынылған құжаттамаға сәйкес болмаған кезде, сондай-ақ:
1) геологиялық ақпарат жер қойнауын пайдаланушының меншігі болып табылмайтын;
2) геологиялық ақпарат тарихи шығындардың есебіне енгізілмеген;
3) әкетілуге тиіс геологиялық ақпарат осы Қағиданың 17-тармағына қайшы келген;
4) мемлекеттік құпиясы бар мәліметтер болған жағдайларда, уәкілетті орган өтінім келіп түскен күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде келісім беруден бас тартады.»;
24-тармақ алынып тасталсын;
көрсетілген Қағида осы қаулыға 1, 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес 1, 2, 3, 4-қосымшалармен толықтырылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1519 қаулысына
1-қосымша
Мемлекет меншігінде болатын
геологиялық ақпаратты оқу,
ғылыми, коммерциялық
мақсаттарда пайдалану және
геологиялық ақпаратты Қазақстан
Республикасынан тысқары жерге
әкету қағидасына
1-қосымша
ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ
20__ жылғы _________________ № ____
Осы Құпиялылық туралы келісім (бұдан әрі – Келісім) бұдан әрі
Тараптар деп аталатын жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі
уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) атынан 20__ жылғы
_____________________ № ____ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекеме
туралы ереженің негізінде әрекет ететін
____________________________________________________________________.
басшының Т.А.Ә., негізінде әрекет ететін
және жеке немесе заңды тұлға атынан
____________________________________________________ негізінде әрекет
жарғының немесе шарттың
ететін
____________________________________________________________________.
бірінші басшының немесе өзге уәкілетті тұлғаның Т.А.Ә.
_____________________________________________________________________
(бұдан әрі – пайдаланушы) арасында жасалды.
Мыналарды:
1) уәкілетті органның жер қойнауын геологиялық зерттеу және
кешенді пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыратынын;
тарихи шығындар мөлшерін, құнын және геологиялық ақпаратты алу
шарттарын белгілейтінін; жер қойнауын ұтымды және кешенді
пайдалануды, оған қоса минералды шикізатты бастапқы қайта өңдеуді
(байытуды) бақылауды жүзеге асыратынын назарға ала отырып;
2) уәкілетті орган мен пайдаланушы Келісімнің шарттары іске
асырылған жағдайда, ол өздерінің өзара құқықтары мен міндеттерін
реттейтіні туралы келісті.
Уәкілетті орган мен пайдаланушы төмендегілер туралы осы
Келісімді жасасты.
1. Келісімнің мәні
1. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы
24 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 3-тармағына
және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 251
қаулысымен бекітілген Мемлекет меншігінде болатын геологиялық
ақпаратты оқу, ғылыми, коммерциялық мақсаттарда пайдалану және
геологиялық ақпаратты Қазақстан Республикасынан тысқары жерге әкету
қағидасының 10-тармағына сәйкес геологиялық ақпарат пайдалануға ақылы
негізде Қазақстан Республикасының бюджетіне оның құны төленген
жағдайда беріледі.
2. Тарихи шығындарды және жер қойнауы туралы геологиялық
ақпараттың құнын айқындау тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2011 жылғы 10 ақпандағы № 120 қаулысымен бекітілген Тарихи шығындарды
және геологиялық ақпарат құнын айқындау қағидасымен реттеледі.
Мемлекет меншігіндегі геологиялық ақпараттың құны тарихи
шығындар сомасының бір бөлігі ретінде айқындалады. Геологиялық
ақпараттың құны Қазақстан Республикасының бюджетіне төленеді.
3. Пайдаланушы геологиялық ақпаратты пайдалану құқығын аумақтық
және республикалық геологиялық қорлардан
_______________________________________ негізінде ___________________
құқық белгілейтін құжат
___________________________________________________________ объектісі
(бұдан әрі – объект) бойынша және геологиялық ақпаратты ақылы негізде
беру туралы жазбаша өтінім негізінде алады.
4. Пайдаланушы Қазақстан Республикасының бюджетіне геологиялық
ақпараттың құнын төлеген жағдайда, оның көшірмелерін жұмыстарды
орындау мерзіміне уақытша пайдалануға алуға құқылы.
2. Геологиялық ақпарат үшін төлемдер
1. Геологиялық ақпарат жиынтығының құны тарихи шығындардың
көлеміне байланысты айқындалады.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет қаражаты
есебінен жұмсалған объект бойынша геологиялық-барлау жұмыстарының
тарихи шығындарының құны _________ (________________________________)
теңгені құрайды.
3. Пайдаланушы Келісімге қол қойылған күннен бастап он жұмыс
күні ішінде осы Келісімнің 1-бөлімінің 2-тармағына сәйкес геологиялық
ақпарат үшін тарихи шығындар сомасының ___ %-ын төлеуге міндеттенеді,
бұл ______________________________ (_______________) теңгені құрайды.
4. Келісімнің 2-бөлімінің 3-тармағында көрсетілген соманы төлеу
«Мемлекеттік меншіктегі жер қойнауы туралы ақпаратты пайдалануға
ұсыну төлемі» 201 903 бюджеттік жіктеу кодына және 911 төлем
тағайындау кодына төленетін жердегі салық қызметі органының
деректемелері бойынша пайдаланушының СТН (БСН, ЖСН) бойынша теңгемен
жүргізіледі. Төлем тапсырмасында банктің төлем жүргізілгені туралы
белгісі болуы қажет.
5. Келісімнің 2-бөлімінің 3-тармағында көрсетілген соманы
төлегеннен кейін тарихи шығындарды өтеу тәртібі «Салық және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан
Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленеді.
6. Уәкілетті органға төлем тапсырмасының көшірмесі ұсынылғаннан
кейін пайдаланушының геологиялық ақпарат үшін төлем міндеттемелері
орындалды деп есептеледі.
7. Геологиялық ақпарат құнына оның көшірмесін жасауға жұмсалған
шығындар кірмейді.
3. Геологиялық ақпаратты беру
1. Уәкілетті орган пайдаланушының жазбаша өтініміне тізбе
бойынша геологиялық ақпаратты оған осы Келісімнің 2-бөлімінің
4-тармағына сәйкес оның құны төленгеннен кейін береді. Ақпараттық
жиынтыққа тарихи шығындарды есептеу негізінде келісімшарттық аумаққа
жататын материалдар ғана енгізіледі.
2. Пайдаланушы геологиялық ақпараттың көшірмесін жасауға
жұмсалған шығындарды осы жұмыстарды орындайтын ұйыммен жасасқан жеке
шарт бойынша төлейді.
3. Уәкілетті органнан пайдаланушыға геологиялық ақпаратты беру
қабылдау-беру актісі бойынша жүзеге асырылады, оған уәкілетті
органның (уәкілетті органның өңіраралық департаментінің) бірінші
басшысы, ал ол болмаған жағдайда – оны алмастыратын тұлға қол қояды.
4. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
1. Уәкілетті орган Келісімді бұзғанға дейін күнтізбелік 30 күн
бұрын пайдаланушыға жазбаша хабарлама бере отырып, оны бұзуға құқылы.
2. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бюджетіне
геологиялық ақпараттың құны төленген жағдайда, пайдаланушының жазбаша
өтініміндегі тізбеге сәйкес геологиялық ақпаратты пайдалануға беруге
міндетті.
3. Пайдаланушы:
1) пайдаланушының оның келісімшарттық аумағында ресми түрде
ресімделген тапсырысы бойынша жұмыстарды орындайтын өзінің
мердігеріне (бұдан әрі – мердігер) осы геологиялық ақпараттың
көшірмесін беруге құқылы. Геологиялық ақпаратты мердігерге беру
пайдаланушы, оның мердігері және уәкілетті орган арасында үшжақты
шарт жасасу арқылы ресімделеді. Мердігердің геологиялық ақпаратты
пайдалану мерзімі келісімшарттық аумақта мердігерлік жұмыстарды
орындау мерзіміне байланысты белгіленеді.
Пайдаланушының тапсырысы бойынша оның келісімшарттық аумағында
жұмыстарды орындайтын заңды немесе жеке тұлғаның мердігері осы
Келісімнің құпиялылық шарттарын сақтайды.
2) уәкілетті орган Келісімді бұзғанға дейін 30 жұмыс күн бұрын
пайдаланушыға жазбаша хабарлама бере отырып, алынған геологиялық
ақпаратты қайтару арқылы, оны бұзуға құқылы.
4. Пайдаланушы:
1) ақпаратты жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарт
шеңберінде жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында пайдалануға;
2) берілген геологиялық ақпаратты не қағаз, не электрондық
жеткізгіштерде көбейтіп таратпауға;
3) жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарт шеңберінде
жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында уәкілетті органның жазбаша
келісімінсіз ақпаратты үшінші тарапқа бермеуге;
4) Келісімді мерзімінен бұрын бұзған жағдайда, берілген
геологиялық ақпаратты толық көлемде, өзінде олардың көшірмелерін
сақтау құқығынсыз, уәкілетті органға қайтарып беруге міндеттенеді.
5. Кепілдік міндеттемелер
Уәкілетті орган пайдаланушыға геологиялық ақпаратты беруге
толық заңды құқығы мен өкілеттілігі бар екеніне кепілдік береді.
6. Тараптардың жауапкершілігі
1. Міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны
үшін Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына
сәйкес жауапты болады.
2. Осы Келісімнің шарттарын орындамаған жағдайда, пайдаланушы
геологиялық ақпаратты пайдалану құқығынан айырылады, осы Келісім
бұзылады және берілген геологиялық ақпарат уәкілетті органға
қайтарылады, бұл ретте геологиялық ақпарат жиынтығының құны
қайтарылмайды.
7. Форс-мажор
1. Тараптардың ешқайсысы, егер орындамау немесе орындаудағы
кідірістер еңсерілмейтін күштердің (форс-мажор) мән-жайларынан
туындаған болса, Келісім бойынша қандай да бір міндеттемелерді
ішінара не толық орындамағаны үшін жауапты болмайды.
2. Форс-мажорға әскери жанжалдар, табиғи апаттар, дүлей апаттар
(өрт, ірі авариялар, коммуникациялардың істен шығуы және т.б.) және
басқа да төтенше және осы жағдайда еңсерілмейтін мән-жайлар жатады.
3. Тарап екінші тарапқа форс-мажорлық жағдайлар туындағаны
немесе аяқталғаны, олардың сипаты мен ықтимал өту мерзімі туралы,
олардың туындаған немесе тоқтаған күнінен бастап он жұмыс күні
ішінде, Қазақстан Республикасының сауда-өнеркәсіп палатасы берген
тиісті құжатты қоса бере отырып, хабардар етуге міндетті.
4. Осы Келісім бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі
форс-мажорлық жағдайлардың әрекет ету мерзіміне және олардың жағымсыз
салдарына қарай ұзартылады.
5. Форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде Тараптар ақылға
қонымды мерзімде қалыптасқан мән-жайларды шешу жолдарын іздеу үшін
келіссөздер жүргізеді және осы мән-жайлардың салдарын барынша азайту
үшін барлық амалдарды пайдаланады.
8. Хабарламалар
Осы Келісімде көзделген барлық хабарламалар жазбаша ресімделуге
тиіс және кейін пошта арқылы жіберіле отырып, мына мекенжайларға
факсимильді байланыс арқылы жіберілуі тиіс:
Уәкілетті орган ________ Пайдаланушы ________________
________________________ _____________________________
Пошта мекенжайы: _______ Пошта мекенжайы: ____________
________________________ _____________________________
________________________ _____________________________
________________________ _____________________________
Тел. ___________________ Тел. ________________________
9. Құпиялылық
1. Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы
Келісімнің қолданылу мерзімі ішінде оның мәніне жататын барлық
құжаттар, ақпараттар және есептер жөніндегі құпиялылық шарттарын
сақтайды.
2. Тараптардың ешқайсысы, басқа Тараптан жазбаша келісім алмай,
құпия болып табылатын және мына Келісім мазмұнына қатысты немесе осы
Келісімнің ережелерін іске асырумен байланысты ақпаратты мына:
1) ақпарат сот тергеуі барысында пайдаланылған;
2) егер үшінші тұлға мұндай ақпараттың құпиялылығы шарттарын
сақтау және ол ақпаратты Тараптар белгілеген мақсаттарда және
Тараптар анықтаған мерзімде ғана пайдалану міндеттемесін өзіне алған
жағдайда, ақпарат Тараптардың біріне Келісім бойынша қызмет
көрсететін үшінші тұлғаларға берілген;
3) егер кез келген ақпаратты, соның ішінде банктік құпия болып
табылатын, пайдаланушының кез келген, соның ішінде Қазақстан
Республикасынан тыс жерлердегі шетел банктерінде ашылған банк шотына
қатысты ақпаратты алуға мүмкіндігі бар салық немесе Қазақстан
Республикасының басқа уәкілетті мемлекеттік органдарына ақпарат
берілетін жағдайлардан басқа жағдайда жария етуге құқығы жоқ.
10. Дауларды реттеу
1. Осы Келісімді түсіндіруге немесе қолдануға қатысты Тараптар
арасындағы кез келген дау консультациялар және келіссөздер жолымен
шешіледі.
2. Реттелмеген даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес сот тәртібімен шешіледі.
11. Қорытынды ережелер, келісімнің күшіне енуі және қолданысын
тоқтату
1. Осы Келісім оған Тараптар қол қойған күнінен бастап күшіне
енеді және Келісімшарттың қолданылу мерзіміне сәйкес аяқталады.
2. Осы Келісім қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамасына
сәйкес түсіндіріледі және реттеледі.
3. 20 жылғы « » Астана қаласында қазақ және орыс
тілдерінде, бірдей заңды күші бар 2 (екі) данада, әрбір тарапқа 1
(бір) данадан жасалды. Егер осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде
келіспеушіліктер болған жағдайда, тараптар орыс тіліндегі мәтінге
жүгінеді.
Уәкілетті орган ________________ Пайдаланушы _________________
________________________________ _____________________________
________________________________ _____________________________
________________________________ _____________________________
басшының Т.А.Ә. басшының Т.А.Ә.
________________________________ _____________________________
қолы қолы
М.О. М.О.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1519 қаулысына
2-қосымша
Мемлекет меншігінде болатын
геологиялық ақпаратты оқу,
ғылыми, коммерциялық
мақсаттарда пайдалану және
геологиялық ақпаратты Қазақстан
Республикасынан тысқары жерге
әкету қағидасына
2-қосымша
ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ
20__ жылғы _________________ № ____
Осы Құпиялылық туралы келісім (бұдан әрі – Келісім) бұдан әрі
Тараптар деп аталатын жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі
уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) атынан 20__ жылғы
_____________________ № ____ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекеме
туралы ереженің негізінде әрекет ететін
_____________________________________________________________________
басшының Т.А.Ә., негізінде әрекет ететін
және жеке немесе заңды тұлға атынан
_____________________________________________ негізінде әрекет ететін
жарғының немесе шарттың
_____________________________________________________________________
бірінші басшының немесе өзге уәкілетті тұлғаның Т.А.Ә.
_____________________________________________________________________
(бұдан әрі – пайдаланушы) арасында жасалды.
Мыналарды:
1) уәкілетті органның жер қойнауын геологиялық зерттеу және
кешенді пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыратынын;
тарихи шығындар мөлшерін, құнын және геологиялық ақпаратты алу
шарттарын белгілейтінін; жер қойнауын ұтымды және кешенді
пайдалануды, оған қоса минералды шикізатты бастапқы қайта өңдеуді
(байытуды) бақылауды жүзеге асыратынын назарға ала отырып;
2) уәкілетті орган мен пайдаланушы осы Келісімнің шарттары іске
асырылған жағдайда, ол өздерінің өзара құқықтары мен міндеттерін
реттейтіні туралы келісті.
Уәкілетті орган мен пайдаланушы төмендегілер туралы осы
Келісімді жасасты.
1. Келісімнің мәні
1. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы
24 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 3-тармағына
және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 251
қаулысымен бекітілген Мемлекет меншігінде болатын геологиялық
ақпаратты оқу, ғылыми, коммерциялық мақсаттарда пайдалану және
геологиялық ақпаратты Қазақстан Республикасынан тысқары жерге әкету
қағидасының 10-тармағына сәйкес геологиялық ақпарат пайдаланушыға
өтеусіз негізде беріледі.
2. Пайдаланушы геологиялық ақпаратты пайдалану құқығын аумақтық
және республикалық геологиялық қорлардан ____________________________
__________________________ негізінде ________________________________
құқық белгілейтін құжат
___________________________________________________________ объектісі
(бұдан әрі – объект) бойынша, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен
қаржыландырылатын жұмыстарды орындау үшін (_________________________)
жұмыстарды орындау мерзімі
дейін алады.
3. Пайдаланушы геологиялық ақпараттың көшірмелерін осы баптың
1.2-тармағында көрсетілген жұмыстарды орындау мерзіміне уақытша
пайдалануға алуға құқылы.
2. Геологиялық ақпаратты беру
1. Уәкілетті орган пайдаланушының жазбаша өтініміндегі тізбеге
сәйкес геологиялық ақпаратты береді.
2. Пайдаланушы геологиялық ақпараттың цифрлауға немесе
көшірмесін жасауға жұмсалған шығындарды осы жұмыстарды орындайтын
ұйыммен жасасқан жеке шарт бойынша төлейді.
3. Уәкілетті органнан пайдаланушыға геологиялық ақпаратты беру
геологиялық ақпаратты қабылдау-беру актісі бойынша жүзеге асырылады,
оған уәкілетті органның (уәкілетті органның өңіраралық
департаментінің) бірінші басшысы, ал ол болмаған жағдайда – оны
алмастыратын тұлға қол қояды.
3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
1. Уәкілетті орган Келісімді бұзғанға дейін күнтізбелік 30 күн
бұрын пайдаланушыға жазбаша хабарлама бере отырып, оны бұзуға құқылы.
2. Уәкілетті орган пайдаланушының жазбаша өтініміндегі тізбеге
сәйкес геологиялық ақпаратты пайдалануға өтеусіз беруге міндетті.
3. Пайдаланушы:
1) пайдаланушының оның келісімшарттық аумағында ресми түрде
ресімделген тапсырысы бойынша жұмыстарды орындайтын өзінің
мердігеріне (бұдан әрі – мердігер) осы геологиялық ақпараттың
көшірмесін беруге құқылы. Геологиялық ақпаратты мердігерге беру
пайдаланушы, оның мердігері және уәкілетті орган арасында үшжақты
шарт жасасу арқылы ресімделеді. Мердігердің геологиялық ақпаратты
пайдалану мерзімі келісімшарттық аумақта мердігерлік жұмыстарды
орындау мерзіміне байланысты белгіленеді.
Пайдаланушының тапсырысы бойынша оның келісімшарттық аумағында
жұмыстарды орындайтын заңды немесе жеке тұлғаның мердігері осы
Келісімнің құпиялылық шарттарын сақтайды.
2) уәкілетті орган Келісімді бұзғанға дейін 30 жұмыс күні бұрын
жазбаша хабарлама бере отырып, алынған геологиялық ақпаратты қайтару
арқылы, оны бұзуға құқылы.
4. Пайдаланушы:
1) ақпаратты жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарт
шеңберінде жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында пайдалануға;
2) берілген геологиялық ақпаратты не қағаз, не электрондық
жеткізгіштерде көбейтіп таратпауға;
3) жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарт шеңберінде
жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында уәкілетті органның жазбаша
келісімінсіз ақпаратты үшінші тарапқа бермеуге;
4) Келісімді мерзімінен бұрын бұзған жағдайда, берілген
геологиялық ақпаратты толық көлемде, өзінде олардың көшірмелерін
сақтау құқығынсыз, уәкілетті органға қайтарып беруге міндеттенеді.
4. Тараптардың жауапкершілігі
1. Міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны
үшін Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына
сәйкес жауапты болады.
2. Осы Келісімнің шарттарын орындамаған жағдайда пайдаланушы
геологиялық ақпаратты пайдалану құқығынан айырылады, осы Келісім
бұзылады және берілген геологиялық ақпарат уәкілетті органға
қайтарылады.
5. Форс-мажор
1. Тараптардың ешқайсысы, егер орындамау немесе орындаудағы
кідірістер еңсерілмейтін күштердің (форс-мажор) мән-жайларынан
туындаған болса, Келісім бойынша қандай да бір міндеттемелерді
ішінара не толық орындамағаны үшін жауапты болмайды.
2. Форс-мажорға әскери жанжалдар, табиғи апаттар, дүлей апаттар
(өрт, ірі авариялар, коммуникациялардың істен шығуы және т.б.) және
басқа да төтенше және осы жағдайда еңсерілмейтін мән-жайлар жатады.
3. Тарап екінші тарапқа форс-мажорлық жағдайлар туындағаны
немесе аяқталғаны, олардың сипаты мен ықтимал өту мерзімі туралы,
олардың туындаған немесе тоқтаған күнінен бастап он жұмыс күні
ішінде, Қазақстан Республикасының сауда-өнеркәсіп палатасы берген
тиісті құжатты қоса бере отырып, хабардар етуге міндетті.
4. Осы Келісім бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі
форс-мажорлық жағдайлардың әрекет ету мерзіміне және олардың жағымсыз
салдарына қарай ұзартылады.
5. Форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде Тараптар ақылға
қонымды мерзімде қалыптасқан мән-жайларды шешу жолдарын іздеу үшін
келіссөздер жүргізеді және осы мән-жайлардың салдарын барынша азайту
үшін барлық амалдарды пайдаланады.
6. Хабарламалар
1. Осы Келісімде көзделген барлық хабарламалар жазбаша
ресімделуге тиіс және кейін пошта арқылы жіберіле отырып, мына
мекенжайларға факсимильді байланыс арқылы жіберілуі тиіс:
Уәкілетті орган ________ Пайдаланушы ________________
________________________ _____________________________
Пошта мекенжайы: _______ Пошта мекенжайы: ____________
________________________ _____________________________
________________________ _____________________________
________________________ _____________________________
Тел. ___________________ Тел. ________________________
7. Құпиялылық
1. Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы
Келісімнің қолданылу мерзімі ішінде оның мәніне жататын барлық
құжаттар, ақпараттар және есептер жөніндегі құпиялылық шарттарын
сақтайды.
2. Тараптардың ешқайсысы, басқа Тараптан жазбаша келісім алмай,
құпия болып табылатын және мына Келісім мазмұнына қатысты немесе осы
Келісімнің ережелерін іске асырумен байланысты ақпаратты мына:
1) ақпарат сот тергеуі барысында пайдаланылған;
2) егер үшінші тұлға мұндай ақпараттың құпиялылығы шарттарын
сақтау және ол ақпаратты Тараптар белгілеген мақсаттарда және
Тараптар анықтаған мерзімде ғана пайдалану міндеттемесін өзіне алған
жағдайда, ақпарат Тараптардың біріне Келісім бойынша қызмет
көрсететін үшінші тұлғаларға берілген;
3) егер кез келген ақпаратты, соның ішінде банктік құпия болып
табылатын, пайдаланушының кез келген, соның ішінде Қазақстан
Республикасынан тыс жерлердегі шетел банктерінде ашылған банк шотына
қатысты ақпаратты алуға мүмкіндігі бар салық немесе Қазақстан
Республикасының басқа уәкілетті мемлекеттік органдарына ақпарат
берілетін жағдайлардан басқа жағдайда жария етуге құқығы жоқ.
8. Дауларды реттеу
1. Осы Келісімді түсіндіруге немесе қолдануға қатысты Тараптар
арасындағы кез келген дау консультациялар және келіссөздер жолымен
шешіледі.
2. Реттелмеген даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес сот тәртібімен шешіледі.
9. Қорытынды ережелер, келісімнің күшіне енуі және қолданысын
тоқтату
1. Осы Келісім _____________________ дейінгі мерзімге жасалады.
2. Осы Келісім қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамасына
сәйкес түсіндіріледі және реттеледі.
3. 20 жылғы « » Астана қаласында мемлекеттік
және орыс тілдерінде, бірдей заңды күші бар 2 (екі) данада, әрбір
тарапқа 1 (бір) данадан жасалды. Егер осы Келісімнің ережелерін
түсіндіруде келіспеушіліктер болған жағдайда, тараптар орыс тіліндегі
мәтінге жүгінеді.
Уәкілетті орган ________________ Пайдаланушы _________________
________________________________ _____________________________
________________________________ _____________________________
________________________________ _____________________________
басшының Т.А.Ә. басшының Т.А.Ә.
________________________________ _____________________________
қолы қолы
М.О. М.О.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1519 қаулысына
3-қосымша
Мемлекет меншігінде болатын
геологиялық ақпаратты оқу,
ғылыми, коммерциялық
мақсаттарда пайдалану және
геологиялық ақпаратты Қазақстан
Республикасынан тысқары жерге
әкету қағидасына
3-қосымша
Геологиялық ақпаратты беру шарты
Астана қаласы № ____
Осы геологиялық ақпаратты беру шарты (бұдан әрі – Шарт) бұдан
әрі Тараптар деп аталатын жер қойнауын зерттеу және пайдалану
жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) атынан 20__
жылғы ___________________ № ____ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік
мекеме туралы ереженің негізінде әрекет ететін
_____________________________________________________________________
басшының Т.А.Ә.
және ___________________________ негізінде ___________________ атынан
жарғы немесе сенімхат
әрекет ететін _____________________________ (бұдан әрі – пайдаланушы)
бірінші басшының немесе өзге уәкілетті тұлғаның Т.А.Ә.
және ___________________________ негізінде ___________________ атынан
жарғы немесе сенімхат
әрекет ететін ________________________________ (бұдан әрі – мердігер)
бірінші басшының немесе өзге уәкілетті тұлғаның Т.А.Ә.
арасында жасалды.
Мыналарды:
1) уәкілетті органның жер қойнауын геологиялық зерттеу және
кешенді пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыратынын;
тарихи шығындар көлемін, құнын және геологиялық ақпаратты алу
шарттарын белгілейтінін; жер қойнауын ұтымды және кешенді
пайдалануды, оған қоса минералды шикізатты бастапқы қайта өңдеуді
(байытуды) бақылауды жүзеге асыратынын назарға ала отырып;
2) уәкілетті орган мен пайдаланушы Келісімнің шарттары іске
асырылған жағдайда ол өздерінің өзара құқықтары мен міндеттерін
реттейтіні туралы келісті.
Уәкілетті орган мен пайдаланушы төмендегілер туралы осы
Келісімді жасасты.
1. Шарттың мәні
1. Пайдаланушы ______________________________________ негізінде
уәкілетті органмен/аумақтық бөлімшемен жасалған
келісімнің күні және №
уәкілетті органнан _____________________________ (бұдан әрі – объект)
объектінің атауы
бойынша геологиялық ақпараттың толық жиынтығын алды.
2. Мердігер ___________________________________________________
жұмыс түрлері
__________________________________________________ жұмыстарын орындау
жер қойнауын пайдаланушы мен мердігер арасындағы
шарттың күні және №
шартына сәйкес пайдаланушыдан геологиялық ақпаратты алады.
Пайдаланушы ____________________________ тармағына сәйкес геологиялық
нормативтік құжатқа сілтеме
ақпаратты жұмыстарды орындау шарты бойынша өзінің жұмыстарды
орындайтын мердігеріне уақытша пайдалануға беру жөнінде уәкілетті
органға өтініш білдірді.
Уәкілетті орган осы өтінішті қарап, қоса берілген тізбеге
сәйкес тарихи шығындар есебіне енгізілген және объект бойынша
уәкілетті органнан мынадай шарттармен алынған геологиялық ақпаратты
уақытша пайдалануға мердігерге беруге пайдаланушыға рұқсат береді:
1) мердігерге берілген геологиялық ақпарат үшін және оның
қайтарылуы үшін пайдаланушы жауапты болады;
2) пайдаланушы алынған ақпаратты осы Шартқа қол қойылған күннен
бастап жұмыстарды орындау шарты бойынша қызмет көрсету мерзімі
аяқталғанға дейін мердігерге береді.
