Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 1386 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2013 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 1386 қаулысымен    
бекітілген        

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер

      1. «Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шартының үлгi нысанын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 31 қазандағы № 1036 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 40, 445-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шартының үлгі нысанында «Тараптардың деректемелерi» деген 15-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

«15. Тараптардың деректемелерi

«САҚТАНДЫРУШЫ»                           «САҚТАНУШЫ»

Атауы: _____________________             Атауы:______________________
Мекенжайы: _________________             Мекенжайы: _________________
БСН ________________________             ЖСН/БСН ____________________
ЖСК ________________________             ЖСК ________________________
БСК ________________________             БСК ________________________
Резиденттiк белгiсi ________             Резиденттiк белгiсi ________
Экономика секторының коды                Экономика секторының коды
____________________________             __________________________».

      2. «Биоотын өндiрушiлердiң биоотын өндiрiсi саласындағы уәкiлеттi органға биоотын өндiрiсiне мониторингiн жүзеге асыру үшiн қажеттi есептерiнiң нысандары мен оларды табыс ету қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 2 наурыздағы № 212 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 23, 288-құжат):
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген № 1 есептілік нысаны осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген № 2 есептілік нысаны осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      3) көрсетілген қаулымен бекітілген № 3 есептілік нысаны осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      3. «Фитосанитариялық қауіпсіздік және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 мамырдағы № 485 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 37, 451-құжат):
      1-тармақтың 4) және 6) тармақшалары алынып тасталсын.
      4. «Мақтаның сандық-сапалық есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 маусымдағы № 773 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 56, 768-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мақтаның сандық-сапалық есебін жүргізу қағидаларында:
      көрсетілген Қағидаларға 4-қосымшада:
      «Шитті мақтаның иесі ___________________ СТН ___________________» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «Шитті мақтаның иесі ________________ ЖСН/БСН ________________».

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2013 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 1386 қаулысына     
1-қосымша         

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 2 наурыздағы
№ 212 қаулысымен  
бекітілген     

№ 1 есептiлiк нысаны
Шикiзат бойынша мәлiметтер

      БСН
      Биоотын өндiрушiнiң атауы
      Есептi кезең ____ жыл ___ ай
      Құжаттың тiркеу кiрiс нөмiрi                           ККААЖЖЖЖ

Р/с

КО СЭҚ ТН кодына сәйкес шикiзат түрi он сандық белгiде

Есептi кезеңнiң басындағы қалдық, тонна

Шикiзаттың келiп түскенi, тонна

Биоотын өндiрiсiнде қолданылған өзi өсiрген тамақ шикiзаты

Тамақ шикiзатын жеткiзушiнiң атауы, орналасқан жерi (облыс, аудан)

