"Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 1395 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 49, 600-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесі:
      мынадай мазмұндағы 254-1-тармақпен толықтырылсын:
      «254-1. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы азық-түлік тауарларын сатып алу кезінде жабық рәсімдер қолданылатын конкурсқа қатысу үшін шақыруды отандық тауар өндірушілерге және/немесе отандық кәсіпкерлерге жібереді.
      Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жабық рәсімдер қолданылатын конкурсқа қатысу үшін жазбаша шақыруды отандық кәсіпкерлерге жібереді.
      Отандық тауар өндірушілерге және/немесе отандық кәсіпкерлерге жабық рәсімдер қолданылатын конкурсқа қатысу үшін жазбаша шақыруды жіберген кезде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы олардың отандық өндірістің азық-түлік тауарларын жеткізу шартын көрсетеді.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов