«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – қоғам) «Электрондық коммерция орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – серіктестік) жарғылық капиталына қоғамның 100 пайыз мөлшеріндегі қатысу үлесін республикалық меншікке беру туралы ұсынысын қабылдауға келісім берілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес республикалық мүлік серіктестіктің жарғылық капиталына берілсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының 1 және 2-тармақтарынан туындайтын қажетті іс-шараларды жүзеге асырсын;
2) серіктестіктегі мемлекеттік қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқықтарының Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне берілуін қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Астана қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-164-жолмен толықтырылсын:
«21-164. «Электрондық коммерция орталығы» ЖШС»;
2) «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
«Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 217-14-жолмен толықтырылсын:
«217-14. «Электрондық коммерция орталығы» ЖШС».
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1451 қаулысына
қосымша
«Электрондық коммерция орталығы» жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің жарғылық капиталына берілетін республикалық
мүлік тізбесі
Р/с |
Атауы |
Саны |
1 |
2 |
3 |
1 |
Астана қаласы, Абай даңғылы, 20-үй мекенжайы бойынша орналасқан әкімшілік ғимараты |
1 |
2 |
910 кВА MTU16V2000G63 дизель генераторы |
1 |
3 |
ТШ шкафы (автоматтандыру) |
1 |
4 |
Құрғақ трансформатор |
2 |
5 |
Газоқшауланған тарату құрылғысы (8 ұяшық) |
1 |
6 |
ТҚ-04 кВ тарату құрылғысы (6 шкаф) |
1 |
7 |
«Таза қоректендіру» тарату құрылғысы (6 шкаф) |
1 |
8 |
Дизель-генераторлық станция |
1 |
Жиыны |
9 |