Тамақ шикiзатын жеткiзу шартының күнi, нөмiрi

Қатыстырған қалдықтар, тонна

Қайта өңделген шикiзат, тонна

Шикiзаттың бүлiнгенi, жоғалғаны, тонна

Нормалар шегiндегi шығасы, тонна

Есептi кезеңнiң соңындағы қалдық, тонна

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12














Жиыны











      Ескертпе:
      нысанда есептi кезеңде сатылған шикiзаттың бүкіл көлемi көрсетiледi.
      «БСН» деген жолда биоотын өндірушінің бизнес сәйкестендіру нөмiрi көрсетiледi.
      «Биоотын өндiрушiнiң атауы» деген жолда осы мәлiметтердi ұсынатын биоотын өндiрушiнiң атауы көрсетiледi.
      «Есептi кезең» деген жолда есеп ұсынылатын есептi кезең көрсетiледi.
      1-бағанда реті бойынша нөмiрi көрсетiледi.
      2-бағанда шикiзат түрi Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметiнiң тауар номенклатурасына (бұдан әрi – КО СЭҚ ТН) сәйкес он белгiмен көрсетiледi. Бидай үшiн жақшаның iшiнде бидайдың сыныбы, нөмiрi және осы бидай тобына сәйкестiктi растау саласындағы құжаттың нөмiрi де көрсетіледі.
      3-бағанда есептi кезеңнiң басындағы шикiзаттың барлық қалдығы тоннамен көрсетiледi.
      4-бағанда келіп түскен шикiзат тоннамен көрсетiледi.
      5-бағанда биоотын өндiрiсiнде пайдаланылған өзi өсiрген азық-түлік шикiзатының, егер оны өсiру көзделген болса, саны көрсетiледi.
      6-бағанда азық-түлік шикiзатын жеткiзушiнiң атауы, орналасқан жерi (облыс, аудан) көрсетіледі.
      7-бағанда азық-түлік шикiзатын жеткiзу шартының күнi, нөмiрi көрсетiледi.
      8-бағанда қатыстырылған қалдықтар тоннамен көрсетiледi.
      9-бағанда қайта өңделген шикiзаттың саны тоннамен көрсетiледi.
      10-бағанда бүлiнген, жоғалған шикiзаттың саны тоннамен көрсетiледi.
      11-бағанда нормалар шегiндегi шығындардың саны тоннамен көрсетiледi.
      12-бағанда есептi кезеңнiң соңындағы бүкіл қалдығы тоннамен (4-баған + 8-баған - 9-баған - 10-баған - 11-баған) көрсетiледi.

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2013 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 1386 қаулысына     
2-қосымша         

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 2 наурыздағы
№ 212 қаулысымен  
бекітілген     

№ 2 есептiлiк нысаны
Биоотын өндiрiсi жөнiнде есеп беру

      БСН
      Биоотын өндiрушiнiң атауы
      Есептi кезең ____ жыл ___ ай
      Құжаттың тiркеу кiрiс нөмiрi                           ККААЖЖЖЖ

Р/с

Биоотынның ДСН-коды

Есептi кезеңнiң басындағы қалдық, литр

Өңдiрiлген, литр

Өндiрушiнiң сатқаны, тонна

Бүлiнгенi, жоғалғаны, литр

Нормалар шегiндегi шағысы, литр

Өнiмдi қайтару, литр

Есептi кезеңнiң аяғындағы қалдық, литр

барлығы

биоотын өндiрiсi бойынша тұлғаларға

мұнай өнiмдерiн компаундирлеуге

өз өндiрiстiк қажеттiлiктерiне пайдаланылған

экспортқа

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13















Жиыны












      Ескертпе:
      нысанда есептi кезеңде өндiрiлген биоотынның бүкіл көлемi көрсетiледi.
      «БСН» деген жолда биоотын өндірушінің бизнес сәйкестендіру нөмiрi көрсетiледi.
      «Биоотын өндiрушiнiң атауы» деген жолда осы есептердi ұсынатын биоотын өндiрушiнiң атауы көрсетiледi.
      «Есептi кезең» деген жолда есеп ұсынылатын есептi кезең көрсетiледi.
      1-бағанда ретi бойынша нөмiрі көрсетiледi.
      2-бағанда биоотынның дербес сәйкестендiрiлген нөмiр-коды (ДСН-коды) көрсетiледi.
      3-бағанда есептi кезеңнiң басындағы өндірушідегі биоотынның жалпы қалдығы литрмен көрсетiледi.
      4-бағанда өндiрiлген биоотынның саны литрмен көрсетiледi,
      5-бағанда сатылған биоотынның жалпы саны литрмен (5-баған = 6-баған + 7-баған + 8-баған + 9-баған) көрсетiледi.
      6-бағанда биоотын өндiрiсi бойынша тұлғаларға сатылған биоотынның саны литрмен көрсетiледi.
      7-бағанда мұнай өнiмдерiн компаундирлеуге сатылған биоотынның саны литрмен көрсетiледi.
      8-бағанда өз өндiрiстiк қажеттiлiктерiне пайдаланылған биоотынның саны литрмен көрсетiледi.
      9-бағанда экспортқа сатылған биоотынның саны литрмен көрсетiледi.
      10-бағанда өндiрушi бүлдірген, жоғалтқан биоотынның саны литрмен көрсетiледi.
      11-бағанда нормалар шегiндегi шығындардың саны литрмен көрсетiледi.
      12-бағанда өндiрушiге қайтарылған биоотынның саны литрмен көрсетiледi.
      13-бағанда өндiрушiде есептi кезеңнiң соңындағы биоотынның бүкіл қалдығы литрмен (13-баған = 3-баған + 4-баған - 5-баған - 11-баған + 12-баған) көрсетiледi.

