"Сауықтыру жөнiндегi кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 17 маусымдағы № 660 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1473 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 қарашадағы № 1182 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2014.11.10 № 1182 (01.01.2017 ж. бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Сауықтыру жөнiндегi кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 17 маусымдағы № 660 қаулысына қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен құрылған Сауықтыру жөніндегі кеңестің құрамына мыналар енгізілсін:

«Сұлтанов
Бахыт Тұрлыханұлы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, төрағаның орынбасары;

Сәрінжіпов
Аслан Бекенұлы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі;

Жәмішев
Болат Бидахметұлы

Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі;

Есентаев
Тастанбек Құтжанұлы

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы»;

      көрсетілген құрамнан: Қайрат Нематұлы Келімбетов, Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов, Қайырбек Айтжанұлы Өскенбаев, Ерлан Токтарханұлы Қожағапанов шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов