"Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 қыркүйектегі № 1004 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 1387 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 қыркүйектегі № 1004 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2013 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 1387 қаулысына     
қосымша          

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2011 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 1004 қаулысына    
қосымша         

Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту
жөнінде ұсыныстар әзірлейтін комиссияның құрамы

Сұлтанов
Бақыт Тұрлыханұлы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, төраға

Әбдіқалықова
Гүлшара Наушақызы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары

Ақышев
Данияр Талғатұлы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары, төрағаның орынбасары (келісім бойынша)

Әбілқасымова
Мәдина Ерасылқызы

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, хатшы

Досаев
Ерболат Асқарбекұлы

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі

Дүйсенова
Тамара Босымбекқызы

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Жәмішев
Болат Бидахметұлы

Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі

Смайылов
Әлихан Асханұлы

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төрағасы

Ақпомбаев
Иманжүсіп Латкенұлы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары

Жақыпова
Светлана Қабыкенқызы

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі

Күреңбеков
Амантай Жанкеұлы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары

Бахмутова Елена
Леонидовна

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

Испанов
Ілияс Сапарбекұлы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы

Үмбетәлиев Мәди
Тоқтарұлы

«Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамының вице-президенті (келісім бойынша)