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2013 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 1386 қаулысына     
3-қосымша         

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2011 жылғы 2 наурыздағы
№ 212 қаулысымен  
бекітілген      

№ 3 есептiлiк нысаны
Биоотын жеткiзушiсi туралы мәлiметтер

      БСН
      Биоотын өндiрушiнiң атауы
      Есептi кезең ____ жыл ___ ай
      Құжаттың тiркеу кiрiс нөмiрi                           ККААЖЖЖЖ

Р/с

Жеткiзу түрi

Жеткiзу мақсаты

Жеткiзушi туралы мәлiмет

Жеткiзген өнiм көлемi, литр

БСК

Өнiмнiң түрi

КО СЭҚ ТН коды

ТД №

ТД күнi

ЖСН/БСН-i

атауы

лицензия №

лицензия алған күнi

лицензияның қолданылу мерзiмi

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14
















Жиыны:













      Ескертпе:
      осы нысан есептi айда басқа жеткiзушiлерден биоотынның кiрiсi бар, оның iшiнде алдында сатылған биоотынның қайтарылымы болған жағдайда толтырылады.
      «БСН» деген жолда биоотын өндірушінің бизнес сәйкестендіру нөмiрi көрсетiледi.
      «Биоотын өндiрушiнiң атауы» деген жолда осы қосымшаны ұсынатын биоотын өндiрушiнiң атауы көрсетiледi.
      «Есептi кезең» деген жолда биоотын өндiрушi осы қосымшаны табыс ететiн есептi кезең көрсетiледi.
      1-бағанда жолдың реттiк нөмiрi көрсетiледi.
      2-бағанда өнiмдi жеткiзудiң түрi (импорт, iшкi нарықтың жеткiзулерi) көрсетiледi.
      3-бағанда биоотынды жеткiзудiң мақсаты (биоотынның басқа түрлерiне қайта өңдеу үшiн, техникалық қажеттiлiктер үшiн, бұрын жеткiзiлген өнiмдi қайтару және өзге де мақсаттар) көрсетiледi.
      4-бағанда өнiмдi жеткiзушiнiң ЖСН/БСН-i көрсетiледi.
      5-бағанда биоотынды жеткiзушiнiң атауы көрсетiледi.
      6-бағанда лицензия болған кезде биоотынды жеткiзушi лицензиясының нөмiрi көрсетiледi.
      7-бағанда лицензия болған кезде биоотынды жеткiзушiнiң лицензияны алған күнi көрсетiледi.
      8-бағанда лицензия болған кезде биоотынды жеткiзушi лицензиясының қолданылу мерзiмi көрсетiледi.
      9-бағанда биоотынның есептi кезеңнiң iшiнде жеткiзушi жеткізген импорттық, сондай-ақ iшкi өндiрiс өнiмiнiң көлемi литрмен көрсетiледi.
      10-бағанда бюджеттiк сыныптама коды көрсетiледi.
      11-бағанда тиелген өнiмнiң түрi көрсетiледi.
      12-бағанда Кеден одағының кедендiк шекарасынан өткен кезде тауарға берiлетiн Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасының коды көрсетiледi. Баған жеткізілген биоотын импорт болып табылған жағдайда толтырылады.
      13-бағанда әкеленетін биоотынға тауарлар декларациясының нөмiрi көрсетiледi. Баған жеткiзiлген биоотын импорт болып табылған жағдайда толтырылады.
      14-бағанда әкеленетін биоотын тауарларына декларациясының ресiмделген күнi көрсетiледi. Баған жеткiзiлген биоотын импорт болып табылған жағдайда толтырылады.