Мердігер Шартқа қол қойылғаннан кейін пайдаланушыдан объект
бойынша геологиялық ақпаратты қабылдау-беру актісі бойынша алады;
3) мердігер алынған құпия емес ақпаратты пайдалану кезінде
құпиялылықты сақтауға, көбейтіп таратпауға, үшінші тарапқа бермеуге,
Қазақстан Республикасынан тысқары жерге әкетпеуге және оларды осы
Шартта көрсетілген жұмыстарды орындау үшін ғана пайдалануға
міндеттенеді;
4) мердігер геологиялық ақпаратты пайдалану мерзімі
аяқталғаннан кейін қабылдау-беру актісі бойынша алған көлемінде
пайдаланушыға қайтарып беруге міндеттенеді;
5) геологиялық ақпараттың құпиялылығы бұзылғаны үшін
пайдаланушы не мердігер Қазақстан Республикасының заңнамасында
көзделген жауапкершілікке сәйкес бірдей жауапты болады, ақпаратты
пайдалану құқығынан айырылады және оны уәкілетті органға дереу
қайтаруға міндеттенеді.
2. Қолданылу мерзімі
Осы Шарт Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және
жұмыстарды орындау шартының мерзімі аяқталғанға дейін қолданыста
болады.
3. Қорытынды ережелер
Осы Шарт Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
түсіндірілуі тиіс және мемлекеттік және орыс тілдерінде, Тараптар
үшін бірдей заңды күші бар 3 (үш) данада қол қойылды, барлық даналары
түпнұсқа болып табылады. Осы Шарттың ережелерін түсіндіруде
келіспеушіліктер болған жағдайда, тараптар орыс тіліндегі мәтінге
жүгінеді.
Мөрмен және қолдармен расталды:
Берді Қабылдады
Жер қойнауын пайдаланушы Мердігер
Басшы __________________ Басшы _____________________
Т.А.Ә., қолы, мөр Т.А.Ә., қолы, мөр
Келісілді
Уәкілетті орган
Басшы ___________________________
Т.А.Ә., қолы, мөр
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1519 қаулысына
4-қосымша
Мемлекет меншігінде болатын
геологиялық ақпаратты оқу,
ғылыми, коммерциялық
мақсаттарда пайдалану және
геологиялық ақпаратты Қазақстан
Республикасынан тысқары жерге
әкету қағидасына
4-қосымша
____________________________________ компаниясының
(компанияның атауы)
табиғи жеткізгіштегі геологиялық ақпаратын тексеріп қарау
актісі
________________ қ. Күні
(қала, облыс)
Мынадай құрамдағы комиссия:
аумақтық органның маманы ____________________________________________
(Т.А.Ә.)
және компания өкілі _________________________________________________
(Т.А.Ә.)
________________________________________________________ объектісінен
(кен орнының, учаскенің, алаңның және т.б. атауы)
іріктелген ____________________________________________ компаниясының
(компанияның атауы)
табиғи жеткізгіштегі геологиялық ақпараттарының үлгілерін қарады.
_______________________________________________________ компаниясының
(компанияның атауы)
табиғи жеткізгіштегі геологиялық ақпараты нөмірленіп, _______________
(салынған ыдыс атауы)
салынды.
Табиғи жеткізгіштегі тексерілген геологиялық ақпарат
сипаттамаға сәйкес келеді.
Өтініш беруші табиғи жеткізгіштегі жалпы салмағы ______________
(геологиялық ақпараттың жалпы салмағы)
саны ______________________ осы геологиялық ақпаратты оның құрамы мен
(саны)
мазмұнын анықтау үшін ________________________________________ арнайы
(геологиялық ақпараттың түрі)
талдауға тапсырды.
Табиғи жеткізгіштегі геологиялық ақпаратты жеткізу мекенжайы
_____________________________________________________________________
(облыс, аудан, қала, көше, үй, телефон)
Аумақтық орган ______________________________________________________
(қолы)
Өтініш беруші _______________________________________________________
(қолы)