Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық комиссиясын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 қыркүйектегі № 903 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Сағынтаев |
- |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға, |
Мырзағалиев |
- |
Қазақстан Республикасының Мұнай және газ вице-министрі; |
көрсетілген құрамнан Қайрат Нематұлы Келімбетов, Болат Оралұлы Ақшолақов шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов